13 тапсырма Тақырыбы: Рефлексия, кері байланысты қолдану ерекшеліктері Рефлексия



бет1/5
Дата29.12.2021
өлшемі27.92 Kb.
#132365
  1   2   3   4   5
Байланысты:
13 тақырып тапсырмасы
13 тапсырма

13 тапсырма

Тақырыбы: Рефлексия, кері байланысты қолдану ерекшеліктері

Рефлексия сөзі латын тілінен аударғанда  reflexio – кейінге  айналым мағынасын  білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда енгізген.

Рефлексия – адамның өз істерінің  мәнін түсініп, оны ойлану барысында  өзіне- өзінің нені, қалай жасағаны  туралы толық және анық есеп беруі. Иә, бұл қасиет бойымызда бұрыннан бар деуге болады. Күнде кешкілік  бүгінгі ісімізді, айтқан сөзімізді ойша шолып, есеп беріп, ертеңімізге жоспар құрып аламыз. Демек, “рефлексия” деп ат қойып, айдар тақпағанымыз болмаса, бұл әрекет қанымызда бар нәрсе. Бірақ соны қағазға түсіру немесе жүйелі күнделікті түрлендіріп, осы атпен сабақта қолдану болмағаны ақиқат. Осы бағдарлама  бойынша  білімді дайын күйінде беруден гөрі оқушыны өзі қорытынды жасауға ықпал ету және кері байланыс  есебінде  түрлі әдістермен рефлексия жасату тиімді екеніне көзіміз жетті. Кері байланыс жүргізу  бір күннің іс-әрекеті емес, оған көп уақыт, ізденіс қажет.

Рефлексия/reflektion/- (латынша –reflexio/-өткенге жүгіну), субьектінің назарын өзіне, атап айтқанда, оларды қайта ойлап қорыту мақсатында өз белсенділігінің өніміне аударуы.Педагогикада рефлексия сабақтың бір кезеңі ретінде қарастырылады,ол кезде сабақ барысында алынған білім сыни тұрғыда талданып,меңгерілген біліммен салыстырылып, өзіндік түсінік пайда болады.

Мұғалім рефлексия арқылы алынған нәтиженің  «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдеп, қолданылған әдіс-тәсілдерінің тиімді не тиімсіз болғанын анықтап, орындалған іс- әрекетін  зерделейді. Ең алдымен, мұғалім кері байланыс жасауға оқушыларын дағдыландырып алу қажет. Сонда ғана бұл  оң нәтиже береді. Оқушылардың ой-өрісінің  дамуы оқу үрдісі  кезінде болады, ол оқушының өз бетімен толықтыруы мен өзін-өзі дамытуды қамтиды. Оқушы  білім алудың мақсатын саналы түрде түсінсе ғана белсенді бола алады. Қолайлы оқу  үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан  кері байланыс жүргізілуі тиіс. Ашық сауалдар, оқыту міндеттерімен  алмасу сияқты  әдістер  оқушылардың өз  біліміне  белсенді қатысу қабілетіне  әсер етеді. Оқушылар  жұппен де, өз беттерімен де  өз білім деңгейлерін  бағалауға және оған жеткенін түсінуге мүмкіндіктер бар.

Рефлексияны әр түрлі әдіс-тәсілдермен сабақтың әр кезеңінде: тақырыптың соңында, сабақ  бөлімдерінен кейін және  тарау соңында  жүзеге асыруға болады. Кері байланысты түрліше өткізуге болады: топтық  рефлексия түрінде, әңгімелесу түрінде т.б. Кері байланысты ауызша, жазбаша және графикалық түрде де жүргізуге болады.

Рефлексия сыни ойлау арқылы жүзеге асырылады, өйткені мұнда
дайын жауап жоқ, оны іздеу керек, іздену қажет, жобалау мен
жоспарлау керек, болжам жасап, жаңалық ашу қажет. Рефлексия
күмәндану мен терең ойлануды қажет етеді, мұнда өз әрекеттеріңді,
ойларыңды, ұстанымдарыңды жан-жақты қарастыру керек, өзіңе өзің
толассыз түрде сұрақтар қойып, оларға жауап табуға ұмтылу.
Рефлексия - өзіндік тәжірибе, өзін-өзі тану мен өздігімен үйрену
туралы ойлану. Ол білім алушыларға өзінің үйрену әрекеттері мен
амалдарын айқындау мен нақтылау, үйренудің мақсат-міндеттерін
тұжырымдау, үйрену нәтижелерін сараптап, ой елегінен өткізу
мүмкіндіктерін береді.
Оқушыларды әр сабақта рефлексия жасауға үйрету керек.
Өйткені бала рефлексия жасай алмаған жағдайда, яғни өз әрекеттерін
түсіндіріп, оларға талдау жасап, бағалай алмаса, онда оның берілген
оқу әрекеттерін ғана орындап, бірақ олардың өзінің дамуындағы
маңызын түсінбейтіндігі анық. Басқаша сөзбен айтқанда, рефлексия
жасай алмайтын оқушы өзінің өзгерістерін де байқамайды.
Оқушылар да рефлексия арқылы үйренеді, білімін толықтырады,
дамытады. Кешегі күні білім беру жүйесінің мақсаты білімді тұлға
қалыптастыру еді, ал бүгінде басты мақсат рефлексияшыл тұлғаны
өсіру болып табылады. Өйткені адамның өзіне бағытталған ойы
тұлғаны үнемі өз әрекеттерін жан-жақты талдауға, таразы басына
қойып бағалауға жетелейді, ал бұл өз кезегінде адамды жаман
пиғылдар мен әрекеттерден арылтады. Адам осылайша жетіле береді,
дами түседі.

Осылайша білім алушылыр себепсіз пікір мен тілек айтпай,
дәлелдерге негізделген талдау жасауға, өз ой-пікірлерін дәйектеуге,
тұжырымдауға үйренеді,әр айтқан сөзіне жауапты болуға
дағдыланады. Өйткені, әр сабақта әр оқушының рефлексиясын тудыру
– мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі.

Рефлексия:

  • Оқушыдан алған кері байланыстан сабағыңның қалай өткендігін өн бойыңнан өзің өткізіп,жіберілген кемшіліктеріңді саралап, келесі жоспарыңа түзету енгізу;

  • Әркім өз ісіне жасайды.

Рефлексияның формалары мен әдістері

  • Оқушы өзі жасаған әрекеттеріне ауызша баға беру;

  • Сурет салу түрінде;

  • Кесте , диаграмма , сауалнама толтыру;

  • Эссе жазу.

Рефлексия арқылы:

  • Оқушы өз – өзіне есеп беруге;

  • Өз қажеттілігін анықтауға;

  • Өзіндік көзқарасын қалыптастыруға;

  • Өз-өзіне баға беруге;

  • Білім алуға деген қызығушылығын арттыруға жетелейді .

Кері байланыс (ағылш. feedback) – адамның өзі куә болған
оқиғаға немесе басқалардың әрекетіне айтылған пікірі, реакциясы.
«Сырт көз сыншы» дегендей, мұндай сырт пікірдің өз әрекеттеріңді
реттеуге, жақсартуға тигізетін септігі өте жоғары. Сол себепті бүгінде
кері байланыс үйренудің (білім алу жүйесінің) маңызды ұғымы деп
есептелінеді. Кері байланыс арқылы алынатын мәліметтер әсіресе өз
біліміне түзету мен өзгертулер енгізу ісінде өте құнды болып
табылады.
Кері байланыстың мәнін «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» атты тәсіл
жақсы келтіреді. Алдымен біреудің әрекеті мен жасаған ісін
мақтаймыз, оның жағымды және тиімді жақтарын атап көрсетеміз,
содан соң бұл жұмысты қалай жақсартуға болатындығы туралы
ұсыныс айтамыз, бағыт-бағдар сілтейміз.

Кері байланыс – мақсатқа жетелейтін нақты әрекет , ситуация,талас тудыратын сұрақтар мен мәселелер бойынша түсінік алу және түсінік беру үдерісі.Тиімді кері байланысты ұйымдастыру сапалы оқытудың негізі болып табылады. Сонымен қатар, кері байланыс оқу үдерісінің барысы туралы түсінік қалыптастырудың бірден бір құралы,оқу міндеттері мен мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, мұғалімді оқушының жетістіктері мен қиындықтары туралы хабардар етеді.

Кері байланыс:

  • 45 минут сабақтың балаға қаншалықты түсінікті болғандығын, сабағыңның қай деңгейде өткендігін және жеткізе алғандығыңның нәтижесін қысқа түрде оқушыдан алу;

  • Басқаның іс-әрекетіне беріледі;

Кері байланысты жүргізу мақсаттары:

  • Үдерісті басқару-үдеріс субьектілерінің көшбасшылық дағдыларын дамыту, үдерісті табысты басқаруға жағдай жасау;

  • Дер кезінде түзетулер жасау, қателерді,кемшіліктерді жою;

  • Мақсатқа жетуді қамтамасыз ету;

  • Үдеріс субьектілерін дұрыс шешім қабылдауға бағыттау;

  • Оқушылардың өзіндік бағалауын қалыптастыру;

  • Рефлексия жасауға ықпал ету, көмектесу;

  • Оқушыларды табысқа ұмтылу сезімдерін туындату.

Кері байланыс арқылы:
  1   2   3   4   5




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру