15-ші тақырып: Қазақстандық ғалымдардың шет ел жайындағы еңбектері. Тақырыптың негізгі сұрақтары



Дата12.12.2021
өлшемі23.73 Kb.
#137879
Байланысты:
семинар 15 такырып
!1-БЖБ Әдебиет 6-сын (1)

15-ші тақырып: Қазақстандық ғалымдардың шет ел жайындағы еңбектері.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Кеңестік жүйе тұсындағы қазақстандық ғалымдардың шет ел туралы еңбектері

2. К. Есмағамбетовтың «Қазақтар шетел әдебиетінде» кітабы.

3. Тәуелсіздік жылдарындағы шетел туралы қазақстандық ғалымдардың еңбектері.


Қазақстанның осы заманғы тарихнамасынан кеңестік ұлт саясатының теориясы мен практикасы жайлы еңбектерді, Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тарихы, этнографиясы мен мәдениеті жөніндегі зерттеулерді, оның ішінде докторлық диссертацияларды, сондай-ақ аймақтағы оқиғаларды көзімен көрген шетелдіктердің күнделіктері мен естеліктерін көруге болады. Шетелдік тарихнаманың маңызды бөліктері ретінде қазақ авторлары зерттеулерінің методологиясы мен әдіс-амалдарына сыни талдаулар жасауға арналған жарияланымдарды, бұрынғы Ресей империясындағы түркі тілдес халықтардың азаттық күресі көсемдері Ә. Бокейханов, А. Байтұрсынов, М. Шоқай, А. Заки Валиди Тоған, Т. Рысқұлов және басқалардың еңбектері мен жеке мұрағаттарына, сондай-ақ саяси партиялардың бағдарламаларының, үндеулері мен шешімдерінің мәтініне берілген кең көлемді ғылыми түсініктеме мен сипаттамасы бар анықтамалық библиографиялық басылымдарды атап айтқан жөн.

Бұларға Ресейдегі мұсылман халықтардың бірінші және екінші Бүкілресейлік съезінің (мамыр және шілде, 1917 жыл), Мұсылмандық әскери съезінің, Кіші бұхарлықтар партиясының, Мусават партиясының (Әзірбайжан), Федералистердің түркілік партиясының, Милли-Фирка партиясының (Қырым), «Ерік» партиясының (Түркістан), «Алаш» партиясының (Қазақстан) бағдарламалық құжаттарын жатқызуға болады.

XX ғасырдың 90-жылдарының басына дейін, Қазан төңкерісінің Ресей империясының орыс емес халықтарының тарихи тағдырындағы рөлі мен орнын бағамдаумен, жергілікті мұсылман қауымының өздеріне сырттай танылған әлеуметтік-саяси және экономикалық институттар мен құндылық бағдарларына қарым-қатынасымен, XX ғасырдың 20—30-жылдарындағы қазақ қоғамы көшбасшыларының тағдырына байланысты проблемаларды зерттеу батыс тарихнамасының дәстүрлі бағыты болды.

Ұлттық шет аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда да Кеңес өкіметінің орнау тақырыбындағы шетелдік тарихнама АҚШ, Ұлыбритания, Франция және басқа мемлекеттердің мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған сан алуан материалдардан, XX ғасырдың 20-жылдарындағы Ресейде болған оқиғаларға қатысты әр түрлі көзқарастар алуандығы көрініс тапқан мемлекет пен қоғам қайраткерлерінің сөздерінен өз бастауын алады.



XX ғасырдың 50-жылдары КСРО-ның саяси құрылысын тоталитарлық деп бағалаған тұжырымды тұғырнама етіп алған тарихшылар алдыңғы лекке шықты. Бұл тұғырнама Орта Азия республикалары мен Қазақстанды да қамтып, кешенді түрде зерттейтін кеңестану үрдісімен жалғасты. Осы аймақтық зерттеудің шеңберінде және тоталитарлық теория тұрғысында жазылған Р. Смаль-Стоцкийдің «Кеңес Одағының ұлттық проблемасы және орыс коммунистік империализмі» (1952), В. Коларцтің «Ресей және оның отарлары» (1953), О. Кэроудің «Кеңестік империя: Орта Азия түріктері және сталинизм» (1953), Р. Пайпстың «Кеңес Одағының құрылуы: коммунизм және ұлтшылдық» (1954), А. Парктің «Түркістандағы большевизм 1917—1927» (1957), Ч. Хостлердің «Түрікшілдік және Кеңестер: түркі халықтары және оның саясиарман-мүдделері» (1957), В. Монтейдің «Кеңес мұсылмандары» (1957), С. Зеньковскийдің «Пантюркизм және Ресейдегі ислам» (1960), Дж. Уилердің «Кеңестік Орта Азияның осы заманғы тарихы» (1964), «Кеңестік Орта Азия халықтары» (1966) еңбектері және басқа жарияланымдар жарық көрді. Бұл жұмыстар авторларының проблема тарихнамасына қосқан ғылыми үлесі патриархалды-феодалдық қарым қатынастар үстемдік еткен өлкенің әлеуметтік-экономикалық және саяси артта қалушылығы секілді фактілер мен құбылыстарға сүйеніп, «пролетарлық отаршылдық» тұғырнамасын жан-жақты талдап зерттеуінде болды. Осыған байланысты А. Парк, С. Зеньковский, Дж. Уилер қазақтардың пролетарлық төнкеріс идеяларын қабылдауға деген саяси құлықсыздығы мен дайын еместігіне баса назар аударды.

Бірқатар тарихшылардың XX ғасырдың 60-70-жылдар шеңберінде, ең алдымен, француздың «Анналдар» мектебінен бастау алатын, жанғырудың неғұрлым әсерлі тарихи-әлеуметтік тұғырнамасын, сондай-ақ әлеуметтік дамудың өзге де теорияларын қабылдауымен, Қазақстан тарихын қатысты шетелдік зерттеулердің тақырыптық және географиялық шеңбері айтарлықтай кеңейді. Мәселен, «тарихи жаңа мектептің» өкілдері Дж. Кип, P. Петибридж, P. Суни, М. Ферро, Р. Пирс, Ц. Хасегава, Д. Рэлей, Д. Гейер өз еңбектерінде тарихи үрдістің неғұрлым терең тамырлы себептеріне (әлеуметтік, саяси, кәсіби, этникалық және басқа факторларға) баса назар аударды.

Алайда, проблемаға жаңа тұғырнамалық тұрғыдан қарау ұлттық аймақтардағы, соның қатарында Қазақстандағы Қазан төңкерісінің әлеуметтік табиғаты жөнінде шетелдік авторлар берген бағаға мәнді түзетулер енгізген жоқ, мұны соңғы кездегі іргелі зерттеулердің бірі — Колгейт университетінің (АҚШ) профессоры М.Б. Олкоттың «Қазақтар»  еңбегінен байқауға болады.

Ол өлкені қансыратқан Азамат соғысы барысында, орыс большевиктерінің жеңісі туралы жаңалықты қуана қарсы алған қазақтардың жаппай құлшынысы туралы дәстүрлі тарихнаманың ресми мәлімдемесімен үзілді-кесілді келіспеушілік білдіреді.

Шетелдік авторлардың Ресейдегі Азамат соғысын «Қазан бүлігінің» бұл тартпас салдары деп қарауы (Р. Даниэльс, М.К. Дзевановский, Д. Футмэн, Ш. Фитцпатрик және басқалар). 1918-1920 жылдары Қазақстанда болған оқиғаларды бағалауда негізгі методологиялық кілт қызметін атқарды. Петроградтағы Қысқы сарайға шабуылдан басталған саяси дауыл алыстағы кен-байтақ далада тарыдай шашылып жатқан қазақтардың көпшілігі үшін бар болғаны орыстардың біреулерінің екіншілеріне қарсы соғысы ғана, түсініксіз, жұмбақ соғыс болатын.

Проблеманын осы заманғы шетелдік тарихнамалық тұғырнамасының негізгі құрамды бөліктері француз дипломаты әрі тарихшы, 1917-1918 жылдары Ташкентте болған оқиғалардың куәгері Жозеф Кастаньенің еңбектерінде кездеседі. Француз ғалымы көзқарастарының қалыптасуына 20-30-жылдары Парижде эмиграцияда болған М. Шоқай зор ықпал етті.

 

2. Ұзақ жылдар бойы шетелдік тарихнамадағы Қазақстан, одан қалса Орталық Азия туралы ғылыми ақпараттарды К.Л.Есмағамбетовтің зерттеумен шұғылдандығын білеміз. Оны ғылыми орта бірінші кезекте осы бағыттың кәсіби әрі білгір маманы ретінде таниды. Зерттеушінің әріптестері тарапынан мұндай баға алуына оның ең алдымен бірнеше ғылыми ізденістерінің жарыққа шығуы себепкер болды деп айта аламыз. Ғалым шетелдік советологтардың ізденістерін бірнеше еңбектерінде қамтыды. Ғылыми мақалаларын, конференциялардағы баяндамаларын айтпағанда оның шетелдік тарихнамадағы қазақ елі туралы бірнеше іргелі еңбектері бар. Олардың арасынан «Действительность и фальсификация», «Көне Қазақстанды көргендер (көне дәуірден ХVІІІ ғ. орта кезіне дейін)», «Что писали о нас на Западе», «Қазақтар шетел әдебиетінде» сынды іргелі еңбектерді атауға болады.

3. Қазақстан қоғамындағы өзіміз толық зерттей қоймаған кейбір мәселелер Батыс ғалымдарының жаңа еңбектеріне арқау болып жатыр. Батыс зерттеушілерінің ерекшелігі – олар жергілікті ғалымдар байқамаған құбылыстарды барынша объективті әрі сыни тұрғыда бағалайды.

“Кеңес азаматынан” “қазақ азаматын” жасаған – жазушылар 2017 жылдың басында Ұлыбританиядағы Кэмбридж университетінің зерттеушісі, философия докторы (PhD) Диана Құдайбергенованың «Қазіргі қазақ әдебиетінде ұлтты қайта жазу: элита және нарративтер» (“Rewriting the nation in Modern Kazakh Literature: Elites and Narratives”) деген кітабы шықты. Әдетте қазақ әдебиетіндегі тарихи еңбектер өткен дәуір туралы баяндайтын  шығармалар жиынтығы ретінде сипатталады. Ал автор өз еңбегінде XX ғасырдың басынан тәуелсіздік кезіндегі Герольд Бельгердің шығармаларына дейінгі арлықтағы қазақ әдебиетінің қазақ ұлтын, оның бірегейлігі мен мәдениетін қандай траснформация мен өзгеріске ұшыратқанын зерттеген. Еңбектің негізгі идеясы – жергілікті жазушылар «кеңес азаматын» қалыптастыру мақсатындағы модернизацияны қазақ ұлтының бірегейлігін, мәдениетін жасап шығарушы құрал ретінде қабылдады. Д.Құдайбергенованың ойынша, қазақ жазушыларының көбі кеңестік модернизациялау науқанын жоғарыдан келген бұйрық деп қабылдамаған әрі оған өз еркімен қатысқан. Ал, кеңес үкіметінің басты мақсаты – жергілікті жазушылардың ұлттық түсініктегі еңбектері арқылы “кеңес азаматын” қалыптастыру болды.



Алаш көшбасшылары өздерінің шығармалары арқылы қазақ халқын дамығанпрогрессивті, модернизацияланған сипатта көрсетуге тырысты. Одан кейінгі кезеңдерде кеңес дәуіріне дейінгі және Алашорда тұсындағы шығармаларды санадан өшіру үшін өткен өмір мен көшпенді салт-дәстүр «артта қалғандық», «керітартпалық» деп сипатталып, «кеңестік модернизацияның басты мақсаты – әйел теңдігі мен бостандығы» деп көрсетілді. Сталиндік террор кезеңіндегі ұлтшылдыққа қарсы саясат шығармалардың социалистік реализм тұрғысында жазылуына түрткі болды. Жергілікті жазушыларды «көшпенді заманды артта қалған, теңсіздік басым болған кезең деп, ал Кеңес одағын осы қорлықтардан азат етуші күш» деп жазуға мәжбүрледі. Отаршылдар тықпалаған таптық қоғам пен артта қалған дәстүршілдік, көшпенділер иерархиясындағы авторитарлық пен ру-тайпалық байланыстар, әйел құқықтарының тапталуы сияқты мәселелер кеңес дәуірінің соңғы жылдарына дейінгі аралықта  қазақ жазушылары шығармаларының басты тақырыптарының бірі болды. Дегенмен, 1960-80 жылдары М.Әуезов, І.Есенберлин, М.Мағауин сынды жазушылар цензураға қарамастан, тарихи романдар мен басқа да шығармалар арқылы көшпенді қазақ өмірінің шынайы көріністерін боямасыз жеткізуге тырысты. Ал бұл қазақ ұлтшылдығының жандануына түрткі болды. Сөйтіп, кеңестік негіздегі қазақ ұлтын жасап шығару үшін пайдаланылған қазақ әдебиеті қазіргі ұлтшылдықтың қалыптасуына негіз болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
арналған әдістемелік
жалпы білім
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
туралы хабарландыру
қазіргі заман
атындағы жалпы