3. Ортағасыр дәстүріндегі рух пен жанның теологиялық түсінігі



Дата11.03.2022
өлшемі18.62 Kb.
#193445
Байланысты:
филос 2 пс

3. Ортағасыр дәстүріндегі рух пен жанның теологиялық түсінігі.


Орта ғасырдағы теологиялық философия. Европада V-XV ғасырларда таралған философиялық бағыт, онда жоғарғы жаратушы ретінде құдайды, ал қоршаған орта оның туындысы ретінде саналды.Осы кезеңде қоғамның рухани өмірінде үстемдік етуші дін балды. Ортағасырлық батыс европалық философияның басты мәселелерінің негізі құдай болмысының дәлелі, сенім мен ақылдың ара-қатынасы адам жанының мәңгілігі балды. Антикалық философияға қарағанда орта ғасырдағы ойлау стилі теологиялық балды, яғни әлемді жаратушы ғарыш емес, құдай балды. Ортағасыр философтарының идеялары теологиялық ойға негізделді.

Апологетика (гр. Apologetikos – қорғаушы) – теологиялық сала. Әлдебір нәрседен әділетсіздіктен қорғау, сол нәрсені мадақтау ұғымына сәйкес. Апологетиканың мақсаты – ақыл- парасатқа жүгінген дәлелдердің көмегімен дін ілімін қорғап, сақтау. Апологетиканың құрамыналар енеді: құдай болмысының дәлелдемелері, жанның мәнгілігі, құдайдың сыр беруінің белгілері туралы ілім, дінге және оның жекелеген догматтарына қарсы бағытталған наразылықтарға, сондай-ақ басқа діндерге талдау.

Патристика – (лат. Paterәке) – 2 -8 ғасырлардағы христиан дін ілімі. Пұтқа табынушылыққа қарсы христиан дінінің догматтарын қорғайтын, діни нанымның ежелгі философия мен үйлеспейді дейтін "шіркеу әкелерін мадақтау, қостау. Өкілдері – Тертуллиан, Климент Александрский, Ориген, Августин.

Схоластика (латыньььша мектеп) - ортағасырлық теологиялық ілім, философияның теологияға қызмет ететін тұсы. Схоластиканың үш кезеңі балды: Балауса схоластика (ІХ-ХІІғғ. ) Кемеліне жеткен схоластика (ХІІІғ. ) Құлдырау кезеңі (ХІV- ХVғғ. ). Схоластикалық философияның негізгі мәселесі:

  • Құдайдың бар екенін рационалды (ақылмен) дәлелдеу;

  • білім мен сенім, парасат пен ерік қатынасы;

  • креацианизм, провиденциализм жалпылықтың жекелікке қатынасы немесе “универсалийлер”, яғни жалпылық ұғым мәселесі. 


Теологияның негізгі қағидалары: 

→ әлеуметтік статусының қандай екеніне қарамастан, кез-келген адам Жаратушының жердегі көрінісі; 

→ адам-заттың түбі бір; 

→ адам жердегі күйбең тіршіліктен бас тартып, Иисус Христостан үлгі ала отырып, Жаратушыға махаббат жолымен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуы тиіс. 

Бұл қағидалар ең әуелі Орта ғасыр философиясының мазмұнынан, оның негізгі өкілдері Августин Аврелий мен Томас Аквинаттың ілімдерінен айқын көрінеді.

✓ Августин Аврелий (Блаженный) –

354 ж. Тагаст қаласында дүниеге келген. Еңбектері ете көп, негізгілері: «Құдайы қала туралы», «Жан сыры» (Тәубе, Исповедь). Оның өмірін екі кезеңге болуге болады: дінге дейінгі және дінді қабылдап, Құдайға деген Сенім оның жүрегі мен жанында берік орын алған кезең. Құдайға деген Сенім оның өмірін түгел өзгертті, Сенім оның өмірі мен ойының, философиялық пайымдауының субстанциясына айналды.

Ең басты мәселе — космос емес, жеке адам мәселесі. Өзіңді сырттан іздеме, өзіңе орал, ақиқат адам жанының тұңғиығында. Адамның жанында Құдай бейнеленеді, жанымыздың қатпарларына үңіле отырып, біз Құдайды табамыз. Өзінді өзің танып-біл дегеніміз — өзіңді Құдайдың бейнесі ретінде тану, біздің ойымыз — Құдайды еске алу, біздің танымымыз — Құдайдың ақыл-ойы, парасаты, бір адамнан екінші адамға көшіп отыратын махаббат -Құдайдың махаббаты.,)

→ Құдай концепциясын түсіндіру процесінде ол Платонның «Идеясына» жүгінеді.

Идея заттардың өзгермейтін, тұрақты негіздері, фундаментальді формалары, пайда болатын және олетін нәрселердің бәрі Идеядан бастап қалыптасады, Бірақ Августин Платонның теориясын екі жерден өзгертеді:

1) Идея Құдайдың ойлары;

2) Құдай таза Болмыс ретінде басқа заттардың болмысына қатысты, оларды жасайды.



Августин Құдай болмысының үш дәлелін келтіреді:

1) Гректердің өзі дүниені жаратушының бар екені туралы идеяны айт-қан. Дүниенің сантүрлілігі мен өзгермелілігі, оның объектілерінің әдемілігі оны ұлы да әсем, көзге көрінбейтін және білінбейтін Құдай жаратқанын дәлелдейді.

2) Екінші дәлел -сопsепsus gепtіиm (адамзаттың ауызбіршілігі). Табиғаты түгелімен бұзылған адамдардан басқа адамзат ұрпағы Құдай дүниені Жаратушы деп мойындайды.

3) Ең жоғарғы бақыт бұл өмірде емес, о дүниеде. Оған Құдайды сүйе алған адам ғана жетеді деп дәлілдерін келтірген.


Дунс Скот шотлаңд схоласты, Аквинскийдің іліміне қарсы сын айтып, құдайдың да, адамның да ақыл-ойы оның ерік- жігеріне тәуелді, сондықтан да құдайдың жігері не істеймін одессе де абсолютті ерікті, ал оның қалағанын істегеннің өзі игілік, денегді уағыздады. Құдай жігерінің арқасында әлемдегі жеке заттарды жаратқан. Ол тек жаратушы ғана емс, сонымен бірге сол заттардың рухани түпнегізі. Осындай рух адама да бар. Адамның рухи (жаны) мәңгі, ал оның денесі кеңістік пен уақытта шектеулі. Рухтың негізгі мақсаты танып біл.
Ортағасыр дәстүріндегі рух пен жанның теологиялық түсінігі қалыптасқан. Христиандық үшінші, жоғары құрылымды енгізді, ал адам үштікке айналды: дене - жан - рух. Рух – құдайлы бастама, жан – жеке сана, ал дене – табиғи бастама ретінде түсіндіріледі.

Рух – сенім арқылы құдайға қатысу. Жан екі жақты өмір сүретін форма, болмыс ретінде түсінілді - Құдайда және тәнде. Жан әрқашан бірегей және жеке сипатта болады. Адамның тәндік принципі индивидтің рухани және психикалық әрекетіне органикалық түрде қатысады. Жанның өлмейтіндігі туралы болжам бар. Сенсорлық сфераның рөлі төмендейді; сезімдердің қателігі мен эмоциялар мен құмарлықтың адам дамуына зиянды әсері атап өтіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
арналған әдістемелік
жалпы білім
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
туралы хабарландыру
қазіргі заман
атындағы жалпы