6 «ә» сыныбына арналған «Жолда жүру ережелері » оқу пәнінің үлгілік күнтізбелік-тақырыптық жоспары
6-сынып
№
р/с
|
Айлар
|
Тақырыптыңатауы
|
Сағат саны
|
1.
|
қыркүйек
|
Жол жүру ережелері (қайталау).
|
1
|
2.
|
қазан
|
Көлік құралдарының қозғалысы. Көлік құралдарының аялдама жолдары.
|
1
|
3.
|
қараша
|
Көлік құралдарының өмірлік, тану белгілері мен жазбалары.
|
1
|
4.
|
желтоқсан
|
Жол-көлік оқиғасы уақытындағы оқушылардың мінез-құлқы.
|
1
|
5.
|
қаңтар
|
Түрлі жарақаттаралған жағдайда алғашқы медициналық көмек.
|
1
|
6.
|
ақпан
|
Жол қозғалысының қауіпсіздігі.
|
1
|
7.
|
наурыз
|
Жол қозғалысына қатысушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері.
|
1
|
8.
|
сәуір
|
Жаяу жүргіншілерге арналған жол жүру ережесі. Жол "қақпан".
|
1
|
9.
|
сәуір
|
Жол-көлік оқиғаларына әкеп соқтыратын жол жағдайларын зерттеу .
|
1
|
10.
|
мамыр
|
Қорытынды сабақ.
|
1
|
|
Барлығы:
|
10
|
Сынып жетекшісі: Аңшыбаева К.Қ
Тексерілді:
Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: Жол жүру ережелері
Сабақтың мақсаты:
1) оқушыларға көше қатынасы ережелерін меңгерту;
2) жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді тұрақты дағдыға айналдыру;
3) оқушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу.
Білімділік: Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс – жүзінде асыра білуге үйрету.
Дамытушылық: Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету.
Тәрбиелік: Тәртіптілікке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұсатап жүруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: топтық, ұжымдық.
Әдісі: Сұрақ - жауап, көрнекілік әдістер, ойнау әдісі, талдау - жинақтау, сахналау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, бағдаршам, жол белгілері, плакатқа жазылған ескерту сөздер, макеттер.
Сабақтың барысы:
Түрі: сайыс сабағы
Сабақ жоспары:
Құрметті оқушылар! «Жол тәртібін жаныңда ұста» атты сынып сағатымызды Шөмішбай Сариев ағамыздың мына өлең жолдарымен бастағым келеді.
Арманға алдан күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Алдымен беріледі сәлем деген.
Біздің еліміздің барлық қала, ауылдарына ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек. Көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережесін жете білмейді. Ал кейбіреулері біле тұра жаяу жүргіншілерге арналған міндеттерді орындағысы келмейді. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулер жарақат алады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқытылатын жолда жүру ережесін мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруы керек. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да
Жолда жүру ережесі - заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен - кіші баршамызға.
Енді сөз кезегін оқушыларға берейік
I топ. "Бағдаршам"
Топтың ұраны: Тоқта! Сақтан! Жол ашық! Жүрме жолға таласып.
II топ. "Жол белгілері"
Топтың ұраны: Үйрен таппай тыным бір, Белгілердің тілін біл!
I топ. "Бағдаршам"
(Бағдаршамның шығу тарихы жайлы баяндайды.)
Мұғалім: Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапқанын білесіңдер ме? Ал ендеше тыңдап көрелік.
Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Оны көше қиылысына ыңғайлап, кайта жасаған ағылшын инженер - механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Алдымен түрлі түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. Өкінішке орай бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады.Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласына, сосын Нью - Йорк, т. б. қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл.1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады. Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам 1924 жылы Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды. Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Оның беретін сиқырлы әмір сөздері бар.
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп - тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір машинаның аз кезінде туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен алмастырылатын және алмастыру үшін арнаулы адам тұратын еді. Әрі ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек 1870 жылы Америкада электр бағдаршамы пайда болды.
Ал, бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанды бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған. Қазақстанда 1917 жылға дейін небары 127 км ғана жол болатын. Елуінші жылдары республикамыздағы асфальт жолдарының ұзындығы отыз мың км болды. Ал қазір сегіз жүз миллион км - ден асады.
ІІ топ. "Жол белгілері"
Диляра:
Үйрен таппай тыным бір.
Белгілердің тілін біл.
Егер оны білмесең.
Тартар жолың бұлыңғыр.
Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.
Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,
Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.
Нұр:
Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,
Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы үндемейін бар ма тағы сұрағың.
Мағжан:
Жолдар қиылысында
Қалтарысып қысылма.
Көлденеңнен жол болса,
Кібіртіктеп тоспа оны.
Бос болмаса алайда
Сақтық жаса абайла.
Қалмас үшін соқтығып
Ол өткенше тос тұрып.
Фатима:
Сақтандыру белгісі:
Қып - қызыл үшбұрыш,
Ескерту белгісі мен болам,
Қауіптен сақ бол деп
Сәт - сапар жолдаған.
Диана:
Тыйым салу белгісі:
Қызылмен боялған шеңберім аумақты
Тыйымшыл белгімін, қаталмын, салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар, бағдарла көз салып жан - жақты.
Нұрболат:
Міндеттеу белгісі:
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,
Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол, шартыңды міндетті орында!
Бибімаруа:
Нұсқау белгісі:
Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын,
Үн - түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады.
Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.
Мұғалім: Олай болса оқушылар бағдаршам ойынын ойнап көрейік. Ойын жүргізушісі алдын ала дайындаған үш түсті көрсетіп, оқушылардың қаншалықты жинақы екенін байқайды.
Ойын шарты:
1) Бағдаршамның жасыл көзін көрсеткенде балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын қозғалысқа келтіреді.
2) Сары көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды.
3) Қызыл көзін көрсеткенде бір орында қозғалмай тұрып қалады.
Мұғалім:
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!
Сергіту сәті: Оқушылар Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Жол полиция комитетінің тапсырысы бойынша жасалған «Жолдос көмекке асығады» мультфилимін тамашалаймыз.
Мұғалім: Жол белгілерін, міндеттеріңізді жақсы біледі екенсіңдер. Сендерге көп рахмет. Ал енді, балалар, олай болса, қазір жұмбақ шешіп, викториналық сұрақтарға жауап беріп көрелік.
1 - жұмбақ:
Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
Ақылға салып ойланып,
Тапшы мұны пысығым. ( жол)
2 - жұмбақ: Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)
3 - жұмбақ: Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)
Викториналық сұрақтар.
1 - сұрақ. Жолаушылар дегеніміз кімдер?
Жауап: Кез - келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.
2 - сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не?
Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қоғалысын реттейді.
3 - сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады?
Жауап: жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.
4 - сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек?
Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмауы мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама - қарсы бағытта жүрген жөн.
Қорытынды:
Мұғалім: Қымбатты оқушылар! Оқушылар жолда жүру ережесімен таныстыңдар. Олай болса, оқушылар жолда жүру ережесін әрқашан есте сақтап, бұлжытпай орындап, сақ жүріңдер демекпін.
- Балалар, жол ережесін сақтаңдар! Аман жүріңдер! Қазір барлығымыз ән айтайық!
«Әрқашан жолың болсын!» әні.
Көңіліміз күндей күліп,
Жүректерде гүлдейді үміт.
Өмір сүру мүмкін емес
Жол тәртібін білмей тұрып.
Әрқашан жолың болсын!
Жаныңа шаттық толсын!
Қасыңда болсын анаң,
Болайық біз де аман.
Балғын жаспыз, жас ұланбыз,
Гүл боп жаңа ашылғанбыз.
Жол тәртібін есте сақтап,
Болашаққа асығамыз!
Бекітемін:
Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: Көлік құралдарының қозғалысы. Көлік құралдарының аялдама жолдары.
Мақсаты:
а) көлік құралдарының жүрісі, қызметі туралы түсінік
ә) оқушылардың танымдық көзқарасын, зейінінің тұрақтылығын дамыту;
б) өмірге деген құштарлықтарын арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілігі: суреттер, газет қиындылары, нақыл сөздер
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу, түгендеу
РЕКЛАМА
ә) сабаққа даярлық
Источник: https://www.tarbie.kz/10230
Достарыңызбен бөлісу: |