9 сыныптар арасында өтетін «Физик ғалымдар өмірінен бір үзік сыр» атты физикалық кеш Мақсаты



Дата27.08.2020
өлшемі17.79 Kb.
#28501
Байланысты:
00004359-18d8a7c8

9 сыныптар арасында өтетін «Физик ғалымдар өмірінен бір үзік сыр» атты физикалық кеш

Мақсаты: 1. Оқушылардың физика пәнінен алған білімдерін қолдана біліп, өз пікірлерін айта білуге, ой пікірлерін дамытып, пән ге қызығушылықтарын арттыруға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу

Қажетті құралдар: суреттер, плакаттар
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер! «Физик ғалымдар өмірінен бір үзік сыр» атты физикалық кешке қош келдіңіздер. Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы - білім» деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Бируни. Ендеше білімдеріңіз қаншалықты екен?

Сіздерге сұрақ қойайын. Бұл сұрақ атақты саяхатшы туралы. Ол кім?



  1. Бұл саяхатқа 3 мыңға жуық үміткер болды, бірақ бұл таңдау осыған түсті

  2. инерция заңын, еркiн түсу заңын, 1604-1609 ж.ж. көлденең (наклонный) жазықтық бойынша дене қозғалысын, горизонтқа бұрыш жасай лақтырылған дене қозғалысын орнатты, қозғалыстың қосу заңын және маятниктiң тербелiс периодының тұрақтылық заңын ашты.

  3. итальян физигi және астрономы 1564 ж. Пизада дүниеге келген.

  4. Аристотельге қарсы "Қозғалыс туралы сұхбат" деген еңбек жазады

(Галилей)

Мәуленқұл Алтынай Галилей туралы баяндама оқиды.


Жүргізуші:

Сіздерге тағы бір сұрақ қойайын.



  1. Зарядталған денелердің өзара әсерін тексерген

  2. Француз физигі электростатиканың негізгі заңын ашқан ғалым

  3. зарядтың өлшем бірлігі ретінде алынған
    (Шарль Огюстен Кулон)

Сырлыбай Дариға Шарль Огюстен Кулон туралы баяндама оқиды.
Жүргізуші:

Сіздерге тағы бір сұрақ қойайын.



  1. Ол энергияның сақталу және айналу заңын тәжірибе жүзінде дәлелдеген

  2. Газ молекулаларының қозғалыс жылдамдығын есептеп, оның температураға тәуелділігін айтқан

  3. Үш бірдей физикалық шаманың өлшем бірлігі сол ғалымның құрметіне берілген

(Д.Джоуль)

Сұлтанұлы Әлихан Д.Джоуль туралы баяндама оқиды.


Сергіту сәті:

Закиров Қайрат

1. Ньютонның екі мысығы болыпты. Біреуі үлкен, екіншісі кіші. Мысықтарды таңертең оның мазасын алмас үшін, есікке екі тесік жасапты. Бірі үлкен екіншісі кіші. Мұны көрген көршісі Ньютонға: «Неге екеу жасадың, біреуі де жетер еді ғой»- депті. Сонда Ньютон басын қасып: «Иә, бұл керемет ой! Бірақ бұл ой маған келмеген екен,- деген екен.

Серікбай Гүлдана
2. Рентген сәулелерін ашқан физик Рентгенге біреу хат жазыпты. Хатында Рентген бірнеше сәулелерді және қалай жұмыс істеу керектігін көрсететін нұсқауды хатпен салып жіберуді сұрапты. Хат иесінің сөзіне қарағанда көкірегінде оқ қалып қойыпты. Рентген хаттың иесіне мынадай жауап жазып жібереді: «Өкінішті - ақ, қазіргі уақытта менде бұл сәулелер жоқ және оларды жіберуде көп жұмыс туғызады. Сондықтан сізден сұрарым, ең оңайы, маған сіз өзіңіздің көкірегіңізді салып жіберіңіз».

Рысқұл Үсен
3. Ампер басқалардан ұмытшақтығымен ерекшеленген екен. Бір күні ол үйінен шығарда есігіне хат жазып кетіпті. « Мырзалар! Ампер үйде жоқ, бүгін кешке келіңіздер» - деген сөз жазылған екен. Біраз уақыттан кейін Ампер үйіне келіп хаттағы жазуды оқып, кері қайтып, үйіне кешке келіпті.

Тұрлыбекова Жұлдыз
4. Ұлы ғалым Эдисонның бағына кіретін есік өте қиын ашылады екен. Қонақтардың бірі Эдисонға өзің әйгілі өнертапқыш бола тұра осы есікті оңай ашылатын етіп қою қолыңнан келмей ме депті. Сонда Эдисон: «Меніңше есік жаман құрастырылмаған, ол үйдің су құбырымен байланысқан. Әр адам цистернаға 20 литр су құйып кетеді»- деп жауап бергенде қонақтары таң қалыпты.
Қорытынды. Кешке қатысушыларға ғалымдар туралы сұрақтар қойылады.

1.Ол бірінші ғалымдардың арасында соғысқа қызмет еткен құрбандыққа шалынған ең бірінші ғалым?


Жауабы: Архимед
2.Физиканың оң қолы химия болса,математика оның көзі» деген ғалым
Жауабы: М.В.Ломоносов
3.Ғылымда эксперименттік зерттеу әдісін алғаш рет қолданған ұлы итальяндық физик және астроном
Жауабы: Галилео Галилей

4.Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдаған ғалым: Исаак Ньютон


5.«Жердің дәл шар емес екенін далаға шықпай,үйде отырып-ақ қалам ұшымен дәлелдеген» ғалым
Жауабы: Исаак Ньютон
6.Алғаш рет атом ядросын ашқан және жасанды атом ядроларын алған ғалым кім?
Жауабы: Э. Резерфорд

7.Физика табиғат туралы ғылым ретінде сөздің ғылыми мағнасын байытудатарихта «екінші ұстаз» атанған біздің ұлы бабамыз


Жауабы:Әбу насыр әл-Фараби

8.Тірі адамның қаңқа бөліктерінің құрылуын бірінші болып көрген кім?



Жауабы: Вильгелм Конрад Рентген.

Бүгінгі кешімізді мен Конфуцийдің мына сөзімен аяқтағым келіп отыр: «Үш жол білімге жетелейді: ойлау – бұл ең тиімді жол, еліктеу – ең жеңілі, тәжірибе алу – бұл ең күрделі жол. Адам осы жолдардың қайсысымен жүрсе де, алған білімінің нәтижелі болғаны маңыздырақ». Бүгін сіздер өздеріңізге керектіні алдыңыздар деп сенемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
арналған әдістемелік
жалпы білім
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
туралы хабарландыру
қазіргі заман
атындағы жалпы