А. У. Алибаева «Балдәурен» балалар бақшасы мкқК әдіскері Балабақшада ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру жолдары



Дата18.05.2022
өлшемі47.3 Kb.
#250438
Байланысты:
Алибаева Баяндама Балабақшадағы ата-аналармен жұмыс


А.У.Алибаева
«Балдәурен» балалар бақшасы МКҚК әдіскері
Балабақшада ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру жолдары

Қоғам жан- жақты үйлесімді жетілген жаңа адамды тәрбиелеуді талап етіп отыр. Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу – отбасы мен балабақша қызметкерлерінің бірден бір парызы.


Оқу – тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюда ата-аналармен жұмыстың орны орасан. Сондықтан балабақшада ата-аналармен жұыстардың алуан түрлері іске асырылуы керек. Атап айтар болсақ, дәстүрлі ата-аналар жиналыстарымен бірге түрлі семинарлар, ашық есік күндері, психологиялық тренингтер, топсеруендер, ойын-сауық кештері және басқа да шаралар ұйымдастырылып отырғаны абзал.
Қазіргі таңда ата-аналармен жұмыс істеу – барлық оқу-тәрбие жұмысындағы ең күрделі мәселе. Барлық ата-ананың көңілінен толық шыға қою оңай емес. Қиындыққа қарамастан, ата-аналармен ортақ тіл табысып, шығармашылықпен жұмыс істеу керек.
Оқу жылының басында ата-аналармен жұмыс жоспарын жасау кезінде оның әртүрлілігін, халықтық салт-дәстүрмен сабақтастығын, ата-аналардың көзқарасы мен ұсыныстарын ескеру керек. Ата-аналармен жұмыстың жоспарын ең бірінші жиналыста сауалнама жүргізіп, сонда айтылған ой-пікірлермен санаса отырып толықтыру керек.
Ата-аналар жиналысында олармен ойын жаттығулардың және әр түрлі байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорын дамытуға арналған тапсырмалардың жазбаларын үйде баласымен қайталау үшін ұсыну керек. Олар: «Қане, сөз іздесейік», «Сөзді кішірейтіп айт», «Сөзге не қосылған?», «Сөз тіркестерін қысқартып айт» ойындары. Мысалы: «Сөзге не қосылған?» ойынын бос уақытта баласымен былай ойнатады: тігін-тігінші, ән-әнші, дәрі-дәрігер. «Сөзді кішірейтіп айт» ойыны бала-бал, ала-ал. «Қане, сөз іздесейік» ойыны: суретте берілген заттардың атауын тауып, айтқызу, мектепалды даярлық тобында қысқа сөздерді жазғызуға болады. «Сөз тіркестерін қысқартып айт» ойыны: сөз тіркесінің бір сыңарын алып тастау, мысалы, ақылды қария – ақылды; жақсыдан үйрен – жақсыдан т.б.
Ата-аналармен жүргізілген әңгіме-кеңес, ойын-сауық тақырыптары сан алуан. Мысалы: «Қиқарлық қайдан шығады?» атты әңгіме-кеңесте ата-анамен бірлесе отырып, бала мінезіндегі өрескел қылықтарының шығу себептері анықталады. «Отбасындағы тәрбие» атты әңгіме-кеңесте бала тәрбиесі мәселесінде ата-ананың жауапкершілігі зор екендігі, баланың отбасында адам баласына тән қасиеттерге дағдыланып, ұяда көргенін өнеге алатындығы сөз болады. «Ата сөзі – асыл мұра» атты әңгіме-кеңесте ата-бабамыздан қалған өсиет сөздер, олардың бала тәрбиесінде атқаратын рөлі туралы сөз болады.
«Зере әженің жолымен» әжелер ой-өрісінің тереңдігі, өнер жағынан сынға түсіп, балаларына үлкен тәрбие береді деп ойлаймын.
«Шынықсаң шымыр боларсың» сайысында әр түрлі спорттық ойындар, жарыстар өткізіледі. «Өнер алды – қызыл тіл», «Аппақ менің анашым » атты ойын – сауықтарда да ата-аналар салт-дәстүрлерімізді көрсетіп, белсенділік танытса, ал балалар ән айтып, би билейді.
Топтағы балаларды қабылдау бөлмесінде ата-аналар бұрышы жасап, онда «Қысқа кеңестер», «Кел, жаттайық!», «Денсаулық шаралары», «Мен өстім», «Бірге үйренейік» атты мүйістер ұйымдастыру арқылы ата-аналардың педагогикалық білімін қалыптастыруға болады.
Ата-аналар тәрбиешінің басты көмекшісі деуге болады. Оларды отбасы туралы фотосуреттерін жинап, «Менің жанұям» атты көрме ұйымдастыруға, сабақтарға қажетті көрнекіліктерді жасауға көмектесуге тарту керек. Сәбилер мен ата-аналар қолынан жасалған жұмыстардан және тәрбиешінің шығармашылық еңбектерінен көрмелер ұйымдастырған жақсы нәтиже береді.
Өтілетін пікір–сайыстарға алдын-ала анкеталық сұрақтар тарату жоспарланады. Сабақтастықтың мұндай түрлері ата-аналарға балабақшаның жұмысын көрсетуге, тәрбиелеудің балабақшада пайдаланылатын әдістерін отбасында да іске асыруға болатынын үйретуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, біз ата-ананың бала тәрбиесінде үлкен жауапкершілікте екенін, тәрбиенің ұсақ-түйегі болмайтынын сезіндіре отырып, әр баланың өзіндік ерекшеліктерін дамытуға ықпал етуіміз қажет.
Отбасы мен балабақша қызметкерлерінің бірлестігі оқыту және тәрбиелеу жұмыстарының дұрыс жолға қойылуына ықпал етеді. Бала тұлғасының қалыптасуы отбасындағы ғана іс емес, баршаның ісі. Бұл біздің негізгі мақсатымыз. Сондықтан отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбие өзара тығыз бірлікте. Халықтық педагогикадан бастау алып, ғылымда дәлелденген нәтижелерге сүйене отырып, тәрбие құралдары мен әдістері дұрыс таңдалып жүргізілсе, ізгілікті тәрбиенің негізі қаланбақ.




Достарыңызбен бөлісу:




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру