Айбыны асқақ, тұғыры биік-Тәуелсіз Қазақстан!



бет1/7
Дата30.09.2021
өлшемі23.38 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7

Айбыны асқақ, тұғыры биік-Тәуелсіз Қазақстан!атты тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерттік бағдарлама сценарийі

Өтетін орны: колледж АКТ залы

Өтетін уақыты:13желтоқсан 2019ж сағат13.00.

Мақсаты: студенттердің Отанға, туған жерге, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру; Отанды сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту.

Фанфар беріліп, ортаға жүргізушілер шығады.

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, студенттер және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздіктің 28 жылдығына орай өткізілгелі отырған Айбыны асқақ, тұғыры биік-Тәуелсіз Қазақстан!атты салтанатты мерекемізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Армысыздар, ағайын! Еліміздің Тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт – Тәуелсіздік 20-шы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды. Азаттық деген осынау қасиетті ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды! Мемлекеттік тәуелсіздік-ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл-ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі. Ендеше тәуелсіздік күні мерекесі баршамызға құтты болсын!

1-жүргізуші: Бүгін бізге мерекеге қатысып отырған қонақтармен таныстыруға рұқсат етіңіздер:

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Гимн ойналады.

1-жүргізуші: Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше деп білеміз, себебі осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап күтумен өтті.

Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев: «Қазақстан тәуелсіздігінің тарихы таза парақтан бастала салған жоқ. Оның өз ежелгі дәстүрі бар. Бүгінімізді бағалау үшін де, болашағымызды болжау үшін де бізге өткен тарихымызды таразылап отыру керек» деген.



Музыка ойнап, экраннан қазақ хандығы кезіндегі жаугершілік заманнан «Алмас қылыш» фильмінен үзінді көрсетіледі. Ортаға хан нөкерлері шығып, ақ киізді алып шығады. Жәңір хан халқына сөз арнайды:

  • Ия, Тәңір ием, жар бола көр! Көк Тәңірі қолдай гөр! Уа, ағайын! Асыл тілім қалғанша, шыбын жаным кеудемнен шыққанша, ендігі қалған ғұмырымда тек қазақ еліне қызмет қыламын деп ант етемін!

  • Аллам жар болсын, әумин!

  • Ал, батырлар, алып жүр!

  • Алаш!,Алаш!

  • Қазақ құрылтайы ақылдаса келіп, жүз ойланып, мың толғанып, Орыс ханның құлап қалған Ақ ордасын жаңғыртатын, қазақ Ордасының туын көтеруді ұйғарды.

  • Ер арманы ел болу,қазақтың туын көтеруталайы өзіңе бұйырды! Бақытты хан бол!

(экраннан Жәнібек пен Керейдің сөйлескен сөздері айтылады)

Хан: Уа, ағайын! Ақ ниетіңнің айғағы болғандай, аппақ қардай ақ киізге отырғызып хан көтердіңдер! Сенімдеріңді ақтай алмасам, маған серт,л қазақтың ел болғаны Алаш ұранды халықтың ежелгі арманы еді. Міне, сол арманымызды бүгін Тәңір қолға беріп тұр! Енді, түтіні түзу ұшқан, іргесі берік, Мәңгілік ел болу өз қолымызда! Сол үшін жан пида, ағайын! Мәңгі қазақ елі жасасын! Алаш!Алаш!Алаш!(барлығы хормен)

Барлығы бір-бірімен қауышып, қуанысып кетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік