№ 102 орта мектебі коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары Р.Ағыбергеноваға 5 сынып
жетекшісі Ұ.Қайназардан
Анықтама
2023 жылдың 1 наурыз күні 1-наурыз – Алғыс айту күнін атап өту және ұйымдастыру бойынша «Мың алғыс Сізге, Ұстазым !» тақырыбында 5-сынып оқушыларымен ұстаздарға алғыс айту лебізі ұйымдастырылды.
Жұмыс барысында ұстаздарға «Көңілді сауал» жүргізіліп, логикалық сұрақтар қойылды және ұстаздарға деген құрмет көрсетілу барысында өлең-жыр жолдары жолданды. Шара көңілді өткізілді.
Сынып жетекшісі: Ұ.Қайназар
Тексерілді:..................... Сыныбы: 5 Күні: 1 наурыз 2023 жылы
Тәрбие сағатының тақырыбы: Мың алғыс Сізге, Ұстазым !
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
а) ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру;
ә) үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту;
б) әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу
Көрнекіліктері: Нақыл сөздер,сандықша, шарлар және т.б.
Сабақ барысы:
Айару: 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні
1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті.
Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл күн – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
Айқын: Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күн
Асылжан: «Қазақтың қаны бір, жаны бір жол басшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі», — деген қазақтың кемеңгер ақыны Мағжан Жұмабаев.
Аяла: Адамдықтың шегінен аспайтұғын – ұстазым.
Асылжан: Адалдықтың жолына бастайтұғын – ұстазым.
Айқын: Қылығына шаланың саспайтұғын – ұстазым.
Мансұр: Құпиясын баланың ашпайтұғын – ұстазым.
Ерасыл: Қиындықты жеңуден қашпайтұғын – ұстазым.
Нұрасыл: Әзіл-қалжың айтып та тастайтұғын – ұстазым.
Назгүл: Көңіл-күйін әркімнің көре білген – ұстазым.
Бекболат: Бойында бар білімін бере білген – ұстазым.
Ақниет: Ізгілікті нұрларын төге білген – ұстазым.
Бейбарыс: Әр жүрекке гүл-сезім еге білген – ұстазым.
Айару: Шапағатын балаға себе білген – ұстазым.
Сая: Баянына бақыттың сене білген – ұстазым.
Дияс:Игі ниет арнасы тола берсін, ұстазым!
Айхан: Басыңызға бақ құсы қона берсін, ұстазым!
Барлығы: Ұстазым, Сізге мың алғыс!
Сіздерге мықты денсаулық пен баянды бақыт, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз! Әрдайым ел игілігі үшін еңбек етіп, егемен еліміздің ертеңі болатын өрелі өрендерді өсіріп, тәрбиелеп, ұяларыңыздан ұшыра беріңіздер! Хор. "Ұстазым, Сізге мың алғыс!"
Достарыңызбен бөлісу: |