«Қарлығаш» бөбекжай – бақшасы» мкқК тәрбиешісі Мырзахметова Қарлығаш Аманбайқызы «Тәрбиеші болу мен үшін бақыт»



Дата04.12.2021
өлшемі74 Kb.
#129996
Байланысты:
Эссе 2021 ж
Эссе 2021 ж, Эссе 2021 ж, Эссе 2021 ж, Эссе 2021 ж, Эссе 2021 ж

Қызылорда облысы

Шиелі ауданы

Н. Бекежанов ауылы



«Қарлығаш» бөбекжай – бақшасы» МКҚК тәрбиешісі

Мырзахметова Қарлығаш Аманбайқызы

«Тәрбиеші болу мен үшін бақыт»

(Эссе)
«Дәрігерден де тәрбиешінің көп

болғаны артық, дәрігер адамның

денесін сауықтыратын болса,

тәрбиеші адамның ақылын,

мінезін, жанын сауықтырады».

Ж. Аймауытов

Жас ұрпақтың бойына адамгершіліктің өшпес нұрын төгетін, сөнбес сәуле сыйлайтын тәрбиеші – қиын да қызықты мамандық иесі. Мен үшін осынау қастерлі әрі қадірлі мамандық - ол өзім таңдаған тәрбиеші мамандығы.

Мамандық таңдау – әр адамның өмірлік шешімі. Осыдан 24 жыл бұрын «Тәрбиеші»

деп аталатын қиын да,қызық әлемге апарар жолға түсуге бел будым.Арманым орындалды,мен өзім армандаған мамандығыма қол жеткіздім. Адам баласының

өмірінде болуға тиіс бақыттың бірі не десе, ол өз қалауыңмен таңдаған кәсіп –мамандығыңа деген сүйіспеншілік,әрі ыстық ықылас дер едім. Өз еңбегіне жан-тәнімен берілген жан ғана өмірдің мән-мағынасын,қоғамдық ортадағы жауапкершілікті,

тұтастай ұлттың ертеңіне қоса алар өзіндік үлесін тереңнен салмақтай алса керек.

Бір сөзбен айтқанда, өмірдің мәні адал әрі мағыналы, жемісті әрі нәтижелі еңбекте жатқандығын түбегейлі түсіне алған әр адам биікке бастар жолдың қадірін салмақтай біледі.Жарық сәуле адамға қаншалықты қажет болса, білім де соншалықты қажет. Қараңғыда өмір сүру қандай қиын болса, білімсіз болу сондай қиын. Ал, тәрбиеші – осы білімді балаға жеткізуші болып саналады.

Ұлы ойшыл ғұлама Әбу Насыр Әл – Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген бідім – адамзаттың қас жауы, ол оның өміріне апат әкеледі» деген сөзінде үлкен мән – мағына жатыр. Бүгінгі күннің бізге қояр басты талабы да осы, жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оларды жан – жақты дамыту, жаңаша оқытып тәрбиелеу керек.Қазіргі таңда әлемдік даму, ғылыми технология, адамның ұшқыр ойлы, терең білімді, озық тәрбиелі болуын талап етеді.

Осы талаптарды жүзеге асыратын – білімнің дәнін себуші тәрбиешілер деп ойлаймын. Тәрбиеші болу шыдамдылықты, табандылықты,мейірімділік пен шеберлікті, білімділікті қажет ететін мамандық. Аяқтарын тәй – тәй басқан, тілдері былдырлаған кішкентай бүлдіршіндерді қабылдап, оларды өз баласындай айналып, толғанып, мейірімін, жылуын төге отырып, қамқорлығына алып, күні бойы жандары тынбайтын аяулы жандардың еңбегі ұшан – теңіз. Кей кезде өзіммен – өзім отырып, көңіл қиялына беріліп, өзімнің өткен еңбек жолыма қарап, ойға батамын. 24 жыл балабақшада жұмыс жасап, жас ұрпақты тәрбиелеуге атсалысу біреу үшін көп уақыт сияқты көрінуі мүмкін. Ал, мен үшін... кеше ғана сияқты.

Тәрбиеші болу – айтуға ғана оңай қызмет. Таңертең алдыма келген әрбір баланың көңіл – күйіне қарап, қас – қабағына алаңдап, олардмен бала болып ойнап, бала болып ойлап, оларды қалай қызықтырсам екен, не үйретсем екен деп жаным тынбай, ата – анасына аман – сау табыстағанша тыншымайтын сәттерімді осы мамандықты таңдаған, осы жолда еңбек етіп жүргендер ғана түсінеді деп ойлаймын.Әр күн сайын топқа келген балаларға «Сәлеметсің бе? Сені көргеніме қуаныштымын!» деген сөзді айта отырып, ерекше сезімде болатынымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бұл менің бала тәрбиесіне деген оң көзқарасым, ыстық ықыласым деп ойлаймын.

Ұлы педагог Г.Песталоцци: «Егер де сүйе білмесең, тәрбиелеуге құқығың жоқ» деген екен. Мен кішкентай бүлдіршіндерді өте жақсы көремін,өз балаларым сияқты санаймын. Әр таңда кішкентай достарымды асыға күтемін,олардың әрқайсысы бүгін қандай көңіл -күймен келетінін ойлаймын. Кішкентай адамның көкірегі ашық, жүрегі жұмсақ, маған сенеді. Бұл сондай жауапкершілік!!!!

Мен өзімнің жұмыс жүйемді гүлге ұқсатамын. Гүл барлығына қуаныш әкелсе,менің жұмысым да маған қуаныш әкеледі. Гүлдің түпкі тамыры мен болсам, гүлдің әсем дағы балалар,ал күлтелері- менің міндеттерім мен әдістерім.Менің тобым сол жайнаған гүл секілді. Балалармен жұмыс жасау-үлкен бақыт. Себебі,тек қана бала, еш нәрсеге де алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын қойып,өз құпияларын айтып маған сенім артады.Пәк көңіл балалармен ара-қатынас маған қуаныш,шаттық сыйлайды, себебі мен оларға, олардың маған керектігіне сенімдімін.

Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарға артылып отырған жауапты жұмыстардың басты бағыты оқу – тәрбие процестерін жүйелі жоспарлап, жаңа инновациялық технологияларды ендіру арқылы балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру. Менің еңбек жолымдағы өмірлік ұстанымым: «Ерінбей еңбек етсең шыдап егер, тікен де гүлге айналып шыға келер» , яғни ерінбей, жалықпай білім алу, іздену, үйрету, бала санасына сіңіру..

Балаларға күнделікті оқу қызметтерінде жаңаша білім беру, ақпараттық құралдарды қолдану, озық технологияларды қолдануды методикалық тәсілім деп санаймын. Менің еңбек жолымдағы әсерлі әдістерімнің бастысы:балаға мәдениеттілік пен сауаттылық, кішіпейілділік пен ізеттілік, еңбекқорлық пен табандылық, қайсарлық пен әдептілік қасиеттерді үйрету. Ата – анамен тіл табыса білу, баламен дұрыс қарым – қатынас орнату. Материалды балаға түсінікті жеткізе білу, оқу – тәрбие жұмыстарын дұрс ұйымдастыра білу, баланың іс – әрекетін дұрыс бағалай білу – мұның барлығы менің күнделікті еңбек жолымдағы методикалық әдістерім, басты қағидаларым.Әр бүлдіршіннің жасаған ісіне, берген жауабына мақтау айтып, мадақтап, олардың қызығушылығын оятып, талпынысын арттыруға көңіл бөлемін.

«Бала жүрегі кішкентай күйсандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Ал білім мен тәрбие беретін адамның қолында әр кезде сол кілт жүруі керек».- деген М. Шахановтың тамаша сөзін естен шығармауымыз керек. Балаға жан – жақты тәрбие беру біздің парызымыз.

Англияның атақты оқымыстысы Локк: «Баланың ақылы да,жаны да туғанда ақ қағаздай болып туады. Ақ қағазға қандай жазу жазса да жазушының өз еркінде.сол сықылды балаға қандай тәрбие беру тәрбиешіден.Бала қалай тәрбиелесе,соған көне береді»- деген болатын.

Сондықтан да, ақ қағаздың бетіне қайтадан өшіре алмайтындай шимай-шатпақ түспесін десек,нәресте шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап оның тәрбиесіне ыждағаттылықпен кіріскеніміз жөн.

Тәрбиеші.....! Бұл әрдайым үлкен әріптермен жазылуға тиіс мазмұнды да мағыналы сөз деп білемін. Өйткені, біз елдің ертеңгі азаматтарын тәрбиелейміз.Балаға қуаныш сыйлай отырып, оқыта тәрбиелеуге міндеттіміз.

Даналық сөздің ойшылы Эпикет: «Дүниенің ең тамаша туындысы-тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады» дейді. Сондықтан да ертеңгі күніміздің көлеңкесіз жарық болуын ойласақ,бала тәрбиесіне бей-жай қарамауымыз қажет.

Мен тәрбиешілік мамандықты таңдағаныма ешуақытта өкінбеймін. 24 жыл еңбек жолымда көп нәрсені үйрендім. Алдымдағы әрбір бала қайталанбас бір әлем, олардың әрқайсысының бойындағы ерекше қасиеттерін танып, жүрегіне, жан – дүниесіне жол таба білу – менің борышым. Балалардың өзіне деген сүйіспеншілігін көруден асқан бақыт жоқ. Мен бақытты жанмын, өйткені менің айналам балалардың жарқын жүзі мен сыңғырлаған күлкісіне толы.

Еліміздің көк туын көкке желбірететін, саналы да білімді ұрпақты тәрбиелеуге өз үлесімді қосу мен үшін асқан абырой. Жас ұрпақтың білімді де білікті, парасат – пайымы мол, саналы да сарабдал азамат боп жетілуі үшін тәлім мен тәрбие беріп жүргенім менің кеудемде мақтаныш сезімін оятып, өзіме артылған сенім жүгінің салмағын арттыра түседі.

Алдағы уақытта да өз ісімді шеберлікпен атқарып, бүлдіршіндердің заман талабына сай білімдерін жетілдіріп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жақсы тұлға болып қалыптасуына өз үлесімді қоса беремін.



Тәрбиеші дегенің – ерекше сөз.
Бұл сөздің түбінде тұр асыл, жақұт.
Бала деген – бұлағы тұнық судың,
Сол бұлақтың жүрейік көзін ашып.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы