14.01.18.
Бекітемін: ТІЖО-ы Ф.Ғ. Қайбалиева
АШЫҚ СЫНЫП САҒАТЫ:
«СЫПАЙЫЛЫҚ-АДАМГЕРШІЛІК АЙНАСЫ»
Мақсаты: 1. Сыпайылық, адамгершілік туралы ұғымдарын жетілдіру,
адамгершілік сапаларын арттыру.
2.Рухани-адамгершілік тәрбие беру. Әдептілікке, қайырымдылыққа,
сыпайылыққа баулу.
3.таным-түсініктерін, ой-өрістерін, сөздік қорларын,рөлдік орындау
машықтарын дамыту.
Түрі: сахналық, рөлдік
Әдісі: сұрақ-жауап, рөлдік, жағдаяттар шешу,шығармашылық тапсырмалар орындау.
Көрнекілігі: слайд, интерактив тақта, жағдаятты топшамалар,кітаптар, нақыл сөздер.
Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық дайындық: Үлкенге де -«Сіз»,
Кішіге де -«Сіз».
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз!
Оқушылар тақтадағы суреттерге назар аударайық:
( интерактив тақтада әдептілік, сыпайылық, қайырымдылыққа байланысты суреттер көрсетіледі)
-тақтадан қандай суреттер көрдік?
-ол суреттер не үшін берілген деп ойлайсыңдар?
-бүгінгі тәрбие сағатымызда не жөнінде әңгімелейміз деп
ойлайсыңдар?
Оқушылар бүгінгі сынып сағатымызда «Сыпайылық»туралы айтатынымызды болжайды.
Достарыңызбен бөлісу: |