Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы



бет1/7
Дата10.04.2017
өлшемі188.91 Kb.
#6648
  1   2   3   4   5   6   7
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 17 ақпанда № 14813 болып тіркелді

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына, сондай-ақ "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға, сондай-ақ "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мырзахметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 30 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 31 қаңтар



 

ҚазақстанРеспубликасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2017 жылғы 27 қаңтардағы
№ 30 бұйрығына
1-қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі – тауар өндірушілер), өзге жеке және заңды тұлғаларға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға жергілікті бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаражат және іс-шаралар шегінде және есебінен бюджеттік субсидиялар (бұдан әрі – субсидиялар) беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аналық бас – жануарлардың төл алу үшін пайдаланылатын жыныстық жағынан жетілген аналық дарақтар басы;

      2) ірі қара малдың (қойдың) аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізуді жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кооперативі – ауылдағы және (немесе) ауылдық округтегі жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан табын (отар) қалыптастырған, ірі қара малдың (қойдың) аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізуді жүзеге асыратын және олардың шалғайдағы жайылымға жайылуын қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы кооперативі;

      3) қоғамдық табын – жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған ірі қара мал табыны;

      4) сатып алынған асыл тұқымды жануарларды мақсатты пайдалану – сатып алынған және субсидияланған асыл тұқымды жануарларды осы Қағидаларда көрсетілген жағдайларда және мерзімдерде өсімін молайту мақсатында пайдалану;

      5) тауарлық табын – ірі қара малдың (қойдың) аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді жүзеге асыратын шаруашылықтың немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің мал басынан қалыптастырылған ірі қара мал (қой) табыны;

      6) тұқымдық түрлендіру – өсімін молайтуда асыл тұқымды тұқымдық малдарды пайдалану жолымен аналық мал басының тұқымдық және өнімділік сапаларын жақсарту;

      7) шағылыстыру маусымы – ауыл шаруашылығы жануарларының өсімін молайту кезеңі (ірі қара мал үшін күнтізбелік жылдың 1 мамырынан 1 қазанына дейін (қоса есептегенде), қойлар үшін 1 қыркүйегінен 1 желтоқсанына дейін (қоса есептегенде);

      3. Субсидиялауға жататын бағыттар:

      1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға:

      ірі қара малдың, қойлардың, маралдардың (бұғылардың) аналық басымен, сондай-ақ бал араның ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге кеткен шығындарды арзандату;

      отандық және шетелдік шаруашылықтардан асыл тұқымды ірі қара мал, қой, ешкі, жылқы, шошқа, түйе, марал (бұғы) төлін сатып алуға кеткен шығындарды арзандату;

      отандық және шетелдік шаруашылықтардан ет және жұмыртқа бағытындағы құстардың ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын сатып алуға кеткен шығындарды арзандату;

      жеке және заңды тұлғалардың табынның өсімін молайтуға пайдаланылатын етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп-бағуға кеткен шығындарын арзандату;

      мыналардың:

      дистрибьютерлік орталықтардың (бұдан әрі – дистрибьютерлік орталық) асыл тұқымды жануарлардың ұрықтарын өткізу жөніндегі шығындарын;

      асыл тұқымдық орталықтардың (бұдан әрі – жеткізушілер) жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шығындарын 100 %-ға дейін өтеу.

      дистрибьютерлік орталықтар мен асыл тұқымдық орталықтардың ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын сақтау және қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру үшін пайдаланылатын арнайы техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға кеткен шығындарын 50 %-ға дейін өтеу;

      2) мал шаруашылығы өнiмдiлiгi мен өнiм сапасын арттыруға:

      бұқашықтарды бордақылау, қозы етін, шошқа етiн, жылқы етiн, түйе етін, құс етiн (бройлер, күрке тауық, суда жүзетін құс етін), тағамдық жұмыртқа (тауық және бөдене жұмыртқасы), сүт (сиыр, бие, түйе, ешкі сүті), биязы жүнді және жартылай биязы жүнді өндіру құнын арзандату;

      құрама жем өндіретін зауыттар өндірген және ауыл шаруашылығы кооперативтеріне сатылған құрама жем құнын арзандату;

      ауыл шаруашылығы жануарларының азығына кеткен шығындар құнының 50 %-ға дейінгі мөлшерін өтеу.

      4. Бюджеттік субсидиялар нормативтері осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      5. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарлары азықтарына арналған шығындар құнын 50 %-ға дейін арзандату субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялау нормативтері және көлемдері (бұдан әрі – субсидиялау нормативтері және көлемдері) нөмірленеді, тігіледі, мөрмен бекітіледі және оны облыстың, Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармалары (бұдан әрі – Басқарма) екі данада облыс, Астана және Алматы қалалары әкімі, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адам қол қойған ілеспе хатпен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) қарастыруға тиісті жылдың 20 қаңтарынан кешіктірілмей беріледі.

      Министрлік ұсынылған субсидиялау нормативтері мен көлемдерін бес жұмыс күні ішінде қарайды. Министрлік ұсынылған субсидиялау нормативтері мен көлемдерінің мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар индикаторларына сәйкестігін қарайды, сондай-ақ көрсетілген мерзім шегінде субсидиялау нормативтері мен көлемдерін ұсыныс енгізу үшін "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына (бұдан әрі – "Атамекен" ҰКП) жолдайды.

      "Атамекен" ҰКП үш жұмыс күні ішінде субсидиялау нормативтері мен көлемдеріне ұсыныстар бермеген жағдайда, субсидиялау нормативтері мен көлемдері ескертулерсіз келісілген болып саналады.

      Нәтиже оң болған жағдайда, Министрлік субсидиялау нормативтері мен көлемдерінің бір данасын тиісті ілеспе хатпен тиісті жылдың 25 қаңтарынан кешіктірмей кері қайтарады.

      Нәтиже теріс болған жағдайда, Министрлік келісуден дәлелді бас тарта отырып, субсидиялау нормативтері мен көлемдерінің екі данасын тиісті жылдың 25 қаңтарынан кешіктірмей кері қайтарады.

      Пысықталған субсидиялау нормативтері мен көлемдері екі данада облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің, олар болмаған жағдайда, олардың міндеттерін атқарушы адамдардың қолы қойылған ілеспе хатпен Министрлікке қайта келісуге тиісті жылдың 30 қаңтарынан кешіктірілмей беріледі

      Министрлік мақұлданған субсидиялау нормативтері мен көлемдерінің бір данасын тиісті ілеспе хатпен тиісті жылдың 5 ақпанынан кешіктірмей кері қайтарады.

      Субсидиялау нормативтері мен көлемдері осы Қағидалар күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде және одан кейін субсидиялар көлемдері жыл сайын 5 ақпаннан кешіктірілмей облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.

      Қаулы қабылданғаннан кейін облыстың, Астана және Алматы қалаларының әкімдігі екі жұмыс күні ішінде оны өз ресми интернет-ресурсына орналастырады.

      Қаулы интернет-ресурста орналастырылғаннан кейін, Министрлік субсидиялау нормативтері мен көлемдерін олардың бұрын мақұлданған субсидиялау нормативтері мен көлемдеріне сәйкес келуі тұрғысынан салыстырып тексереді. Сәйкес келмеген жағдайда, Министрлік субсидиялау нормативтері мен көлемдерінің мақұлданған нұсқасына сәйкестендіру үшін облыстың, Астана және Алматы қалаларының әкімдігін хабарландырады.

      6. Мыналар:

      1) осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларда көрсетілген өлшемшарттар мен талаптарға сәйкес келмейтін тауар өндірушілердің жануарлары мен мал шаруашылығы өнімдері;

      2) шағылыстыру маусымы бойында өсімін молайтуда пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамаған және зоотехникалық нормативтерге (шағылыстыру контингентінің отыз басына кемінде бір бұқа (қошқар), бір бұқаны (қошқарды) қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау) сәйкес бұрын тұқымдық түрлендіруде пайдаланылмаған асыл тұқымды тұқымдық бұқалармен (асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар) алмастырған жағдайда, шаруашылықтың ірі қара малының (қойларының) барлық аналық басы;

      3) өтінімді берген сәтте бір шартты аналық басқа кемінде үш гектар нормативі бойынша елді мекен жерінің шегінен тыс жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жағдайда, ауыл шаруашылығы кооперативінің селекциялық және асыл тұқымдық жұмысқа тартылған ірі қара малының (қойдың) барлық аналық басы;

      4) өтінім берген сәтте жануарлар басы саны бойынша алшақтықтары (жануарлардың бірдейлендіру нөмірлерінің, жынысының, тұқымының, туған күнінің сәйкес келмеуі) бар шаруашылықтардың "www.plem.kz" ресми ресурсы бойынша селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың бірыңғай ақпараттық базасында (бұдан әрі – АТЖ) және "www.iszh.kam.kz" ресми ресурсы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі дерекқорда (бұдан әрі – АЖС) тіркелген ірі қара малының (қойларының) аналық басымен жүргізілетін селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс;

      5) бұрын, сатып алу кезінде құнын арзандатуға субсидияланған, сондай-ақ айырбас бойынша өзара есеп айырысу есебіне сатып алынған немесе өсімін молайту мақсатында пайдаланылмайтын асыл тұқымды ірі қара мал, қой, ешкі, жылқы, түйе, марал (бұғылар), шошқа және асыл тұқымды тәуліктік балапандарды сатып алу;

      6) селекциялық және асыл тұқымдық жұмысқа қатысатын, ағымдағы шағылыстыру маусымында селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу бағыты бойынша ағымдағы жылы субсидияланған жануарлар және бал ара ұялары (осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген қосымша норматив (бұдан әрі – қосымша норматив) бойынша өтінім берген кезде ірі қара малды қоспағанда);

      7) көрсетілген бағыт бойынша ағымдағы жылы субсидияланған, қоғамдық және тауарлы табындарда өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық бұқалар;

      8) тауар өндiрушiлер ауыл шаруашылығы кооперативтерін қоспағанда, басқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардан одан әрi қайта сату және (немесе) қайта өңдеу үшiн сатып алған мал шаруашылығы өнімі;

      9) тауар өндірушілер айырбас бойынша, өзара есеп айырысу шотына өткізген немесе бұрын субсидияланған мал шаруашылығы өнімі;

      10) жеке аулада сойылған сондай-ақ қайта өңдеуші кәсiпорындарда бастапқы қайта өңдеуден өткен мал шаруашылығы өнімі;

      11) тауар өндірушілер жануарларды мәжбүрлi санитариялық сою нәтижесiнде алған мал шаруашылығы өнімдері, сондай-ақ белгілі бір жануар түрі бойынша аса қауіпті және инфекциялық аурулар бойынша карантиндiк iс-шаралардың қолданылу кезеңiндегі ауыл шаруашылығы жануарларының өнімдері мен бастары;

      12) етті құс шаруашылығының жанама өнімдері – аяқтары, бастары, ішкі органдары;

      13) жұмыртқа ұнтағын өндіру үшін өткізілген және (немесе) берілген тағамдық жұмыртқа субсидиялауға жатпайды.

      7. Субсидиялар бағыттардың мына басымдылықтарына сәйкес тауар өндірушілерге, басқа да жеке және заңды тұлғаларға төленеді:

      асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға:

      ірі қара малдың және қойдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу;

      асыл тұқымды ірі қара мал және қой сатып алу;

      асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың қалған бағыттары;

      мал шаруашылығы өнімділігін және өнім сапасын арттыруға:

      сүт өндірісінің құнын арзандату;

      құс еті өндірісінің құнын арзандату;

      бұқашықтарды бордақылау құнын арзандату;

      қозы еті өндірісінің құнын арзандату;

      құрама жем құнын арзандату;

      биязы және жартылай биязы жүн өндірісінің құнын арзандату;

      мал шаруашылығының басқа өнім түрлері өндірісінің кұнын арзандату.

      Бір немесе бірнеше бағыттар бойынша қаражат қалып қойған жағдайда, субсидиялар субсидиялау бағытының басымдылығына сәйкес қайта бөлінеді.

      8. Тауар өндірушілердің, жеке және заңды тұлғалардың субсидияларды алуының қажетті шарты өтінім берген сәтте осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларда көрсетілген өлшемшарттарға және талаптарға сәйкес келуі болып табылады.

      9. Субсидиялар:

      1) селекциялық және асыл тұқымдық жұмысқа тартылған ірі қара малдың аналық басы үшін осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген базалық норматив бойынша және нақты алынған төл бойынша ірі қара малдың аналық басы үшін қосымша норматив бойынша;

      2) селекциялық және асыл тұқымдық жұмысқа тартылған қойлардың, маралдардың аналық басы және бал ара ұясы үшін;

      3) сатып алынған асыл тұқымды мал басы және сатып алынған асыл тұқымды құс шаруашылығы өнімінің бірлігі үшін;

      4) ірі қара мал мен қойлардың қолдан ұрықтандырылған нақты аналық басы үшін;

      5) табынның өсімін молайтуда пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық бұқаның басы үшін;

      6) союға өткізілген немесе есептік нөмірлерге ие, тоңазытқыш жабдығы мен ветеринариялық зертханасы бар сою пункттерінде және (немесе) ет комбинаттарында қайта өңделген бұқашық пен қозының басы үшін;

      7) есептік нөмірлерге ие, тоңазытқыш жабдығы мен ветеринариялық зертханасы бар сою пункттеріне және (немесе) қайта өңдеуші кәсіпорындарға (цехтерге) өткізілген немесе сонда өңделген сүттің, құс етінің, шошқа етінің, жылқы етінің, түйе етінің, биязы және жартылай биязы жүннің бір килограмы үшін;

      8) өткізілген тағамдық жұмыртқаның бірлігі үшін;

      9) өткізілген құрама жемнің бір тоннасы үшін төленеді.

      10. Бұрын мақұлданған, бірақ қаржыландырылмаған немесе ішінара қаржыландырылған субсидиялар алуға арналған өтінімдерді қоса алғанда, басым бағыттардың бірі бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімдерді толық көлемде қанағаттандыру үшін қаражат жетіспеген жағдайда, Басқарма жетіспеген қаражатты басымдығы төмен бағыттар бойынша игерілмеген қаражат болған жағдайда, осы бағыттардан қайта бөледі.

      Қаражат қалдығы берілген субсидиялар алуға арналған өтінімдердегі тиесілі субсидиялардың көлемдеріне сәйкес пропорционалды түрде бөлінеді. Тауар өндірушіге тиесілі субсидиялардың төленбеген қалдығы оған келесі айдың (лардың)/жылдың қаражатынан олар бар болған жағдайда, бағыттардың басымдылығын ескере отырып, облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдігінің субсидиялау бағыты жөніндегі қаулысымен бекітілген көлемдер шегінде төленеді.

      11. Субсидиялау бағыттары арасындағы сомалар өзгерген жағдайда, облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдігінің қаулысына осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген тәртіппен тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.

      12. Басқарма ай сайын тауар өндірушілердің, жеке және заңды тұлғалардың субсидиялар алуға арналған өтінімдерін қарау нәтижелері туралы ақпаратты облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдігінің интернет-ресурсының арнайы бөлімінде жариялайды.

      Басқарма Министрлікке ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бесіне дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша және жыл сайын есепті жылдан кейінгі 10 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша бюджет қаражатын игеру жөніндегі есепті жолдайды.

      13. Министрлік облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялауды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды іске асыруына мониторинг жүргізеді. Мониторинг қорытындылары бойынша Министрлік облыс, Астана және Алматы қалалары әкімінің атына ұсыныс енгізеді.

2-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағыты бойынша субсидиялар алу тәртібі

      14. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағыты бойынша тауар өндірушілер тиісті негіздердің туындауына қарай, Басқармаға АТЖ арқылы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімдер жолдайды.

      Тауар өндірушілер негіздер туындаған сәттен бастап (тауар өндіруші Қағидалардың өлшемшарттары және талаптарына сәйкес келген сәттен бастап) он екі айдан аспаған субсидиялар алуға арналған өтінімдерді береді.

      15. Тауар өндіруші осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша өтінім берген жағдайда, Басқарма үш жұмыс күні ішінде өтінімді көрсетілетін деректердің толықтығына тексеруді жүзеге асырады және сәйкес келген жағдайда, АТЖ арқылы өтінімді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестігін салыстырып тексеру үшін тиісті ауданның, Астана және Алматы қалаларының және облыстық маңызы бар қалалардың ауыл шаруашылығы бөліміне (бұдан әрі – Бөлім) жолдайды.

      Тауар өндіруші осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілмеген бағыттар бойынша өтінім берген жағдайда, Басқарма өтінімді қажет етілетін деректердің толықтығына тексеруді жүзеге асырады.

      Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар мен талаптарға сәйкес еместігі анықталған жағдайда, субсидиялар алуға арналған өтінім көрсетілген мерзім ішінде АТЖ арқылы барлық сәйкессіздіктердің дәлелді негіздемесімен бірге тауар өндірушілерге қайтарылады.

      Тауар өндірушілер түзетілген немесе толықтырылған субсидиялар алуға арналған өтінімді қайта енгізе алады.

      16. Құрамында Бөлім маманы тиісті ауылдың округ әкімдігінің маманымен және ветеринар дәрігермен бірлескен жұмыс тобы субсидиялау бағыттары (асыл тұқымды жануарларды сатып алу, тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара мал мен қойдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу, өсімді молайту үшін пайдаланылатын етті, сүтті, сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп-бағу) бойынша Басқармадан өтінім келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестігін салыстырып тексеру үшін шаруашылыққа барады. Жұмыс тобының құрамы Бөлім бұйрығымен бекітіледі.

      Сапар нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес салыстырып тексеру актісін толтырылады, түпнұсқасы осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген мерзімдерде Бөлімде сақталады. Актінің көшірмесі көрсетілген мерзім ішінде ілеспе хатпен және АТЖ арқылы Басқармаға жолданады.

      17. Тауар өндіруші өлшемшарттар мен талаптарға сәйкес келген жағдайда, Басқарма өтінім келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бағыттардың басымдығын, сондай-ақ өтінімдер мен қорытындының келіп түсу хронологиясын ескере отырып, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес облыс, қала бойынша жиынтық акт қалыптастырады, оны Басқарма басшысы немесе оны алмастырушы адам бекітеді және ол ақы төлеуге жолданады.

      Осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген өлшемшарттар мен талаптарға сәйкес еместігі анықталған жағдайда, субсидиялар алуға арналған өтінім көрсетілген мерзім ішінде АТЖ арқылы барлық сәйкессіздіктердің дәлелді негіздемесімен бірге тауар өндірушіге қайтарылады.

      Тауар өндірушілер түзетілген немесе толықтырылған субсидиялар алуға арналған өтінімді қайта енгізе алады.

      Басқарма облыс, қала бойынша жиынтық акт бекітілген күннен кейін үш жұмыс күні ішінде тауар өндірушіге АТЖ арқылы өтінімді мақұлдағаны туралы хабарлама жолдайды.

      18. Тауар өндірушілердің банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аударуды Басқарма қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне төлем шоттарын үш жұмыс күні ішінде беру арқылы жүзеге асырады.

      19. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағыттары бойынша алынған субсидиялар туралы мәліметтерді Басқарма тауар өндірушілерге субсидия төленген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде АТЖ-ға енгізеді.

      20. Тауар өндірушілер осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға өтінім бергенге дейін, көрсетілген субсидиялау бағыттары бойынша мынадай тиісті құжаттарды ресімдейді:

      1) асыл тұқымды ірі қара мал, асыл тұқымды қойлар, ешкілер, жылқылар, түйелер, шошқалар мен маралдар, ата-енелік/ата-тектік нысандағы құстардың етті және жұмыртқа бағытындағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын сатып алған жағдайда - осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес 3 нысан бойынша жануарларды/құстарды кіріске алу актісі;

      2) жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған қоғамдық табында өсімді молайту үшін пайдаланылатын етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп-баққан жағдайда - осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған қоғамдық табында етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын бекітіп беру және пайдалану бойынша мал иелері болып табылатын елді мекен тұрғындары жиынының шешімі. Тұрғындар жиыны өткен соң тауар өндіруші тұрғындар жиынының аталған шешімін (көшірмесі АТЖ-ға орналастырылады) Бөлімге енгізеді. Бөлім тұрғындар жиынының шешімінде көрсетілген деректерге сәйкес ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды бекітіп бере отырып, АТЖ-да қоғамдық табын қалыптастырады;

      3) жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың/қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды жүзеге асырған жағдайда - осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша ірі қара малдың/қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру туралы акт және осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша ірі қара малдың ұрықтандырылған аналық басын буаздыққа зерттеп қарау актісі.

      21. Ірі қара малдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізетін тауар өндірушілер осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген өлшемшарттар мен талаптарға, осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкестікті қамтамасыз етеді және ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде АТЖ арқылы базалық норматив бойынша субсидиялар алуға арналған өтінім береді.

      Қосымша норматив бойынша өтінімдер күнтізбелік жылда бір рет, бірақ ағымдағы жылдың 20 қарашасынан кешіктірмей:

      етті мал шаруашылығы бойынша - ағымдағы жылы базалық норматив бойынша субсидияланған аналық мал басынан өткен жылдың шағылыстыру маусымы үшін АТЖ–да шаруашылық бойынша төл шығымының орташа көрсеткішін ескере отырып, төлдеу кезеңі аяқталған соң;

      сүтті мал шаруашылығы бойынша - ағымдағы жыл алдындағы жылы сүтті сиырлардан тірі бұзау төлінің түсімін ағымдағы жыл алдындағы жылдың басындағы сиырлар басына бөлу жолымен 100 сиырға арналған бұзаулар шығымының көрсеткіші негізінде беріледі.

      Тауар өндірушілер қойлардың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге субсидиялар алу үшін ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестікті қамтамасыз етеді және шағылыстыру маусымы басталғанда АТЖ арқылы субсидиялар алуға арналған өтінім береді.

      Тауар өндіруші асыл тұқымды ірі қара малды төлемін кейінге қалдыра отырып (ішінара төлей отырып) сатып алған және/немесе лизингке алған жағдайда, бюджеттік қаражатты субсидиялар алуға арналған өтінімде көрсетілетін сатушының және/немесе лизинг берушінің есебіне аударуға жол беріледі.

      Жеке және заңды тұлғалар табынның өсімін молайту үшін асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға субсидиялар алу үшін ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестікті қамтамасыз етеді және АТЖ арқылы субсидиялар алуға арналған өтінім береді.


Каталог: sites -> atyrau.gov.kz -> uploads -> akimaty
akimaty -> Жоба Жануарларды ұстау туралы Ережесі 1 тарау. Жалпы ережелер
akimaty -> ЭҚабж мо 19. 0 нұсқасы) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп
akimaty -> «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы ке ақ Атырау облысы бойынша филиалы-«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Мақат аудандық бөлімі Мобильдік ХҚко арқылы қабылданатын мемлекеттік қызмет түрлері
akimaty -> Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету
uploads -> «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламсы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің төлқұжаты
uploads -> Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына
uploads -> Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына
akimaty -> Қызылқоға ауданының 2017 жылдың қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштері бойынша анықтама Жалпы шығарылған өнім
akimaty -> Мен, Құбашева Майра Мажитқызы. 1972 жылы 5 мамырда Гурьев облысы, Теңіз ауданы, Киров селолық советінде дүниеге келдім


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру