Аяқталмаған сурет. Оқушыларға аяқталмаған суреттер ұсынылады, оқушылар суретті аяқтайды.Суреттері бойынша қорытындысы айтылады.
Алақанға сурет салу. Жұппен тұрып бір-бірінің алақандарына сурет салады және қандай сурет екенін табады.
Құм терапиясы бойынша жұмыс. Құмға сурет салады және соңында көңіл-күйлерін салады.
Шаттық шеңбері: Қолдарымен күннің көзін жасау.
Әр оқушы қолын алға созған сайын оқушыларға тілек айтады
№ 24 сабақ.
«Сиқырлы көл» тренингтік жаттығу
Мақсаты:Жеке тұлға өзін-өзі құрметтеуге, сыйлауға , өзін-өзі бағалауға үйрету.
Мазмұны: қатысушылар дөңгелене отырып, көздерін жұмады. «Қазір мына қорапты бір-біріңе кезекпен жалғастыру керек. Қорапты алған адам көзін ашып, қораптың ішін қарайды, оның ішінде әлдебір керемет көл бар, сол көлдің ішінен жер бетінде, ең тамаша адамды көресіңдер » оған күлімсіреп қарау қажет.
Құрал – жабдықтар: қорап, айна.
«Ақ орындық пен қара орындық»
Мақсаты: қатысушылар өз бойындағы жағымсыз құлықтарын біліп, түсініп, оны түзеуіне және жақсы қасиеттерінің дамуына бағытталады.
Барысы: ортада екі орындық: ақ және қара. Бір оқушы шығып, әуелі ақ орындыққа отырады. Сол кезде кішкентай карточкаларға басқа қатысушылар ол кісінің жақсы қасиеттерін (мінез ерекшеліктерін) жазады. Ал қара орындыққа отырғанда керісінше, жағымсыз мінез-құлықтарын жазады.
Кері топ болып, талқылайды.
№ 25 сабақ.
«Мен бақытты баламын» сурет салу, эссе жазу
Мақсаты: бала өзінің бақытты сезімін сурет салу, эссе жазу арқылы жеткізе алу
№ 26 сабақ.
Ата –аналарға, сынып жетекшіге, пән мұғалімдеріне
5-сынып оқушыларын зерттеу барысындағы аспектілерді,баланың танымдық іс-әрекетінде көрінетін психологиялық ерекшеліктерін, когнетивті үдірістердің даму деңгейі мен феноменінің педагогикалық талаппен байланысын,танымдық іс-әректтерінің жеке ерекшеліктерін,ақыл-ойының қабілеттілігі, ақыл-ой әрекеттерінің өсуі туралы таныстыру.
Қатысушылар шеңбер құрап отырады,жаттықтырушының қолында доп.
Тренингтік жаттығу «Тілек»
Нұсқау: Жұмысты бір-бірімізге бүгінгі күнде жақсы тілектер айтумен бастаймыз.Тілек қысқа,мүмкіндігінше бір сөз болуы керек.Сіз допты тілек тілегіңіз келген адамға ,тілек айта лақтырасыз.Ал ол адам өз кезегінде келесі адамға тілек тілей допты лақтырады.Ешкімді назардан тыс қалдырмай ,араласуын қадағалай отырайық.
Достарыңызбен бөлісу: |