5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі
Сағат саны 34
Тақырыптық жоспар
|
№ р/н
|
Тақырып аты
|
Сағат саны
|
1
|
«Танысу» тренингтік жаттығуы.
|
1
|
2
|
Оқу мотивациясын тексеруге арналған сауалнама
/Н.Г.Лусканов бойынша/
|
1
|
3
|
« Жақсы қарым-қатынас» тренингтік жаттығу
|
2
|
4
|
З. Филипстің мектептегі мазасыздықты анықтауға арналған тесті
|
1
|
5
|
«Бірінші рет 5 сыныпқа» тренингтік жаттығу
|
2
|
6
|
«Адам Ағаш Үй» проэктивті әдістемесі
|
1
|
7
|
Айзенктің темпераментті анықтау тесті
|
1
|
8
|
Ситуативті-коммуникативті ойындар.
|
2
|
9
|
«Қорқынышты қалай жеңуге болады?» әңгіме,тест
|
1
|
10
|
«Менім ерекшелігім» оқушылардың өзіндік ой пікірі
|
1
|
11
|
Оқушылардың көңіл-күйлерін дамытуға арналған жаттығу
|
2
|
12
|
«Менің мектептегі сезімім» әдістемесі. Сауалнама
|
1
|
13
|
Қарым – қатынасты нығайтуға арналған тренинг – жаттығулар.
|
2
|
14
|
Музыка терапиясы
|
1
|
15
|
«Кактус» әдістемесі. Тест
|
1
|
16
|
Темпераментті анықтау. Айзенк әдістемесі
|
1
|
17
|
«Өзін сезінуі, белсенділік, көңіл-күй» Рогов әдістемесі
|
2
|
18
|
Жеткіншектер агрессиясын диагностикалау. (Басса-Дарки әдістемесі)
|
1
|
19
|
Ата-аналар жиналысына қатысу. «Сіздің өміріңізде бала қандай орынға ие?» сауалнама алу. Әңгіме құру, кеңес беру.
|
1
|
20
|
Тақырыбы: «Жылы жүректен жақсы тілек» тренингтік жаттығу
|
1
|
21
|
«Бойдағы қорқынышты төмендету» тренингтік жаттығу
|
2
|
22
|
«Менің сыныбым» әдістемесі
|
1
|
23
|
Сурет терапиясы
|
1
|
24
|
«Сиқырлы көл» тренингтік жаттығу
|
1
|
25
|
«Мен бақытты баламын» сурет салу, эссе жазу
|
2
|
26
|
Ата –аналар, сынып жетекші, пән мұғалімдері мен кездесу
|
1
|
Қорытынды 34 сағат
|
№ 1 сабақ. «Танысу» тренингтік жаттығу
Мақсаты: Топта жұмыс жүргізу үшін жағымды ахуал орнату, қарым-қатынастың белсенді стилін және кері байланыс немесе алу тәсілдерін меңгеру;
-Алдымен танысайық, біз оны былай жасаймыз: дөңгелене отырып, сағат тілі бойынша, кезек-кезек әр қатысушы өз атын және өзінің нақты сүйікті ісін айтады. Екінші ойыншы өзі туралы айтпас бұрын алғашқы адамның сөзін қайталап айтуы керек. Содан кейін өзі туралы айтады. Ал үшінші адам бәрәнші,еінші адамның айтқанын қайталап, сонан соң өзі жайында хабарлайды. Ойын осылай жалғаса береді.
Талқылау:
1.Қай ойыншының есімі, сүйікті ісі сенің есіңде жақсы сақталады?
Несімен жақсы сақталады деп ойлайсың?
Қай қатысушыны еске түсіруі қиынға соқты?
Не үшін қиын болды деп ойллайсың?
Қатысушылардың сені есінде сақтай алмауы қаллай әсер етті?
Өзіндік бағаны дамыту
Мақсаты:ойын баланың өзіндік бағасының жоғарлауына, ұжымдағы маңыздылығын көтеруге бағытталлады.
Мазмұны: барлық балалар шеңбер жасап отырады. Олардың міндеті бірден тапсырманы керемет орындағанын айту. Сөйлемді «Бір күні мен….. деп бастау қажет». Мысалы: «Бір күні мен мектепте жолдасыма көмектестім» неесе «Бір күні мен үй тапсырмасын жылдам орындадым». Ойлануға екі минут уақыт беріледі, мұнан кейін балалар шеңбер бойымен қысқа хабарллама жасайды. Барлық балалар қз ойларын айтады.
№ 2 сабақ.
Оқу мотивациясын тексеруге арналған сауалнама
/Н.Г.Лусканов бойынша/
10 сұрақтың жауаптары 0-ден 3 балға дейін бағаланады (теріс жауап – 0 балл, бейтарап – 1 балл, оң жауап – 3 балл). 30-25 балл жинаған оқушылар мектепке бейімделуінің жоғары деңгейін, 20 – 24 балл ортаңғы норманы, 15 – 19 балл ішкі мотивацияны, 10 – 14 балл және одан төменгі балл – мектепке деген теріс көзқарас, яғни мектеп дезадаптациясын көрсетеді.
Сауалнама сұрақтары
Саған мектеп ұнай ма немесе ұнамай ма?
Таңертең сен ұйқыдан тұрғанда мектепке қуанышпен барасың ба, әлде үйде қалғың келе ме?
Егер мұғалім мектепке ертең барлығыңның келуің шарт емес, келгісі келген оқушылар ғана келсін десе, сен сабаққа келесің бе, әлде үйде қаласың ба?
Кейбір сабақтың болмай қалуы саған ұнай ма?
Саған үй тапсырмасын бермегенін қалайсың ба?
Сен сабақта үзілістің көп болғанын қалайсың ба?
Сен ата-анаңа мектеп жайында жиі айтасың ба?
Саған мұғалімнің қатал болғаны ұнай ма?
Сенің сыныпта достарың көп пе?
Сыныптастарың саған ұнай ма?
Оқу мотивациясының динамикасын бағалау үшін сауалнамада сұрақтар қайталанып келеді. Оқу мотивация деңгейінің төмендеуі баланың мектеп дезадаптациясының көрсеткішін, ал оның жоғарылауы – оқудағы және дамудағы оң динамикасын білдіреді.
Жүргізілген зерттеулер оқушының мектепке бейімделуінің үш деңгейін бөліп көрсетеді:
Жоғары деңгей – оқушының мектепке қатынасы оң; берілген талаптарды адекватты қабылдайды, оқу материалдарын оңай меңгереді, мәліметтерді толық игерген, мұғалімнің айтқандарын мұқият тыңдайды, тапсырмаларды сыртқы бақылаусыз-ақ орындайды, өзіндік жұмысқа, барлық пәндерге қызығушылықпен қарайды, тапсырмаларды мұқият орындайды, сыныпта жоғары мәртебеге ие.
Ортаңғы деңгей – оқушының мектепке қатынасы оң; оқу материалдарын түсінеді, бағдарламаның негізгілерін меңгереді, тапсырмаларды өзбетінше орындайды, оларды орындауда мұқия, бірақ бақылауды талап етеді, сабаққа қызығушылықпен дайындалады, сыныптағы көп оқушылармен достық қарым-қатынас жасайды.
Төменгі деңгей – оқушының мектепке қатынасы теріс, денсаулығының нашарлығына реніш білдіреді, көңіл-күйінің нашарлығын көрсетеді, тәртіп бұзады, оқу материалдарын фрагменталды меңгереді, өзіндік тапсырмаларға қызығушылық көрсетпейді, сабақтарға немқұрайлы дайындалады, бақылау мен көмекті қажет етеді, пассивті, сыныпта жақын достары жоқ.
№ 3 сабақ.
«Жақсы қарым-қатынас» тренингтік жаттығу
Мақсаты: Оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту негізінде оларды адалдыққа,достыққа,шындыққа,тәрбиелікке үйрету.
Сәлемдесу. Менің тренингтік есімім. Шарты: топ дөңгелек болып отырады, қатысушылар кезекпен сәлемдесіп,әр оқушы есімін айта отырып, өз бойындағы жақсы қасиеттерді қоса айтады. Оқушылардың бойында табылған нақты қасиеттерді саралап, қорытындылай келе тренингтік жаттығудың ережесін түсіндіру.
Ереже:
Құпиялылық
Бір-бірімізді тыңдаймыз және сөзді бөлмейміз
Белсенді боламыз
Бір-бірімізге ренжімейміз
«Қазір» және «Осында» принціпі
«Жер сілкінісі» жаттығуы
Мұнда топқа қатысушы адамдар 3-3-тен болып тұрады. Екеуі шатыр және бір адам олардың астында тұрады. Жүргізуші «шатыр» деген команда бергенде, шатыр жасап тұрған балалар ауысуы керек. Жүргізуші «адамдар» деген команда бергенде, шатыр астындағы балалар орнын ауыстырады. Ал егер, «жер сілкінісі» деген команда бергенде, барлығы орын ауыстыруы керек.
«Ұқсастық шегі» жаттығуы
Шарты: Қатысушылар жұптасып отырады, А 4 қағаз беті және қалам қажет. Жанындағы жұбына қарап, ұқсастықты тауып, «Біздің ұқсастығымыз» деп А 4 қағаз бетіне жазады. Ұқсастық табу үшін 4 минут уақыт беріледі. Жаттығуды орындағаннан кейін, жұп бір-бірінің жазған ұқсастығын оқып, өз ойларын айтады.
№ 4 сабақ.
Достарыңызбен бөлісу: |