Аудан мектептерінің Ұбт-ге дайындық бойынша негізгі пәндердің (биология, химия, физика, ағылшын тілі, дүние жүзі тарихы, әдебиет пәндерінің) берілу жағдайын зерттеу, бақылау, сынама тесттерін алу қорытындысы бойынша анықтама



Дата08.09.2017
өлшемі21.01 Kb.
#16009
Аудан мектептерінің ҰБТ-ге дайындық бойынша негізгі пәндердің (биология, химия, физика, ағылшын тілі, дүние жүзі тарихы, әдебиет пәндерінің) берілу жағдайын зерттеу, бақылау, сынама тесттерін алу қорытындысы бойынша анықтама

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің іс-жоспарына сәйкес 03 ақпан 2015 жылғы № 77 бұйрық негізінде аудан мектептерінің негізгі пәндерінен ҰБТ-ге дайындық барысын тексеру мақсатында тақырыптық, тарау бойынша сынама тесттері алынды.



Биология пәні бойынша екі тараудан тұратын: 7 сынып және 8 сынып материалдары бойынша 25 сұрақтан жасалынған тест жұмысы алынды. Төменде көрсетілген мектептер: М. Әуезов о/м (3 оқушы) пән мұғалімі Метеркулова Н; Құлан о/м 11 «А» сыныбы (1 оқушы), пән мұғалімі Татибекова Г; № 2 о/м 11 «А» (1 оқушы), пән мұғалімі Есеналиева Г, 11 орыс сыныбы (2 оқушы), пән мұғалімі Қайыржанова И; Абай о/м 11 «А» сыныбы (5 оқушы), пән мұғалімі Бидайшиева Б. екі тарау (7-8 сынып материалдары) бойынша мүлдем білім сапасын көрсетпеген болса, Қ.Сәтбаев о/м 11 «Ә» сыныбы (3 оқушы) 7 сынып материалы бойынша, 11 «А» сыныбы (3 оқушы) 8 сынып материалы бойынша, пән мұғалімі Натбаева С ; Қызыл шаруа о/м 11 «Б» сыныбы (4 оқушы) 7 сынып материалы бойынша, пән мұғалімі Қойшыбаева А; Қорағаты о /м (2 оқушы) 7 сынып материалы бойынша, пән мұғалімі Абуталипова А; № 2 о/м 11 «В» (1 оқушы) 7 сынып материалы бойынша, пән мүғалімі Есеналиева Г; Т.Рысқұлов о/м 11 «А» сыныбы (3 оқушы) 7 сынып материалы бойынша, пән мұғалімі Ибраимова Э; Абай о/м 11 «Б» сыныбы (6 оқушы) 8 сынып материалы бойынша, пән мұғалімі Бидайшиева Б және Б.Момышүлы о/м 11 «А» сыныбы (5 оқушы) 7 сынып материалы бойынша, пән мұғалімі Адилова Н. мүлдем білім сапасын көрсеткен жоқ. Алынған тест тапсырмаларынан мектеп оқушыларының 7 сынып материалдары бойынша дайындықтарының өте төмен деңгейде екені көрініп тұр.

Физика пәнінен динамика тарауы бойынша 10 сұрақ, кинематика тарауы бойынша 15 сұрақ жалпы 25 сұрақтан тұратын тест алынды. Жалпы физика пәнінен төменде көрсетілген мектептер мүлдем білім сапасын көрсеткен жоқ. Олар: Ақбұлақ о/м 11 «А» сыныбы (2 оқушы), 11 «Ә» сыныбы «3 оқушы) , пән мұғалімі Белгібаева С; Қызыл шаруа о/м 11 «А» сыныбы (2 оқушы), пән мұғалімі Бекибаева К; Қорағаты о/м (1 оқушы), пән мұғалімі Раханова Қ; № 2 о/м 11 «А» сыныбы (1 оқушы), пән мұғалімі Жекбаева, 11 орыс сыныбы (2 оқушы) пән мұғалімі Маткеримова З; Т.Рысқұлов о/м 11 «А» сыныбы (8 оқушы), 11 «Б» сыныбы (1 оқушы), пән мұғалімі Сарсебаева Н; М.Горький о/м 11 «А» сыныбы (5 оқушы), 11 «Ә» сыныбы (1 оқушы), пән мұғалімі Алимкулова К. № 2 о/м 11 «В» сыныбында 2 оқушы «2» бағасын алып 15 % үлгермеуші көрсетті, Т.Рысқұлов о/м 11 «А» сыныбында 1 оқушы «2» бағасын алып 12,5 % үлгермеушілік көрсетті, пән мұғалімі Жекебаева.

Дүние жүзі тарихы пәнінен 25 сұрақтан тұратын жалпы тест алынды. № 2 о/м 11 «А» сыныбында (2 оқушы), пән мұғалімі Досымбекова З; М.Горький о/м 11 «А» сыныбында (1 оқушы), пән мұғалімі Умирбаева К; Абай о/м 11 «Б» сыныбында (1 оқушы), пән мұғалімі Қойайдаров А. Мүлдем білім сапасын көрсеткен жоқ.

Қазақ әдебиеті пәнінен төмендегі мектептердің жекелеген сыныптарында мүлдем білім сапасын көрсеткен жоқ.

Олар: Қ.Сәтбаев о/м 11 «А» сыныбы (2 оқушы), 11 «Б» сыныбы (1 оқушы), пән мұғалімі Қайпылдаев Т; Қызыл-шаруа о/м 11 «А» (1 оқушы) пән мұғалімі Мажиков Е; Қорағаты о/м (1 оқушы), пән мұғалімі Оршибекова А; № 2 о/м 11 «А» сыныбы (1 оқушы), пән мұғалімі Тобықов М; Т.Рысқұлов о/м 11 «А» (2 оқушы), пән мұғалімі Абишева А, 11 «В» сыныбы (1 оқушы), пән мұғалімі Құлманбетова, М.Горький о/м 11 «А» (2 оқушы), пән мұғалімі Халбаева Ш; Абай о/м 11 «А» (3 оқушы), 11 «Б» (1 оқушы), пән мұғалімі Тәттібекова А.



Ағылшын тілі пәнінен екі тарау: лексика және грамматика тараулары бойынша тест алынды. М.Әуезов о/м (1 оқушы), пән мұғалімі С. Телғараева; Қызыл шаруа о/м 11 «Б» сыныбы (1 оқушы), пән мұғалімі И.Сайдалиева; М.Горький о/м 11 «Ә» сыныбы (1 оқушы), пән мұғалімі Ш.Алдабергенова екі тарау бойынша мүлдем білім сапасын көрсетпеген болса, Қызыл шаруа о/м 11 «А» сыныбы (1 оқушы) лексикадан, пән мұғалімі И.Сайдалиева; Қ.Сәтбаев о/м 11 «А» сыныбы (1 оқушы, пән мұғалімі З. Мырзахметова) лексикадан, № 2 о/м 11 «А» сыныбы (4 оқушы, пән мұғалімі О.Алимкулова) грамматикадан, 11 «Б» сыныбы (3 оқушы, пән мұғалімі Д.Жамалбекова) лексикадан, 11 орыс сыныбы (2 оқушы, пән мұғалімі А.Исаева) грамматикадан білім сапасын көрсетпеген.

Пән мұғалімдерінің ҰБТ папкалары былтырғы оқу жылымен салыстырғанда, ретке келтірілген. Мына мектептердің №1 мектеп-лицейі, Қ.Сұлтанбеков, А.Байтұрсынов, Р.Смаилов орта мектептерінде ҰБТ папкалары жақсы жүйеленген, тақырыптық, тараулық тесттері бар, алынған тест қорытындысы, анықтамасы, мәтіндік талдауы толық жазылған.



Ақтоған о/м бойынша: 11 «А» және 11»Ә» биология, дүние жүзі тарихы,ағылшын тілі, 11»Б» орыс сыныбы ағылшын тілінен 0 %, 11»А» физика пәні 0%, 11»Ә» физикадан 14 % білім сапасын, 14% үлгермеуші берді.

Болтай батыр атындағы орта мектебі бойынша: 11 «А» сыныбы биология, дүние жүзі тарихы пәнінен, 11 «Ә» қазақ әдебиетінен -0 % білім сапасын көрсетті.

Подгорное шағын орталықты орта мектеп бойынша: 11»А» сыныбы физика, биология, дүние жүзі тарихы пәндерінен, 11»Б» орыс сыныбы биология пәнінен – 0 % білім сапасын көрсетті.

А.Шынасилов шағын орталықты орта мектебі бойынша: ағылшын пәнінен – 0%, биология пәнінен – 14% білім сапасын көрсетті.

Алғабас шағын орталықты орта мектебі бойынша: физика пәнінен – 0% білім сапасын көрсетті.

Ақыртөбе орта мектебі бойынша: 11»А» сыныбы физика, қазақ әдебиетінен, дүние жүзі тарихы пәндерінен -0 %, 11 «Б» сыныбы биоилогия, дүние жүзі тарихы пәндерінен -0 % білім сапасын, 11 «В» орыс сыныбы физика, география пәндерінен -0 % білім сапасын көрсетті.

Жамбыл атындағы шағын орталықты орта мектебі бойынша: физика және қазақ әдебиеті пәндерінен -0% білім сапасын көрсетті.

Р.Смаилов атындағы шағын орталықты орта мектебі бойынша: 11 «А» физика пәнінен -0 % білім сапасын , үлгермеуші -50 % , 11 «Б» сыныбы география және физика пәндерінен – 0% білім сапасын көрсетті.

Малдыбай орта мектебі: таңдаған 3 пән (физика, биология, химия) - 0% білім сапасын көрсетті.

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі бойынша: физика пәнінен -0 % білім сапасын көрсетті.

1 мектеп-лицейі бойынша: 11 «А» сыныбы дүние жүзі тарихы -0%, биология -0 %, үлгермеуші -33%, химия, ағылшын, география – 0%, ал физика пәнінен -29% білім сапасын,11 «Ә» сыныбы физика -0 %, биология – 13 %,

11 «Б» сыныбы физика, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті, ағылшын пәндерінен – 0%, биология пәнінен – 20%.11 «В» орыс сыныбы ағылшын тілі пәнінен -0%, дүние жүзі тарихы пәнінен – 20% ғана білім сапасын көрсетті.

Ш.Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектебі бойынша: қазақ әдебиетінен, дүние жүзі тарихы, физика пәнінен білім сапасы -0%, физика пәнінен үлгермеуші – 50% құрады.

Қ.Сұлтанбеков атындағы шағын орталықты орта мектебі бойынша: физика пәнінен – 42% білім сапасын көрсетті.

А.Байтұрсынов атындағы шағын орталықты орта мектебі бойынша: 11»А» сыныбы қазақ әдебиеті, дүние жүзі тарихынан – 0%, 11 “Б» сыныбы дүние жүзі тарихы пәнінен – 0%, физика пәнінен -17 % ғана білім сапасын көрсетті.

Жекелеген пәндер бойынша тараулық тақырыптар бойынша алынған тест қорытындысын сараптай келе, төмендегідей ұсыныстар беріледі:



  1. Анықталған кемшіліктер дер кезінде жойылып, мектеп әкімшілігі тарапынан бақылау, басқару, қадағалау күшейтілсін.

  2. Оқытуда мемлекеттік стандарт талаптарына сай білім бере алмай отырған пән мұғалімдері қатаң бақылауға алынсын және кемшіліктерге жол бергені үшін тиісті педагогтар оқушылармен түзету жұмыстарын жүргізсін.

  3. Барлық білім беру мекемелерінде пән мұғалімдері тарапынан Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстары Барлық білім беру мекемелерінде пән мұғалімдері тарапынан Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстары күшейтіліп, мектеп басшылары тарапынан қатаң бақылауға алынсын.

Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІНІҢ ШЕШІМІ

Құлан ауылы «10» сәуір 2015 жыл

  1. Анықталған кемшіліктер дер кезінде жойылып, мектеп әкімшілігі тарапынан бақылау, басқару, қадағалау күшейтілсін.




  1. Оқытуда мемлекеттік стандарт талаптарына сай білім бере алмай отырған пән мұғалімдері қатаң бақылауға алынсын және кемшіліктерге жол бергені үшін тиісті қызметкерлерге тәртіптік шара қолдану мектеп директорларына жүктелсін.



  1. Барлық білім беру мекемелерінде пән мұғалімдері тарапынан Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстары Барлық білім беру мекемелерінде пән мұғалімдері тарапынан Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстары күшейтіліп, мектеп басшылары тарапынан қатаң бақылауға алынсын.



  1. Анықталған кемшіліктер бойынша іс –шаралар жоспары әзірленіп, атқарылған жұмыстары туралы мәліметті ағымдағы жылдың 16 сәуіріне дейін білім бөліміне өткізу жауапкершілігі мектеп директорларына жүктелсін.


Алқа төрайымы Л.Ш. Утеулиева
Хатшы Е.С. Сейтжапаров
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Алгоритмнің анықтамасы Алгоритмнің қасиеттері
2015 -> Атты II халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады. Конференцияның мақсаты
2015 -> Қазақстандағы экологиялық зерттеулер
2015 -> Г нысаны. Жаңа әдісті енгізуге тапсырыс. ЖаңА Әдісті енгізуге арналған қҰжаттардың нысандары мен тізімі «Ғылыми-медициналық экспертизаны өткізу ережелеріне»
2015 -> Мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұны мен оны жоспарлау
2015 -> 3. «Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу,
2015 -> Директордың бейіндік оқыту жұмыс жөніндегі орынбасары
2015 -> Технологиялық коммерцияландыру стратегиясы
2015 -> 1. Инженерлі (кәсіптік) педагогика дегеніміз
2015 -> «Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру