Қазақ спорт және туризм академиясы



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата09.09.2020
өлшемі0.96 Mb.
#28928
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Диссертация-Мырзабосынов-Е.К.
000ee904-2055b70c, БИЛЕТЫ 11КЛ, 1-апта жауаптар, 1-апта жауаптар


 
Қазақ спорт және туризм академиясы 
 
 
 
 
ӘОЖ 796.015:796.8                                                                   Қолжазба құқығында 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
 
 
МЫРЗАБОСЫНОВ ЕРБОЛ ҚҰАНТАЙҰЛЫ 
 
 
 
 Ұлттық спорт түрі қазақ күресі балуандарының техникалық-тактикалық 
даярлық ерекшеліктері 
 
 
 
6D010800 – Дене шынықтыру және спорт  
 
 
Философия докторы (PhD)  
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                    Ғылыми жетекші 
 
 
 
 
 
 
         педагогика ғылымдарының докторы
 
 
 
 
профессор И.Ф.Андрущишин; 
 
Шетелдік ғылыми кенесші  
 
 
 
 
 
 
       педагогика ғылымдарының докторы, 
 
 
 
 
 
 
 
 
профессор Г.Д. Бабушкин 
 
 
 
 
Қазақстан Республикасы  
Алматы, 2017  


 
МАЗМҰНЫ 
 
 
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР............................................................. 
АНЫҚТАМАЛАР….................................................................................. 


 
 
 
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР…...........................................  
 
 
 
КІРІСПЕ……………………………………………………………….......  
 
 

 ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ  ДЕНЕ  МӘДЕНИЕТІНІҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ-
ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ ……………………................................... 
 
12 
 
 
1.1  Қазақ ұлттық дене мәдениетінің педагогикалық мәні..............................  12 
 
 
1.2  Қазақтың ұлттық спорт күресі – қазақ күресі қоғамның заманауи даму 
сатысындағы спорт түрі ретінде ……………........................................... 
 
20 
 
 
1.3  Қазақ  ұлттық  спорт  түрі  –  қазақ  күресінің  техникасын  үйретудің 
педагогикалық  шарттары  мен  жекпе-жек  тактикасын  өзіндік  есепке 
алу. ………………………............................................................................ 
 
 
24 
 
 
1.4  Өзіндік  зерттеу материалдарын алу әдістері............................................  34 
 
 
 
Бірінші тарау бойынша тұжырым...............................................................  39 
 
 

ҰЛТТЫҚ  СПОРТТЫҚ  КҮРЕС  –  ҚАЗАҚ  КҮРЕСІМЕН 
ШҰҒЫЛДАНУШЫ 
БАЛУАНДАРДЫҢ 
ТЕХНИКАЛЫҚ-
ТАКТИКАЛЫҚ 
ДАЯРЛЫҒЫН 
ЖЕТІЛДІРУДІҢ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ …….................................. 
 
 
 
40 
 
 
2.1   Қазақ  күресінен  балуандардың  жарыстық  қызметі  –  зерттеу  нысаны 
ретінде. ………………………………………............................................ 
 
40 
 
 
2.2  Техникалық-тактикалық  даярлықты  жетілдіру  –  қазақ  күресі 
балуандарының  жарыстағы  жетістігін  қамтамасыз  ету  факторы 
ретінде........................................................................................................... 
 
 
47 
 
 
2.3  Қазақ  күресі  балуандарының  техникалық-тактикалық  даярлығын 
жетілдіру әдістемесі (үлгісі)..………………………………...................... 
 
59 
 
 
 
Екінші тарау бойынша тұжырым.....................................………...............  68 
 
 

ҚАЗАҚ 
КҮРЕСІ 
БАЛУАНДАРЫНЫҢ 
ТЕХНИКАЛЫҚ-
ТАКТИКАЛЫҚ 
ДАЯРЛЫҒЫН 
ЖЕТІЛДІРУДІҢ 
ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ӘДІСТЕМЕСІ...……..………………........... 
 
 
71 
 
 
3.1  Қазақ  күресі  балуандарының  техникалық-тактикалық  даярлығын 
жетілдірудің тиімді құралдары ……………….……................................. 
 
71 
 
 
3.2  Қазақ  күресі  балуандарының  техникалық-тактикалық  даярлығын 
жетілдіру  әдістемесі  тиімділігінің  эксперименталды  негіздемесі 
……………………………………………………..….………..................... 
 
 
86 
 
 
3.3  Зерттеу нәтижелерінің сараптамасы.………..............................................  103 
 
 
 
Үшінші  тарау бойынша тұжырым ……..................................……..........  107 
 
 
 
ҚОРЫТЫНДЫ ……………………………………..........………………  109 
 
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………….………  112 
 
 
 
ҚОСЫМШАЛАР…………………………………………………………  125 
 
 
 
 
 


 
НОРМАТИВТІК  СІЛТЕМЕЛЕР 
 
Берілген диссертацияда келесі стандарттарға сілтемелер жасалған:  
Қазақстан  Респудликасында  дене  шынықтыру  мен  спортты  дамытудың 
2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасы
«Дене  шынықтыру  және  спорт»  жайлы  Қазақстан  Республикасы  Заңы(3 
шілде 2014 ж. №228-V ҚРЗ); 
Қазақстан  Республикасының   «Білім  туралы»  Заңы  (2007  жылғы  27 
шілдедегі № 319 III(22.12.2016 толықтуралы мен өзгерістерімен);  
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-
2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; 
«ҚР  бұқаралық  дене  тәрбиесі  дамуы  және  жоғары  білікті  спортшыларды 
даярлауды  жетілдірудің  ғылыми-әдістемелік  жүйесін  қамтамасыз  ету» 
Республикалық Бағдарламасы (ГР № 0197 РК 01381); 
Қазақстан  Республикасындағы  ұлттық  спорт  түрлері  және  ұлттық 
қимылды  ойындарының  даму  тұжырымдамасы    (Астана:  туризм  және  спорт 
агенттігі) заңнамалары мен ережелері басшылыққа алынды;  
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаулары. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
АНЫҚТАМАЛАР 
 
Бұл  диссертациялық  жұмыста  келесі  терминдерге  сәйкес  анықтамалар 
қолданылды:  
Сенімділігі - бұл спортшының кешенді ішкі қасиеттері, белгілі бір уақыт 
ішінде жауапты жарыстарға тұрақты және тиімді күресуге, мүмкіндік береді. 
Әрекеттердің сенімділігі - спортшылардың кешенді жетілдіру дағдылары 
мен  қабілетттерін  арттыратын,  және  олардың  ішкі  және  сыртқы  туындаған 
кедергілерге  қарамастан  жоғары  нәтижелерге  жетуге  кепілдік  беретін 
дағдылары мен қабілеттері. (бөгетке төзімділік) 
Жарыс  сенімділігі  -  бұл  балуанның  қарсыластары  тең  немесе  одан  көп 
жоғары дәрежелі белдесулерде жеңіске жетуге мүмкіндік беретін интегралдық 
кешен  сапасы.  Белгілі  уақыт  барысында  немесе  балуанның  жарыстық  стресс 
жағдайларында  мінез  құлық  тұрақтылығына  күйзеліс  факторлар  төзімділігіне  
және  техникалық-тактикалық  дайындық    деңгейіне,  қорғаныс  сапасына 
байланысты. 
Жарыс  қызметі  –  бұл  әдетте,  ресми  жарыстарда  адам  жүзеге  асыратын 
ерекше  белсенді  физикалық  және  психикалық  күйзеліс  шегіндегі    әрекеттер 
белсенділігі.  Жарыс  қызметінің  басты  мақсаты  ресми  жарыстардағы 
спортшының жеке қоғамдық маңызы бар және жеке сұраныс көрсеткіштерінің 
сапасын арттыру.  
Спорттық  жаттығу  –  спорттық  жетілдіруді,  жоғары  нәтижелерге  қол 
жеткізуді  көздейтін    жаттығулар  жүйесі    және  мамандандырылған 
педагогикалық процесс болып табылады 
Күрестің  тактикасы  –  белгілі  іс-әрекеттерді  іске  асыру  амалдары,  жеке 
белдесулерді  және  жарыстарды    өткізудің  әдістері.  Іс-қимыл  құрылымында 
жеке  белдесуде  немесе  жарыс  барысында  аз  шығындармен  нәтижеге  қол 
жеткізуді қоздейтін жеке әрекеттердің реттілігін қарастырады.  
Техникалық дайындық - спортшының жоғары спорттық нәтижелерге қол 
жеткізуге  көзделген,  осы  күрес  түрінің  ерекшеліктерін  ескере  отырып, 
қозғалыстар жүйесін игеру дәрежесі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 
 
ШӘБ(ААД) 
–шабуылдау әрекеттерінің белсенділігі 
ШӘ (АД) 
–шабуылдау әрекеттері 
ҚӘБ (АЗД) 
–қорғаныс әрекеттер белсенділігі 
ШТӘ (АТД) 
–шабуылдау техникалық әрекеттері  
ЖСШТ(ГВСМ)  –жоғары спорттық шеберлік топтары 
БДТ (ГНП) 
–бастапқы даярлық топтары 
СЖТ (ГСС) 
–спорттық жетілу топтары 
ҚБ (ДА) 
–қимыл белсенділігі 
ҚӘ (ДД) 
–қимыл әрекеттері 
СӨС (ЗОЖ) 
–салауатты өмір салты 
ТАСТ (ИВС) 
–таңдап алынған спорт түрі 
ШӘҮ (КАД) 
–шабуылдау әрекеттерінің үйлесімділігі  
БТ (КГ) 
–бақылау тобы 
ҚҰДМ 
(КНФК) 
–қазақтың ұлттық дене мәдениеті  
СШҮ (КМС) 
– спорт шеберлігінен үміткер 
ТСБ (КОП) 
–техниканың сапалы бағаламасы  
ЕДШ (ЛФК) 
–емдік дене шынықтыру 
ЖИО (МЗС) 
–жарыстарда иеленілген орын 
СШ (МС) 
–спорт шебері 
МТБ 
–материалды-техникалық база 
ШӘС  (НАД) 
–шабуылдау әрекеттерінің сенімділігі 
ҚС (НВС) 
–қорғаныс сенімділігі 
ҰСТ (НЗ) 
–ұлттық спорт түрлері 
ҚӘС (НЗД) 
–қорғаныс әрекеттерінің сенімділігі 
ҰДМ (НФК) 
–ұлттық дене мәдениеті 
ЖТК (ОСТ) 
–жарыстық техника көлемі 
ЖДД (ОФП) 
–жалпы дене даярлығы 
ТТК (ОЭТ) 
–тиімді техника көлемі 
ПӘ (ПВ) 
– педагогикалық әсерлер 
ПЭ 
– педагогикалық эксперимент 
ҚР (РК) 
– Қазақстан Республикасы 
СК (СБ) 
– спорттық күрес 
ЖЖС (СВД) 
– жоғары жетістікті спорт 
ЖҚ (СД) 
– жарыстық қызмет 
ОІСБЖМ 
(СДЮШОР) 
– Олимпиадалық ізбасарлар спорттық балалар-жастар 
мектебі 
 
СЖ (СТ) 
– спорттық жаттығу
 
СМ(СК) 
– спорттық мәдениет 
АДД (СФП) 
– арнайы дене даярлық 
ЕТ (ТВ) 
– еңбек тәрбиесі 
ТӘ (ТД) 
– техникалық әрекеттер 


 
ТШ (ТМ) 
– техникалық шеберлік 
ТТӘ (ТТД) 
– техникалық-тактикалық әрекеттер 
ТТШ (ТТМ) 
– техникалық- тактикалық шеберлік 
ТД (ТП) 
– тактикалық даярлық 
ТТД (ТТП) 
– техникалық-тактикалық даярлық 
ОЖТ (УТГ) 
– оқу-жаттығу тобы 
ОЖТ (УТЗ) 
– оқу-жаттығу тапсырма 
ОШҮ (УТП) 
– оқу-жаттығу үдерісі 
ДТ (ФВ) 
– дене тәрбиесі 
ДШ (ФК) 
– дене шынықтыру 
ДД (ФП) 
– дене даярлығы 
ДД (ФР) 
– дене дамуы 
ДСҚ (ФСД) 
– дене шынықтыру-спорттық қызмет  
ДЖ (ФУ) 
– дене жаттығулары 
ЖСЖ (ЧСС) 
– жүрек соғу жиілігі 
ЭТ (ЭГ) 
– эксперименталды топ 
ЭЖ (ЭР) 
– эксперименталды жұмыс 
  
∑ - жиынтық  
Х – арифметикалық орташа белгі 
σ – стандартты ауытқу 
t – Стьюдент критериі 
Р – сенімділік 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
КІРІСПЕ 
  
Зерттеудің өзектілігі  
Дүниежүзілік  федерациясының  (ФИЛА)  қазақ  күресі  спорттық  күрес 
халықаралық  спорттық  күрес  түрлері  қатарында    тануы  балуандардың 
техникалық-тактикалық  даярлығына  белгілі  бір  талаптар  қояды,  бұл  өз 
кезегінде  қазақ  күресімен  шұғылданушы  спортшыларды  жалпы  даярлау  
жүйесін одан әрі  жетілдіруге негіз болып табылады. Аталмыш алғышарттар  ең 
алдымен, қазақ күресімен айналысатын қазақстандық балуандар үшін  жоғары 
спорттық  нәтижелерді  көрсетіп,  аймақтық,  құрлықтық  және  әлемдік, 
чемпионаттарда бірқатар жеңіске қол жеткізу қажеттігін туындатады.  
Сонымен  қатар,  бірқатар  мамандардың  айтуынша,  соңғы  жылдарда  қазақ 
күресі балуандарының техникалық- тактикалық іс – әрекеттер қолданумен аса 
ерекшеленген жоқ. Ресми жарыстарда спортшылар негізінен төмен бағаланатын 
техникалық-тактикалық  іс-әрекеттерді  пайдалана  бастады  [1].  Даярлаудың 
тиімділігін  арттыру  жаңа  тәсілдерді  іздеуге,  оқу-жаттығу  сабақтарын 
ұйымдастыру  және  өткізуге,  техникалық-тактикалық  дайындықты  арттыруға 
негізделеді. Сондай-ақ, тәжірибелі балуан  
даярлау 
мақсатында 
тиімді 
құралдар  мен  әдістерді  әзірлеу,  жаттықтырушы  мамандардың  біліктілігін 
арттыру бүгінгі күннің өзекті мәселелелердің қатарынан саналады  [2]. 
Зерттеу  тақырыбының  өзектілігі,  сондай-ақ  төмендегі  бағыттармен 
анықталады:  
-  Зерттеу  барысында  көтерілген  мәселелердің    ғылыми-әдістемелік 
тұрғыдан өңделуі;  
-  Зерттеу  нәтижесінде  қазіргі  спорттық  қазақ  күресі  даму  жағдайының  
жоғары теориялық және әдістемелік маңыздылығы; 
- қазақ күресінің оқушы жастар арасында танымалдығы;  

Қазақстан  Республикасының  Президенті  -  Ұлт  Көшбасшысы  
Н.А.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  жолдауын  іске  асыруда,  «Қазақстан-
2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. 
- «ҚР Дене шынықтыру және спорт» Бабын іске асыруға, 3 шілде 2014 ж. 
№228-V ҚРЗ. 
Зерттеу  мақсаты.  қазақ  күресі  балуандары  қызметінің  нәтижелілігін 
арттыруға  ықпал  ететін  техникалық-тактикалық  даярлықты  жетілдіру 
әдістемесіне эксперименталды негіздеме беру.   
Зерттеу нысаны. қазақ күресі спортшыларының оқу-жаттығу үрдісі. 
Зерттеу  пәні.  қазақ  күресі–  балуандарының  техникалық-тактикалық 
даярлығы  әдістемесінің  тиімділігін  арттыруды  жетілдіру  зерттеу  пәні  ретінде 
алынды. 
Зерттеу  болжамы.  қазақ  күресі  бойынша  балуандардың  техникалық-
тактикалық әрекеттерін жетілдіру жолдары: 
- техникалық-тактикалық  әрекеттер  (ТТӘ)  үйлесімділігі  мен  сенімділігін 
кешенді оқу-жаттықтыру тапсырмалары кешенін жасау арқылы арттыру; 


 
- техникалық-тактикалық  әрекеттерді  (ТТӘ)  жоғары  бағалауды  арттыру 
есебінен даярлық әдістемесінің тиімділігін жетілдіру; 
- Жарыс ережелерін өзгерту, бақылау  мен  түзетулер  енгізе отырып, жекпе 
жек  нәтижелілігін  арттыру  жолдары  арқылы  техникалық-тактикалық 
даярлықты (ТТД) жетілдіру моделін жасау негізінде жүзеге асыру.  
Зерттеу міндеттері:  
1  Қазақ  ұлттық  дене  тәрбиесі  мәдениетінің    теориялық-әдістемелік  және 
әдіснамалық  негізін  қазақ  күресі  ұлттық  күресінің    арқауы  ретінде  орнына 
талдау жасау  
2  Қазақ  күресі  балуандарының  техникалық-тактикалық  даярлығын 
жетілдірудің педагогикалық алғышарттарын айқындау.  
3 Қазақ 
күресі  балуандарының  техникалық-тактикалық  даярлығын 
жетілдіру әдістемесінің теориялық моделін  дайындау 
4 Қазақ  күресі  жекпе  жек  сайыстары  көріністері  мен  тиімділігін 
шарттайтын  техникалық-тактикалық  жаттығулар  кешенін  дайындау  және 
экперименталды  негіздеме жасау. 
Зерттеудің жетекші идеясы:  
Қазақ  күресі  ұлттық  спорттық  күресімен  шұғылданушылардың 
техникалық-тактикалық  даярлық  тиімділігінің  көрсеткіштерін  жетілдірудің 
нақты жолдарын айқындау  
Зерттеу әдістері  
Зерттеу  әдістері  мен  тәсілдері  жұмыстың  алдына  қойылған  мақсаты  мен 
міндеттеріне  байланысты  айқындалды.  Диссертациялық  зерттеу  міндеттері 
теориялық және эмприкалық әдістер арқылы жүзеге асырылды.  Зерттеу 
тақырыбына  қатысты  ғылыми  және  ғылыми-әдістемелік  әдебиеттерді 
қарастыру  мен    салыстырмалы,  логикалық  сараптама  жасау  теориялық 
әдістердің негізін құрады. Эмприялық әдістер ретінде педагогикалық бақылау, 
техникалық-тактикалық  даярлық  пен  физикалық  деңгейін  айқындайтын 
тестілеулер,  түрлі  сауалнамалар,  математикалық-статистикалық  сараптамалар 
пайдаланылды.  
Зерттеудің методологиялық негіздері.  
Диссертациялық  жұмыстың  әдіснамалық  негізіне  қазақ  ұлттық  дене 
тәрбиесі  қалыптасуы  мен  дамуының  тарихи  арқауы  (Брусиловский  М.,  1960; 
Б.М.  Доскараев,  1993;  А.К.  Кульназаров,  О.Ш.  Жолымбетов,  2004),  
Қазақстандағы 
дене 
шынықтыру 
мен 
спорт 
дамуындағы 
ұлттық, 
интерноцианалдық  өзара  байланыстың  теориялық,  практикалық  факторлары 
(М.Т.  Таникеев,  1998;  Е.  Сағындықов,  1986;  Е.А.  Алимханов,  2010),    жаттығу 
үрдісін  басқарудың  теориялық  негізі  (А.А.    Новиков,  1974,  1976; 
 А.А.  Новиков,  А.О.  Акопян,  1983),  жаттығу  үрдісін  моделдеу  негізі  
(А.А.  Новиков,  В.В.  Кузнецов,  Б.Н.  Шустин,  1976),  спорттық  ғылымның  
тиімділігін  арттыру  (А.А.  Новиков,  Р.А.  Пилоян,  1976),  қазіргі  спорттық 
күрестің дидактикалық және әдістемелік негізіне қатысты  ( А.З. Катулин, 1956; 
И.И.  Алиханов,  1982,  П.Ф.  Матущак,  Е.М.  Мухиддинов,  1985;  А.Р.  Асубаев, 
1997;  Г.С.Туманян,  2006)  т.б.  отандық  және  шетелдік  философтардың  іргелі 


 
зерттеулері  басшылыққа  алынып,  теориялық  ой  пікірлері  мен  ұсыныс, 
тұжырымдарына  сүйендік.    Сонымен  қатар,  зерттеу  жұмысында  қазақ  күресі 
мәселесі    арнайы  зерттеу  нысанына  арналған  Қазақ  күресі  спортының  өзіндік 
ұлттық  ерекшеліктері  (М.  Рахимкулов,  1967;  К.Р.  Байдосов,  1987),  қазақ 
күресіндегі  жаттығу  үрдісін  ұйымдастырудың  жалпы  талаптары    Е.А. 
Алимханов [3], М.Х. Болгамбаев [4], М.О. Даупбаев [5], А.Б. Донбаев [6], М.Т. 
Таникеев,  В.С.  Жаналин  [7],  А.И.  Какенов  [8],  К.А.  Усин  [9],  Ж.  Байшулаков 
[10]    т.б  ғалымдардың  жазған  еңбектері,  ұсыныстары  мен  ғылыми 
тұжырымдары пайдаланылды.  
«Дене  шынықтыру  және  спорт»  жайлы  Қазақстан  Республикасы  Заңы(3 
шілде 2014 ж. №228-V ҚРЗ). 
«ҚР  бұқаралық  дене  тәрбиесі  дамуы  және  жоғары  білікті  спортшыларды 
даярлауды  жетілдірудің    ғылыми-әдістемелік  жүйесін  қамтамасыз  ету» 
Республикалық Бағдарламасы (ГР № 0197 РК 01381), 
Қазақстан  Республикасындағы    ұлттық  спорт  түрлері  және  ұлттық 
қимылды  ойындарының  даму  тұжырымдамасы    (Астана:  туризм  және  спорт 
агенттігі) заңнамалары мен ережелері басшылыққа алынды.  
Зерттеу кезеңдері:  
Зерттеу жұмысы 2014-2017 жылдар аралығында орындалып, шартты түрде 
төмендегідей кезеңдерге бөлінді:  
2014-2015  оқу  жылындағы  бірінші  кезеңде  зерттеліп  отырған  мәселенің 
спорт  теориясы  мен  тәжірибесіндегі    жағдайы  жан-жақты  зерделеніп,  
зерттеудің  ғылыми  аппараты  анықталды.  Сонымен  қатар,  қажетті  зерттеу 
әдістері  кешені  мен  педагогикалық  эксперимент  бағдарламасы  айқындалып, 
даярланды.  
Аталмыш  кезеңде  ғылыми-әдістемелік  әдебиеттерге  шолу  сараптамасын 
жүргізу  мен  жинақтау  жұмыстары,  жарыс    хаттамалары  мен  спортшылардың 
қызметтері мен жарыстары хаттамалары қарастырылып, сауалнама, әңгімелесу, 
сұхбат  алу,  оқу-әдістемелік  құжаттарға  сараптама  жасау  сынды  әдіс-тәсілдер 
пайдаланылды.   
Екінші  кезеңде  (2015-2016  оқу  жылы)  алғашқы  эксперименталды 
материалдарды  өңдеу  мен  оларға  тікелей  сараптама  жасау  жұмыстары  жүзеге 
асырылды.  Техникалық-тактикалық  әрекеттерді  жетілдіруге  бағытталған 
кешенді  оқу-жаттығу  тапсырмалары  даярланып,  эксперименталды  және 
бақылау топтары құрылды.  
Зерттеу  жұмыстары    Семей  қаласының  мемлекеттік  медициналық 
университетінің  дене  тәрбиесі  кафедрасының  және  Қазақ  спорт  және  туризм 
академиясының ұлттық спорт түрлері кафедрасы аясында жүргізілді.  
Осы  кезеңде  жұмыстың  алдына  қойылған  мақсаты  мен  міндеттеріне 
байланысты оқу-жаттығу іс-шараларын жоспарлау мен ұйымдастыру бойынша 
оқу-әдістемелік,  нормативті-құқылы  материалдардың    зерттелуі  мен 
сараптамасы,  жаттықтыру  және  жарыстық  жүктемелерді  педагогикалық 
бақылау  мен  есепке  алу,  педагогикалық  бақылау,  математикалық  статистика 
әдістері қолданылды.  

10 
 
2016-2017 оқу жылында орындалған зерттеу жұмысының үшінші кезеңінде 
қазақ  күресі  спортшыларын  техникалық-тактикалық  даярлауды  жетілдіру 
әдістемесінің  тиімділігіне  негізделген  арнаулы  педагогикалық  эксперимент 
жүргізілді.  Осы  кезеңде  алынған  мәліметтерді  түсіндіру  мен  жүйелеу,  өңдеу 
және  қорытынды    мен  практикалық  ұсыныстарды  тұжырымдау  жұмыстарына 
логикалық  сараптама  жасалды.  Сонымен  қатар  аталмыш  кезеңде,  зерттеу 
нәтижелерін  ҚР оқу мекемелері мен ұйымдары практикасына ендірумен бірге    
диссертациялық жұмыстың рәсімделуі іске асырылды.   
Зерттеу  базасы.  Қазақ  күресі  техникалық-тактикалық  әрекеті  тиімділігін 
жетілдіру  бойынша  жүргізілген  зерттеу  жұмыстары  Семей  қаласының 
мемлекеттік медицина университеті мен Қазақ  спорт және туризм академиясы 
аясында ұйымдастырылды.  
Зерттеуге  200-ден  аса  студенттер,  оның  50-і  эксперименттің  негіздемелі 
(констатациялы)    бөліміне  қатыстырылды.  Экспериментке  сарапшы-мамандар 
ретінде  жоғарыда  аталған  жоғары  оқу    орындарының  15  тәжірибелі  маман 
оқытушы-жаттықтырушылары жұмылдырылды. 
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы: 
- спортшылардың 
техникалық-тактикалық 
даярлығының 
заманауи 
талаптарға сай үлгісі жасалды; 
- қазақ  күресі  балуандардың  техникалық-тактикалық  әрекеттерін  тиімді 
жетілдіруге арналған кешендеріне эксперименталды негіздеме берілді; 
-  қазақ 
күресі 
спортшыларының 
тиімді 
техникалық-тактикалық 
әрекеттерінің көлемі жетілдірілді.  
Қорғауға ұсынылатын негізгі ережелер 
1.  Қазақ  күресінің  теориялық  негізі  болып  табылатын  қазақтың  ұлттық 
дене  мәдениеті  әйгілі  халықаралық  спорт  түрлерінің  аясында  өзіндік  ұлттық 
ерекшеліктері мен ұқсастықтарын  сақтауға мүмкіндік береді.  
2  Педагогикалық 
алғышарттар 
техникалық-тактикалық 
даярлықты 
ұйымдастыруда сапалы амал-тәсілдерді пайдалануға жағдай жасайды. 
3  Қазақ күресі спортшыларын дайындау әдістемесінің  теориялық  
үлгісі  техникалық-тактикалық  даярлық  деңгейін  жетілдіру  әдіс-тәсілдерін 
айқындап,  сол  арқылы  осы  спорт  түрінің  оқу-жаттығу  жұмыстарын 
ұйымдастыру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.  
4   Өте  маңызды  оқу-жаттығу  тапсырмалар  кешенін  даярлап,  шығару 
балуандардың  техникалық-тактикалық  даярлығын  шыңдап,    қазақ  күресі 
ұлттық спортында сенімді, құрылымды іс-әрекеттерді қамтамасыз етеді.    


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
арналған әдістемелік
жалпы білім
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
туралы хабарландыру
қазіргі заман
атындағы жалпы