Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Дата30.09.2021
өлшемі14.18 Kb.

Авторы: Хасенова Дамет Елеукеновна

№23 ЖББМ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қарағанды қаласы


Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы


Қазақстан Республикасының түңғыш Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты жер бетінде білмейтін адам кемде-кем шығар. Иә, біздің тұңғыш Елбасымыздың амандығын еңбектеген баладан, еңкейген қарияға шейін тілейді. Себебі, біз кешегі ата-бабаларымыздың қасық қаны қалғанша шайқасып, қол жеткізе алмаған, халқымыздың ғасырлар бойы аңсап келе жатқан тәуелсіздікке қол жеткіздік. Әрине, бұл біздің Елбасымыздың ерең еңбегінің арқасы. Елбасымыз биік мінбелерде тұрып, қазақ халқына тебіреніп жолдаған жолдауында «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы» – деген болатын.

Білдей бір тәуелсіз мемлекетті басқару, әрине, оңай іс емес... Біздің мемлекетімізді әлем мойындады, аты жер-жаһанға жария етілді. Осының бәрі Елбасымыздың еліне жасап жатқан абыройлы еңбегі. Сонымен қатар Елбасымыздың бастамасымен өткен Қазақстанның ең ірі жобаларының бірі



ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі. Бұл көрме Қазақстанның мәртебесін барша әлемге паш етті десек те болады. Міне осының бәрі «Елін сүйген Елбасы» ісі деймін.

Сонымен қатар біздің мемлекетіміз – көпұлтты мемлекет. Еліміздің түкпір-түкпірінде әр түрлі ұлт өкілдері еңбек етіп, бейбіт өмір сүруде. Мен өзім Қарағанды қаласында тұрамын. Қарағанды қаласы күннен-күнге көркейіп, гүлденіп, үлкейіп келеді. Қаламызда бірнеше түрлі әдемі, әсем биік ғимараттар бой көтеруде. Соның бірі қаламыздың қақ ортасында орналасқан «Достық үйі». Осы Достық үйінде этно-мәдени бірлестік орталығы жұмыс жасайды. Мәдени орталыққа 100-ден астам түрлі ұлт өкілдері барады. Олардың барлығы достықта, бірлікте тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Әрине, осының бәрі біздің еліміздің бейбітшілікте, тыныштықта өмір сүріп жатқанынының көрсеткіші. Бұның бәрі елі үшін аянбай еңбек еткен Елбасымыздың жетістігі. «Ынтымақ кеткен жерден – ырыс, бірлік кеткен жерден береке кетеді»деп Елбасымыз айтқандай, Отанымыздың әрдайым бірлікте, тыныштықта, ынтымағы жарасып өмір сүргенін бәріміз де тілейміз. Міне осының бәрі «Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы». Елдің қамын ойлап жүрген Елбасымыз аман болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік