Қазақ тілінің сөзжасам жүйесіне кіріспе
Уайсова Г.И.
Қарастырылатын мәселелер: - Сөзжасам туралы түсінік
- Сөзжасам тәсілдері
- Морфема туралы түсінік және оның түрлері
- Сөздің негізгі түрлері
Сөзжасам туралы түсінік Сөзжасамның негізгі ныасны (объектісі) – сөз. Бұл туралы акад. Л.В. Щерба сөзжасамның негізгі мәселесі “сөзді қалай жасау”, ал Н.М. Шанский, З.А. Земскаялар “сөзді оның құрылымы жағынан зерттеу” деп көрсетеді. А.И. Моисеев сөзжасам объектісі “тілдегі сөздердің қалай жасалғандығы және тағы да жасала алуы”, – дейді. С.Исаев: “Ең алдымен, сөзжасам сөз таптарын жасау емес, сөзжасамның басты белгісі – жаңа мағыналы сөз тудыру. Осы басты объектінің, біріншіден, өзіне ғана тән белгілері, өзіндік ерекшеліктері болады. Екіншіден, оның жасалу жолдары (тәсілдері) болады. Үшіншіден жасалу жолдары, тәсілдері арқылы қалыптасқан тілдік үлгілері болады. Төртіншіден, солардың жиынтығы сөзжасам жүйесін құрайды”,– деп жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |