Қазақстандағы аштық,1921-1922 жылдар



бет1/3
Дата30.09.2021
өлшемі23 Kb.
  1   2   3

Қазақстандағы аштық,1921-1922 жылдар

1921-1922 жылдардағы аштық қазақ халқының басына түскен аса ауыр нәубет. Қаншама азаматтарымыз аштықтан көз жұмып, ай далада көмусіз қалды. Қаншама қазақтың ошағы сөнді. Бір үзім нанға зар болып, қолын жайып, қайыр тілеп, ауыл-ауылды аралап, қала көшелерінде тентіреп, босып шет жұртқа кете барды.

Қазақ жерінде аштыққа ұшыраған Орынбор, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Бөкей губерниялары мен Адай уезінің жағдайы аса ауыр болды. Бұл өңірлер осы уақытқа дейін де көп қиыншылықты бастан кешірген еді. Кеңестік жүйе орнағанға дейін патша үкіметінің қыспағын көрген, жерінен айырылған, отарлаушыларға кіріптар болса, ал азамат соғысы кезінде ақтар мен қызылдардың қанды қылышына ілікті.

1921 жылы аштықтың жайлап бара жатқанын айтып, дабыл қаққан газеттердің бірі - «Ақ жол» газеті. Оның беттерінде күнделікті аштыққа ұрынған қазақ жерлері туралы ақпарат, мәліметтер жарияланып тұрды. Мәселен мына бір ақпаратта былай келтірілді: «Торғай уезінде ауру көбейіп барады. Иесіз, иен қалған үйлер бар. Қыс ерте түсті. Жер мұз. Мал өліп жатыр. Қара мал ноябрь (1920 ж. – С.Н.) басынан-ақ қолға қарады. Елде пішен аз. Ет салығын ел беріп жатыр. Мал мен жанға ауыртпашылық бірдей түсіп, шаруа күйзеліп тұр».

Газет қазақ көп шоғырланған Ақтөбе губерниясында адам да, мал да азықтың жоқтығынан қырылып жатқандығы айтылса, Шымкент уезіндегі қазақ ауылында шешек ауруы жайлап, адамдардың өлімі көбейіп бара жатқандығы жөнінде хабар басылды.

Ел басына түскен қиын заманда Қазақ өлкелік Орталық Атқару Комитеті 1921 ж. 15 наурызында өткен РК(б)П-ның Х съезінің салғыртты салықпен алмастыру жөніндегі қарарын негізе ала отырып, осы жылдың 11-18 маусымында болған конференция барысында азық-түлік салғыртын салықпен алмастыруды бірауыздан мақұлдады [3, 177, 179-180-бб.].

Сөйтіп, азық-түлік салғыртының салықпен алмастырылуы барлық өнімдерге қатысты салық мөлшерін белгілеген құжаттар қабылдатып, сол мөлшер бойынша шаруаларға салық төлеу міндеттелінді. Жеуге азық, малын асырауға шөп таба алмай қиналған қазақ шаруалары үкімет белгілеген салықты төлеуге шамасы келмеді. Соның өзінде Жетісу облысынан 1652645 пұт астық, 293040 пұт тары, 2876 пұт кептірілген жеміс, 77458 пұт тұқым, 520864 мал басы жинап алынған [4, с.116].

Осындай елдегі ауыр жағдайға қарамастан үкімет уезд шаруаларын салықтан босатпады, керісінше төпелеп бірінің үстіне бірін салып, оларды салыққа әбден кіріптар қылып қойды. Семей облысына қарасты Павлодар уезінің Ақбеттау болысының алтыншы ауылына қарайтын қазақтар мынадай мөлшерде салық төлеген: қой терісі – 1050, жылқы терісі –1200, сиыр терісі –250, құлын терісі –100, елтірі – 80, бұзау терісі – 20, түйе терісі – 5, түйе жүні – 15, қой жүні – 250 пұт [5]. Қарап отырсақ, бір шағын болысқа салық өткізу үшін жоғарыда көрсетілген қаншама жылқысын, сиырын, қойын, тіпті жаңа туған бұзауын союы керек екен. Малынан айырылып азықсыз қалған шаруаның әрине бұған шамасы қандай келсін. Бұл жағдайға қарамастан үкімет салық есебіне деп, қалған малын тартып ала бастады. Шала сауатты және мәдени дамуының деңгейі төмен шолақ белсенділер қорқытып, үркітумен үкіметтің бұйрық-жарлықтарын осындай жолмен орындауға тырысты. Оның үстіне қолда бар мал басын барымташылар мен банділік топтар күштеп әкетіп те жатты. Оны дәлелдейтін тарихи айғақтар жетерлік.

Оларды құрықтауға ерекше жағдайға пайдаланылатын әскери бөлімдер (ЧОН – часть особого назначения) жіберіліп, қарақшы топтарды талқандаған. Ғалым К. Нұрпейісов ашаршылық жылдарында Бөкей ордасында осындай қарақшылық топтар құрылып, Тарғын, Нарын, Таловка, Жанғалы уездерінде ойран салып, қарсы шыққандарды өлтіруге дейін барғандығын келтірген [6, 187-б.]. Осындай аштық өршіп тұрған кезде күрескен бандалық топтармен күрес барысы 1922 жылдың жаз айларына дейін созылды.

Сонымен Қазақстандағы 1921-22 ж.ж. ашаршылықтың шығуына екі себеп, яғни Ресейдегі азамат соғысының кесірінен қазақ даласындағы шаруашылықтардың күйзеліске ұрынуы және табиғи апат, қолайсыз ауа-райының салдарынан туған жұт әсер етті. Тарихшы Т. Омарбеков Қазақстандағы бұл ашаршылықтың шығуына ауа-райының қолайсыздығы емес, азамат соғысының тұтануынан шаруашылықтың күйзелуі, яғни большевиктердің біржақты саясат жүргізуінен деп тұжырымдаған [7, 24-б.].

Тарихшы Манаш Қозыбаев 1921-22 жылдардағы аштық турасында: «1921-1922 жылдардағы аштық қазақтарды демографиялық апатқа әкелді. 1922 жылдың наурызында Қазақстанның батыс және солтүстік аймақтарында 2 миллион 350 мың адам аштыққа ұшырады, олардың көбі өлді. Үкімет тарапынан көрсетілген көмек тек қала тұрғындарына жетті, сол уақытта онда қазақтардың екі-ақ проценті орныққан еді, дені ауылдарда болатын», - дей келе, осы жағдайды орталық билік дер кезінде көріп, оған мән бере білмегендігін айтады. Сонымен қатар оның көрсетуінше, Орталықтан келген азық-түлік жинаушы Ф.Э. Дзержинскийдің отрядтары Түркістан өлкесі, Ақмола, Семей губернияларындағы еңбекшілердің қолындағы астықты артық деген желеумен күшпен алып кеткен екен [8, 219-б.].

Орын алған қиындықтарды ауыздықтауда шұғыл түрде түрлі шаралар ұйымдастырылып, ең алдымен түрлі комиссиялар ұйымдастырылып, оларға елдегі аштықтың көлемін анықтау мәселесі қойылды. Қазақ Орталық Атқару комитетінің қаулысымен 1921 жылдың 15 шілдесінде ашыққандарға арнайы төтенше комек комитеті (компомгол) құрылып, оның жұмысын басқару С. Мендешевке жүктелінді. С. Мендешев 1920-1925 жж. Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болған жылдары ашаршалықпен күресуде іскерлік таныта білді. Ол республикадағы төтенше комиссияның жетекшілік қызметін атқарып, елдегі жағдайды қалпына келтіруге аянбай күресті. 1921 ж. 17 Шілдесінде аштыққа байланысты РК(б)П ОК-ніңарнаулы үндеуі жарияланып, шығу себебі айтылып, онымен күрес жүргізуге шақырды [3, 183-184-бб.].

С. Мендешевтің аштық кезеңіндегі қызметі шексіз. Оның басшылығымен құрылған Аштар комитеті тоқтаусыз қызмет етіп, қолдағы бар мүмкіншілікпен аштықты қалай да болса ауыздықтауға тырысты. Ол елдегі аштықпен күресіп жатқан кезде үстінен «кеңес үкіметіне жат, жікшіл» деген жалған құпия түрде іс ашылды. Мұрағат қорынан С. Мендешевтің 20-жылдары үкіметке қарсы құрылған үш топтың бірін басқарды деген дерек кездестіруге болады. Оның сыртынан жиналған мәліметте қазақ арасында аса беделді, көпшілікпен жақсы қарым-қатынаста екендігі келтірілген [9, 116-б.]. Осы жазылғаннан-ақ, қайраткердің қандай адам екенін тануға болады.

С. Мендешевдің көрсетуі бойынша Қазақстанда 1921 жылдың соңында 1 476 985 адам, оның ішінде 927593 ересектер, 158392 балалар ашыққан. Ол аштықпен күресудің жеті жолын ұсынады. Оның біріншісі, азық-түлік ресурстарын дайындауды күшейту және оны аудандарға бөлу болса, екіншісі, он тоқ адамдардың бір ашты, тоқ болыстардың бір аштыққа ұшыраған поселкені көмекке алуы турасында үгіт жұмыстарын күшейту, үшіншісі тұқымдық астықты уақытылы қабылдауда және оны бөлуде төтенше әдіс қолдану, төртіншіге қоғамдық жұмыстар мен қолөнер артелдерін ұйымдастыруды жеделдетуді, ал бесіншіге аштықпен күресуде барлық Халкомдардың және өлкелік мекемелердің жұмысын күшейтуді, алтыншы бойынша автотранспорттық тамақтандыру орындарды жеткізу арқылы Дала өлкесіндегі ашыққан қазақтарға көмек көрсетуді, жетіншісі, жұт пен аштық кезінде күйзеліске ұшыраған қазақ ауыл шаруашылығын тез арада малмен қамтамасыз ету болды[10, с.57, 61-62].

Ұлт зиялыларынан аштықты ауыздықтауға белсенді кіріскен азаматтың бірі – Мұхтар Әуезов болды. Аштықпен күреске қатысты өткізілген конференция барысында Қазақстан халқына аса үлкен нәубет әкелгендігін, аштықпен күресуде партиялық ұйымдардың босаңдығын, әлі күнге дейін нақты шығын турасында ешқандай да мәліметтің жоқтығын, Ашком ОК-і өте нашар жұмыс атқарып жатқандығын, дала халқына арнап нақты жоспар қабылданбағандығын баса көрсете келе, тез арада одан шығу жолын іздестіруді қажеттігін көтерді [10, с.67, 210-211].



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік