Қазақстандағы саяси ойлар тарихы



бет1/5
Дата04.04.2022
өлшемі31.15 Kb.
#212980
  1   2   3   4   5
Байланысты:
f624194d101cbc0


Қазақстандағы саяси ойлар тарихы
1. Қазақ даласының саяси ой - пікірлері

2. XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ ғұламаларының саяси пікірлері


1. Қазақ даласының саяси ой - пікірлері

Қазақ халқы рухани мұрағада саяси ой-пікірлерге де бай. Оның ішінде ең шоқтығы биігі ислам фəлсафасының негізін салушылардың бірі - біздің қандас бабамыз ұлы ойшыл Əл-Фараби.

Қазақтың бірінші фəлсафашысы, əлеуметтанушысы, математигі, физигі, астрономы, ботанигі, логика жəне тіл маманы, музыка зерттеушісі Əбу Насыр Мухаммед ибн Тархан Əл-Фараби 870-950 жылдары өмір кешті. Ол Арыс өзенінің Сырдарияға құяр жерінде орналасқан Фараб (кейінгі Отырар) қаласында туды. Жасында сонда оқу-тəрбие алып, кейін Бұхара, Александрия, Каир, Дамаск, Бағдат қалаларында тұрып, білімін ұштап, қызмет атқарды. Оны əріптестері көзі тірісінде-ақ «екінші Аристотель» деп атаған болатын. Бабамыз ғылымның сан саласы бойынша 160-тан астам трактаттар жазып, артына мол мұра қалдырды. Саясаттануға байланысты «Рақымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жолдары», «Саясат туралы» деген еңбектері бар.

Ұлы ойшыл «Рақымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы» деген саяси трактатында мемлекетті адамдардың өз қажетін бірлесіп қоғамдық жолмен жақсылап қанағаттандыру үшін жасаған ұйымы деп білді. Оның пайда болуына тіршілік үшін күрес айтарлықтай ықпал етеді. Сондықтан адамдарды бір-біріне көмектестіріп, барлық жұрттың жақсы тұрмысына қам жеп, қамқорлық жасаған мемлекет қана өз міндетін атқара алады, Əл-Фараби басқаруды қайырлы жəне қайырсыз етіп екіге бөледі. Қайырлы, білімді, мəдениетті басқару халықты бақытқа бастайды, олардың іс-əрекетін, ерік-қасиетін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тəжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан басқаруда теріс əрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Сондықтан ол надан адам басқарған, озбырлыққа сүйенген, қайырымсыз, қатал мемлекеттік тəртіпті өткір сынайды. Ол мінсіз мемлекетті уағыздайды.

Əл-Фараби алғашқылардың бірі болып адамды ардақтап, асқақтатты. Оның айтуында, адам бақытты болуға лайықты, сол бақытын ол табуға тиіс. Оған өзінің іс-əрекетінің, жұмысының, тынымсыз ізденуі мен оқу-үйрену нəтижесінде жетуге болады. Ал адам жақсы да дұрыс басқарылатын қоғамда ғана шын мəнінде бақытты өмір сүре алады деді.

Ұлы дана халықтар достығын насихаттады. «Бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне көмектесетін болса, жер беті түгелімен берекеге толады» деген сөздері тап бүгінгі күнге сəйкес келіп тұрғандай ғой.

Бабамыздың «Ғылымды топтастыру жəне анықтау туралы кітап» деген еңбегін дүниежүзі ғалымдары жоғары бағалады. XI-XII ғасырларда ол көне грек, латын жəне т. б. тілдерге аударылып əлемге баян болды. Батыстың кейінгі зерттеушілері бұл трактатты орта ғасырдағы ғылымның энциклопедиясы деп атады.Əл-Фарабидың бай мұрасы Шығыс халықтарының саяси санасын жетілдіріп, сан ғасырлар бойы ғылымның əр түрлі салаларын дамытуға игі əсерін тигізді.

Қазақ халқы ірі ойшылдарының біріне Қожа Ахмет Йассауи (1093-1157) жатады. Оның басты шығармасы «Диуани Хикмет». Ол еңбегінде əділдікті, имандылықты, шыншылдықты, мейірімділікті жырлайды.

«Ғаріп пақыр, жетімдердің көңілін көтер, Қамқоршы бол, жаныңды да пида етер», - деп қара халықтың қамқоршысы болуға, адамгершілікке шақырады.

«Көңіл бөлмей дүниеге адамдықтан кешіңдер, Халықты сүйген адал құлдар халайықпен бір болар», - деп адал басшы халқымен бір болып, соның тілегін тілеу керектігін баса айтады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
арналған әдістемелік
жалпы білім
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
туралы хабарландыру
қазіргі заман
атындағы жалпы