Қазіргі ғылым философиясы ұғымы Ғылым философиясы туралы кейбір концепциялар Ғылым эпистемологиясы



бет1/4
Дата18.05.2022
өлшемі25.44 Kb.
#252262
  1   2   3   4
Байланысты:
1 лекция история фил.науки


I – дәріс


ҒЫЛЫМ ТАРИХЫ МЕН ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ПӘНІ

  1. Қазіргі ғылым философиясы ұғымы

  2. Ғылым философиясы туралы кейбір концепциялар

  3. Ғылым эпистемологиясы

  4. Ғылым методологиясы деген не?



Қазіргі ғылым философиясы ұғымы

Ғылым философиясының негізгі идеялары мен принциптері XVII ғасырда калыптаса бастаған еді, өйткені классикалық ғылымның негізін құрған тәжірибелік, эксперименттік жаратылыстану сол кезде шыққан еді. Бірақ ол тек XX ғасырдың екінші жартысында ғана дербес философиялық пәнге айналды. Дүниежүзілік екінші соғыстан кейін ғылыми білімнің тез өсуі және жаңа ғылыми жаңалықтардың техникада кең қолданыс табуы өнеркәсібі дамыған көптеген елдерде ғылыми-техникалық прогрестің кеңінен өріс алуына алып келді. Ал бұл ғылымды дамыту, ғылыми білімнің даму қарқынын жылдамдату және ғылымның өнеркәсіппен, бүкіл халық шаруашылығымен байланысын күшейту істеріне деген қоғамдық мүддені жандандырды. Осындай қоғамдық қажеттіліктерге жауап ретінде тҥрлі ғылым салаларын зерттеуге бағытталған бір қатар жаңа пәндер туды: ғылымтану (науковедение), ғылым экономикасы мен социологиясы, ғылым тарихы және ғылыми зерттеу психологиясы сондай ғылымдар қатарына жатады. Бұл ғылымдардың ішінде жетекші орын алатын ғылым философиясы болды.


Ғылыми қызметтің түрлі жақтарын зерттеуші пәндер жүйесінде ғылым философияның орнын анықтау үшін оны басқа пәндерден айырып тұратын айрықша ерекшеліктерін ашып көрсету қажет. Егер ғылым тарихы деструкциялық, яғни тек баяндаушы ғылым ретінде түрлі ғылымдардың түрлі тарихи кезеңдерде ашқан жаңалықтарын ретіне қарай баяндап берумен айналысса, ғылым философиясының басты міндеті ғылыми таным процесін, оның заңдылықтарын зерттеу болып табылады. Одан ғылым социологиясының айырмашылығы сол, ол ғылыми мекемелер мен қауымдастықтарының құрылысын, ғылыми мекеме мүшелерінің арақатынасын, т.б. ұйымдасу жақтарын зерттейді. Алайда ғылым философиясынан басқа бір де бір ғылым ғылыми зерттеу процесінің өзін, ғылымның өсуі мен даму заңдарын арнайы зерттелмейді.


Сөйтіп, ғылым философиясының негізгі пәні қоғам дамуының түрлі тарихи кезеңдерінде ғылыми білімдерді өндірудің, ақиқаттығын тексеріп, негіздеудің жалпы заңдылықтарын зерттеу болып табылады.


Ғылыми білімді негіздеудің, дамытудың жалпы зандылыктарын зерттей отырып, ғылым философиясы қоғам тарихының тҥрлі кезеңдерінде объективтік ақиқат білімдерге қол жеткізудің рационалдық (тиімді) әдістері мен нормаларын табады. Алайда ғылым тарихшыларының мұқият зерттеп жинақтаған зерттеулерін пайдаланбайынша ғылым философиясы ол міндетті өз бетінше орындай алмайды. Сондықтан ол бұл жерде ғылым тарихшыларының көмегіне сүйене отырып, ғылым дамуының жаңа бағыттарын анықтай алады. Ғылым социологтарының зерттеулері ғылыми білім өндірудің қазіргі нақты әлеуметтік-қоғамдық жағдайлары мен мүмкіндіктерін анықтауға жағдай жасайды. Ал ғылыми-творчестволық еңбекке психологиялық талдау жасаудың нәтижелері ғылыми ақиқат іздеудің логикалық-методикалық және психологиялық әдістерінің арасындағы айырмашықтарды анықтап, таным процесінің объективтік және субъективтік критерийлерін (өлшеуішін) ажырата білуге көмектеседі. Бұл бір жағынан.


Екінші жағынан алғанда, ғылым философиясы жеке ғылымдарды зерттеуші нақты пәндер үшін дүниеге көзқарастық және методологиялық тұрғыдан жалпы бағдар болып табылады. Ғылыми жаңалықтың нәтижелерін (ғылыми білімді) оны ашу процесіне (таным процесіне) қарама-қарсы қоюшы неопозитивистер мен сыншыл рационалистердің (К.Поппер т.б.) әрекеті ғылымды зеттеуші ғалымдардың күшін біріктіріп үйлестіруге көмектеспеді. Сондықтан ғылым дамуының гипотезалык-дедукциялық әдісіне негізделген олардың бағыты сынға ұшырағаннан кейін оны талдаудың жаңа әдіс-тәсілдерін іздеу басталды. Ғалымдардың көпшілігі неопозитивистердің ғылыми білімді негіздеумен ғана шектелуі жаңа ғылыми идеялар мен гипотезалар табудың немесе жасаудың мҥмкіндігін жоққа шығара алмайтынына баса назар аударды. Мұндай жұмысты ғылым философтары ғылыми творчество саласында психологиялық зерттеу жүргізуші ғалымдармен және сондай-ақ компьютерлік ғылымдардың өкілдерімен бірлесе жүргізуі тиіс. Жаңа ғылыми идеялар іздеп табу процесіне сын көзбен талдау жасау, жаңа зерттеу проблемалары міндеттерін ұсыну ғылыми зерттеудің нақты барысын дұрыс түсінуге мүмкіндіктер тудырады. Сол себептіде неопозитивизмді сынаушылар ең алдымен оның ғылым философиясына қарсы шықты, өйткені ол философия өзінің міндетін тек ғылымды негіздеу ісімен ғана байланыстырды.


Ғылым философиясының қазіргі ғылыми-техникалық революциямен тығыз байланыстылығының екінші бір маңызды көрінісі — оның дамуында біртіндеп болатын эволюциялық өзгерістер мен бірден болатын түбірлі сапалық, революциялық өзгерістердің өзара байланыста болатындығы. Бұл проблеманы талқылау батыстың ғылым философиясында 1970 жылдары, американдық ғылым философы әрі тарихшысы Т.Кунның "Ғылыми революциялардың құрылымы" деген кітабы жарыққа шыққаннан кейін басталды. Ол бұл кітабында ғылым дамуына деген кумуляциялық көзқарасты сенімді түрде орынды сынады. Бұл теория бойынша, ғылым дамуы көп жаңа ғылыми ақиқаттардың, үздіксіз жай жинақталуынан ғана тұрады, жаңа ақиқаттарды іздеу, жаңа заңдардың ашылуы және жаңа ғылыми теориялардың құрылуы бұрын тұжырымдалған зандар мен теорияларға ешқандай әсерін тигізбейді. Т.Кун астрономия, механика, физика мен химия ғылымдарынан көп нақты мысалдар келтіре отырып, ғылым дамуының кумуляциялық ұғымының қателігін көрсетіп, ғылым дамуында


революциялық өзгерістердің қажетті түрде болатынын дәлелдеді. Ол ғылымдағы революция деп ғылымның даму барысында зерттеудің бір парадигмасынан екіншісіне өту арқылы бұрынғы түсініктердің қайта қаралуын, сөйтіп зерттеудің жаңа стратегиясына өтуді түсінді. Аталған кітаптың төңірегінде өрбіген айтыстар мен дискуссиялар ғылымның дамуына тарихи көзқарастың қалыптасуына көмектесіп, сонымен бірге ғылым тарихына тек баяндаушылық тұрғыдан ғана қарауға болмайтындығын көрсетті.

Сонымен, ғылым философиясы ғылымды әр түрлі тұрғыдан талдайтын жеке пәндер үшін дүниеге көзқарастық бағдар сілтеуші болып табылады, себебі ол ғылыми білімнің табиғаты мен құрылымын және сондай-ақ дүние туралы объективтік ақиқат білім алудың әдіс-тәсілдері мен нормаларын зерттейді.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру