Бала шоқан повестер МҮсінші мысық



Pdf көрінісі
бет14/29
Дата12.04.2022
өлшемі1.6 Mb.
#221647
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
Байланысты:
(pdf) Бала Шоқан (Сапарғали Бегалин)

ЕСЕЮ ЖЫЛДАРЫ
Шоқан осы қыста ата достар тауып, арналы білім жолына түсіп есейіп
алған. Жылдағы мерзімінде ауылдан Тақырбас та пар жегілген екі қарагерді
ауыздығымен алыстырып, Васил ағайдың үйінен күтіп алды. Шоқан ауылға
қайтардан  бір-екі  күн  бұрын  Костылецкий  арқылы  танысқан  Карл
Казимирович  Гутковскийдің  үйіне  барып,  жазда  оқитын  кітап  сұрап  алды.
Онысы  Лермонтовтың,  Гогольдің  бірнеше  шығармалары  еді.  Əредік
оқығаны  болмаса,  бұл  жазушылардың  мына  сияқты  жинақталып  басылған
белгілі шығармалары қолына бұрын тимеген.
Ауылға  ертең  жүремін  деп  отырғанда  Григорий  мен  Ғазиз  екеуі  келді.
Шоқанмен қырға жүрер алдында əңгімелеспек. Шоқан оларға өзінің жазда
қалай  дем  алатынын,  ауылда  істейтін  жұмыстарын  айтты.  Өйтіп,
Гутковскийдің үйінен алған кітаптарын көрсетті.
—  Шоқан,  сен  мына  кітабыңның  біреуін  маған  бер,  менде  мұндай
кітаптан ештеңе жоқ, — деп Григорий жабыса кетті.
—  Жарайды,  өле  оқығанша,  бөле  оқылық.  Бірақ  күтіп  ұста,  ұятты
кісінің  кітабы,  —  деп  досына  Гогольдің  əңгімелерін  берді.  Ғазиз  кітап
сұраған жоқ. Ол бір əредікте:
— Менің нағашы ағайым жазда қырғызлар арасына шығып сауда ішли,
мен сонымен бірге шығып даланы курəм, абыйыма болышам, — деді.
—  Немене,  сауданы  үйрене  алмай  қалармын  деп  асығасың  ба?  Егер
қырға  шығып,  ауыл  көрем  десең,  жүр  менімен,  бірге  боламыз,  —  деді
Шоқан.
— Абыйым рұхсат итми, мен аның саудасына булышырға кирəк, — деп
Ғазиз Шоқанға ергісі келмеді.
Достар  ол  күні  Ертіс  бойына  барды.  Қаланы  аралады.  Кешке  жақын
қош айтысты.


— Ал, Шоқан төре, атты қазақша айдайын ба, жоқ орысша айдайын ба?
— деп Тақырбас паромнан шыға екі қарагерге делбе қақты.
—  Қаладан  ұзағанша  орысшала,  ел  арасына  кіре  бергенде  қазақшыла,
—  деп  Тақырбастың  қылжақ  сұрағына  Шоқан  да  əзілмен  жауап  айтты.
Даланы сағынып қалған
Шоқан  қаладан  шығысымен  формаларын  шешіп,  желпіне,  жайлана
отырды.
Тақырбастан  жазған  хатында  Шыңғыс:  «Шоқанжан,  сен  бұл  жолы
қаладан  қайтқанда  Құсмұрынға  емес,  Сырымбетке  —  əжең  ауылының
қонысына  келесің.  Осы  көктемде  біз  де  сонда  көшіп  келдік.  Тақырбасқа
жүретін жолдың жобасын, қайда түсіп, қайда тоқталуды жазып бердім», —
депті.  Əкесінің  хатын  алғаннан  бері  Шоқан  Сырымбет  өлкесінің  жайын,
тауын, көлін көз алдына келтіріп, ой жүгіртуде. Ол бір əредікте:
—  Тақа,  Сырымбетке  біздің  ауылдың,  орда  маңындағы  елдің  бəрі  де
келді ме? — деп сұрады.
—  Хан  аулының  өздері  ғана  көшіп  келді.  Басқа  жергілікті  елдер  өз
қоныстарынан көшкен жоқ.
— Əлібайдың үйі қайда?
— Олар сол Құсмұрында қалды.
— Мұқандікі ше?
—  Мұқандікі  Сырымбетке  көшіп  келді.  Олардың  төре  ауылынан  басқа
туысы бар ма, — деп Тақырбас өзі білген жайын біртіндей айтып отырды.
Шоқан Сырымбетке келгенде, төре ауылы бір алқапта түгелге таяу отыр
еді.  Өйткені,  Шыңғыстың  Көкшетау  округіне  аға  сұлтан  болып
тағайындалуына  байланысты  Сырымбеттегі  Айғаным  қонысынан  жаңа
орда  үйі  салына  бастаған.  Төре  аулының  əзір  жайлауға  көтерілмей  бір
жерде жиі отыруының түйіні де осы үй салу жұмысына байланысты еді.
Қаладан  алдырған  ұсталар,  үй  іргесін  қалайтын  жұмысшылар  қызу
қимыл  үстінде  екен.  Шоқанды  апасы  да,  əжесі  де  қыстай  көрмей


сағынғанымен,  есейген  оқушы  бейнесінде  құрметтей  қарсы  алды.
Шоқанның  өзі  де  бұрынғы  ойын  баласы  емес,  əрбір  жағдайға  мəн  бере
қарайтын  ой  баласы  болып  алған.  Жүріс-тұрысы  да  қала  тəртібіне
бейнеленіп есейген.
Шоқанға  биылғы  жазға  арнап  жеке  үй  тігіп,  өзіне  еркімен  жатып,
кітабын  оқитын  жағдай  жасалған.  Оған  себеп:  Васил  ағай  мен
Гутковскийдің  Шыңғысқа  Шоқанның  оқытушыларға  ұнамды  ой  салған
ерекше талабын, алғырлығын мақтана айтуларынан болған.
Шоқан  қаладан  келгеннен  кейін  Қанғожа  ағасының  қасында  болып,
Сырымбет  тауының  əдемі  жаратылысын,  айнадай  көлдерін,  əсем
бұлақтарын  суретке  салды.  Сол  бір  тауды  аралап  қайтқан  бетінде  Шоқан
қасындағы  Тақырбасқа:  «Орда  үйінің  салынып  жатқан  жеріне  бара
жүрелік», — деді. Ондайда бір қылжақ өз таба қоятын Тақырбас:
—  Жұмысшылар  балшық  беріп  жіберсе,  апекеңнің  бір  қой,  бір  қос
қазысын шығын қыласың ғой, — деді.
— Ол қайдағы кəде ? — деп сұраған Шоқанға:
— Шоқанжан, сен қазақтың кеп ырымын, жол-жобасын біле бермейсің-
ау.  Мысалы,  қырықтықшылар  қасына  барған  балаға  бір  уыс  жүн  беріп
шешесінен  құрт,  май  алғызады.  Құдық  қазғандар  қасына  келген  баланың
тақиясына  құдық  суын  құйып  беріп  үйіне  жіберіп,  қымыз,  сары  май,
ірімшік  алдырады.  Сол  сияқты  мына  жұмысшылар  сені  көрген  соң,  ырым
істемей қоймайды. Оларға жас ет, сүр қазы күнде асылып отыр дейсің бе?
— деді.
—  Жарайды,  олай  болса  барып  ырымын  алайық,  —  деп  Шоқан  тура
тартты.
Шоқан келгенде күн батуға таянып қалған. Жұмысшылар кешкі тамаққа
отырып, үйді-үйінде екен. Бір қара күркенің ішінен көзі шегірейіп Мысық
шыға келді. Ə дегенде Шоқан тосырқап қалған қалыпта:
— Өй, сен Мысықпысың? — деді.
—  Шоқан,  —  деп  ол  ат  үстіндегі  Шоқанға  тұра  жүгірді.  Шоқан
Мысықпен атынан түсіп амандасты.


— Сен бұл жерге қайдан келдің?
— Біз əкеміз екеуміз мына үйді салуға келгеміз.
— Немене, мүсін жасайсың ба?
— Жоқ, мына үй салуға балшық, илеймін, тасимын. Əкем үй қалайды.
Былтыр  осы  жаққа  əкемнің  ағайындарына  көшіп  келгеміз.  Содан  осында
едік. Жұмысқа əкем мені де ала келді.
— Сен менің қаладан келгенімді естідің бе?
— Естігенім жоқ. Анада сіздің ауылға барайын, өзіңді сұрайын деп бір
ойладым да, тағы бата алмадым.
—  Сен  менімен  бірге  қалаға  барасың  ба?  Оқуға  түсесің.  Суретшілікке
үйренесің.
— Əкем жібермейді ғой жəне қаладан қорқам.
— Қалада саған кім тиеді. Мен де барып оқып жүрмін, ешкім тимейді.
— Шоқан, сен үлкенсің. Өзің бірге боласың ба?
— Бірге болам. Əкеңнен өзім сұрап алам.
— Жарайды, онда барам, — Бұдан əрі олар көп сөйлескен жоқ.
— Ертең өзім келем, ауылға апарам, — деп Шоқан жүріп кетті.
Əке  алды  кісіден  босамайды.  Бір  жатынан  үкімет  тарапынан
тапсырмалар  келіп  жатады.  Анадағы  Гутковскийдің  үйінен  алған  кітабын
оқып, өзінің сурет салу, күнделік жаңалық жазу ісімен алданып, Шоқан əке
маңына да бара бермейді.
Үй  салу  жұмысына  белгіленген  үйшілер,  қалаушылар  өздерінің
азығымен,  күтушілермен  жұмыс  басында  қалды  да,  төре  ауылы  жайлауға
көтерілді.  Айғаным  бұл  жылдарда  бұрынғыдай  емес,  жүріс-тұрысы
ауырлап,  баяуланып  шөге  бастаған  тəрізді.  Сол  кісінің  жағдайымен  төре
ауылы  биыл  аса  алыс  жайлауға  тартпай,  Сырымбет  маңының  көлдеріне


көтеріле қонды. Шоқан ауыл көшер алдында Мысыққа жолығып, күздігүні
өзі қалаға жүрерде ала кететінін айтты.
Бір күні күтпеген жерден бір топ жолдасымен Мұса келді. Төре ауылы
сый қонақты құрметпен қарсы алды. Шыңғыс жездесінің жаңа округке аға
сұлтан болуына құтты болсын айта келіпті. Бір жұмыспен барып Омбыдан
оралған жолында əдейі бұрыла жүрген Баянауыл округінің аға султаны аса
бір  ерекше  сəнмен  келді.  Өзге  қазақ  жолдастарынан  бөлек  Мұсаның
қасында  Григорийдің  əкесі  Николай  Потанин  бар.  Бұл  кісі  қазақ  тілін
мүлтіксіз сөйлейтін, қазақ əдет-ғұрпын өзіндей білетін аса бір жатық адам
еді. Сонымен қатар қазақ əңгімелерін, ертегі, жыр, əнмен күй шежірелеріне
айрықша  көңіл  бөлген  адам  екен.  Ол  Шоқанға  өзі  бұрын  көрмеген  қазақ
даласының  көп  жайынан  əңгімелер  айтты.  Өз  арасында  өткен  жылы
Қарқаралы  қаласынан  елу  шақырымдай  жерден  ашылған  Қоянды
жəрмеңкесінің  қызықты  базары,  əн  мерекесі  болғанын  əдемілеп  айтып
берді.
— Ол жəрмеңке нағашым ауылынан алыс па? — деп сұрады Шоқан.
— Онша алыс емес, нағашың ауылының адамдары сол жəрмеңкеге мал
апарады. Көп ел бас қосады, — деді Мұсаның қасындағы бір жолдасы.
— Немене, барып көргің келе ме, бір ауылдан келіп, бір ауылдан қалаға
оралу  көңілсіз  де  болар.  Онда  бізбен  жүр.  Өзім  апарып  жəрмеңкені,
Қарқаралыны көрсетем, — деді Мұса Шоқан ойын қабағынан ұғынып.
— Нағашы аға, атекеме айтыңыз, мен сізбен барамын, — деді Шоқан.
Бірнеше  күннен  кейін  Мұса  анадағы  уəдесін  орындап  Шыңғысқа,
Айғанымға  айтып,  Шоқанды  өзімен  алып  кететін  болды.  Шоқанға  күтуші
болуға Тақырбастың өзін ертті.
— Мұса мырза жиеніне жер көрсетіп, ел көрсетіп, бір мырзалық істейін
деген болар, барсын. Бірақ, шырағым, сабағыңнан кешігіп қалып жүрме, —
деп Шыңғыс балдызына əзіл, баласына ескерту айтты.
—  Мұстапаның  сараңдығын  көлденең  тарта  бердің-ау,  өзгеге  жол
айтпасақ  та,  өз  жобамызды  білерміз,  —  деп  Мұса  жездесінің  сөзіндегі
астарды шеше сөйледі. Арада бірнеше күн жүріп, Мұса Қаракөлде отырған
өз  ауылдарына  келді.  Шоқанның  құрметіне  Баян  елінің  жұртшылығы  аз


жиналған  жоқ.  Бəрі  де  жөнін  сұрап,  оқып  жүрген  жайымен  танысып,
қуаныш етуде. Шоқанның үлкен кісілердің кейбір сұрақтарына толығымен
жауап  айтып,  кейбір  жайларда  олардың  өзі  түсінбейтін  жайын  ажырата
айтқанына іштей таңдану да жоқ емес. Əлде сынағысы келді ме екен, жоқ,
өзінің  аңғырт  айтқыш  əдеті  ме  екен,  Сəттібай  деген  Шорман  ауылының
белгілі қожасы:
—  Мырза  ауылы  қаншалық  өзімсінгенімен,  ата  тегі  басқа  ғой.  Қазақта
мақал  бар  емес  пе,  «Жиен  ел  болмайды,  желке  ас  болмайды»  деген.
Бұрынғылар білмей айтты дейсіз бе, — деді. Қожа сөзін аяқтап, қасындағы
бір ақсақалды адамға бұрыла бергенде:
—  Қожеке,  «Жиен  неге  ел  болмасын,  малы  болса,  желке  неге  ас
болмасын,  майы  болса»  дегені  де  бар  емес  пе  сол  айтқыштардың,  —  деді
Шоқан байыпты қабақпен.
— Қожеке, сіз біздің Шоқанның үстіндегі кемзалына қарап қазақша өзге
шорқақ екен деп ойлап қалдыңыз білем. Сірə, сол бала қазақ сөзін аңғарса
керек, — деді Мұса Шоқанның тауып айтқан жауабына разы болып.
Нағашы  аулында  біраз  күн  болып,  Мұса  жол  жабдығын  қамдатып,
Қоянды  жəрмеңкесіне  жүретін  болды.  Мұсамен  бірге  келген  Николай
Потанин  бір-екі  күннен  кейін  өзінің  баратын  жұмысына  жүріп  кетіпті.
Салтанатпен  жүруді  əдеттенген  аға  сұлтан  Мұса  Қаракөлден  аттанарда
ерекше  жабдықтатып,  жол  шатырын  тиетіп,  бірнеше  нөкермен  жүрді.
Жолдағы елдің сый-құрмет қонағасысына бөленіп, жəрмеңке басына таяна
келіп, шатырын тіккізді. Арқа белдеуінің көк майса Балқашты өлкесі айдын
шалқар  қара  сор  көлі,  Қояндының  қой  бұйрат  жатық  белестері  Шоқанға
жаңа  көріністер  елесін  сездіреді.  Əлі  көшелі  үлкен  үйлер  салынбаған,
ұйымдасқанына  бір-екі-ақ  жыл  болған  Қоянды  жəрмеңкесі  қатарластыра
тігілген  қазақ  үйлер  тізбегімен  көше  тартыпты.  Сонау  Ақмоланың,
Қарқаралының  сан  сұлулары  ақ  отауларда  қымыз  сапырып,  қонақ
аттандырып, қала кəсібіне кіріскен елестер бар. Бірнеше жерде мал базары
бар  екен.  Мыңғырған  қойлар  базары  бір  бөлек.  Не  саңлақтарды  ноқталап
əкеліп  тұрған  дала  шаруалары  жылқы  базарында  дуылдатып  жүр.  Ала
тақиялы  өзбек  саудагерлері,  қара  хатипа  киген  ноғай  абзилары  балаған
тізбегін  құрып,  ұсақ-түйек  саудасын  жасап  жатыр.  Кең  алапты  көлеңкелі
кенеп жаппамен шатырлап тастап, неше түрлі заттарды жайып салған орыс
байларының шай, қант, кездемелері де телегей теңіз. Мінеки, базар қызығы.


Бұл  сияқты  базар  көрінісі  Шоқанға  алғашқыда  думан  болып  көрінгенімен
тез зеріктірді. Ол, тек сонау қатарласа тігілген қазақ үйлерінен күмбірлеген
дауыстар,  шырқалып  айтылған  əндер,  өлеңдер  жағына  құлақ  қойып,  əрбір
сарынын  аңғартысы  келеді.  Бірақ  олар  арнаулы  мəжіліс  жыршысы  емес,
қымыз қызуындағы ел арасының мырзасымақтарының шашбауын көтерген
мадақшылар тəрізді сезілді.
— Наташы аға, біз Қарқаралы қаласына қашан барамыз? — деді Шоқан
екі-үш күн өткеннен кейін.
— Немене, жəрмеңке думаны ұнамады ма, жалықтың ба? — деді Мұса
Шоқанға жымия қарап.
—  Сауда  істемеймін,  сатар  малым  жоқ,  ел  билігінде  қатынасым  жоқ,
жалықпай қайтемін, — деді Шоқан.
— Иə, Шоқанжан, саған мына дуылдақ көңілсіз-ақ болар. Енді бір күнге
шыда.  Осында  бір  Семейден  келетін  ұлықтың  бас  қосуын  күтіп  отырмыз.
Сол келісімен округтер шекарасы жайлы сөзді шешіп алып, жүріп кетеміз,
— деп Мұса Шоқанға жүріс жайын ұғындырды.
Айтқанындай екі күннен кейін Мұса күткен ұлығына жолығып, тосқан
мəселесін шешті де, жүруге əзірленді.
Ертеңіне  Мұса  Қарқаралыға  жүрді.  Бұрынғы  жолдастарының  үстіне
Қарқаралы  елінің  кісілерінен  бірнеше  адам  ере  шықты.  Арыстаннан
естуінен  бері  құмартқан  Қарқаралы  тауының  сұлу  жаратылысына  сүйсіне
қарағаны  болмаса,  Шоқан  əлі  тау  жайынан  ешбір  əңгіме  естіген  жоқ.
Қарқаралының  қаласы  да  ондай  үлкен  қала  емес  екен.  Шатын  аташ
үйлерден  бірнеше  көше  тартқан  округ  орталығы  ғана.  Сонау  Қоянды
басынан Мұсаға еріп шыққан бір бай саудагер ноғай өз үйіне əкеліп түсіріп,
барынша  құрмет  етіп  жатыр.  Тек  сол  ноғайдың  айтуынан  тау  үстіндегі
«Шайтанды  көл»  жайындағы  аңыз  ертегіні  естіп,  Шоқан  соны  көруге
құмартты.
Тауға  шығуға  бой  сақтап  Мұса  бармады.  Басшы  алып  салт  атпен
Шоқан,  Тақырбас  екеуі  барып  қайтты.  Жатық  жердегі  қаншама  көлді
көргенімен,  мына  сияқты  тау  жотасындағы  сыңсыған  қарағай  алқабына
біткен  мөлдір  көлді  көргені  жоқ  еді.  Əсіресе  батыс  оңтүстігіндегі
тұңғиыққа  үңіле  біткен  жартас  көл  тұңғиығымен  сырласып  тұрғандай  аса


бір ерекше жаратылыс сымбаты болып көрінді. Шығыс солтүстік бетіндегі
кішкене  қуыстағы  орысша  жазулар,  аса  ілгеріде  жазылмаған.  Тек  кейбір
тақтай тастар бетінде ескіше таңбалар бар. Оларды Шоқан ажыратып тани
алған  жоқ.  Шоқан  ойындағы  Баян  Қарқарасынан  белгілі  аңыз  болған  еш
нəрсе кездеспеді. Мүмкін, бұл күнде оны білетін кісі де жоқ шығар.
Суыт  жүріп  елге  оралған  Мұса  Шоқанды  өзінің  пəуескесімен  ауылына
қайтарды. Бұрын көрмеген біраз жерлерді аралап, бейтаныс елдерді көрген
Шоқан өз ауылына бірнеше жаңа ойлармен оралды.
Ол  ауылға  келісімен  Қарқаралы  тауының,  тау  басындағы  əсем  көлдің
көрінісінен  бірнеше  суреттер  салды.  Бірақ  ол  суреттері  өзіне  ұнаған  жоқ.
Арада  бірнеше  күн  өткендіктен  бе,  кейбір  көрініс  елестері  көмескіленіп
қалыпты.
Шоқан  келгеннен  кейін,  ауыл  күзек  қонысқа  келіп  қонды.  Шоқанның
оқуға жүрер кезі де таянған. Өзіне арналып тігілген ақ үйде оңаша жататын
əдетімен  сəске  түс  кезінде  тұрып,  далаға  шықты.  Ауылдың  күндегі  өмірі,
біреулер келіп, біреулер кетіп жатады. Шоқанның бүгінгі көзіне түскені —
бір топ жаяу-жұлба киімді адамдар. Олар күндегі келіп кететін салтанатты
жұртқа  ұқсамайды.  Олардың  ешкімнің  үйіне  кірмей  ұйлыға  отырысы  да
өзгеше. Бірақ Шоқан ол топқа айрықша көңіл бөле қойған жоқ.
Шоқан  тамағын  ішіп,  əке  үйіне  сəлем  бере  кірді.  Шыңғыстың  қасында
отырған  қарынсау  Ықылас  биді  көріп  сəлем  берді.  Ықылас  белгілі
жорғалығына салып:
—  О,  бəрекелді,  «Атадан  бала  туса  игі,  ата  жолын  қуса  игі»  деген,
қандай  жақсы  айтылған.  Шыңғысжан,  мына  Шоқаныңыз,  дəл  өзіңнің
Омбыда оқығандағы түрің болыпты да қалыпты. Тек өмірлі бол, шырағым,
тере  бала,  біз  сияқты  шал  атаңа  сəлем  бере  жүрсең  болғаны,  —  деп
Шоқанға  əзін  тапсыра  өйледі.  Ықылас  бидің  неге  осынша  жорғалай
сөйлегенін  Шоқан  ажырата  қойған  жоқ.  Ол  өзінің  белгілі  жорғалығы  деп
ойлады.
Қымыз  сапырылып,  мəжіліс  біраз  жай  өздермен,  əзіл  қалжыңмен
аяқтала бергенінде, Шыңғыс:
—  Ықа,  сіз  бір  қарбаластау  кезде  келіп  қалдыңыз.  Шоқанжан  оқуына
жүруіне əзірленіп, соның жол жабдығы дегендей... — деп тоқтала бергенде:


—  Иə,  хан  ие,  балақтағы  бит  басқа  өрмелеп,  мына  бір  Уақтың  қара
сирақ  қаныпезерлері  тапа  тал  түсте  көліме  қолын  салып,  басынғандық
істеп, мезгілсіз атқа мінгізді. Тіпті келе қоямын деген ойым жоқ еді, сіз, əне
бір  балаларды  шақыртты  деген  соң,  қой,  «Бет  көрсе  жүз  ұялады»  деген,
өзім  барайын  деп  келе  қалғаным.  Атамыз  қазақ  «істің  түйінін  шешудегі
кемшілік төрешіден болмайды. Айтушы өзі аяқсытып алады» деуші еді ғой.
Ана  балалар  шалалық  етіп,  өзін  жеткізіп  айта  алмас  деп  келдім,-  деп
Ықылас  өзін  үнсіз  тыңдап  отырған  Шоқан  əлгі  бір  сыртта  отырған
жалаңаш-жалпы топтың осы өзге байланысты екенін аңғарды.
—  Иə,  Ықа,  тексере  көреміз  ғой.  Қазан  бұзар  тентектерді  бетімен
жібермейміз,  —  деп  Шыңғыс  езінің  баяу  ойлы  көзімен  Ықыласқа  қарады.
Ықыластың  барбиған  жалпақ  бетінде  жағымпаздана  мөлтеңдеген  көз
құбылысында сайрап тұрған сұрқиялық бар еді.
—  Онда  біз  кеңсе  үйіне  барайық.  Əлгі  ұры  балықшылар  сонда
əкелінсін,  —  деп  Шыңғыс  ишарат  білдіргенде-ақ,  Бейсен  үйден  шыта
жөнелді.
Шыңғыс  бастап  кеңсе  үйіне  келген  кісілермен  Шоқан  да  бірге  келді.
Аға  сұлтан  өзіне  арналған  орындыққа  отырып,  іс  тексеруге  кірісті.
Бағанағы  топтанып  отырған  жыртық  киімділердің  бір-екеуін  ғана  үйге
кіргізді. Қалғандары іркіліп кеңсе сыртында қалып қойды.
—  Мына  Ықаңды  білесің  бе?  —  деп  бастады  өзін  Шыңғыс  жаңағы
кедейлердің  ортасынан  келген  сиректеу  көк  бурыл  сақалды,  арықтау  ақ
сары кісіге қарап.
—  Иə,  алдияр,  бұл  кісіні  танымағанда  кімді  танимыз.  Арқамызда
қамшысы  ойнаса,  ауылымызға  екі  күннің  бірінде  ақыр  заман  орнатса,  —
деп үлкен отты көзі қанталай ширыға сөйледі əлгі адам.
—  Қара,  көліме  басып  қонып,  бал  татыған  балығымды  жалмауыздай
жалмап отырып, — деп Ықылас бетімен кие жөнеліп еді, Шыңғыс:
— Ықа, аз сабыр етіңіз. Ол кісі жауабын айтып болсын, - деді де:
— Сіздің атыңыз кім? — деді.
—  Иə,  алдияр,  менің  атым  Əбіл  болады.  Мына  Бұқпаның


солтүстігіндегі аз ауыл Алшын боламыз, — деп елін де айта кетті.
—  Сіздердің  біреудің  көліне  келіп  сүзекті  салатын  қандай
еншілестіктеріңіз бар?
—  Иə,  алдияр,  бас  кеспек  бар,  бірақ  тіл  кеспек  жоқ  қой.  Өзіңіздің
алдыңызды көріп, арманымды бір айтсақ деп жүруші едік, бұған қолымыз
жетті. Айыпқа бұйырмаңыз, мен өз ауылымның мұңын айтайын.
—  Айтыңыз,  айтыңыз,  —  деп  Шыңғыс  жауап  күтіп  қозғалып  қойды.
Шыңғыстың  «айтыңыз»  деген  өзінің  өзі  көңіліндегі  бар  есесін  алып
беретіндей болған Əбіл:
— Тақсыр, өзіңіз рұқсат еттіңіз, ұрыс-жанжалдың неден туғанын түгел
айтып  көрейін.  Мына  сіздің  оң  тізеңізді  басып  отырған  Ықылас  бидің
аталары,  Қарауылдың  қара  көк  қасқа  жайсаңы  ғой.  Біздің  атамыз,  өзіңізге
мəлім,  хан  панасына  келген  көп  төленгіттің  бірі.  Бізде  ата  қоныс,  арнаулы
жер  еншіміз  болмайды.  Сонан  сіздің  қасиетті  атаңыз  Уəлихан  төренің
рақымы  түсіп,  Ақсұраң  биігіне  Ақкөлді  қосып  белгілеп  берген  екен.  Суы
балық,  қыры  биік  біз  сияқты  жарлы-жақыбайға  күнелтер  қоныс  болыпты.
Жазы-қысы  Ақкөлдің  балығымен  жан  сақтап  жүруші  едік.  Мына  Ықылас
би  сіз  бұйырып  берді  деп,  біздің  көлімізді  өзімізге  билетпей,  екі  жылдан
бері  басымызға  сырық,  малымызға  құрық  ойнатып,  күн  көрсетпей  қойды.
Кедей  жұрт,  басқа  кəсібі  жоқ,  Ақкөлдің  балығына  сүзекі  салып,  ара-тұра
балық  алушы  едік.  Осы  жуырда  екі  балықшымызды  соққыға  жығып,
сүзекімізді  тартып  алып,  зорлық  етіп  отыр.  Сізге  айтқан  арызымызбен
шақыртқан  соң,  шұбай  келіп  отырмыз.  Қызыл  қарын  жас  баланың  қамы
үшін  күйзеліп  келіп  отырмыз.  Ендігі  мархабат  өзіңізде,  —  деп  Əбіл  қарт
жыламсырап тоқтады. Шыңғыстың «Сөз тосыңыз» деген тыйымынан кейін
тырсиып  отырып  қалған  Ықылас  Əбілдің  арғы  түбінен  ала  сөйлеген  өзіне
терісіне  сыймай  отырған-ды.  Сіз  не  дейсіз  дегендей  Шыңғыс  енді
Ықыласқа бұрылды.
— Алдияр аға сұлтан, сіз тыйым салған соң ауыз бағып отырмыз. Мына
Алшынның  қу  жақ  даугері  менен  таты  қоныс  даулайтын  түрі  бар  ғой,  —
деп  ызғарлана  сөз  бастады.  —  Ақсұраң,  Ақкөл  біздің  ата  қонысымыз
болатын. Сіздің атаңыз Уəлиекең біздің аталарымызға: «Маған аз ғана ауыл
Алшынды қайда қаңғыртамыз. Сендерге еншілес етем. Көлдеріңнен балық
аулап,  күн  көрсін»,  —  деп  қоңсылыққа  берген  екен.  Сонан  біздің


маңымызда  қарақшы  болып  отыратын.  Кедей  көріп  көліміздің  балығын
аулауға бетін қақпай жүретін едік. Кейінгі жылдары өз жерімізді өзімізден
қорып, бауыр басып сөз көтерді. Атам баласы өсіп, əлденеше ауыл болды,
бəріне  де  қоныс  керек.  Енді  жөніңді  тап  дегеніміз  рас.  Жай  айтқанға
қаныпезерленіп  көнбеген  соң,  қол  жұмсап,  сүзекісін  балалар  алса  керек.
Əсіресе  би  Бұзаубақ  деген  ақсақалға  тілдері  тигені  өтіп  кетті,  —  деп,  дау
десе, даусы сембейтін қарынсау Ықылас бəрін мөлдіретті де берді.
Шыңғыс біраз ойланып отырды да:
—  Иə,  Алшынның  ақсақалы,  сіздерге  атекем  біржолата  жер  белгілеп
бермепті  ғой.  Мына  Ықаңдардың  атасына  еншілес  қарашы  қылып  беріпті.
Жер  иесі,  көл  иесі  Қарауыл  атаңның  баласы  ғой.  Рұқсат  етсе,  ағайындық
етсе,  сыйысып  отырасыздар.  Егер  іш  тарлық  етсе,  бұл  кісілердің  ата
қонысына  кім  зорлық  етеді,  —  деп  өзін  аяқтады.  Алшынның  Əбіл  қарты
жер шұқып, көзінен жас сорғалап отырып қалды. Əбілге ере келген екі-үш
кісі де жер болып орындарынан əрең тұрды.
Екі жағының өзін де, əке кесімін де тыңдап отырған Шоқан қайта-қайта
Əбіл  қартқа  жалтаңдап  қарап,  əкесіне  наразылана  көз  тастады.  Бірақ  əке
үкіміне қарсы келудің, көпе-көрнеу Əбілдердің, анау жаяу-жалпылы шұбап
келген  кедейлердің  көріп  отырған  теңсіздігіне  ара  түсудің  есебін  таба
алмады.  Оның  бар  ойы  «мынау  жерсіз.сусыз,  қоныссыз  кедейлер  қайда
барып күн көреді, бұларға кім көмектеседі?!» — деу болды. Ол осындай өзі
шеше  алмаған  жұмбақ  ойымен  сыртқа  шықты.  Сүйретіліп  өздерінің  жаяу-
жалаңаш тобына барған Əбіл қарт пен жолдастарының сан¬дала басқан аяқ
алыстарына Шоқан сырттай бақылап қарап тұрды.
Шоқанның қалаға оралар кезі таянған.
Анадағы Мысыққа айтқан уəдесі есіне түсті. Шоқан əкесіне сол туралы
бұрын да бір айтқанды. Онда Шыңғыс:
— Мысықтың əкесі көнсе, тіпті жақсы болар еді. Ол бала өнерлі, — деп
Шоқан ойын қуаттаған. Сол ойын келіп тағы да əкесіне айтты.
—  Мен  Мысықтың  əкесіне  шақыртып  алып  айтқамын.  Ол  баласын
сенімен  жіберуге  ықтияр  болған.  Бірақ  өзіңе  бір  əурелік  болмай  ма.  Оны
орналастыру керек. Бұрынғыдай Сергей ағайың да жоқ, — деп Шыңғыс аса
көңілді бола қоймады.


—  Қандай  əурелігі  болса  да,  өзім  көрем,  тек  маған  өзіңіз  қағазын
жөндеп, əкесінен сұрап алып беріңіз, — деді Шоқан батылдана сөйлеп.
— Жарайды, Шоқанжан, — деп Шыңғыс Бейсенді жіберіп, Мысықтың
əкесін де, өзін де аулына алғызды.
—  Шоқанжан  Омбыдағы  ұстаздарымен  сөйлесіп,  балаңды  интернатқа
орналастыруға  келісіп  келіпті.  Шоқанға  серік  болсын,  əрі  оқысын,  қалай
дейсің?  —  деді  Мысықтың  əкесіне.  Батылы  барып,  бірден  жауап  айта
алмай:
—  Алдияр,  мен  не  айтайын.  Шоқанжан  қасына  алам  десе,  қидым.
Мұнда жүргенде не көреді, — деп көзінің жасын сүртті.
—  Сен,  сен  өзің  жыламай  айт.  Балаң  оқу  оқиды,  білім  алады,  адам
болады.  Мен  балаңның  барлық  қағазын  жаздырам.  Кейін  бір  нəрсе  деп
жүрме, — деді.
— Алдияр, ықтиярыңыз, мен сөз етпеймін, — деді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру