Бала шоқан повестер МҮсінші мысық



Pdf көрінісі
бет6/29
Дата12.04.2022
өлшемі1.6 Mb.
#221647
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
(pdf) Бала Шоқан (Сапарғали Бегалин)

НАҒАШЫ АУЛЫНА САЯХАТ
Хан ауылы қыстаудан көтеріліп, жайлауға бет алды. Сергей аттанғаннан
бері  Шоқан  сонан  көрген  жобасымен  сурет  салуға  құлықтанып  алған-ды.
Əсіресе Сергейдің Жүкеннің асау күрең байталды ұстаған суретін салғаны
Шоқанға  қатты  ұнаған-ды.  Сергей  сол  суретінің  алғашқы  жобасын  беріп
кеткен.  Соған  қарап  ол  жылқының  желідегі  құлындардың,  Құсмұрын
қырқасындағы жартастың суретін салып ермек етіп жүрді.
Осы  көктемнен  бері  Шоқан  Əубəкір  молдадан  сабақ  алуды  тоқтатып,
атқа  міну,  көктемдегі  Қанғожаның  қаршыға  салу  серуендеріне  ілесіп,  түз
өміріне бой ұрып, мүлде сергектеніп алды.
Керей,  Есеней  елінде  болған  бір  үлкен  дауға  шақырылып  кеткен
Шыңғыс  ел  жайлауға  келерде  ғана  оралды.  Ондай  келелі  үлкен  жиынға
барып  қайтқанда  алдымен  ханымға  келіп  сəлем  беріп,  шешіп  қайтқан
жұмысының  жайын  айтып,  ана  ойын  тыңдайтын.  Сол  əдетімен  келіп
Есеней  елінің  ертеден  келе  жатқан  дауының  бітім  тапқанын  айтып  өтті.
Ықыластана тыңдап, көпке дейін үнсіз отырып Айғаным:
—  Апыр-ай,  бұл  бір  көптен  бері  аяғы  жерге  тимеген,  дауасыз  дау  еді,
ақыры  тынымы  болған  екен.  Əрдайым  жолың  осылай  болғай,  —  деп
баласының абыройына разы бола күлімдеді.
— Ал, Шыңғысжан, мен былтырдан бері мына Шоқанжанға нағашыңа
апарамын, жер көрсетем, ел көрсетем деп уəде берген болатынмын. Мұның
биыл  мүшел  жасы  жəне  сəті  болса  қалаға  оқуға  жүргіземіз  деп  отырмыз.
Зейнеп те көптен ауылын көрген жоқ, саған айта алмай жүрген шығар. Біз
жүріс  қамын  істеп  сол  би  ауылына  бір  барып  қайталық.  Басқа
жұмыстарыңды жайлау үстінде тоқтата тұр.
—  Əпеке,  мен  өзім  де  осыны  ойлап,  асығып  қайтып  едім.  Онда  жүріс
қамын істетіңіз.
Əже мен əке келісімін естіген Шоқан қуанып сыртқа шықты.


Жүру қамы ұзаққа созылған жоқ. Екі үйден əзірленген екі пəуескені үш-
үштен  жегілген  арнаулы  жол  аттары  ала  жөнелді.  Шоқанды  өз  қасына
отырғызған  Айғаным  күтуші  əйелін  ғана  алып,  Құсмұрыннан  шығатын
керуен  жолына  түсіп  тартып  берді.  Зейнеп  пəуескенің  ішінде  Жақып
бастаған  үш  бала,  жəне  күтуші  келіншек  Қанипа  бар.  Ханым  пəуескесіне
ілесе Зейнеп пəуескесі де жорта жөнелді. Шыңғыс бастатқан салт аттылар
тобы оннан аса адам болатын. Оның ішінде Қарауылдың қарынсау қарасы
атанған шешен би Ықылас, Шыңғыстың ауылдас, үзеңгі серігінің бірі Сал,
əңгімешіл  Əжібай,  əнші  Нұрта,  тағы  басқа  кісілер  бар-ды.  Шыңғыстың
астындағы  Мамеке  ағасының  үйінен  сұратып  мінген  қарагер,  иық
қозғамайтын  майда  жорғасымен  жылмия  сызып  келеді.  Желе-жортып
тобын  жазбай  ілескен  нөкерлер  ауылдан  шығардағы  сəн-салтанаттарын
бұзған  жоқ.  Алғашқы  екпінімен  жорта  жөнелген  пəуескелілер  де  жүйткіп
барады.  Ыстық  түспей  жетіп  түстеніп,  түс  қайта  жүрмек  ауылдары
Көлбастаудағы  Күзембай  болатын.  Төре  ауылынан  салт  атқа  қысқа  күндік
жер  болғанымен,  одан  бергі  тоқтауды  Шыңғыс  лайықты  көрмеген.
Былтырдан бері бас қосқан жерде:
— Төре, біздің де есігіміз бен төріміз бар, атыңның басын біз жаққа да
бір  бұрсаңшы,  —  деген  Күзембайдың  өзін  Шыңғыс  осы  жолы  есіне
сақтаған.
Алдыңғы  пəуескенің  делбесін  ұстаған,  əрі  жол  жобасына  жүйрік
Дəрібекке  Шыңғыс,  ширақ  жүріп,  ханымды  балалармен  ыстыққа
ұрындырмай жеткізуді тапсырған-ды. Өзі болса жайлы жорғаның жүрісіне
сеніп,  шаршауды  ойламап  еді.  Қасындағы  нөкерлері  жайлы  да  ойына  еш
нəрсе алған жоқ-ты. Аға сұлтанның саяхат жүрісіне аттанардағы ойына бір
алғаны  жолшыбайғы  елге  салтанат  көрсете,  сəнді  жүру  еді.  Атшылыққа
ертіп  шыққан  оңтайлы  жас  жігіт  Тулақбайдың  астына  қамшыкесті  көбең
жирен  шобырды  мінгенін  қайдан  білсін.  Қасындағы  нөкерлерінің  аты  мен
жабдығында  олқылық  бар  деп  ойламаған.  Артына  бұрылмай  пəуеске
сорабына  төтелей  тартқан  Шыңғыс  бастаған  топтың  сəске  көтеріле  арты
шұбала  берді.  Мінгендері  жай  жүріске  аяңшыл  аттар  еді.  Əсіресе  шабан
жиреннің  көзі-басын  тер  жауып,  Тулақбай  кейінгі  топқа  тепеңдеп  зорға
ілесіп келеді.
Кейінгі  Ықылас  маңындағы  топ  өзекке  келіп  түсіп  аттарының  айылын
босатып,  өздері  желпініп  іркіліп  қалды.  Шыңғыс  тобы  пəуеске  қарасынан
көз жазбай, біраз жерге ұзап кетті.


—  Шырақтарым,  аттарыңның  біраз  ентігін  басып,  тынымдап  алыңдар.
Жер жобасы белгілі, бізді тоспаса барып түсе берер. «Басы ауырмағанның
тəңірімен ісі жоқ» дегендей, Шыңғыстың өз атының жорғасы жайлы болған
соң,  қасындағы  қарашының  қай  күйіне  күйзеледі.  Ана  Сал  мен  Əжібай
сорпасы  шыққанша,  төренің  түп  етегінен  жабысып  бағады  ғой,  —  деп,
Ықылас қасындағы жұртты бір күлдіріп алды.
— Жер ортасынан аудық, Көлбастаудағы Күзембай аулы енді алыс емес.
Осы  жерде  аттың  демін  басып  алып,  тартып  кетсек,  жетіп  барамыз.
Апекемдер  барып  түсе  берер,  —  деп  Шыңғыс  жолдағы  бір  бұлақтың
басына  келіп  ат  басын  тартып  тұра  қалды.  Сыр  бермей  шыдап  келген  Сал
мен  Əжібай  да  еріндері  кезеріп  əрең  дегенде  демін  алды.  Шыңғыс
жолдасының жартысы кейін қалғанын жаңа көрді.
— Өй, басқаларың қайда? — деді ол Əжібайға қарап.
—  Олар  əлгі  бір  əзірде  кейіндеп  қалып  еді,  əлі  жете  алмай  келеді.
Ықаңның  айы-күні  жетіп  жүрген  кісі  ғой,  жолда  толғатып  қалмаса  жарар
еді, — деді күліп.
—  Төре,  біз  бөлек-бөлек  болып  ұрысқан  кісіше  бытырап  бармалық.
Ханымдар  бара  берсін.  Біз  ана  Ықаңдарды  күтіп  алып  тұтас  жүрелік.  Сіз
аттан  түсіңіз.  Мына  салқын  қайнардың  суына  ауыз  шайып,  кішкене
салқындап алалық, — деді Сал.
—  Иə,  иə,  дұрыс-дұрыс,  —  деп  Шыңғыс  атынан  түсіп,  сыртқы  киімін
тастап,  əрі-бері  жаяу  жүріп,  ат  үстінде  құрысып  қалған  бойын  жазды.
Аттарының  айылын  босатып,  желпіндіріп,  қайнар  суына  қолы-бастарын
жуып,  өздері  де  сергіді.  Қайнар  бастаудың  мал  ізі  түспеген  көк  шалғыны
таңертеңгілік  самалынан  ырғалып  жасыл  жалтылмен  құлпырып,  алуан
түрге бөленіп тұр. Əлі балдырынан қайтпаған қырдың көк сүйрігі де көздің
жауын  алады.  Хош  иісті  Арқа  самалы  баяу  майда  еседі.  Табиғаттың
осындай  толықсып  тұрған  шағына  құмарта  айналаға  көз  тастаған
Шыңғыстың Ықаңдар тобына көзі тусті. Тепеңдеп топқа кейде жетіп, кейде
кейіндеп  келе  жатқан  шобыр  жирендегі  Тулақбайды  алыстан  тани  қойған
жоқ.
—  «Төреге  ерген  ерін  арқалар»  деген  қазақта  мақал  бар  еді.  Алдияр
төре,  далада  сол  күйі  қалып  қойсақ  та  артыңызға  көз  жіберер  емессіз  ғой,


—  деп  Ықылас  келе  бір  жағы  əзіл  де,  бір  жағы  наз  тəріздендіре  сөйледі.
Тепеңдеп əрең жеткен Тулақбайды көрсетіп:— Мына атшы жігіттің мінген
шобыры ауылдан шықпай жатып болдырып келеді, — деді.
— Иə, солай, болдырып қалды ма? Бұған неге жөнді ат бермеген, — деп
Шыңғыс Əжібайға қарады.
— Əлгі Жүкеңнің істегені ғой. Бір дұрысырақ тұғыр берсе қайтеді екен.
«Байдың малын байғұс қызғанады» деген осы да, — деді Əжібай.
—  Енді  тобымызды  жазбалық,  мына  Тулақбайдың  аты  би  аулына
Қаракөлге жеткізе ме, қалай? — деп Шыңғыс Салға қарады.
—  Төре,  сіз  оған  абыржымаңыз,  бəрі  өзіміздің  ел  ғой,  бір  лажын
табармыз, — деді Сал.
Шыңғыс  тобы  келіп  Күзембай  ауылына  жеткенде,  алдарынан  шыққан
екі  жігіт  ханымдар  түскен  ақ  үйге  Шыңғысты,  Ықыласты,  Салды  кіргізді
де,  басқаларды  ақ  үйдің  қатарындағы  жай  қоңыр  үйге  əкеліп  түсірді.
Ханым  есігінің  алдына  əкеліп  бата  тілеген  құла  құлынның  енесі  ауылды
айнала  шауып  кісінеп  жүр.  Осы  кезде  далаға  шыққан  Шоқанға  Жақып  та
ере  шықты.  Бұлар  үйді  айнала  бергенде,  анадай  жерде  екі-үш  кісі  құла
құлынды бауыздағалы аяғын буып жатыр еді. Дəрменсіз тыпырлап жатқан
құлынға Шоқанның жаны ашып кетті. Əсіресе құла биені аяды. Шоқан өз
ауылында да қонаққа сойған құлынды көргені барды. Бірақ оларға мұндай
мəн бермейтін. Ондайда көбінесе ойынға алданып елең де етпейтін. Жақып
болса:
—  Өй,  Шоқан,  көрдің  бе,  ана  құлынды  бізге  сояды,  бүйрек  жейміз,  —
деді. Шоқан оған алара бір қарап, қайта үйге беттеді, əжесіне келіп:
— Біз нағашым ауылына қашан жүреміз? — деді.
—  Қарағым,  неге  асықтың,  нағашың  ауылы  əлі  алыста.  Ауылдан
шықпай жатып жалығып қалдың ба, жүрістен, жаным-ау, бұл қалай? — деп
Айғаным Шоқанның басынан сипады.
—  Жоқ,  əже,  жүрістен  жалыққаным  жоқ,  мына  құлынның  енесіне
жаным ашып тұр.


— Қарағым төре бала, сіздерге бұйырған құлынның арманы не! Қасқыр
құлынын  жеп  те  талай  биені  шырқыратып  кетеді.  Бұл  қызыққа,  құрметке
сойылған құрмалдық қой, — деп Күзембайдың бəйбішесі масаттана күлді.
— Əне, Шоқанжан, ана шешеңнің айтқанын ұғып ал. Мал адам керегіне
жаралады. Қызыққа ұстағанның қырсығы жоқ дейді. Қасқыр да жеп кететін
құлын  деп  отыр,  —  деген  Айғаным  өзі  Шоқанның  əлгі  бір  балалық  жан
ашығыш ойын сейілткендей болды.
Құлын  етін  жеп,  күн  қайта  аттанған  жолаушылар  суыт  тартты.  Кешкі
салқынмен алыс жолдың біраз жерін еңсере басуға жобаланған.
—  Бүгін  кешке  Ажар  апам  ауылына  жетеміз  бе?  —  деді  Зейнеп
Əжібайға Терең жардағы Заманбек ауылынан аттанарда.
— Ат-көлік аман болса, түс ауа апаңыздың ақ дидарын көресіз. Көптен
бері көріспеген болсаңыз, ауыл сыртына түсіп, сіңлі кəдесін істерсіз, — деп
ағалық сыпайы əзіл айтты.
— Əже, сіңлі кəдесі деген не? — деп Шоқан Айғанымнан өзі білмейтін
бір бөгде жайды сұрады.
—  Шоқанжан,  сен  өзіңе  таныс  емес  нəрсені  білуге  ынтызарсың-ау.  Ол
жақсы  ғой.  Бірақ  кейбір  ұсақ-түйек  жайды  сұрай  берсең,  түртіншек
атанарсың, — деп күлді.
— Немене, əже, ол ұсақ нəрсе ме?
—  Ол  əйелдерде  болатын  ауыл  салты.  Мысалы,  апаңның  өзінен  үлкен
Ажар  деген  апасының  ауылына  бүгін  барамыз.  Олар  екеуі  екі  елге
ұзатылып  кеткен  бір  үйдің  қызы.  Бірін-бірі  көптен  көрмеген,  сағынған.
Сондай  жағдайда  сіңлісі  апасына  келсе,  ауыл  сыртында  көлігінен  түсіп
қалып,  жаяулап  алдынан  шығар,  амандасар  апасын  күтеді.  Сөйтіп,  екеуі
көрісіп,  сағыныштарын  айтып,  мауқын  басады,  —  деп  Айғаным  Шоқанға
ауыл салтының сирек болатын бір жайын түсіндірді.
Шоқанның арбада зерігіп отырғанын көріп əкесі:
— Шоқанжан, ішің пысып қалды білем. Алдағы ауылға барғанша мына
атқа  мінші,  —  деп  Шыңғыс  Шоқанға  атын  берді  де,  өзі  Зейнептің


пəуескесіне отырды. Еті қатып жарап алған аттар, зырлата жөнелді. Шоқан
қоңыр жорғаның артқы аяғын жайқап басып, құйрығын толқыта жылжитын
майда  жорғасына  салып  Ықылас  би  мен  Əжібайдың  ортасында  жүріп
отырды.  Күндегі  Ықылас,  Əжібай,  Сал  үшеуі  жолдағы  елдің  күндегі
қонақасы  құрметін  айтысып,  кейбіреулерінің  қандай  мақсатпен  төренің
ханымның асты-үстіне түскенін сөз етіп келе жатты. Əсіресе Күзембайдың
аз ғана айғыр үйірінен құлын сойғанын дарақылық десті.
—  Тобынан  ұстағансып,  шолақ  айғырының  үйіріндегі  он  шақты
құлынның  бірін  сойып,  мырза  кісі  болғансып  өлгенше  дариды,  —  деп
Ықылас  тыжырынып  айтты.  Күзембайдың  шала  бүлініп,  төре  алдында
жайылып төсек, иіліп жастық болуында үлкен сыр барын білетін Сал:
—  Қонақасына  қолқасы  да  олқы  емес  шығар.  Мына  аз  ғана  ауыл
Уақтың тізгінін қолына алғысы келетін көрінеді ғой, - деді.
— Е, Салым, солай деші. Мен ол жағынан гөрі басқаны ойлап едім, —
деді Əжібай. Сонымен, бұл өз тоқталып, жай əңгімеге көшті.
Қалың бозды, кер миық сары жазықта жайыла қонып отырған елдердің
ауылдарын
сағым
көтеріп,
толқын
үстінде
жүздіріп
жүргендей
бұлдыратады. Осындай ғажайып дала көрінісіне елігіп келе жатқан Шоқан,
өзі көп жайда өйлесе жүретін Салға:
—  Бағана  Ажа  ағаң  «Зеренді  көліндегі  Жаңбырбай  аулына  барамыз»
деген-ді. Сонда Зерендісі не, сіз білесіз бе? - деді.
—  Иə,  Шоқанжан,  осы  Зеренді  деген  сөзді  сен  түгілі  мен  де  анықтап
білген  нəрсем  емес.  Ел  аузында  айтылып  жүрген  белгілі  қоныс  аты
болғандықтан  кім  ойлапты.  Тіпті  жақсы  айттың-ау,  осыны  ауылға  барған
соң Етекеңнің өзінен сұрап білейікші, — деді.
— Əй, Сал-ай, сенің де кейде тəлімситін əдетің бар. Ерте кезде əйелдер
мұрнының желбезегіне «Зерен» деген зер салыпты ғой, сонан қойылған да,
— деді Ықылас өзінің белгілі мен білеміне салып.
— Онда кəлдің желбезегінде зересі болған ба, — деп Сал күлді. Əжібай
да теріс айналып күліп жіберді. Шоқан мына үш үлкен кісінің бір ауыз өзге
ерегісіп қалғанын байқап, əлемді тануға көңіл бөлмеген жұрттың ой өрісін
көргендей болды. Салдың кейінгі кекесінді қалжыңына орай ез айта алмай,


Ықылас қоңыр қасқа жорғасын селкектете тарта жөнелді. Бұдан кейін əзіл
тоқталып,  аттылар  тобы  буын-буын  болып  ширай  жүрді.  Олар  аласалау
кереге жалдың көк бұйра қарағайға бөленген етегін ала тартып отырып бір
қабақша  белестен  аса  берді.  Иек  астында  Жаңбырбай  аулы  отырған  үлкен
шалқар  көлдің  айдыны  аспан  əлеміне  төсін  керіп  жатыр.  Иірілген  толқын
ойнағына кеудесін төсегендей үлкен көл қанат жая кергиді. Көл иығындағы
ақ  ауылға  таяна  бергенде,  кейінгі  пəуескеден  түсіп  жатқан  Зейнепті  көріп
Əжібай:
—  Əне,  Зейнеп  ханым  апасына  жаяулап  барып  көрісуге  түсті.  Кəрі
қыздардың  сыңсып  көріскендерін  тыңдасаң,  дүниенің  қызығы,  —  деп
Салға қарап күлді.
— Неше кəрі қыз көріскенде қасында болып едің? — деп Сал тез жауап
қайтарды. Əжібай тосылып қалды.
Салт  аттылар  келгенде,  Етекбайдың  үлкен  баласы  Назымбек  бөлесі
Шоқанды  өзі  қолтықтап  атынан  түсірді.  Назымбек  Шоқаннан  ересек,
сыпайы жеткіншек екен. Кісілерді ертіп үйге алып жүрді.
Шыңғыспен  тізелесе  отырған  етжеңді  Етекбайға  Ықылас,  Əжібай,  Сал
қол беріп амандасты. Назымбекпен қатар кірген Шоқан да айрықша сəлем
беріп, Етекбайдың қолын алды.
— Ə, ханымның Шоқаны осы ғой, шырағым, бақытты бол, көп жаса, —
деп Етекбай айрықша ықыласын айтты.
Сапырылған  қымыз,  сойылған  мал.  Бірін-бірі  сағынып  көрген  апалы-
сіңлілі би қыздары мəре-сəре болып, əңгіме думанға бөленуде. Шыңғыстар
отырған  Етекбай  үйінде  ел  жайы,  шаруа  жайы  өз  болуда.  Бір  əредікте
Етекбай  ауылдарының  жайлауы,  қоныстары  айналасы  шоқ-шоқ  қарағайлы
əсем шоқылар боп келетін Зеренді көлінің келісті бітімі сөз болды.
—  Көлімізге  көздерің  түсіп  кеткен  екен.  Босат,  біз  қонамыз  дегелі
отырған жоқсыңдар ма? — деп тілмар Етек¬бай Əжібайға қарап күлді.
—  Оныңыз  рас,  Етеке,  «төренің  көзі  түсті  дегенше,  түйенің  иесі  кешті
деп  біл»  деген  сөз  бар.  Бұл  —  бір.  Екіншіден,  қоныс  ауыссаңдар  сөкеттігі
бар  ма,  екеуіңіз  бір  айдыннан  сұқсыр  ілген  сұңқарсыңдар,  —  деп  Əжібай
жайма-шуақ  жүйріктікке  салды.  Етекбай  мен  Əжібайдың  осы  бір


қайымдасқан  сөздерін  үндемей  тыңдап  отырған  Шоқан  ойына  тоқып
қалдырды. Қалтасына қарындаш, қағаз салмағанына іштей өкініп қойды.
— Етеке, мана Шоқанжан «Зеренді деген не нəрсе? » деп сұрап еді, біз
анықтап  айтып  бере  алмадық  —  сіз  білетін  боларсыз?  —  Əжібай  Зеренді
көлі жайлы сөз бастағанда, Ықылас қозғалақтап:
—  Басқа  сөз  таусылғандай-ақ,  Əжібай,  сенің  бүгін  көлдің  атын
анықтаудан-ақ қолың тимеді-ау, — деп ыңғайсызданып еді.
— Білмегенді сұрағанның артықтығы жоқ. Ықа, сіз Əжекеңді сөкпеңіз.
Білім  —  сұрау,  іздеумен  молығады.  «Іздегенге  алтын  жолығады»  деп
бұрынғылар əншейін айтпаған болар, — деді Шыңғыс Ықыластың орынсыз
өзімшіл намысына тоқтау салып.
—  Шоқанжан  дұрыс  сұраған.  Əкейлердің  бір  əңгімелесіп  отырғанда,
осы  көлдің  қалай  Зеренді  аталғанын  айтқандары  бар  еді.  Ол  кісілердің
айтуында  қарағайлы,  таулы  жерде  жүретін  зерен  деген  киік  тектес  бір
қоңыр  аң  бар  көрінеді.  Сол  аң  осы  қарағайлы  адырда  кеп  болады  екен.
Мына  көлден  су  ішіп,  қарағайды  қоныстап  жүрсе  керек.  Бертін  ел
қоныстап,  жазда  жайлау,  қыста  қыстау  еткен  соң  қоныс  іздеп  басқа  елі  аз
жерге  ауып  кетсе  керек.  Ертедегі  елдің  əдетінде  жерге,  көлге  ат  қойғанда,
сол
жерді,
суды
қоныстаған
аңның,
құстың,
балықтың
атына
байланыстырып атай береді ғой. Ана Арқада Бұғылы, Тағылы деген таулар
бар. Аюлы, Аршалы, Балықтыкөл, Шортандыкөл деген сияқты атаулар көп
қой. Сол сияқты зерен кəп қоныстанғаннан Зеренді аталыпты дейтін еді, —
деп Етекбай өте сенімді, орынды етіп айтып берді.
Зеренді  жайындағы  Етекбай  өзін  де  Шоқан  байыптай  ұғынып,  жаттап
отыр. Бір əредікте Шыңғыс:
—  Етеке,  сіздің  ана  Естек  Ыбырайға  айтқан  бір  сөзіңізді  ел  аузынан
естіп  сүйсініп  едім.  Өзіңізден  де  бір  сұрайыншы,  —  деп  Етекбайды
сөйлеткісі келді.
—  Аңдыспаса  аға  сұлтан  бола  ма.  Əлдеқайда  жүріп  бірінің  мүдірген
жерін екіншісі жерден жеміс тапқандай ұшықтай жүреді-ау, — деп Етекбай
ол əңгімені де баяндай жөнелді. Жайықбайдың Ыбырайы жарым патшаның
жанында  отыратын  төре  болыпты  деп  алып  қашып  жүрді.  Бір  күні
Ақмолаға  бара  жатып  əдейі  бұрыла  жүріп  келе  қалғаны.  Қолдан  келген


сый-құрмет сияпатымызды істеп күттік. Сөз арасында Ыбырай:
—  Етеке,  сізді  тілмар,  шешен  кісі  деп  ел  көтеріп  жүрген  соң,  үлгілі
сөзін  ести  кетейін  деп  əдейі  бұрылып  едім.  Ел  айтқандай  үлгілі  сөзді
тыңдай  алмай  отырмын,  іліп-тартпа  шотаяқ  тілді  ғана  екенсіз  ғой,  —
дегені.
— Шырағым Ыбырай-ай, біз от басындағы адамбыз ғой. Біздің сөзіміз
шотаяқ  тəрізді  іліп  тартпа  ұтымсыз  екені  рас  та  шығар.  Аға  сұлтан  ел
иелерінің де ашалап-ашалап, тастаған үлкен сөздерін ести алмай жүрміз-ау,
дедім. Ыбырай сазарып қалды, одан əрі сөз айтып арбаспадық. Салқын ғана
қош  айтысып  тарадық,  —  деп  Етекбай  Шыңғысқа  сұраған  сөзін  айтып
берді.
—  «Аңдамай  сөйлеген  ауырмай  өледі»  деген-ау.  Сізде  несі  бар  еді
соқтығып,  —  деп  Шыңғыс  өзінің  аз  сөзде  асыл  мағына  жатқанын,
аңғарғыш  ойын  көрсетті.  Үнсіз  тыңдаған  Шоқан,  тағы  бір  асыл  маржан
тапқандай  əсіресе  «аға  сұлтан  ел  иелерінің  де  ашалап-ашалап  тастаған
үлкен  сөздерін  көре  алмай  отырмыз»  дегенін  ішінен  қайталап  айтып,
жаттап алды.
Таң
салқынымен
ерте
аттанған
жолаушылар,
соқырлау
көш
жолдарының  сарынымен  зырлата  тартып  жөнелді.  Ендігі  жүрістері  суыт,
ширақ.  Қалайда  Қаракөлдегі  Қаржастың  қалың  елінің  ортасына,  би
ауылына жету.
Былайғы  жерде  көп  бөгеліс  бола  қойған  жоқ.  Сыпайы  қонақ  асы,
сыдырта  жүріс.  Төрт  күн  өтіп,  бесінші  күні  үдере  тартқан  жолаушылар
Қаракөлдің  қайқаңы  аталатын  көлбеген  белестен  аса  қалың  ауылдың
қарасына ауысты. Топ-топ жылқылар көл сағасынан өріске беттеп барады.
Салт  аттылар  Шыңғыс  жорғасының  сыдырма  жайқауына  ілесе
салпақтай еріп желе шоқырақтатып келеді.
Ауылға таяна бере Зейнеп тағы да пəуескеден түсіп, алдынан топталып
шыққан  сіңлі,  жеңге,  бауырларын  күтіп  тұр.  Айғаным  пəуескесіне  ілесе,
Шыңғыстар  тобы  жағалай  отырған  қалың  ауылдардың  ортасындағы
айрықша  салтанатты  Мұса  аулына  келіп  ат  басын  тіреді.  Айғаным  жолын
үлкен  тұтқан  Шорман  ауылының  жастары  алдарынан  шығып  қарсы  алды.
Зейнепті  қаумалаған  сіңлі,  жеңгелері  бір  топ  ерекше  сəнмен  өздеріне


арналған  үйге  кірді.  Күтіп  отырған  арнаулы  қонақтарын  би  аулы  асқан
құрметпен қабылдап, алуан сый көрсетіп жатыр.
Əсем əн, күндіз-түні күлкілі əңгімелер, əзіл-сықақтар да жаңғыра, өсіре
айтылуда.  Шыңғыс,  Мұса,  Ықыластар  тобы  көбінесе  үкімет  бұйрығы
жайлы сөздерді айтып, ел билеу жөнінде ойласа бірінен бірі сөз тартады.
Шоқан  бұл  ауылға  келгелі  үлкен  кісілер  қасынан  қашықтап  кетті.
Өйткені,  құсбегі  сауықшыл  нағашы  ағасы  Аужан  бастаған  жастар  тобы,
қадірменді  жиен  Шоқанға  өз  елдерінде  бар  деген  тамашаларын  көрсетуде.
Ауыл өмірі қашан болсын бір қалыптас. Атқа міну, құс салу, ит жүгірту —
ең  тамаша  ойын  осы  ғана.  Оның  бəрі  Шоқанның  өз  ауылында  көргендері.
Жəне мына қырық күн шілдеде бүркіт аңға салынбайды, тұғырда отырады.
Тазыны да ыстықта қызыл табан болады деп аңға қоспайды. Тек бұл жазда
обалсынбаса,  балапан  ергізген  құсты  аямаған  құсбегілер,  қаршыға,
тұйғынды ғана ата қаз, үйрекке салады. Дегенмен өз ауылындағы қаршыға
салу əдісіндегі ерекшелікті көрсетуге ойланған Аужан:
—  Біз  Шоқанға  даңғаза,  дабылмен  құс  алдыруды  көрсетеміз,  —  деді
Мұса ағасының үйіндегі аға қонақтарға сəлем бере келіп.
Аужанның  ондағы  ойы  қаршыға  салудың  даңғаза  дабылын  үлкендер
көрем  десе  жүрсін  деген  ойы  еді.  Өйткені  оны  шығарып  жүрген  өзі
болатын.  Аужанның  даңғаза  дабылы  десіп  Қаржас,  Сүйіндік  елдерінің
қаршыға ұстағандары əсіресе айналдырып алған-ды.
Шоқан  келген  күннің  ертеңінде  күміс  ер-тоқыммен  жабдықтап
мінгізген  боз  жорға  дөнен  аса  бір  əсем  болатын.  Жақып  та  Мұстапа
нағашысының  үйінен  бір  қара  құнанды  жабдықтатып  мінген.  Қаракөлдің
жалпақ  айдынынан  қаршыға  салуға  болмайтын.  Аужанның  даңғаза
дабылына  ыңғайлы  көлі  —  Қазанкөл  деген  саумал  көлден  бөлінген,  бір
ойпатқа  біткен  шағын  кемеш  Қамыстыкөл  болатын.  Бұл  көлге  қамысы
қалың  болғандықтан,  қаз,  үйрек  көп  қоныстап,  жаз  бойына  құс
арылмайтын.
— Осы, Аужан, сенің даңғаза дабыл дегенің қандай өзі. Аты жақсы емес
екен. Даңғаза деген мағынасыз бос даурық деген сөз ғой, — деді Шыңғыс
балдызына күле қалжыңдап.
—  Жезде,  сіз  өзіңіз  бірге  жүрсеңіз  көресіз,  ол  даңғаза  дабыл  дегеннің


екі  түрлі  қызығы  бар.  Бірі  —  қаршыға  ұстаған  құсбегінің  барлық
қаршығасы қатар ұшырылып, кімнің құсының қыран екені анықталады. Ат
жарысы  сияқты  бұл  қыран  жарысы.  Ал  екінші  бір  тəуір  жағы  —  аң
тамашасын көруге елдің бəрі қатысады. Жеке қаршыға салушылар «сендер
дыбыстап  құс  үркітесіңдер»  деп  қасына  көп  кісі  ертпейді.  Мына  даңғаза
дабылда  қызық  көрем  деген  бала-шағаға  дейін  тобымен  барып  жабыла
дабыл  қағып,  өздері  құсты  бірге  салысады,  —  деп  енді  даңғаза  дабылдың
əдісін  əңгімелей  жөнелді.  —  Егер  сіздер  жүреміз  десеңіздер  ертең  таң
бозынан барамыз. Осы маңдағы барлық қаршығасы бар құсбегілерге хабар
айтып  жиналамыз.  Құсқа  барған  барлық  кісі  тапса,  дабыл  алып  барады,
таппағаны  тоқымын,  етігінің  қонышын  сабалап,  көлді  жағалай  тұсынан
келіп  дыбыстайды.  Жан-жақтан  дабыл  қағылып,  андыздаған  қаршығаның
ұшқанын  көрген  қаз,  үйрек  ұйлығып,  көл  төбесінде  шыр  айнала  ұшады.
Сол  кезде  қыран  қаршыға  қалаған  құсын  қағып  түсіре  береді.  Аужанның
мынау айтқан əдісі көңіліне қона кеткен Ықылас:
Біз де барып көрелік, — деп, Шыңғысқа қарады.
— Жақсы, жақсы, баралық, — деді Шыңғыс сөз бұзбайтын əдетімен.
Кеше кешке байлаған уəде бойынша Аужан жылқышыға тапсырып атты
ерте  алдырып,  таң  бозынан  аттанды.  Ол  ерте  жүрісті  Шыңғыстарға  да,
барлық  қаршығашыларға  да  айтып  қойған.  Қаршығасын  алып,  Шоқанды
өзімен  қатарластыра  атқа  мінген  Аужан  ауылынан  шыға  бере  күрең
дабылын Шоқанға берді.
Бұлар Мұса ауылына келгенде мұндағылар да дайын екен. Шыңғыстың
қасында тұрған Жақып Шоқанның қолындағы дабылды көріп:
— Атеке, мен де, маған да дабыл алып бер, — деп қыңқылдап қоймаған
соң, атшы Тулақбайды шақырып алып, Шыңғыс:
—  Мынаған  да  біреуден  дабыл  алып  берші,  —  деді.  Иса  ауылынан
қаршыға  ұстап  келген  үш-төрт  жігіттің  біреуі  ерінің  алдыңғы
қапталындағы  анжымаға  кішкене  қара  торсықша  байлап  алыпты.  Соны
көріп Тулақбай:
—  Жігітім,  мынауың  да  дабыл  ма,  əлде  сусын  құйып  алғансың  ба?  —
деп еді, əлгі жігіт күліп: — Даңғаза дабылға барған кісі дабылсыз жүре ме,
менікі дауылпаз деген ең үлкен дабыл, — деді.


— Онда дауылпазыңды ана жиеніңе берші, дабыл тауып бер деп төренің
мазасын алып тұр!.
— Е, жарайды, жиеннің қалағаны торсық болса, — деп ол жігіт шешіп
берді. Тулақбай торсықты əкеліп Жақыпқа:
—  Мынау  дауылпаз  деген  дабылдың  ең  үлкені  екен.  Мұның  дыбысы
шыққанда,  аспаннан  үйрек  өзі  жүрегі  ұшып  жерге  құлай  беретін  көрінеді,
—  деп  ерінің  алдыңғы  қапталындағы  анжымаға  байлап  берді.  Басында
ыңғайсыз  көріп  тұрса  да  «ең  үлкен  дабыл»  дегенде  танауы  делдиіп  кетті.
Шоқанға жетіп барып:
—  Көрдің  бе,  мына  менің  дабылым  дауылпаз,  ең  үлкен  дабыл,  —  деп
мақтанып,  қайта  əкесіне  қарай  шоқыта  жөнелді.  Дауылпаз  деген  сөзді
бірінші естіген Шоқан, қасындағы Аужан нағашысынан:
— Нағашы аға, дауылпаз деген не? — деп сұрады.
—  Ана  тентек  Жақыпты  алдаған  ғой,  ол  дауылпаз  емес,  жай  кішкене
сусын  құятын  торсық  қой.  Қолында  дабылы  жоқтар  кейде  шу  көтеріп
дыбысты  жаңғырықтыруға  ондай  торсықты  да  алып  шығады.  Ол  ана  Иса
нағашы  ағаңның  балаларының  шығарып  жүрген  қылжағы  ғой.  Дауылпаз
деген үлкен жорыққа қол аттанарда соғылатын дабыл. Оны шеңберлеп иіп,
ағаш кергіге керіп, жұқа серке терісінен жасайды, — деді Аужан.
Қазанкөлге таяна бергенде əдеттегі əдістерін істеп қаршығашылар топ-
топ  болып  бөлініп,  көлдің  жан-жағынан  қаптай  келіп,  құстарын  дайын
ұстады.  Сол  кезде  көлді  жиектеп  қаптаған  қалың  кісілер  дабылдай  лап
қойды. Көл бетінен ду етіп ұшқан қаз, үйрек дуылдан қорқып сапырылыса
бергенде,  жан-жақтан  аспанға  атып  шыққан  қыран  қаршығалар  шапыр-
шұпыр  айқасып,  бір-екеуі  қаз  ілді.  Алғашқы  бетте  аңырып  қалған  Жақып,
бір  əредікте  торсықты  тарс  еткізіп  қағып  қалғанда  қара  құнан  атып  кетіп,
жерге  топ  ете  түсті.  Ымқырулы  Тулақбай  тұра  жөнелген  қара  құнанды
ұстап əкелді.
— Ə дауылпаз, қалай, дабылыңның өзіңе əлі келді ме? — деп Шыңғыс
баласына  қарап  күлді.  Ұялып  қалған  тентек  Жақып  үндеместен  келіп
құнанына мінді.
Алғашқы  көтерілген  құсқа  жіберген  бетінде  бір  ата  қазды  іліп  түскен


Аужанның көк қаршығасы, қайта ұшып тағы бір үйректі қағып түсті. Басқа
қаршығалар  да  бір-бірден  қаз,  үйрек  алды.  Құс  тамашасына  қарық  болған
топ күн көтеріле ауылға оралды.
Қайтып келе жатқанда Шыңғыс балдызының əдейі жанына тие:
— Мына əдісің əсемдік емес, ту-тулақайлау екен. Қара қарғаша үймелеп
жүрген құсбегілікте онша қызық бола бермейді ғой, — деді.
—  Атеке,  мұндай  қызықты  бір  кісі  көргеннен,  көптің  көргені  жақсы
емес  пе?  —  деді  Аужанның  қасында  келе  жатқан  Шоқан.  Баласының
нағашысына  араша  түскеніне  сүйсінген  Шыңғыс  үндеген  жоқ,  жымиып
күле берді.
Осындай  ойын-сауық,  тамаша  қызықпен  бір  жұмадай  жатқан  Айғаным
ханым  Шыңғысқа  қайталық  деген  ойын  айтып,  жүру  қамы  істелді.
Алдымен  Мұса  мырзаның  ханым  құдағиына,  қарындасына,  жиендеріне
арнап  дайындаған  сыйлықтарын  ұсынды.  Би  ауылының  басқа  отаулары  да
қарап  қалған  жоқ.  «Екі  бай  құда  болса,  арасында  жорға  жүреді»  дегендей,
аға  сұлтан  ауылының  жиендері,  аға  сұлтан  күйеу,  ханым  құдағи  айта
қаларлықтай сыйлыққа бөленді.
Аттанар  алдында  Мұса  ауылына  жиналған  би  балалары  қонақтарын
ортаға  ала  отырып,  өздерінің  сəн-салтанаттарын  мадақтады.  Құсбегілік,
аңшылық,  ат  салтанаты  сөз  болды.  Мұстапаның  Көкбесті  атанған  бəйгі
атының  өткен  жылғы  бір  ұлан-асыр  аста  жүз  аттың  алдынан  келгені
айтылды.
—  Осы  Көкбестінің,  сірə,  қанаты  бар  ма  деп  қалдым,  —  деді
Мұстапаның  қасында  отырған  ат  бапшы  Жарқынбай  деген  мақтаншақ
көтермешісі.
— Жылқыда қанат болады дейсіз бе, ол əншейін көтермелеп айтқан сөз
ғой,  —  деді  Шыңғыс  Жарқынбайдың  Мұстапаға  жағына  айтқан  орынсыз
мақтауына.
— Төре күйеу, мен оны əншейін айтып отырғаным жоқ. Алтай еліндегі
былтырғы аста, мына Қаракесек, Қуандықтан, Сүйіндік, Тарақты, Тамадан
аяғының  желі  бар  не  саңлақ  келген  ғой,  жүзден  аса  атты  айдап  шыққанда
біздің  мырзаның  Көкбестісі,  жай  бір  күйкі  ғана  шобыр  тəрізді  болып


көрінді.  Ішімнен:  «Я,  бидің  аруағы,  өзің  қолда»  деп  Көкбестінің  жанына
келіп,  қашан  ат  айдауға  кеткенше  тұрдым.  Сонда  Көкбесті  жануар  ешбір
желікпейді-ау! Тек бір қалыпты салмақпен аяңдап, кейде төсін жерге тигізе
керіліп,  созылып  бойын  жазады.  Сонан  бір  мезгілде  ат  алдынан  келеші
баратын болды. Келешіге мен өзім кеттім. Көзіңіз жамандық көрмесін, біз
келеге таянғанда үш ат түйдек келеді екен. Қарасам біреуі Көкбесті, біреуі
бір  қара  ала  ат,  біреуі  қанжырдай  жирен  ат.  Сонан  аруақтап  кеп
шылбырына  жанаса  бердім.  Үстіндегі  бала  да  қу  еді,  аттың  басын  аздап
іркіп  келеді  екен.  Мені  көрген  соң,  о  да  айқайлап,  тақымын  қысты  білем,
Көкбесті сытылып шыға берді. Мен айқайды салып ұрандап келем. Көзіңіз
жамандық  көрмесін,  Көкбесті  құйындай  ұйтқып  ағып  берді.  Мен  ілесе
алмай  қалып  қойдым.  Сонда  көрдім,  Көкбестінің  тіпті  аяғы  жерге  тимей,
тура  қалықтап  ұшып  барады.  Тек  жануарға  көз  тимесін  деп  көзімді  жұма
бердім.  Басқа  аттан  бір  шақырым  бұрын  келді.  Мен  дəлелсіз  айтпаймын
ғой. Жарықтықтың қанаты бары бар, — деп, Жарқынбай сөзін аяқтады.
— Мына Мұстапа балдызымыз ол сияқты жүйрігінің түрін де көрсетуге
қызғанады, — деп Шыңғыс Мұсаға қарап күлді.
—  Иə,  ол  балдызыңның  ондай  мінездері  болуы  мүмкін,  —  деп  Мұса
жымиып еді:
—  Мен  екеуіңдей  шенге  шіреніп  жүрген  төре  емеспін.  Ат  қызығы,  құс
қызығымен  алданбағанда  қайтемін.  Мына  атымды  көрдің  бе,  деп  кімнің
алдына жалбақтаймын, — деп Мұстапа белгілі томырықтау мінезіне салды.
—  Осы  Мұстапа  өзі  сараң  да  ғой  деймін.  Бидің  басқа  балалары  ат
жалына қолы жаңа жеткен жиендеріне қалағаның бар ма, сұрағаның бар ма
деп  жатыр.  Мұның  аузынан  соны  да  естігеніміз  жоқ,  —  деп  Шыңғыс
Көкбестіге көңілі ауайын деген сырдың шетін шығарды.
— Жиендер əлі жас қой, ат баптар жасқа келгенде, онысын да көрерміз,
— деп Мұстапа Шыңғыстың алдын орағытты.
— Бəсе, сараң дегенім дəл шықты ма. Көкбестіге жиендер қолқа салар
деп,  ат  баптар  деген  өздерді  көлденең  тартып  отырсың-ау,  ə?  —  деп
Шыңғыс күлді. Бағанадан үндемей тыңдап отырған Шоқан:
— Атеке, өзімізде де жүйрік бар ғой. Бізге керек жүйрік оған керек емес
пе? — дегені ғой.


Шоқанның кісіден сұрау, біреудің дүниесіне қызығу дегенді жек көретін
мінез білдіргені Мұсаға сондай ұнады.
—  Шоқанжан,  бері  келші,  Мұстапаның  атынан  сенің  мына  сөзің
əлдеқайда жоғары шықты-ау. Бақытты бол. Аман болсаң, қай жүйрік сенен
құтылар дейсің. — Осыны айтып Шоқанның маңдайынан иіскеді.
Қаракөл  басынан  түс  ауа  аттанған  Айғаным  пəуескесі  Құсмұрын
қайдасың  дегендей  кешкі  салқынмен  тартып  кетті.  Айдын  көл  алқабында,
алшақ-алшақ қонып, қанат жайған Қаржас елінің қауымы қала берді. Мұса
үйінен өзіне арнап мінгізген жорға құнанына мінген Шоқан əкесімен бірге
салт аттылар тобында бара жатты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру