Бастауыш сынып оқушыларының эмоционалды және сезім күйлерінің ерекшеліктері
Г.П.Асанова
«ДҮНИЕ» колледжі, Ақтөбе қаласы
Ғылыми жетекші:А.М.Бекмурзина
Тақырыптың өзектілігі: Бастауыш сынып оқушыларының эмоцианалдық ерекшеліктерін қарастыра отырып, оқушылардың сезім күйлерін зерттеу. Психологиялық зардап шекен бастауыш сынып оқушыларының психологиялық күйін реттеу.
Өзінің танып білгеніне және істеген ісіне адам қатынасының әсерлерін сезім немесе эмоция деп атайды.
Сезім барлық психикалық процестермен тығыз байланысты, көптеген жағдайларда сол процестер сезімді туғызады,ал сезім оларға өз тарапынан ықпал жасайды.
Сезім көзі өзі қабылдайтын айналадағы заттар мен құбылыстарының сапалары туғызатын қажеттіліктер,талап тілектер болып табылады. Біздің істейтін әрекетіміз,оның жетістігі мен кемшіліктері де сезім туғызады.
Сезімнің көз -түйсік,ал түйсіктің өзі біздің әсерлеріміздің ықпалымен жиі өзгеріп тұрады.Көңіл күйіне қарай адам бір затты әр түрлі қабылддайды.Эмоция адам есімен тығыз байланысты.Біздің алған барлық әсерлеріміздің,яғни белгілі бір сезіммен қабылдап,есімізде қалса, онда өткендерді еске алудың өзі бізде қандай да болсын бір сезім туғызады.
Сезім адамдардың әрекеттенуіне түрткі болады. Сезімдер қоғам дамуына байланысты.Жұмыс жемісіне селқос,немқұрайлы қараған жерде оның сапасы да төмен болмақ. Сезімнің шығармашылық жұмыста ерекше маңызы бар.Ақын,суретші,ғалым,өнертапқыштардың жұмыс процестеріндегі көтеріңкі көңілі,шабыты сезіммен тығыз байланысты. Сезім адамның барлық таным процестеріне үлкен рөл атқарады.
Оқу тәрбие жұмысында сезімнің қаншалықты мағызды екендігі педагогтің есінде болуы қажет.
Мектеп оқушылары немқұрайдылық туғызатын сабақтан гөрі,күшті жағымды эмоция туғызылатын білімді тез де баянды игерді. Сабаққа үлгерімі және тәртібі үшін мақтау алудан балада әдетте жақсы сезім пайда болады,ол оқуын одан әрі күшейте түсуге жақсы ықпал жасайды.Құптамау,ұрысу,жазалаудан әдетте оқушыларда жағымсыз эмоциялық жағдай туғызады,осындай ренішті істі қайталамауға итермелейді.Тәжірибелі мұғалім тиісті әдетті сақтай отырып, балалардың жағымсыз эмоциясында пайдаланады.
Сондықтан сезімдер – өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне,өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан фомаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады. Демек,адамның өмірі қоғамға байланысты,оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет.
Олай болса сезімнің ерекшелігін қарастырсақ. Сезімдердің бірінші ерекшелігі,адамның сезімдері де қоғамдық сипатта болып табылады,сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдері эмоциялардан айыра білу қажет.Сезімдер мен эмоциялардан бірнеше сапалық ерекшеліктерінің бірін қарама-қарсы полярлық сапалықтар деп атайды.Мысалы сүйсіну-сүйсінбеу,көңілдену-қажу,шаттық-уайым. Осы секілді сапалар өзара полюске ажырап,бір-біріне қарама-қарсы мағынада болады.
Сезімдердің екінші ерекшелігі олардың актив және пассив болып бөлінуінен көрінеді. Адамға күш беріп,әрекетке ұмытыдыратын, көтеріңкі сезімдер мен эмоцияналдарды-стеникалық грек сөзінен алғанда қазақша күшті деген мағынаны білдіреді деп атайды.
Сезімдердің үшінші бір ерекшелігі-жігірлену және көрнеуден босану немесе шешілу. Бұл да –сезімнің қарама-қарсы сапаларының бірі. Мәселен,студенттердің емтиханнан өтуі,спортпен айналасатын адамның мәреге жетуі шешуші кезеңдер болып табылады.
Ал келесі эмоцияға келер болсақ, эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады.Олардың бір тобы жағымды не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тіршілік қажетіне орайлас,оның ішкі өмірінің шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бірі болып табылады.
Эмоциялардың енді бір тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делінеді. Бұлар-белсенді әрекетке азды көпті нұқсан келтіретін тұрпайы сезімдер. Мұндай эмоцияға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену жатады.
Шамадан тыс күшті тітіркендігіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Кісі ұдай ықинала беретін болса, оның діңкесі құрып,берекесі кетеді. Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс ағылшынан алынған сөз қазақша мағынасы шамадан тыс зорлану деген мағынаны білдіреді деген терминмен белгілейді.Мұндай қолайсыз жағдай жүйке жүйесінің жұмысын да, дене күшіне де нұсқан келтіретіндіктен адам өзінің сыртқы ортамен байланысын үнемі қадағалап,реттеп отыруы қажет.
Күрделі эмоциялар-адамның мінез-құлқын ерекше сезім сарынына бөлеп,азды көпті ұзаққа созылатын,өте берік әсерлер туғызады. Кейде сезім кенеттен айда болып,қарқынды өтеді,бірақ біршама тез басылады. Осы ұзаққа созылатын қысқа әсерлерді психикалық не эмоциялық жағдайлар деп атайды. Олардың қатарына көңіл-күй, аффект, құмарлық жағдайлар жатады.
Күрделі эмоциялар-адамның бірі-көңіл-кейпіне қарап адамдарды шат-жайдары, жылы жүзді,ызалы түсі суық деп ажыратады. Адамның көңілінне айналасындағы қоршаған дүние әсер етіп отырады. Егер оның қызметі жақсы жүріп жатса,отбасы жағдайы жарасымды болса,көңілі де көтеріңкі болады. Өмір тіршілігі үшін елеулі маңызы бар оқиға да адамның көңіліне үлкен із қалдырады.Мәсселен адамның көптен айналасып жүрген ісі оңғабаса, бірнәрсеге қолы жетпесе ол шат –шадыман күйге түседі.
Көңіл - күй деп біршама бәсең, бірақ әжептәуір ұзағырақ,психикалық процесстер мен адамның барлық мінез құлқында көрінетін жалпы эмоциялық жағдайларды айтады. Кім-кімнің де көңілі күйі нашар болса, ешбір негізсіз көңілі жабырқап,не болса соған абыржып қалады. Кей кездерде адам ешбір себепсіз-ақшаттық жағдайда болады. Осы кезеңдерде оған барлығы тамаша болып көрінеді.Басқа көңіл күйде болса көңілін бөлмейтін нәрсеге ол қуанады.
Эмоцияның бір түрі-аффектер.Аффектер-қысқа уақытқа созылса да бұрқ етіп, қатты көрінетін эмоцияның бір түрі.
Аффектілік жағдайдың тууы ми қыртысында күшті қозу бөлігінің болуымен байланысты.Осының салдарынан тежелу процесі бәсеңдейді және ми қыртысында төменгі бөліміндегі орталықтарынан келіп жататын импульстер тасқынын бақылап, басып отыру мүмкіншілігін үлкен ми сыңарлары қыртысы айырлады.
Сөйтіп,ми қыртысы мен ми қыртысының төменгі бөлімінің аралық қажеті іс-әрекеттінің тепе-теңдігі бұзылады, мұндай эмоциялық қозулармен әрбір адам күресе алады. Аффект жағдайына келген мұғалімнің оқушыларға бірден жаза беруіне болмайды,өйткені дәл сол уақытта педагог жазаны әділетсіз шешуі мүмкін,ал берілген жазаны бұзу қиынға түсетін мәлімет.
Алайда,бұл бастауыш мектеп жасындағы балаларда көбіне жақсы көретін мұғалімнің көрсеткен жылышырайы, бағаны түзету үшін келесіде сабақ сұраймын деген уәдесі баланы жұбатады, сөйтіп аффектлік жағдайдан құтылады.
Алқұмарлық-адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті,терең,түрақты эмоция деп айтуға болады.Егер ғылым мен өнерге,еңбекке құмарлықты ұнамды десек, дүниеқұмарлық, баққұмарлық,ойынқұмарлықты ұнамсыз құмарлық дейміз.Құмарлық кісіге жүк артады,міндеттілік туғызады,міндет борышты етеді,бұлар еңбекке жүктейді,еңбек ғылым мен өнерге ашылған жол -деп Абай адамға қажетті құмарлықтың психологиялық табиғатын жақсы көрсеткен.
Мұғалімнің басты міндетінің бірі-оқушылар санасына интеллектік сезімдерді қалыптастыру. Интелліктік сезімдер адамның санасына орыналса, шындықты аша түсуге құмары арта түседі,мұнандай ол асыл мұрат үшін күреске белді бекем байлайды. Кез-келген шығармашылық жұмыс интеллектік сезімдермен байланысты.Сезім және адамның жеке басы Адамның ой еркімен қатар, сезім де-адамды сипаттайтын маңызды психикалық процесс.
Балада эмоциялар мен сезімдердің дамуы Мектеп жасына дейінгі балалар эмоцияларының басты ерекшелігі -тұрақсыз,тұрлаусыз, нақтылы да мәнерлі қозғалыстарға толы келетіндігі. Мектепке түсу-бала сезімдерін жүйелі, жоспарлы түрде тәрбиеуледің негізгі жолы. Төменгі сынып оқушылары да аса сезімтал, эмоциялы келеді.Бұл балалар сергек,жайдары,ақкөңіл,сеңгіш, аңқау,әділ,болып келеді.Олар кез келген нәрелердің бәрін қабылдап қызықтап таңырқайды және өзінің қатынасын белсенділікпен білдіріп отырады. Бала сабақ үстінде бір қалыпты отыра алмайды,өйткені өзіне ие бола алмайтын балалар. Сыныбы жоғарлап,есейген сайын оқушы мұндай қылықтарын аңғара бастайды.Осы жастағыларда бірінің істегенін екіншісі де қайталағысы келетін бір қасет бар. Мектепке баланың жоғары сезімдердің негізгі мектепке дейінгі тәрбиеде қаланады.Осы кезде бала біреуді жақсы көреді. Бала жақсы адамдардай болғысы келеді.3-4 сынып оқушыларының сезімдері бірте-бірте күрделеніп түседі,олар көңіл-күйін бірқалыпты етіп ұстауға үйренеді.
Мұғалім осы жайды әр кез есіне қатты ұстануы қажет. Сабақ үстінде,сабақтан тыс жерлерде оқушылардың эстетикалық сезімдерін тәрбиелеп отырудың да қаншама маңызды нәрсе екендігі белгілі. Оқу кітаптарының бетіндегі түрлі суреттер мен иллюстрациялар, мұражайларға, саяхатқаапару т.б-сынып оқушыларының эстетикалық сезімдердін тәрбиеуледе болмайды. Мүмкіндігінше бұл сезімдерді бала өз басынан кешіру керек. Олардың өмірінде іс-әрекеттінде шынайы жақсы сезімдер орын тепсе,балаға да үлгі-өнеге болатын табиғи нәрсе.Бала еліктеуге жарарлық үлгі-өнеге көрмесе оның сезімдері де дұрыс дамымайтын болады.Ұжым балаларда борыш, жауапкершілік, ар-ұят сезімдерінің қалыптасуына жақсы әсер етеді. Жеке мүддені ұжым мүддерісіне бағындыра алу-ең тамаша қасиет.
Балалардың осындай борыштық, жауапкершілік сезімін баулу-мұғалімнің басты міндетті.Бастауыш сынып оқушыларында ұялу сезімдері де одан әрі жетіле түседі. Ұялу-баланы жағымсы зіс-әрекеттен тоқтатып отыратын күшті моралдық сезім. Баланы орынсыз ұялта беру де дұрыс емес. Бұл баланың өз күші мен қабілетіне сенімін жоғалтып,онда ұялшақтық пен тұйықтықтың дамуына жағдай жасайды.
Бастауыш сынып оқушыларының достық,жолдастық, сезімдерінің нышанын байқауға болады.Бұларды шын мәніндегі тұрақты дос деп айтуда қиын. Бірінші,екінші сыныптағылар үшін оған ұнаған баланың бәрі дос болып көрінеді. Өйткені не үшін дос болатындарын аңғара алмайды. Осы кезде олар достарын жиі алмастырып отырады,бүгін бір баламен дос болса, ертең екінші бір баламен достасады.
Төменгі сынып-оқушыларында интеллектік сезімдер де байқалады. Алғашқы кезде сезімдер оқу процесінің мазмұнынан оқшауырақ тұрады. Бірақ бала біртіндеп өзінің оқудағы міндетін түсіне, оның нәтежесін көре бастаған кезде, оқуға қызығушылық пайда бола бастайды, Бір сабақты басқасынан жақсы көріп, көбірек қызығып оқиды да,мұндағы өзінің табысына рахаттанады. Бұл-ондағы интеллектік сезімнің нышаны.
Жеткіншектерде басқа кезеңдегі балаларға қарағанда қыңырлықты, мінезіндегі ерекшеліктерді аңғарута болады. Балалар мен жеткіншектердің эмоциялық көңіл-күйі үлкендер сияқты аралық ерекшеліктері болады. Алғашқы балалық және мектепке дейінгі кезеңде сезімдер негізінен темпераментпен байланысты, сонымен қатар мектепке дейінгі кезеңде сезімдер қалыптасып келе жатқан мінез, қызығулардың көрінісі болып табылады.
Пайдаланған әдебиеттер
1.Жұмасова.К;Психология оқулық 2-басылым -Астана;Фолиант,2006;
2.Егенисова А.Қ Психология:Оқу құралы - 2010;
3.Тәжібаев Т. Жалпы психология: Оқуқұралы.-Алматы:Қазақ университетінің баспасы,1993;
4.Бап-Баба С.Б. Жалпы психология (жантану негіздері)-Алматы 2007.
Достарыңызбен бөлісу: |