6 бөлім Трансформаторлар 6.1 тақырып Қауіпсіздік ережелермен және өндірістік санитариямен танысу Майлы трансформаторлардың құралымдық орындалуы, оларға қызмет көрсету. Майлы шаруашылығының аппараттурасы. Майлы трансформаторларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өндірістік санитария мен қауіпсіздік ережелері.
6.2 тақырып Бөлшектеу және құрастыру Трансформатордың паспорттық берілгендірі. Күштік трансформатор орамаларын жалғау сұлбасын және кірмелерін белгілеу.Бірінші габаритті күштік трансформаторларды бөлшектеу және құрастыру кезіндегі аппаратураны, май өлшеуіш құрылғыларды, қорғаныстық жерлендіруді жөндеу кезіндегі операциялардың жүйелілігі және жұмысты қабылдау.Жұмысты орындау кезіндегі механизация құралдары мен құрал-саймандар.
Білім алушылардың жұмысы:трансформаторлардың паспорттық берілгендерімен танысу; майлы трансформаторларды қарау және бөлшектеу; орамалардың күйін анықтау; қайтаруларды орналастыруэскизін жасау, қайтаруларды таңбалау; кірмелерді тексеру; бак пен радиаторларды тазалау; арматураны жөндеу; төсемдерді ауыстыру; майөлшеуіш құрылғыларды, жерлендіруді тексеру және жөндеу; трансформаторды құрастыру.
6.3 тақырып Трансформатордың қуыс бөлігін профилактикалық жөндеу Магнитөткізгіштің ақауларының түрлері және оларды орындау тәсілдері.Магнитөткізгішті және бұрамасұқпа тартпасын (стяжка шпильки) жөндеу кезіндегі операциялардың жүйелілігі және жұмысты қабылдау.Жұмысты өндірудегі материалдар мен аспаптар, механизация құралдары мен құрал-саймандар.Жұмысты атқарудағы қауіпсіздік шаралары.
Білім алушылардың жұмысы:трансфломатордың активті бөлігінің сыртын қарау; пресстеу тығыздығын тексеру және магнитөткізгіш жапырақтары немесе ярмолық арқалық пен жапырақ арасындағы оқшаулама күйін тексеру; магнитөткізгіштің ұсақ ақауларын жою; бұрамасұқпа тартпасын ауыстыру; магнитөткізгішті ауыстыру; магнитөткізгішті құрастыру; қайтару және тарту бойынша орамалардың бүлінулерін қайта оқшаулау бойынша жұмыстарды қабылдау.