Дайындаған: Социал Алуа Тексерген: Ильяшова Бақытгүл Пәні: Балаларды қоршаған ортамен таныстыру. Тақырыбы: Халық ырымдары. Жоспар



Дата05.06.2021
өлшемі236.02 Kb.
#64883
Байланысты:
Презентация Ырымдар.
Документ, Презентация Ырымдар., Реферат музыка

Дайындаған:Социал Алуа

Тексерген:Ильяшова Бақытгүл

Пәні:Балаларды қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы:Халық ырымдары.

Жоспар:

1)Ырымдарға тоқталу

2)Қазақтың ырымдары

3)Шет елдер ырымдары

4)Қортынды.

Мақсаты: Халық ырымдарын танып білу, қызықты ырымдарды зерттеу,ырымның бала тәрбиесіндегі маңызын білу.

Ырым дегеніміз өз алдына бір жақсылықтың немесе жаманшылықтың хабаршысы, адамды сақтандыратын белгі іспетті. Сонымен қатар, қазақтарда нені істеуге болмайтыны туралы «тыйым» ұғымымен байланысты ырымдарда бар.

Қазақтың ырымдары:

1)Жақындарыңнан ине пышақ алуға болмайды,арада жанжал болуы мүмкін.

2) Шәугім, шәйнектің шүмегін есікке қаратып қойма.Дұшпаның басыңа шығады дейді.

3)Тізеңді тартпа.Жалғыз қаласың.

Т.б көптеген ырымдар бар.

1)Әтештің мезгілсіз шақырғаны – жаман ырым, ол әтештің басын шауып тастайды. 2)Ат сүрінсе, олжаға жолығады дейді. Кендірмен байлаған, жыңғылмен айдаған малдың саны өспейді деп ырымдайды. 3)Қарғалар тобымен шуылдасып ұшса, қыста күн суытады, ал жазда жамандық белгісін білдіреді. 4)Құстар өзендегі, арықтағы суға түссе, ауа райы өзгеріп, жаңбыр жауады; жер бауырлап ұшса, күн бұзылады.

Түнде тырнақ алмау

Үндістанда ырымшыл халық жуынар алдында жсопар жасайды екен. Егер  бейсенбі, сенбі күндері шаш алдырып, бас жуатын болсаңыз  – жамандық болады. Ал сейсенбі мен жексенбі күндері тырнақ алуға болмайды. Ол да жаман ырым. Олар да қазақтар сияқты кешке қарай тырнақ алмайды екен. Кеш батқанша жуынып, тырнақ алған жөн.



Жаңа туған баланы ірімшік қыртысының үстінен алып өту

Бұл наным бастауын сонау Орта ғасырлардан алатын болуы керек. Ол кезде жаңа бала көтерген әйел ірімшік ырымын жасайтын болған. тоғыз ай бойы әлгі ірімшік қатайып, қабыршық пайда болады. Ал әйел босанар кезде бүкіл отбасы жиылып әлгі ірімшікті жеп, тек қабыршығын ғана қалдырады екен. сөйтіп, бала аман-есен өмірге келген кезде сол қыртыстың үстінен баланы алып өткен. Бұл баланың алдағы өмірі ұзақ та мәнді болады деген сеніммен жасалған ырым.



Кешке қарай сағыз шайнамау

Түркияда кешкі астан кейін сағыз шайнаған адамды көрсе, әбден жекуі мүмкін. Түріктер түн ішінде сағыз шайнаған адамды өлген адамдардың  денесін шайнағанмен бірдей көреді екен.



Төрт санынан қашу

Қытай мен Жапонияда 4 саны өліммен байланыстырылады. Ол осы елдердегі иероглифтердің бейнеленуімен байланысты. Өйткені «өлім» деген сөз бен «төрт» санының таңбалануы бір-біріне өте ұқсас көрінеді. Бұл ырымның кең етек алғаны соншалықты – ауруханалардың лифтерінде 4 саны жазылған түймеше болмайды екен.



Қортынды:

Жалпы қорыта келе қазақ ырымдары өте көп сол ырымдарды қадірлеп келесі ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз. Әр ырымның өзінің берер тәрбиесі мол. Және бала тәрбиесінде атқарар үлесі өте зор.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы