Дәріс. Публицистиканың талдамалы жанрлары. Коментарий



Дата25.09.2020
өлшемі19.09 Kb.
#29828
Байланысты:
Лекция-1600847736632
Гендерлік теңдік
11-12 дәріс. Публицистиканың талдамалы жанрлары. Коментарий

Публицистиканың талдамалы жанрлары индукция және дедукция, яғни талдау мен бөлшектеу әдісіне негізделген. Индукция – талдау. Бұл мәселені бөлшекке бөлу жолымен жасалады, яғни, жалпыдан – жекеге. Дедукция әлде бөлшектеу – мұнда мәселе жеке-жеке, содан кейін жалпы қаралады. Ақпараттық жанрлармен салыстырғанда талдамалы жанрлар деректі материалды кеңінен пайдаланып, маңызды оқиғалар мен құбылыстарды жан-жақты зерделейді.

Талдамалы жанрдың басқа жанрлардан негізгі ерекшелігі - журналист-сараптамашы деректерді тізіп айтумен ғана шектелмейді. Ол оқиғаны бағалап, сараптама жасап, өзге жәйттермен салыстырып, мәселені шешудегі өзінінің ұсынысын айтады. Сондықтан талдамалы жанрдағы ақпараттар ақпараттық жанрға қарағанда жан-жақты қамтылады. Белгілі бір уақыт аралығында журналист бір тақырып айналасындағы деректерді жинап, өзара топтастырып, ондағы маңызды аспектілерді айқындауға тырысады.

Талдамалы жанрдағы ең маңыздысы - мақала. Ол журналистке мәселені тұрақты, терең зерттеуге және шынайы құбылыстарды ұғындырып, теориялық жағынан топтастыруға мүмкіндік береді. Мақала негізінен ғылыми-көпшілік (ғылым мен техника жаңалықтарын жеткізеді) және проблемалық (сұрақты жан-жақты, терең талдауды қажет етеді) болып бөлінеді.

Корреспонденция да маңызды жанрдың бірі. Нақты материал негізінде атаулы бір мәселе шешімін табатын, шағын көлемдегі өзекті тақырып дайындалады. Корреспонденция ақпараттық (мысалы, шетел тілшілерінің хабарламалары), сараптамалық (болған оқиғаның себептерін ашады), бекіткіштік (журналист деректерді талдап қана қоймай, жаңа мәселелерді шығарып, талдауға қажетті жаңа сұрақтарды ұсынады) болып бөлінеді.

Рецензия – журналистің белгілі бір туындыға, театр қойылымына, кинофильмдерге, телебағдарламаларға, концерт, көрмелерге және т.б. баға беріп, сын айтатын талдамалы жанры. Талдамалы жанрларға сонымен қатар сұхбаттың проблемалық, портреттік түрлері де жатады.



Ақпараттық және сараптамалық жанрлардың кірігуі мен өзара ықпалы. Газеттік публицистиканың әр жанрының өзіне тән ерекшелігі бар. Адам мен қоғамның ақпарат пен оның сарапталуындағы қажеттілік жанрдың пайда болуына әкеледі. Ақпараттық және сараптамалық жанрлар ХІХ-ХХ ғасырларда дамыған. Негізгі жанрлар дәл осы кезде пайда болған. Өткен жүз жылдықта дүниеге келген барлық жанрлар қазірге дейін үлкен өзгерістерге ұшырап жетті. Қазақ журналистикасында сұхбат ерте пайда болғанымен, өткен ғасырдың 1980-1990 жылдарынан бастап күнделікті қалыпқа кірді. Сұхбат – ең алдымен фотографиялық портрет, натурадан лезде жасалған сурет. Бүгінгі күні газет беттерінде кездесетін сұхбатта портреттік очерк пен суреттеменің (эстрада жұлдыздары, саясаткерлер, қоғам қайраткерлерімен портреттік сұхбаттар) элементтері кездеседі. Сұхбат өзіне көбірек «өзгертулерді» қабылдайды: биографиялық анықтама, дәйексөз, құжат және т.б.

Осы күнгі журналистикада материалдарды жылдам, жедел беруге тырысады. ХХІ ғасырда жаңа жанр – дерек пен түсінік беру пайда бола да бастады. Оқиғадан кейінгі келесі күні газет дерек пен түсінік беруді лезде орналастырады. Ережеге сәйкес, жедел түсінік беру өткен күннің белгілі бір маңызды оқиғаларына арналады. Түсінік берудің тақырыптары әртүрлі оқиғаларға байланысты болады.

Жедел түсінік беру, соның ішінде дерекке түсінік беру негізгі сараптамалық жанрлар – корреспонденция мен мақаланы – біршама ығыстырды. Олардың түрлік құрамы тарылып, біздің жүзжылдығымыздың 1980-ші жылдарында газет беттерінен бас мақала ығыстырылды. Бүгінгі газет нөмірлерінде көкейкесті тақырыптағы журналистік материалдар жиі кездеседі.

Газетте нық орын алатын журналистік зерттеу жанры сараптамалық жанрларға да ықпалын тигізді. Сараптамалық жанрлардың аса күрделі бөлігі - журналистік зерттеу бүгінгі күні белсенді жанрға айналды.

Дәл соңғы үш-төрт онжылдықта ақпараттық және сараптамалық жанрлар бір-біріне үлкен әсерін тигізіп отыр. Ақпараттық қатардағы газеттік публицистика жанрлары сараптамалық жанрлардың кей белгілерін өздеріне сіңдірсе, сараптамалық жанрлар ақпараттық жанрлардың кейбір қасиеттерін иеленеді, атап айтқанда, репортажға тән серіктесу мен қатысу эффектісі.

Қазіргі таңда эмоциялық бастау мен авторлық «мен» хроникалық хабар-ошардан басқа жанрларда кездеседі. Бұл жерде байқалатын маңызды нәрсе – публицистикада эмоциялық бастауды қолдануда өлшем болу керек. Қазіргі басылымдар ақпараттық және сараптамалық жанрларды мейлінше кең қолданады. Таблоидтық және «сары» басылымдарға келетін болсақ, олардың беттерінде жанрлық палитраны минимумға дейін аз пайдаланады. «Инфо-Цес», «Караван», «Из рук в руки», «Республика», және тағы басқа басылымдар хабар-ошар мен репортажды әлдеқайда жиі қолданады.

1990-жылдары отандық журналистика шығармашылық ізденіске зор мүмкіндік ашты. Журналистің көзқарасы мен түсініктеріне ақпарат арнасында орналасуына әсер етеді. Сараптамалық журналистика әр елдің азаматтарының саясатта, экономика және әлеуметтік өмірде өз көзқарас, пікірін қалыптастыруына көмек беруі тиіс. Журналистік шеберлік шынайы өмірден алынады. Тыңдарман, көрермен, оқырманның барлығы телерадио, газеттен алатын ақпаратты өздерінің өмірге деген көзқарасына, өмірлік тәжірибесіне қарай қабылдайды. Өмірдің шынайлығын айқындай түсе, нарықтық заман мен әлеуметтік журналистика арасындағы ақпараттардың екі жақтылығын, объективтілігін, үгіт-насихат элементтері ретінде әлеуметтік тапсырыс орындалуы саяси тұрғыдан шартталған психологиялық, идеологиялық соғыс еді.

Кеңес заманындағы ақпараттық саясат журналистикада объективтілік белгілерін, деректі таңдаудан бастап, радио мен телебағдарламада берілуін бақылап отырды. Қазір де журналистің объективтілігі жөніндегі дау баспасөз беттерінде үнемі кездесіп отырады. Журналистикада шындық абсолютті болмауы бастапқы кезден белгілі, әр дерек объективті шындықтың бастауы болуы тиіс. Сараптаудың құрамында әрдайым ой жатады. Дерек – ой немесе эмоциялық, логикалық жүйеге кірістіріледі, дерек – дауласудағы дәлелдеме, пікір-таластың пішіні.



Деректер мен комментарийлер. Деректер және оған комментарий беруге жататын талдамалы жанрлар XIX ғасырдың 60-жылдарындағы газет беттерінде жарық көрген. ХХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы шыққан басылымдарда бұл жанр кеңінен пайдаланылған. 1997-1998 жылдары кейбір газеттердің нөмірлерінен «Деректер мен комментарийлер» айдарымен берілген материалдар шығып тұрған. Одан комментарийдің тақырыбы және оның мәтіні беріледі. Комментарий беретін бөлімі авторлық ұстанымның авторлық «мен» деген енгізіледі. Материалда комментарий беретін автордың фотосуреті беріліп отырған. Мұнымен газет комментарийі мәтінді автордың қабылдауымен, эмоциясымен авторлық «мені» нақты көрсетеді.

Ғалым А.А. Тертычный: «Комментарийлар өзін қандай да бір мәселе бойынша дәлелдеушілік пайымдауының құрылымын ұсынады» [1,68-б],-дейді. Дерек, тезис, ой қорытындылары – аталған жанрдың маңызды бөлігі. Жақсы комментарийларда ең бастысы – қорытынды шығару. Сонымен, комментарий жанры маңызды деректер, оқиғаларды өз бойына жинайды. Комментарийлар қандай да бір оқиғалар бойынша автордың өзінің көзқарасын, басылым ұстанымын, шынайы қоғамдық-саяси өмірдің көрінісін толық береді.

Деректер мен комментарийлер – жедел жанр және мұнда автордың кәсіби шеберлігі, оның ұстанымы мен нақты мәселені дөп басуы маңызды. Автордың ұстанымы деректердің маңыздылығын жуып-шаюға, дәлелдеуге тырысу, дерек қандай да бір пайда болулардың заңдылығы сол мәселені кеңінен талқылауға мүмкіндік береді.

Телевизиялық комментарий. «Комментарий» сөзі латын тілінен аударғанда «талқылау» деген мағына береді. Бұл қоғамдық, саяси оқиға, құжаттың мағынасын ашатын жедел сараптамалық материалдың үлгісі. Телевизиялық комментарий - кадрдағы көріністердің алуан түрлілігі, кейде кадрдан тыс комментарийлер көп қолданылады.

Комментарий сараптамалық публицистикаға жатады. Өйткені, комментатор өзінің мақсатына жету барысында ең алдымен оқиғаның себеп-салдарын анықтап, болып жатқан оқиғаның соңы немен аяқталуы мүмкін екендігі жайлы айтады. Комментарийдің жанрлық негізіне авторлық баға беру және сараптама жасау жатады.



Басқа жанрлар сияқты комментарий басқа жанрдың құраушы пішіні болуы да мүмкін. Мысалы, баспасөз-конференцияларында мынадай сұрақтар жиі қойылады: «Болған оқиға жайлы қандай түсінік бере аласыз?» Мұндай сұрақ саяси, қоғам қайраткері немесе белгілі бір саланың маманымен болған сұхбатта қойылуы мүмкін. Жауаптың әрқайсысы өз алдына шағын комментарий, ал кейде комментаторлық шығармашылық рөлін атқарады. Бұл жерде сараптаманың тереңдігінен, талқылаудың кеңдігінен және қоғамдық маңызды оқиғаға, дерекке берілген бағаға байланысты болады.

Телевизиялық комментарий – кадрдағы сөз сөйлеудің өзгеше түрі. Бейнеқатармен иллюстрацияланған кадр сыртындағы комментарий көп қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру