Дәріс тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың мақсаттары мен міндеттері». «Әдебиет- сөз өнері»



Дата13.01.2021
өлшемі18.83 Kb.
#39154
Байланысты:
1- дәріс
93208134sayasattanu.7-seminar (2), 2, 3-дәріс, Organizatsiya-biznesa, менеджмент, TEKSTY ANGL, TEKSTY ANGL, ТГО-шпор, TEKSTY ANGL, TEKSTY ANGL

  1. дәріс тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың мақсаттары мен міндеттері». 



    «Әдебиет- сөз өнері». Ол өнердің бір саласы. Әдебиет пәні өнер пәні. Әдебиетті ұлағатты адамдар «адамтану құралы» десе, біз әдебиет пәнін «адам тәрбиелеу құралы» дейді. Ол жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім беріп қоймайды,  ең бастысы, өмірдің қымбаттысы, ең асылыы- жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді. Әдебиет пәнінің әр сабағын адам бойындағы асқақ арман, әдемі сенім,  әсемдік пен сұлулыққа құштарлық тәрізді ең мөлдір сезімдер мен кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы десек те болады. Әдебиет пәні арқылы оқушылардың  рухани дүниесі баийды, туған тілін сүйеді, елін, адамзатты құрметтеуге деген сезімдерге тәрбиелейді.Әдебиет пәнінің жас ұрпақты уақыт талабына сай тәрбиелеу үлесіне қосар үлесі үлкен. Ол жақсы мен жаманның ара жігін ажырата білуіне, адамгершілік сезімнің ұшталып, имандылық қасиеттердің оянуына септігін тигізеді. Сондықтан әдебиет пәнін оқытуға ерекше назар аударылады. Сонымен, әдебиетті оқытудың басты мақсаты-  сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы- әдебиетті жан-жақты игерту, сол арқылы имандылыққа, инабаттыолыққа, парасаттылыққа, сұлулыққа тәрбиелеу.Мектепте әдебиеттен білім беру мақсаттары мен міндеттері:

1.Әдебиеттің адамзат қауымы ғасырлар бойы жасаған өнердің бір түрі екендігі, өнер болғанда сөз өнері екндігі туралы ұғымдарын қалыптастыру;

2.Сөз өнері- әдебиеттің өзіндік заңдылықтары, ерекшеліктері жайында білімс бере отырып, оның басқа өнер түрлерінен айымашылықтарын айыра білуге үйрету;

3.Әдебиеттің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып,  ондағы дәстүр мен жаңашылдық, әдеби кезеңдер, оның адамзат тарихымен тығыз байланысы жайындағы білімдерін қалыптастыру;

4.Өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты, мәдениетті оқырман дайындау. Ауызша да, жазбаша да еркін, шешен, көркем сөйлеуге, жаза білуге үйрету;

5.Көркем туындыны оқи отырып, эстетикалық талғамдарын дамыта отырып, оны әдеби тұрғыдан сауатты  талдай білуге дағдыландыру;

6.Туған әдебиетіміздің өзіндік ерекшелігі, оның адамзат әдебиеті мен мәдениетіндегі орны туралы ұғымдарын толықтыру, жетілдіру;

7.Әдебиеттану ғылымы, сыны, оның мақсаты, міндеті, әдебиеттегі- білім берудегі маңызы туралы білімдкерін қалыптастыру;

Тәрбиелік жағынан:

8.Эстетикалық сезімдерін, талғамдарын тәрбиелеу, адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке- адамдық барлық жақсы қасиеттерге баулу. Туған халқының тілі, оның әдебиеитіне деген қызығушылығына әсер ету.   Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты болады. Оқыту процесінде мынадай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе- мұғалімнің оқытуы, екінші мәселе- оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының ара-қатынасы әр түрлі оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Сонымен, әдіс-тәсіл де  оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әр түрлі болып келеді.



1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысаны
Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып табылады. Ол өз алдына дербес ғылым. Өйткені оның өзіндік зерттейтін нысаны, мазмұны, зерттеу әдістері мен тәсілдері бар. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психо-логия және лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады. Егер нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді: 1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?); 2) мазмұны (нені оқыту керек?); 3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?); 4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?); 5) оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері. Бұл проблемаларды шешу мектепте тәрбие мен білім берудің жалпы мақсаттарын белгілейді. Әдістеменің мынадай міндеттері бар: 1) бастауыш мектеп пен орта мектептегі қазақ тілі пәнінің мақсатын, ерекшелігін, мазмұны мен көлемін, құрылымын, бөліктерінің бір-бірімен ұштасуы мен бірізділігін анықтау, оқу материалын сыныптарға бөлу; 2) оқытудың неғұрлым пайдалы, үнемді және тиімді әдістері мен тәсілдерін (оқылатын материалдың ерекшеліктері мен оқушылар құрамының психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі жағдайда қолданылатын әдіс-тәсіл варианттарын) зерттеу және сипаттау; 3) қазақ тілі пәнінен жүйесі нақты белгіленген білім көлемін (ғылым негізін) оқушылардың ойдағыдай игеру шарттары туралы мәселелерді талдап шешу, яғни материалды дәл қабылдаудың, айқын түсінудің, оны практикада қолдана білудің шарттары туралы мәселелерді талдау. Сонымен қазақ тілін оқыту әдістемесі - оның мазмұны мен принциптері, әдістері мен тәсілдері туралы және мектепте қазақ тілінен оқушыларға берілетін білім, дағды, білік мөлшерін белгілеп, оны игерудің жолдары, шарттары туралы ғылым.

Тапсырма:

  1. Дәптерге дәрісті қысқаша конспектілеңіздер

  2. «Оқу бағдарламасына өзгеріс енгізудің маңызы» тақырыбына эссе жазыңыз


Достарыңызбен бөлісу:




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Жалпы ережелер
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
Реферат тақырыбы
арналған тапсырмалар
арналған жиынтық
білім беретін
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
пәнінен тоқсанға
республикасының білім
сәйкес оқыту
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
оқыту мақсаттары
қазақ тілінде
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
Жұмыс бағдарламасы
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
мамандығына арналған