Дина нұрпейісова (1861-1955)



бет1/5
Дата26.03.2022
өлшемі79.5 Kb.
#204820
түріӨмірбаяны
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Дина Нұрпейісова 2


«Семей қаласы Шәкәрім атындаы университеті» КеАҚ

Гуманитарлық – экономика факультеті

«Өнер және музыка кафедрасы»

Реферат

Пән атауы: Негізгі аспап
Топ: ДМО 101с
Орындаған: Шымырбаева Жадыра
Тексерген: Мынбаева А.М

Семей қ. 2021 ж



Жоспар

  1. Кіріспе

  2. Өмірбаяны

  3. Туған өлке, өскен ортасы

  4. Құрманғазы мен Дина қашан кездесті?

  5. Динаның отбасы

  6. Шығармалары

  7. Соңғы күндері


Кіріспе

Биыл еліміз әйгілі күйші Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толғанын атап өтіп жатыр. Жақында ғана Елордада еңселі ескерткіш орнады. Жер-жерде домбыра мен күй өнерінің бағын асқақтатқан шаралар өтуде.

Динаның өмір жолы өте күрделі, тағдыры сынаққа толы. Алла Тағала тұла бойына тылсым өнер дарытқан күйші ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамында әйел баласының басында кездесетін сан-түрлі қиындықтың бәрін жеңіп шығып, жеке тұлға ретінде өзіне жүктелген аманатты келешек ұрпаққа аман тапсырды деп ойлаймыз. Ол аманат – қазақ күйі, домбыра шанағындағы тылсым дүние болатын.

Әрине, осы күнге дейін Дина күйші туралы жазылған ақпарат көп-ақ. 1937 жылы Ахмет Жұбановтың тапсырмасымен Смағұл Көшекбаев Астрахан өлкесіне келіп, 76 жастағы Динаны көндіріп, Алматыға алып кеткен сәтінен бастап күйші халықтың, өнер зерттеушілерінің көз алдында болды. 1938 жылы 23 сәуірде «Социалистическая Алма-Ата» газетінде Динаның Құрманғазы туралы «Ұстаз» деген мақаласы жарық көрсе, Ахмет Жұбанов «күй анасының» өмір жолы мен шығармашылығы туралы бірнеше еңбек жазды. Дина өмірден өткен соң екі жылдан кейін, 1957 жылы «Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан» Сәуірбек Бақбергеновтің «Дина» атты кітабы жарық көрді. Кейін де күйшінің замандастары мен ұрпақтары, тарихшы ғалымдар мен өнер зерттеушілері жазған мақалаларда қисап жоқ. Біз осыларды барынша сүзіп өтіп және бүгінге дейін беймәлім болған архив құжаттарын ақтарып, Дина күйшінің адами болмысын, өмір жолын қалпына келтіруге тырыстық.

 Өмірбаяны



Төлеңгіт руынан шыққан.[1] Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады.

Дина ата-ана шаңырағында бұлаңдап өскен жас кезінің өзінде ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін нәшіне келтіре тартып, төңірегі «домбырашы қыз» деп атаған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген. Осыдан кейін Динадан көз жазбай, үнемі айналып соғып, додалы күй айтыстарына ертіп барып, домбыра тартудың терең сырларын үйретеді. Дина тоғыз жасынан бастап он тоғыз жасына дейін, қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Құрманғазыдай дәулескер күйшінің ұстаз болуы Динаның ғана бақытты болып қойған жоқ, исі қазақтың күй өнерінің бақыты болды.

Немересі Балжан Нұрпейісованың айтуынша, Дина апамыз 18-19 жастың шамасында Мақат баласы Нұрпейіске тұрмысқа шыққан. Сол жылдары құжат аларда оның фамилиясы Нұрпейісова болып тіркеліп кеткен екен. Нұрпейіс Мақатұлы ерте қайтыс болып, олардан Жамал, Қайрат, Жұрынбай есімді ұрпақ қалған. 1885 жылы жастай жесір қалған Дина апамызды қайын інісі Нұралыға атастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру