: Әлеуметтанудың тарихи даму кезеңдері
Әлеуметтану кезеңдері
|
1 кезең. Ежелгі әлем қоғамы жөнінде әлеуметтік білімдердің қалыптасыуы мен дамуын қамтиды.
|
2 кезең. Ортағасыр мен қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік білімнің дамуын қамтиды.
|
3 кезең. 17-18 ғасырдағы адам мен қоғам жөнінде әлекметтік білімдер.
|
Әлеуметтанушылар
|
Ойлары мен еңбектері
|
О.Конт
|
Әлеуметттану 19-ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Оның негізін салушы Огюст Конт болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр. О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың инттеллектуалды ақыл-ойының, санасының бір ізгілікпен дәйекті дамуының 3 кезеңі, яғни теологиялық, метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.
|
М.Вебер
|
Маркс Вебер- батыстың ірі әлеуметтанушысы.Қазіргі әлеуметтану ғылымы Вебердің тұжырымдарымен көп санасады. Вебердің пікірінше, әлеуметтану қоғамның әлеуметтік тарихы құбылыстарының субъективтік жақтарын нақтылы айтсақ, адамның іс-әрекетінде, қызметінде оның қажеттілігін, мақсатын, т.б әр уақытта ескеріп отыру керек. «Протестанттық этика және капитализм рухы» деген еңбегінде Вебер діни-этикалық нұсқаулардың экономикалық іс-әрекетке ықпалын түсіндіруге тырысты.
|
Г.Спенсер
|
О.Конттың ой-пікірлерін, идеясын одан әрі дамытқан ағылшын әлеуметтанушысы Герберт Спенсер болды.Оның әлеуметтану теориясы негізгі екі мәселеден тұрады. Спенсер тірі организмдердің жүйке жүйесін мемлекеттік басқару мекемелерінің қызметімен теңестіреді. Ол қоғам мен организм арасында кейбір ерекшеліктер туралы ой-пікір қозғады.Спенсердің қоғамды организммен теңестіруі қоғамды іштей үш жүйелес салаға бөлуге әкелді.Олар: 1)қолдаушы, 2)материалдық игілікті өндіру көзіне, 3)қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы байланыс, қатынастарды анықтау, қоғамдағы еңбектің бөлінуін реттеп тұрушы және жеке бөліктердің тұтасқа бағынуын реттеу болды.Ол өзінің әлеуметтік көзқарастарын «Бастаудың негіздері », «Биология негіздері», «Психологиялық негіздері», «Әлеуметтану негіздері » деген еңбектерінде баяндады.
|
Э.Дюркгейм
|
Әлеуметтанудың классикалық негізін салушылардың ірі өкілінің бірі, әрі өте беделдісі-Эмиль Дюркгейм.Өзінің әлеуметтануында ол әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне көп көңіл аударды.Ал бұл методология «Социологизм» деп аталады.Дюркгейм қоғамды ерекше субстанция ретінде қарастырады, оны топтық сана мен топтық мінез-құлық ерекшеліктерімен салыстыра отырып түсіндірген.Дюркгеймнің әлеуметтік теориясының өзегін әлеуметтік келісім, ынтымақтастық теориясы құрайды. Осы теорияны зерттеуге оның ең басты еңбегі «Қоғамдық еңбектің бөлінуі » арналған.
|
Достарыңызбен бөлісу: |