Әрбір сабақ бөлімі біткен соң



Дата16.02.2022
өлшемі15.16 Kb.
#173580
Байланысты:
Жүрек тамыры жүйесі
6D050200 kaz

Жүрек тамыры жүйесі. Соңғы жылдарда ғылыми әдебиеттегі мәліметтер бойынша, адам тынысы мен жүрек, қан тамыры жүйесінің ағза физиологиялық резервіндегі мәні ерекше екендігі айқындала түсіп отыр. Әсіресе, мұндағы қан айналудың орталық органы жүрек пен тыныс алудың негізгі мүшесі- өкпенің маңыздылығында сөз жоқ. Қанның барлық қызметтері жүрек, тамыр жүйесінде үздіксіз айналып жүріп отырғанда, айналадағы табиғат пен ағза арасындағы байланыс-су, оттегі, тағамдар арқылы ұдайы болып отырады. Тыныш тұрған кезде жүрек бір минутта 70-80 рет, ал дене жаттығуы немесе денемен жұмыс кезінде 180 ретке дейін соғады. Жүрек сондай үлкен жұмысты істеуі үшін оны шынықтыру қажет. Жүректің бір рет жиырылып босауын жүрек циклі дейді, бұл ересек адамдарда орташа есеппен минутына 70-75 рет болады, әрбір циклына 0,8 сек уақыт кетеді. Тамыр соғуы негізгі білектің ішінде білек артериясында анықталады. Бұл үшін тексерілушінің білегін білек үстімен ұстау керек, бұнда бас саусақ білектің ең шетінде, басқа саусақтар болса оның пульстанушы білек артериясының терісін басатын болсын. Тамыр соғуы 10 секунд ішінде өлшенеді. Тамыр соғуын алғашқы рет өлшегенде бақыланатын оқушының тамыр соғу көрсеткіші бірқалыпты күйде болуы керек. Сондықтан бақылаушы дене тәрбиесі сабағынан алдын болған сабақтан шығуға қоңырау шалынумен сыныпқа кіруі мен бақыланатын оқушының тамыр соғуын өлшеп, есептеп хаттамаға жазып қоюы керек. Тамыр соғуын өлшеудің кейінгі аралықтары орындалатын жұмыстың сапасына байланысты түрлі уақытта жүзеге асырылуы мүмкін.Тамыр соғуын төмендегідей өлшеу ұсынылады:

  1. Егер жұмыс үзіліссіз болса, сапқа тұру, жүгіру, шынықтыру жаттығулары т.б. 3 минутта кем аралықта тамыр соғуын тексерудің қажеті жоқ. өйткені оқушының тез тамыр соғуын өлшеу сабақтағы нақты жүктемені анықтауға жәрдем бермейді.

  1. Әрбір сабақ бөлімі біткен соң.

  2. Үлкен күштенуді талап ететін жүгіру, гимнастика снарядтарында орындалатын жаттығулар, жүгіріп келіп секіру, эстафетаны анықтау т.б жаттығуларды орындаған соң.

Соңғы екі талапты орындау шарт, бірақ бірінші талап қажетті емес. Мысалы 9 минутта тамыр соғуын өлшеу керек еді, сабақтың барысында көрініп тұрғандай 1-2 минуттан соң сабақтың дайындық бөлімі аяқталады. Мұндай кезде пульсті 9 емес, 10-11 минутта тексеріп өлшеген дұрыс. Егер бақыланатын оқушы жаттығу орындап тұрған болса жоғарыдағы жағдай қайталануы мүмкін.

Алынған мәліметтерді есептеу, диагностикалық кесте жасау және мәліметтерді талдау. Алынған мәліметтерді есептеуде 10 секундтағы тамыр соғуының нәтижесі алтыға көбейтіліп хаттаманың бесінші графасына алтыншы графаға тамыр соғуының 1 пайызға өзгеруі жазылады. Мысалы, төмендегідей, бірінші тыныш күйдегі өлшенген тамыр соғуы 100 % деп алынады.

Екінші рет өлшенген тамыр соғуының біріншісіне қарағанда неше % өскендігін анықтау үшін пропорция жасап, есептелінеді.

Мысалы: Хаттамадағы тыныш күйде өлшенген тамыр соғу 1 минутта 78 рет, екіншісі 84 рет болсын.

Соған қарай пропорция жасалады.

78-100%


X=84 x 100:78=107.6

84-x


Үшіншісі-108 рет және пропорция жасаймыз

78-100% X=100 x 100: 78 =138.4



108-x

Кестенің вертикал ұшы, тамыр соғуының абсолют көрсеткіштері, горизонтал ұшы сабақтың минуттық бөлімдердегі барысының уақытын көрсетеді. Хаттамадағы тамыр соғуының саны және уақыт көрсеткіштерінен пайдаланып, координаталардағы нүктелер белгіленген соң нүктелер бірлестіріліп, бақылау жүргізілген оқушының сабақ барысындағы тамыр соғуының диагностикалық сызығы анықталады.



Сонан соң жоғарыдағы құжаттарға негізделіп, сабақ ауырлығының жазба талдауы орындалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
арналған әдістемелік
жалпы білім
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
туралы хабарландыру
қазіргі заман
атындағы жалпы