Эссе еліміздің ертеңі жас ұрпақТЫҢ Қолында, БӘсекелестіктің жолында



Дата11.10.2019
өлшемі21.69 Kb.
#20522
Байланысты:
Ұлы дала шығармашылық Эссе


Құрманқұл Абай

ЭССЕ

ЕЛІМІЗДІҢ ЕРТЕҢІ ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ҚОЛЫНДА, БӘСЕКЕЛЕСТІКТІҢ ЖОЛЫНДА

Ел боламын десең, бесігіңді түзе «Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»

(Н. Назарбаев).

Қазіргі кезде өте шапшаң жүріп жатқан барша әлемді қамтыған жаһандану үрдісі әлемдік елдер арасындағы бәсекелестікті одан әрі күшейте түсуде. Бұл дегеніміз уақыт ағымына қарай адамзаттың шарықтай түсуі, мүмкіндігінің көбеюі. Бәсекелестік бар жерде даму да, алға қарай ілгері қадам басу да болатыны сөзсіз ақиқат. Елбасымыз өзінің көрегенділігімен бәсекеге қабілетті болуымыз қажет екенін айтуда. Ол үшін мына біздер тынбай еңбек етуіміз қажет екені айдан анық дүние. Елбасымыз өзінің әрбір мақаласында мына біздерге нақты міндеттер жүктеуде. Олай болса бұл міндеттер тек өскелең ұрпақтарға ғана емес, жоғарғы-орта буын өкілдеріне де қытысты деп ойлаймын. Себебі өскелең ұрпаққа дұрыс бағытты бағыттау, ұлттық кодымызды жоғалтпайтындай дұрыс тәрбие беру ол мына жоғарғы-орта буын өкілдеріне тікелей қатысты. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында (ұлттық санамыз туралы; таяу жылдардағы атқаратын міндеттеріміз туралы) нақты міндеттерді айқындап берген болатын. Бұл міндеттер еліміздің дамыған отыз елдің қақпасына кіруіміз үшін жасалынған кілт іспеттес. Елбасымыз «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты мақаласында «бүгінде жаһандық және жергілікті проблемалар тоғыса түсуде. Мұндай жағдайда сын-қатерлерге төтеп берудің және мемлекеттің табысқа жетуінің кепілі елдің басты байлығы – адамның даму мәселесі болып отыр» деп айрықша адамның дамуына мән беріп қараған болатын. Мына қазіргі жаһандану дәуірінде уақыт адамдарды күтпек емес, сондықтан адамдар сол уақытты тиімді, ұтымды пайдаланғандары жөн деп есептеймін.

Қазіргі таңдағы қабылданып, жасалынып жатқан жұмыстардың барлығы дерлік еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға арналаған деп есептеймін. Бәсекеге қабілеттілік келешекте ұлтымыздың табысты болуы үшін адамдардың бойында болуы тиіс қасиет және сарқылмайтын қасиет деп айта алар едім. Жас ұрпаққа тәрбие беру біздің ата-бабаларымыздан келе жатқан үлгі-өнегелі қасиет. Менің ойымша жас ұрпақтарымызға өнегелі тәрбие беруді төл тарихымыздан бастау керек деп санаймын. Себебі өскелең жас ұрпақтар төл тарихымызды біліп өссе, осынау ұлан-байтақ жеріміздің қадірін ұғынса, жерімізді, оның табиғи байлықтарын құрметтесе, өмір сүріп жатқан қарапайым халқын құрметтесе, егеменді тәуелсіз елімізді құрметтейтін болса бұл біздің бәсекеге қабілеттілігіміздің бастау алды нышаны боларына нық сеніммен қарайтын едім.

Қазіргі уақытта көптеген ата-аналардың өз балаларына көңіл бөлуге уақыт таппай жатқандығы мені алаңдатады. Ата-аналар жұмыс басты онымен келісемін себебі отбасын асырау қажет. Бірақ балалардың тәрбиесіне де үлкен көңіл бөлу қажет деп санаймын. Балалар қазір мектепте жаңартылған білім мазмұнымен оқиды және олар сабақта сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Балалар мектепте ойлағанын үйіне келіп ата-анасымен қайтадан талқыласа, оның шешімін басқаша жолмен табуға ұмтылса онда баланың ойлау қабілеті одан әрі арта түсер еді деп ойлаймын. Мына қазіргі ақпараттық комуникативтік технологиялар дамыған заманда ойы ұшқыр адамдар ғана технологияларды жетілдіре түсуде. Ендеше өсіп келе жатқан жас ұрпақтарды осы бағытқа қарай бағыттасақ, қолдау көрсетсек онда еліміздің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі шыңдай түскен болар едік деп есептеймін.

Жаһандық бәсекеге қабілетті болудың алғышартын тәрбие деп алған болсам, оның ізбасарын сапалы білім деп алар едім. Себебі білім толық жетіліп елімізде салтанат құрған кезде ғана біз өзге елдермен тереземізді тең ұстайтындай жағдайға жетеміз. Елбасымыз айтпақшы «өзімдікі ғана таңсық, өзгеніңкі қаңсық» демей өзгелерден пікір алмасып, тәжірибелерін бөлісіп, өзімізге керекті жақсы дүниелерді бойымызға дәріптеп, олардан жақсы сапалы дүниелер шығарып, өзгелерге дәріптесек онда нұр үстіне нұр болар еді деп санаймын. Абай атамыз өзінің он сегізінші қара сөзінде былай деген екен: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез, деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақшылдық» деп. Ендеше бұл заман білекке емес білімге сенетін заман. Біз қазір шынымен де бүгінгі жаңа атаудың ертең-ақ ескіге айналарына көзіміз жетті. Өйткені жүрісі жылдам дәуірге шынымен де аяқ бастық. Сондықтан білімнің алар асу әлі алда. Біз дамыған отыз елдің қатарына кіру үшін өзге елдердің байланыс құралы тілді де еркін меңгеруіміз қажет деп санаймын. Бұл дамыған елдермен түсінісу үшін, тәжірибе алмасу үшін аса маңызды құрал. Сол себепті де латын қарпіне көшу біз үшін маңызды. Ертеден қолданған бұл әліпбиімізге көшу, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашатын болады. Елбасымыз өзінің мақаласында айтқандай «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді».

Бәсекеге қабілеттіліктің тағы бір бастау алды нышаны жастарымызға қолайлы жағдай туғызу деп санаймын. Біздерге неғұрлым қолайлы жағдай жасалатын болса, соғұрлым мүмкіншіліктеріміз, қабілеттеріміз арта түсіп, еліміздің дамуына үлкен септігін тигізетіні сөзсіз. Қазір елімізде IT саласына аса мән беріліп жатыр. Бұл көңіл қуантарлық дүние. Себебі қазіргі заман роботтандыру заманы деп айтсам қателеспеген болар едім. Еліміздің дамуының, бәсекеге қабілетті болуының бірден бір нышаны осы роботтандыру саласы. Қазір адамдардың қол еңбегіне қарағанда арнайы құрылғылардың еңбегі әлдеқайда тиімдірек және жылдамырақ болып отыр. Қазіргі таңда барлық білім, ғылым саласы осындай технологиялардың көмегімен іске асырылып жатыр. Мұнсыз біз бәсекеге қабілетті дамыған отыз елдің қатарына кіруіміз мүмкін емес жағдай. Сондықтан Елбасымыз «Болащаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында нақты көрсеткендей біз тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология сияқты ғылым салаларына да аса мән беруіміз қажет. Бұл салалар біздің жан-жақты дамуымызға қажетті салалар. Осы себепті Елбасымыздың әр түрлі дамығын елдердің ең үздік оқулықтарын өзіміздің ана тілімізге сапалы түрде аударып оны жастарымызға осы үлгілер негізінде білім алуға мүмкіндіктер жасаймыз деп айтқан сөзімен мен толықтай келісемін және қолдаймын. Біз жастарымызға білімді сапалы түрде беруге тиіспіз. Ол үшін сапалы оқулықтар, оқытушылар біздерге аса қажет болып табылады.

Бәсекеге қабілеттіліктің тағы бір көрінісін еліміздің табиғи, мәдени құндылықтарын танытуда деп ойлаймын. Еліміздің ұлан-байтақ көрікті жерлері бар, асу-асу кереметтей таулары бар, тарихи құнды маңызы бар жәдігерлеріміз бар. Міне осындай құндылықтары бар біздің елімізді өзге елдер сырттан ғана естімей, оны өздері келіп көрулеріне барлық жағдайлар жасалса, туризм саласы дамыса бәсекеге қабілеттіліктің белді нышанын көруге болады деп сенемін. Елбасымыз өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес» деп атап өткен болатын. Біздер мақтанып айта алатындай еліміздің тарихи дүниелері баршылық. Елбасымыз айтпақшы өзіміздің түп тарихымызды жан-жақтан қарастырып, өзімізге жинасақ оны өзгелерге паш етсек сонда ғана тарихымызды біліп, құнды жәдігерлерімізді көруге, кереметтей табиғатымызды көруге өзгелердің санасын қызықтырмай қоймасы анық деп сенемін. «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» (Н. Назарбаев).

Патриотизм. Бұл ұғым әрбір еліміздің болашақ жастарының кеудесінде болуы тиіс ұғым. Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» деп айрықша атап айтқан болатын. Біздер өсіп келе жатқан ұрпақтарымыздың санасына кішкентайынан елін, жерін, халқын сүюге үйрететін болсақ онда еліміздің көркеюіне әр азамат біріге атсалысатын болады. Барды бар деп бағалап, жоққа арман жағалап дамудың жолын іздейтін болады деп сенемін. Өкінішке орай қазіргі таңда өскелең ұрпақтарымызға осындай патриоттық тәрбиені жоғарғы дәрежеде бере алмай жатқанымыз өкінішті әрине. Қаншама жалынды жастарымыз шетел асып білім алып, сол жақта қалып қоятындары жасырын емес. Сол себепті де Елбасымыз өз елінің патриоты болуға назардан тыс қалдырмай әрдайым шақыруда. Өзге елдерде білім алып тәжірибе жинақтаған жастарымыз елімізге келіп, тәжірибесімен, білімімен, ұшқыр ойлы қиялымен бөліссе, оны өзгелерге үйретсе өзгелердің ойын дамытуға үлкен септігін тигізетіні сөзсіз. Қазағымның даналығында мынадай бір керемет нақыл сөз бар емес пе? «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген. Ертеңгі күні елімізді, жерімізді ұстап тұратын мына біз жастар. Еліміздің көркейіп жандануы да жастардың қолында. Сол себепті де жастарға қолдау көрсету, сапалы білім беру, тәрбие беру, қолайлы жағдай туғызу олардың заман талабына сай қабілетті болуына үлкен септігін тигізетіні сөзсіз. Осы орайда Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында туған жерге туыңды тік дей отырып «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынған еді. Бұл бағларламаның мәнін біріншіден, білім беру саласындағы ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуден, еліміздің экологиясын жақсартуға, тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруге бағытталған еді. Патриотизмнің ең жақсы үлгісі оқушыларымызға мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс табуы керек деп көрсеткен болатын. Туған жер оттан да ыстық болады. Қаншама қандас бауырларымыз өзге елдерде тұрып жатыр. Осындай бауырларымыз өз елінде өмір сүруді армандайды. Елбасымыз осындай қандас бауырларымызды қолдауымыз қажет екенін айтуда. Бұл да патриоттық тәрбиенің бір түрі деп санаймын. Сондықтан да елімізді көркейтіп, биік шыңдарға жетелейтін жалындаған жастарымыз деп сенемін.



Еліміз саналы түрде жаңа дәуірге аяқ басты. Біздің ел жылдан жылға нық қадаммен алға қарай ілгері басуда. Еліміз жас мемлекет болса да әлемнің дамыған елу елінің қатарына қосылды. Елбасымыздың біздерге жүктеген нақты міндеттерінің арқасында дамыған отыз елдің қатарына кіру жоспарда тұр. Бұл жүктелген нақты міндеттер өз жұмыстарына білек-сылана кірісуде. Әрине бұл қуантарлық жағдай. Уақыт алға қарай жылжуда. Бір орнында тұрақтар емес. Осы уақыттты тиімді, ұтымды пйдалану мына біздердің еншімізде. Ол үшін заманның қойған талабына сай бәсекеге қабілетті, уақыт ағымына тез арада бейімделетін, дамыған тұлғалар болуымыз қажет деп санаймын.Ертеңгі күні еліміздің дамуына біршама үлес қосатын жалынды жастарымыз. Сол себепті де тақырыбымда айтылғандай Еліміздің ертеңі жас ұрпақтарымыздың қолында. Себебі қазіргі жастар заман талабына сай өте бейімшіл, алғыр, көзі ашық деп айтсам қателеспеген болар едім. Сол себепті де Елбасымыз жастарға айрықша көңіл бөлуде. Бүгінгі жастар ертеңгі елдің бетке ұстар азаматтары. Жастарымызға өз елінің тарихын білуге, құрметтеуге жастайынан тәрбиелеуіміз қажет. «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп атақты ғұлама ғалым Әл Фараби бабамыз айтқандай берілетін тәрбиені дұрыстауымыз қажет. Жастарымызға жан-жақты сапалы білім беруіміз қажет. Қазіргі дәуір білімнің күшімен өлшенетін дәуір. Білім арқылы айналаны танимыз. Жастарымызға білім алуына барлық жағдайлар жасалса, өзінің алтын уақыттарын тиімді, ұтымды пайдалануға үйретсек, оны жақсы дүниелерге қолдануға болатынын ұғындырсақ, жастарымыздың қабілеті артып, мүмкіншіліктері көбейер еді деп ойлаймын. Осы жастарымызды қолдаудың арқасында өз кәсіптерімен айналысуына мүмкіншіліктер де көбейер еді. Жастарымыздың бойына рухани, мәдени құндылықтарды көбірек дәріптесек нұр үстіне нұр болар еді деп сенемін. Елбасымыздың жастарды қолдап, мүмкіншіліктерін арттыруға бар жағдайларды жасап жатқаны мені қатты қуантады. Бұл шығармамды Елбасымыздың өз мақаласында айтқандай «Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді» деген кереметтей сөзімен аяқтағым келеді.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы