Фанфар ойнатылады. Жүргізушілер сахнаға шығады. 1-Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі



Дата01.11.2021
өлшемі25.54 Kb.
#106708
Байланысты:
алтын куз
ЖМБ.ҚГБ.Қазақстан тарихы. ТУП, ЖМБ.ҚГБ.Қазақстан тарихы. ТУП, Сакралды Атырау (1)

Фанфар ойнатылады.
Жүргізушілер сахнаға шығады.
1-Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі « Жас Ұлан» ұйымы оқушыларының қатысуымен өткелі отырған «Күз ханшайымы мен ханзадасы-2021» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Қош келдіңіз көрермен,

«Күзгі балдың» кешіне.

Отырыңыз қол соғып,

Шат күлкіге бөлене.

Көбейді құт - береке,

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке,

«Алтын күзді» тойлаймыз.
2-Жүргізуші: Армысыз асыл халқым ақ жүректі,

Баласына арналған ақ тілекті

Сыңға түсер достары арасында,

Қарсы алайық құрметпен өнерпаздарды, дей келе Ханзада мен Ханшайымдарымызды ортаға шақырайық! Қарсы алыңыздар.


1-Жүргізуші: 1-жұп 11 сынып – __________________________________
2-Жүргізуші: 2-жұп 10 сынып – __________________________________
1-Жүргізуші: 3-жұп 9 сынып – ____________________________________
2-Жүргізуші: 4-жұп 8 сынып – ____________________________________
1-Жүргізуші:

Кімдер жүйрік, өнерпазды білейікші



«Ханзада мен Ханшайым» деп жүрейікші

Әділқазы алқасынан әділдікті

Ал балаларға сәттілік тілейікші - дей келе сайысымызға әділ бағасын беріп, төрелік жасайтын әділқазы алқасымен таныстырайық.
1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Сегізбаев Есен Таңжарбайұлы
2. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі: Кулова Саламат Советқызы
3. Талдысай ауылдық мәдениет үйінің директоры:
1-Жүргізуші: Әділ қазы алқаларының алдында жатқан номер реттерін аламыз. Реттік номерлерімізді қоямыз.

-Қайсысы әнші, кім биші,

Талабына қарайық

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық!- деп өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.

1 - бөлім: «Тегімді менің сұрасаң...» ( Жұптар таныстыруы)

2 - бөлім: «Актерлік шеберлік» (Бейнебаян таспалау)
3 - бөлім: «Өнерлі бала – елдің көркі» (жұптар өнері)

4 - бөлім: «Ас-адамның арқауы» (ас мәзірі) ханшайымдар

«Өнерлінің қолы алтын» (қолөнер)ханзадалар

5-бөлім:


1-Жүргізуші:

Есте қалар бұл күндер,

Бал - бұл жанған жыр күндер

Бүгін өнер көрсетпек

Оза шапқан дүлділдер

Ойнап, тойлап күлейік

Жеңімпазды білейік

Талапкердің бәріне

Шалқар шабат тілейік деп тағыда қошемет көрсетіп қояйық.
1-Жүргізуші:

1-бөлім:Ақыл - көрік бойларында жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді

Мына отырған баршаңызды өзімен

Тез арада таныстырып өтеді - деп сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң...» деп аталады. Сайысқа қатысушыларымыз өздерін таныстырып өтеді.



1-Жүргізуші:

2-бөлім: «Актерлік шеберлік» (Бейнебаян таспалау) Жұптар өз идеялары бойынша бейнебаян таспалайды. Бұл жерде жұптардың актерлік шеберлігіне мән беріледі.

1-Жүргізуші:

3 - бөлім:«Өнерлі бала – елдің көркі»

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би - билеп, ал біреуі ән салыпты

Бүгінгі сайыста бәйге алуға

Сайыскерлер аянбай жан салыпты,- деп өнер сайысына кезек береміз.

1-Жүргізуші:



4 - бөлім: Сайысымыздың келесі бөлімі «Ас-адамның арқауы» (ас мәзірі) ханшайымдар

«Өнерлінің қолы алтын» (қолөнер)ханзадалар бөліміне келіп жеттік. Ханзадаларымыз күзгі дақылдардан қолөнер, экибана жасаса, ханшайымдарымыз күзгі ас мәзірін дайындайды. Олай болса, қолдарынан бал тамған сайыскерлерімізді ортаға шақырайық. Сайыскерлеріміз өздерінің жасаған жұмыстарын әзірлеуге кіріссін. Сайыскерлеріміз дайын болғанша 7- сынып оқушыларының өнерін тамашалайық: Қошеметтеп отырыңыздар!



5-бөлім: Асыл тастан, өнер жастан,

Шығады деп дарынды.

Халық айтса, қалт айтпас,

Әрқашанда нанымды

Сол шындықты күнделікті,

Көріп жүрміз өмірден

Өнерімен танысайық,

Тілекші боп көңілден.

Сайысымыздың келесі бөлімі «Пародия». Әншіге, жарнамаға, киноға пародия жасауға да кезек келді. Сайыскерлеріміз ортаға өнерлерін көрсетсін.
1-Жүргізуші: -Қазағымның жігіттері мен қыздары жұп болып сынға түсті,

Салт - дәстүрлер жаңарып еске түсті

Ханшайым мен Ханзада анықталып сын сағатта,

Бұл сағатты ата - ана көптен күтті.

Қуаныш бүгін мынау құтты болсын

Қыздарымыз бен ұлдарымыз мықты болып өсе берсін!

Келесі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.

1-Жүргізуші:

-Жүзден жүйрік күшімен

Мыңнан тұлпар мықты шың

Құттықтаймыз ал енді

Ханзада мен ханшайымды

Өрге жүзіп өнері

Тауға өрлесін талабы

Шоқтай болып жанады

Қуанышпен жанары,- деп «Мектеп ханшайымы мен ханзадасын» шын жүректен құттықтаймыз.

-Бүгінгі мерекелік іс - шарамыз аяқталды. Келесі кездескенше күніміз нұрлы болсын.



hello_html_m483f3148.pnghello_html_m7a6035a.pnghello_html_m4d24afac.jpg

Достарыңызбен бөлісу:




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Жалпы ережелер
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
Реферат тақырыбы
арналған тапсырмалар
арналған жиынтық
білім беретін
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
пәнінен тоқсанға
республикасының білім
сәйкес оқыту
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
оқыту мақсаттары
қазақ тілінде
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
Жұмыс бағдарламасы
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
мамандығына арналған