Ғасырлар бойы арман еткен егемендік – қазақтың басына қонған бағы



Дата01.06.2021
өлшемі16.18 Kb.
#64275
Байланысты:
ЧЕРН


Ғасырлар бойы арман еткен егемендік – қазақтың басына қонған бағы

Тәуелсіздік – атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі, елдің ең басты тұғыры, қоғамның рухы, жігері. «Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынты-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды» деп елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, халқымыз аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда бүкіл әлем Қазақстанды тәуелсіз, егеменді ел ретінде мойындады.

Қазіргі таңда, Қазақстан- жеке дербес мемлекет. Биыл Қазақстанның тәуелсіз, еркін, бейбітшіл ел атанғанына 30 жыл толып отыр. Өзге елдің табалдырығын аттасақ, "Біз - Қазақстан деген тәуелсіз елденбіз" деп мақтанышпен айтамыз. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп берген, қазақтың пейіліндей үлкен дала үшін шыбын жанын қиған, бізге тәуелсіздік әперген, тәуелсіздікті аманаттап қалдырған ата-бабаларымызға мың алғыс дер едім.

Әр егеменді елдің өзіңе тиесілі тарихи құндылықтары бар, сол секілді еліміздің де өзіндік тілі, тарихы, рәміздері, Конституциясы бекітілген. Соңғы Конституция 1995 жылы қабылданды. Сонымен қатар Қазақстан көптеген елдермен экономикалық, саяси қатынастар жүргізуде. Оған мемлекетіміздің түрлі ұйымдарға мүше болуы дәлел. Мысалы, 1991 жылы «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы», 1992 жылы «Біріккен Ұлттар Ұйымы» т.б. халықаралық ұйымдарға мүше болды. Қазақстан тәуелсіз, егеменді ел ретінде түрлі стратегиялар жүргізуде. Айта кетсек, «Мәңгілік ел», «Қазақстан – 2030», «Қазақстан – 2050» атты т.б. стратегиялар арқылы мемлекеттік бағдарламалар мен жоспарлар іске асырылуда.

Тәуелсіздік – бізге тарту еткен аманат. Тәуелсіздікке жету жолы қаншалықты ауыр болса, тәуелсіздікпен тыныстау соншалықты жауапты екені анық. Егемендік жолында құрбан болған ата-бабаларымыз елдің қамын жоғары қойған. Осы жауапкершілікті сезініп, егемен елдің ұрпағы деген атқа лайық болу үшін, барша халық білім алып, еңбек етіп, ел дамуына үлес қосу қажет. Бұл – әр қазақ азаматының міндеті, артылған жүк. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс.

Әлихан Бөкейханов - ұлт жанашыры

Әлихан Бөкейханов – қазақ тарихында сирек кездесетін тұлға. Қазақ халқының ұлттық тарихындағы ірі тұлғалардың бірі - Әлихан Бөкейхановта «Біз істемегенде кім істейді?» деген қағида болған. Өзі де, пікірлес серіктері де қазақ қоғамының қай тұсы ақсап жатса сол бағытта жұмыс атқарған.

Әлихан Бөкейханов — XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көшбасшысы. Ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі мүшесі. «Қазақ» газетінде шыққан мақаласында Әлихан Бөкейханов «Осы ғасырдағы әлем жарығына қазақ көзін ашып, бетін түзесе, өзінің қазақшылығын жоғалтпағандай және өзіміздің шарқ әдетіне ыңғайлы қылып қазақ мәдениетін және әдебиетін құрып, қазақшылығын сақтау» – деп жазды. Бұл сөзімен Әлихан Бөкейханов өзінің «көшпелі мәдениетінің» мұрасын сақтау мен өз алдына жеке ұлт болып жасау құқы үшін қазақтар саяси күресін бастауға тиіс деп есептеді. Осы мақсатына жету үшін, қазақтардың рухын көтеруге ұмтылды.

Алаш алыптары саясаттың басынан өткен қиыншылықтарына қарамастан ұлт дамуының қай саласын да қамтуға тырысты. Сондықтан да, өздері арнайы маманы болмаса да, ғылымның әр саласы бойынша кітаптар жазып, халықтың ой-санасын жетілдіруге тырысты. 1920 жылғы «Алашордашыларды» мемлекеттік саяси қызметтен шеттеткенде халықтың сауатын ашуға бағытталған оқулықтар жазу ісін қолға алды. Мәселен, Ж.Аймауытұлы «Психология», М.Жұмабайұлы «Педагогика», Ә.Бөкейханұлы «География», А. Байтұрсынұлы «Қазақ тілі», Қ.Сәтбаев «Алгебра», М.Дулатұлы «Есеп кітабы» т. б. оқу құралдарын дүниеге әкелді. Осы басылымдардың басында Әлихан Бөкейханов тұрды.



Мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш көсемі, халқымыздың біртуар перзенті – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың еліміздің өткен тарихындағы атқарған ерлік ісі, қалдырған мұралары кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Халқының жарқын болашағына, елінің азаттығы жолында аянбай қызмет еткен Әлихан Бөкейхановтың тарихтағы алар орны ерекше. Қазақ  тарихындағы ұлт басына төнген қиын қыстау заманда жеке мүддеден ұлт мүддесін артық қойып, елінің тәуелсіздігі жолына өмірін арнаған Әлихан Бөкейхановтың тарихи ерлігінен бүгінгі ұрпақ үлгі алуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Жалпы ережелер
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
Реферат тақырыбы
арналған тапсырмалар
арналған жиынтық
білім беретін
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
пәнінен тоқсанға
республикасының білім
сәйкес оқыту
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
оқыту мақсаттары
қазақ тілінде
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
Жұмыс бағдарламасы
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
мамандығына арналған