Желілік технология – компьютерлік желі құруға қажетті стандартты протоколдар мен солардың жұмысын жүзеге асыратын программалық-аппараттық құралдар жиыны.
Протоколдар (хаттамалар) – мәлімет тасымал-даудың алдын ала бекітілген заңдылықтары мен ережелері жиыны, яғни мәлімет беру/алу кезінде екі компьютер арасында тағайындалған келісімдер жиыны.
Желілік технологиялардың кең тараған түрлері:
Arcnet (Attached ResourceComputer NETWork);
Ethernet;
Token Ring.
Arcnet – арзан, қарапайым сенімді жұмыс істей-тін технология. Мұнда “шина” және “жұлдыз” топологиялары қолданылады. Мұнда маркерлік шина (Token bus) арқылы басқару тәсілі қолда-нылады, яғни бір компьютер маркер жібереді. Сол маркер алынған соң, желідегі құрылғылар-дың тек біреуі ғана мәлімет жібере алады. Ол маркерге өз мәліметін және адрестерін қосып ары қарай жөнелтеді.
Бұл технология бойынша мәлімет тасымалдау жылдамдығы – 2,44 Мегабит/сек, тасымалдау үшін коаксиальды кабель, есілген қоссым, оптоталшықты кабельдердің бірі пайдаланыла береді.
Бұл технологияның өз желілік адаптері болады. Адаптердің кабель қосылатын разъемы – ажыра-тып/қосқышы бар. Әрбір адаптердің осы желіге арналған өзіндік нөмірі (0-255) болады.Адаптер орнатылғанда сол нөмірді де сәйкестендіріп қою керек. Мәлімет беру қашықтығы 6 км, бірақ жылдамдығы төмен (2,44 мбит/с).
Сонымен протокол (хаттама) деп тасымалданатын мәліметтің форматтары мен олармен орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын ережелер жиынын айтады. Ол байланыстың атқарылу тәсілдерін және арналардағы кедергілерді азайту жолдарын анықтап, екі компьютердің арасында қатесіз мәлімет тасымалдау ісін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Желідегі стандарт ұғымы да осы бекітілген протоколдан немесе солардың жиынынан тұрады.
Желі құрылғылары протоколдар бекіткен ережелерді мүлтіксіз орындау арқылы мәлімет қабылдау және жөнелту істерін орындайды.
Протоколдың жұмыс істеу принципі.
Протокол екі жақта (компьютерлер) ретке сәйкес орындау қажет қадамдар жиыны болып табылады. Мысалға, Бір компьютер басқа компьютерге сообщение жібергенде, онда бірінші машина келесі қадамдарды орындайды (бұл жалпы мысал):
Деректер пакетін бастапқы сообщениеге жинауды орындайды
Егер екі компьютердің біреуі басқа қадамды протокол қолданса немесе басқа параметрлі (осындай, пакеттердің реті, уақытша сипаттар немесе қателердің коррекциясы сияқты) осы қадамды қолданса, онда машиналар бір-бірімен бірлесіп әрекет ете алмайды.