Істерді хаттау



бет1/3
Дата01.06.2022
өлшемі62 Kb.
#264014
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
2944173988698 П2Б-9 12.05.20.




С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті Жоғары Колледж


Пән: Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу


Істер номенклатурасы
Лекция

Оқытушы: Нәбиева Шынар Қайырғазиновна
ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ


2020 ж.
Топ-П2Б(9)
Курс 2
Күні: 12.05.20
Уақыты: 14.00-14.30
Мамандық: «Құқықтану»
Сабақ тақырыбы: Істер номенклатурасы.
Жоспар:
1.Істер номенклатурасы –мекемедегі құжаттар тізімі
2.Келесі жылғы іс номенклатурасының жасалуы
3.Мұрағат туралы түсінік
4. Қортынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер
Мақсаты:
1.Білімділік. Оқушыларға істер номенклатурасын рәсімдеу, келісу, бекіту тәртібі.Істерді мұрағатқа дайындап өткізу туралы түсіндіру, меңгерту.
2.Дамытушылық. Номенклатураның 5 жылға 1 рет өзгертілетінінжәне істерді мұрағатқа өткізудіңжолдарынесте сақтауды қалыптастыру
3.Тәрбиелік. Оқушылардың номенклатура кестесін және акт түрлерін толтыра білуге тәрбиелеу


Лекция мәтіні:  Әр жылда мекемеде істерді дұрыс топтауға, бірқалыпты безендіру тәртібін қалыптастыруын құру, есепке алу үшін істердің номенклатурасы жасалады. Ол –сақтау мерзімдері көрсетілген,белгіленген тәртіппен ресімделген, ұйымда жүргізілген істер атауларының жүйеге келтірілген тізбесі болып табылады.Структуралық бӛлімшелері істердің номенклатурасы құрастырады, кейін мекеменің кеңсесі бірыңғай іс номенклатурасының жинағын жасайды. Келесіжылғы істің жиынтық номенклатурасы сол жылдың 15 желтоқсанында мекеменіңбасшылығымен бекітіледі. Істің жиынтық номенклатурасын құрастыру жауапкершілігін кеңсеге жүктелінеді. Күні16.03.2020ж.ТобыТКТ-0918Бөлімшемеңгерушісініңқолы
Істердің номенклатурасы жаңа жылдың 1 қаңтарынанбастап іске асады. Структуралық мекеменің қайта ұйымдастыруына қарай, мекеме қызметінің түріне қарай номенклатура қайтадан құрастырылады және қайтадан бекітіледі. Бірақ бұл 5 жылдакемінде бір рет болады.Істер номенклатурасын референт-хатшы, құжатқа жауапты маман қызметкер немесеӛндірістің мұрағат қызметкері құрастырады.Әр бӛлімнің басында мекеменің қызметіне маңызды құжаттар көрсетіледі: бұйрықтар, протоколдар, кейін-хат алмасу және басқа хабарлама-анықтама құжаттар. Бөлімнің соңында тіркеу журналыкелтіріледі.Істер номенклатурасы соңында құрастырушының қолы қойыладыжәне мекеменің басшылығымен бекітіледі. Жылдың соңында аяқталған істердің саны туралы қорытынды жазу жасалады.Істер номенклатурасы 3 дана болып жазылады да, 1 данасы кеңседе сақталады, 2-данасы бөлімде шкаф есігінің ішкі жанына ілініп қояды, ал 3-данасы мекеме мұрағатында сақталады. 2.Құрылымдық бөлімшелер мен қоғамдық ұйымдардың келесі жылғы іс номенклатуралары ағымдағы жылдың соңғы тоқсанында құжаттаманы басқару үшін жауаптыадамдар тарапынан жетекші мамандарды қатыстыра отырып жасалады да, ведомстволық мұрағатпен келісіледі және оларға бөлімшелердің басшылары қол қояды. Құрылымдық бөлімшелер мен қоғамдық ұйымдар істерінің номенклатуралары негізінде құжаттаманы басқару қызметі ұйым істерінің номенклатурасын жасайды. Ұйым істерінің номенклатурасына мұрағаттың меңгерушісі рұқсат белгісін соғып, құжаттаманы басқару қызметінің басшысы қол қояды және ұйымның сарапшылар комиссиясы мақұлдағаннан кейін тиісті мемлекеттік мұрағаттар мен құжаттама басқармасы органының сарапшы-тексеру комиссиясының келісімін алуға жолданады, содан соң оны ұйымның басшысы бекітеді.Істер номенклатурасының 1-бағанынданоменклатураға енгізілген әр істің индекстері кӛрсетіледі. Индекс ұйымда белгіленген құрылымдық бөлімшенің (қызмет бағытының), қоғамдық ұйымның цифрлық белгісінен және номенклатура бойынша істердің құрылымдық бӛлімше (қоғамдық ұйым) немесе бүкіл ұйым шеңберіндегі тақырыбының реттік нӛмірімен құрылады. Мысалы: 12-05. Мұнда 12-құрылымдық бөлімшенің белгісі, 05-істің номенклатура бойынша реттік нөмірі. Істер номенклатурасының 2-бағанынаістердің (томдардың, бөлімдердің) тақырыптары енеді.Істер номенклатурасының 3-бағаныкүнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін толтырылады. 4-бағандасақтаудың мерзімдері көрсетілген құжаттардың тұрпатты немесе ведомстволық (салалық) тізбесі баптар нөмірлеріне, олар болмаған жағдайда істердің тұрпатты (үлгі) номенклатурасына сілтеме жасай отырып, істердің сақталу мерзімдері көрсетіледі.«Ескерту» деген 5-бағандақұжаттаманы басқару қызметі номенклатура қызмет істейтін бүкіл мерзім ішінде істердің сақталу мерзімдерін белгілеген кезде пайдаланылған құжаттар тізбелерінің аттарын, істердің басталуы туралы, ауысатын істер туралы, істердің басталуы туралы, жоюға бөлінгені туралы, істердің одан әрі жалғастырылуы үшін басқа ұйымға берілуі туралы және басқа да белгілерді көрсетеді. БЕКІТЕМІН Кәсіпорын басшысы Қолы, аты-жөні 00.00.00.ІСТЕР НОМЕНКЛАТУРАСЫ 00.00.00
Ұйымдар өз қызметінде пайда болған тұрақты сақталатын құжаттардың іріктелуін, есебін, сақталуын, сапалы өңделуін, пайдалануын қамтамасыз етеді және ҚР-ның бас мұрағат басқармасы мен оның жер-жердегі органдары белгіленген ережелерді ұстана отырып, осы құжаттарды мемлекеттік сақтауға дер кезінде өткізуді ұйымдастырады.Тұрақты және ұзақмерзімді құжаттарды сақтау үшін ұйымдарда ведомстволық мұрағаттар құрылады. Шағын ұйымдарда мұрағат үшін тиісінше қосымша ақы төленетін жауапты адамдар тағайындалады.Тұрақты және ұзақ сақталудағы аяқталған істер екі жыл бойы құрылымдық бөлімшелерде ұсталады да, содан кейін ведомстволық мұрағатқа өткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру