Қызметтік өкілетті теріс пайдалану



Дата18.05.2022
өлшемі21.75 Kb.
#240940
Байланысты:
Азаматқызы Айгерім балық шаруашылығы 2 курс
ұлы ұстаз

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдар факультеті
Тақырыбы:Қызметтік өкілетті теріс пайдалану
Орындаған:Азаматқызы Айгерім
Балық шаруашылығы және ихтиология
Курс:2
Топ:201
Тексерген:Мухамедина Асель
Қызметтік өкілетті теріс (заңсыз) пайдалану қызметтік қылмыстардың неғұрлым кең тараған түрі. Ол көптеген
жағдайларда лауазымды адамның қылмыстық әрекетінің бастамасы, баска ауыр қылмыстар жасаудың тәсілі де болып
табылады. Бұл қылмыстың мәні мынада, лауазымды тұлға өзіне берілген қызметтік өкілетті пайдалана отырып,
мемлекеттік аппарат жүйесіндегі құқық пен өкілетті зұлымдық жолына қолданады.
Оның қауіптілігі сол, лауазымды тұлға өзінің қызметтік өкілетін қызметтік мүддеге қарама-қайшы қылмыстық жолмен
пайдалана отырып азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, не қоғамның немесе мемлекеттің
заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде нұқсан келтіреді.
Мемлекеттік аппараттың қалыпты, заңды қызметіне қол сұғу осы қылмыстың объектісі болып табылады. Осыған
байланысты, егер қызметтік өкілетті теріс пайдалануды мемлекеттік органда, жергілікті өзін-өзі басқару органында,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Қазақстан Республикасының басқа да әскер құрамадарына
және әскери құрамдарда лауазымға ие адамдар жасаған жағдайларда ғана аталған қылмыс және 13-тараудан көзделген
өзге де қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік туындайды. Мемлекеттік немесе жергілікті өзін-өзі басқару
органдарында болып табылмайтын коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызметтік өкілетті теріс пайдаланған
тұлғалар ҚК-тің 228-бабы бойынша осындай іс - әрекеттері үшін қылмыстық қудалау тәртібі туралы осы бапқа
ескертпелерді ескере отырып жауап беруге жатады.
Қызметтік өкілетті теріс пайдаланудың объективті жақтарының міндетті белгілері мыналар болып табылады: лауазымды
адамның өзінің қызметтік екілетін пайдалануы; лауазымды адамның қызмет мүдделеріне қайшы келетін белгілі бір
іс-әрекет жасауы; егер осы іс-әрекет азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, не қоғамдық
немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде нұқсан келтірсе.
Мынадай іс-әрекеттер лауазымды адамның өзінің қызметтік өкілеттігін пайдалануы деп түсініледі, егер ол іс-әрекет
оның қызметтік өкілетінен туындайтын болса және осы лауазымды адам атқарып отырған қызметінің арқасында берілген
құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға байланысты болса.
Лауазымды адамның әрекеті деп лауазымды адам оның атқарып отырған қызмет жағдайының арқасында ғана жасай
алатын әрекетін айтуға болады. Әрекетсіздік дегеніміз лауазымды адамның қызметтік парызы бойынша орындауға
міндетті қызметтік міндеттерін орындамауын айтамыз.
Қызметтік жағдайын пайдаланумен байланысты емес жасалған әрекет немесе әрекетсіздік қызметтік өкілетті теріс
пайдалану ретінде қаралуы мүмкін емес.
Лауазымды адамның іс-әрекеті егер ол қызметтік парызын бұзса, яғни лауазымды адам өзінің қызмет жағдайын қызметтік
мүддеге қайшы келетіндей пайдаланған жағдайда ғана ҚК-тін 307-бабы бойьшша қылмыс ретіңде қаралады
Егер іс-әрекет мемлекеттік аппаратқа қойылатын жалпы міндеттер мен талаптарға тұтастай алғанда, сол сияқты жекелеген
билік құрылымдары немесе басқару буындары орындайтын міндеттерге объективті түрде қайшы келетін болса,
аппараттың белгіленген принциптері мен жұмыс тәртібін, ең алдымен заңдылық принциптерін бұзған болса, қызметтік
мүдделерге қарсы жасалған деп танылады.
Қызметтік мүдде деп, сондай-ақ нақты бір мекеменің кәсіпорынның қалыпты жұмыс барысын, тәртіптің, жеке және заңды
тұлғалардың заңды құкықтары мен мүдделерінің сақталуын түсіну керек. Қызмет мүддесі талаптарының бұзылуы қай
уақытта болса да лауазымды адамның іс-әрекетінің заңсыздық сипатымен көрінеді.
Егер лауазымды адамның қызметтік өкілетін заңсыз пайдалануының салдарынан заңда көзделген белгілі бір зиянды
зардаптар туындаған болса, осындай жағдайда ғана ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Қызметтік өкілетті теріс пайдалану, билікті және кызметтік өкілетті шамадан тыс асыру, қызметтегі әрекетсіздік, салақтық
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде азаматтардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделеріне
немесе қоғамның және мемлекеттің заңмен қорғалатын мүддесін елеулі түрде бұзудан тұрады, яғни 1959 жылғы
Қазак ССР Қылмыстық кодексіндегі зиян шектірудің нұсқалығынан айырмашылығы Казақстан Республикасының жаңа
Қылмыстық кодексі — "елеулі түрде бұзу" деген басқа терминді қолданады. Мүдделерді бұзудың "елеулілігі" деген белгі
— бірнеше жағдайға байланысты болатын баға беру түріндегі түсінік.
Азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін не қоғамның, мемлекеттің заңмен
қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға, ең алдымен заңмен қорғалатын объектілерге елеулі түрде материалдық
және моральдық зиян келтіру жатқызылуы тиіс.Материалдық зиян мүліктік, жеке бастық және ұйымдық зиян болып бөлінеді.
Мүліктік зиян қылмыс жасалған сәттегі республиканың зандарында белгіленген ең төменгі есептік көрсеткіштің еселенген
мөлшеріндегі ақшаға сәйкес айқындалады. Жеке басқа келтірлген зиян егер ел жәбірленушінің денсаулығына жеке орта
ауырлықтағы зиян келтірілсе, елеулі түрде деп санауға болады.Мүліктік, жеке бастық және ұйымдық зияндар бағытау
сипатында болады, ал моральдық зиянның дәрежесі ақшалай бағалауға келмейді.
Лауазымды адамдардың заңсыз іс-әрекеттері мен пайда болған зардаптарының арасында келтірілген себептік байланыс
болуы керек. КСРО Жоғарғы сотының Пленумы атаған санаттағы істерді қарау кезінде — соттарға өзінің 1990 жылғы
30 наурыздағы «Билікті немесе қызмет жағдайын теріс пайдалану, билікті немесе қызметтік өкілетті шамадан тыс асыру,
салақтық және лауазымдық жалғандық туралы істер бойынша сот практикасы туралы» қаулысында келтірілген зиянның
сипаттамасын, сондай-ақ «сотталушының әрекеті (әрекетсіздігі) мен зиянның арасындағы себептік байланыстың бар
екендігі анықталуы және үкімде көрсетілуі тиіс» деп атап көрсетті.
Өзге де жеке мүдделілік, мүліктік емес сипаттағы, мансапқорлық пайда күнемдік, ықпалды қамқорлық көрсету,
отбасылық кек, қызғаныш, көре алмаушылық, нәрсенің шын тұрпатын боямалап көрсету, өзара қызмет көрсету, өзінің
атқаратын қызметіне сәйкес еместігін бүркемелеу сияқты себептерді басшылыққа ала отырып пайда табуға ұмтылушылықтан көрінуі
мүмкін.
Мемлекеттік қызметшісі түсінігі «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі
заңының1 – бабында берілген. Соған сәйкес ақы төленетін мемлекеттік қызметте істейтін және мемлекеттік міндеттер
мен фукцияларын іске асыру мақсатында мемлекеттік органдар атынан заңға сәйкес өкілеттікті жүзеге асыратын
Қазақстан Репсуликасының азаматы мемлекеттік қызметші болып табылады. Барлық мемлекеттік қызметшілердің ішінен
Қазақстан Республикасының жаңа ҚК бойынша қаралып отырған қылмыстардың субъектісі болып танылуы мүмкін
жекелеген лауазымды тұлғалардың санаттары ерекшеленеді: 1) өкімет өкілі функциясын тұрақты, уақытша немесе
арнайы екілеттік бойынша жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер; 2) мемлекеттік органда не Қарулы Күштерде
немесе Қазақстан Республикасы басқа да әскер құрамында және әскери құрамаларда ұйымдастыру-реттеу немесе
әкімшілік-шаруашылық функцияларды тұрақты, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша жүзеге асыратын
мемлекеттік қызметшілер.
Өз қызметінің түріне қарай оларға бағынышты қызметкерлерге қатысты ғана емес, сонымен бірге олардың әкімшілік
бағынысында, оларға қызметтік бағыныстағы емес азаматтарға қатысты да өкіметтік функцияларды жүзеге асыру
өкілеттігі берілген адамдар өкімет екілі деп танылады.
Өкімет екілдерінің функциялары өкіметтің барлық салаларында жүзеге асырылады — заң шығару; республикалық
деңгейдегі, сол сияқты жергілікті өзін-өзі басқару деңгейіндегі атқарушылық және сотта. Парламент Мәжілісінің
депутаттары мен Сенаттың сенаторлары, сондай-ақ мәслихаттардың депутаттары заң шығару өкілеті саласындағы
өкімет өкілдері болып табылады. Казақстан Республикасы үкіметінің мүшелері, жергілікті өзін-өзі басқару органдары
қызметкерлері; құқық қорғау және бақылаушы органдардың лауазымды тұлғалары, Ішкі істер министрлігінің Ұлттық
кауіпсіздік комитегінің, прокуратураның, кеден, салық қызметінің кызметкерлері мен шекарашылар және соған ұқсас
тұлғалар. Сот өкілеті саласында барлық деңгейдегі соттардың судьялары өкімет өкілдері болып табылады. Арнайы
өкілдік бойынша өкімет өкілінің функцияларын жүзеге асырушы тұлғалар белгілі бір кезеңге заңдық маңызы бар, өкімет
өкілдігін жүзеге асыруға тартылған түрлі қоғамды инспекторлар, ревизорлар, бақылаушылар.
Арнаулы өкілеттік деген штаттық қызмет орнында есептелмейтін адамға белгілі бір ұйымдық-әкімдік реттеу немесе
әкімшілік-шаруашылық міндеттерді не өкімет өкілі функциясын орындау тапсырылған деп түсініледі. Бұл арнаулы
құқықтық актімен (бұйрықпен, еңбек келісімімен, сенімхатпен немесе еңбек ұжымының, қоғамдық ұйымның шешімімен)
немесе ауызша өкім ету негізінде ресімделуі мүмкін.
Мұндай жағдайда өкілеттік белгілі бір уақытқа немесе нақты тапсырманы орындау үшін беріледі.
Мемлекеттік органдарда біржакты кәсіби немесе қосалқы техникалық міндеттерді орындайтын мемлекеттік қызметшілер
лауазымды тұлға болып табылмайды. Мемлекеттік қызмет туралы заңмен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің саяси
қызмет атқаратын санатына жататын қызмет орнындағылар соларға тең. Қазақстан Республикасының жауапты
мемлекеттік лауазымдарын атқаратындарға
Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Терағасы, Парламент палаталарының төрағалары,
депутаттар, министрлер, Жоғарғы Соттың төрағасы, Бас Прокурор, Конституциялық кеңестің төрағасы және мүшелері,
судьялар және Қазақстан Республикасының басқа да жоғары лауазымды адамдары жатады.
Талданып отырған баптың 3-тармағы жағдайға айрықша баға беру ретінде ауыр зардаптардың болуын атайды.
КСРО Жоғарғы Соты Пленумының 1990 жылғы 30 наурыздағы "Билікті немесе қызмет жағдайың теріс пайдалану,
билікті немесе қызметтік өкілетті шамадан тыс асыру, салақтық және лауазымдық жалғандық туралы істер бойынша
сот практикасы туралы" қаулысының 10-тармағына сәйкес ауыр зардаптарға тиісті мемлекеттік органның немесе
жергілікті өзін-өзі басқару органының жұмысында берекесіздік жасау, аса ірі материалдык шығын келтіру, денсаулығына
ауыр зиян келтіру, егер осы зардаптар оны лауазымды адамдардың қызметтік екілетті теріс пайдалануымен жасаған
жағдайда орын алады. Ауыр зардаптар баға беру санаты болып табылады. Осы айрыкша бағалау белгісін тану нақты
іс жағдайына байланысты болады және факті мәселесі болып табылады.
Назарларыңызға рахмет.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру