ЖАҢА ЖЫЛ ЖАРЫЛҚАСА ЕКЕН..
Ескі жыл есіркесін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын. Қазақ еліміз үшін жұлдызымыз жарқыраған жыл болсын.
Бай мемлекеттің кедей қоғамынан құтылатын жыл болса екен. Өз елінде шетелдік алпауыттарға жаутаңдап құлдық күймен күн кешіп келе жатқан қазақтың жағдайы шын мәнінде сырттай қарағанда өте аянышты-ақ.
Кішкентай сәбилеріміздің өз несібесін алатын ел болсақ. Несібесінен айырылған сәбилеріміз отқа тірідей жанып кетіп жатыр. Өздеріндей болашақ нәрестелерге құдайдан берілген өз нығмет-несібесін қалдырғандай... Соны батыл талап ететін уақыт келді. "Қамаудағы 1 арыстаны мен 1 адамына" айына 100 мыңдап ақша төлегенде, сәбиге төленетін ақшасы 16 мың дегені не сұмдық.
Мемлекет мүддесін жеке басынан биік қойған шындық үшін шырылдаған азаматтар саяси қуғындалу мен қысым көруден құтылатын жыл болса. Түрмеден Арон АТАБЕК бастаған саяси астармен нақақ сотталған азаматтар тез арада босатылуы тиіс. Және толық ақталып, ірі көлемде өтемақы төленуі тиіс.
Ел игілігіне жұмыс істейтін әділ Сайлау жүйесін қалыптастыруымыз қажет. Жылдан жылға күлкі мен мазаққа айналған сайлау жүйесі тіпті жиіркенішті жағдайға айналды. "Әділ, шынайы бәсекелестіктегі сайлау жүйесі ұлт пен ел дамуының - басты кілті" (Франклин Рузвельт).
Бюджет қаржысын оңды-солды ысыраптап шашу мен билеуші саяси элита ішінен аса ірі жемқорлық деректерімен әлем бойынша ондыққа кіріп үлгердік. Яғни, саяси монополияға айналған қазіргі элитаның басқару қабілеті тозғандығын анық аңғартып отыр. Шұғыл түрде шынайы саяси жаңғыртуларға мүмкіндік бермесе өз-өзін жеп құртатын жағдай басталып та кетті.
Сондай-ақ, билеуші элита өкілдерінің оның ішінде Халық қалаулылары дейтін депутаттардың ( Мәжілістегі ханым Мақпал Мыса мен бір топ сенаторлар) дөрекі қылықтары, әсіресе БАҚ-ты алалап бөліп жару әрекеттері біздің қоғамның ғана емес халықаралық қауымдастықтартың наразылықты наразына ілігіп отыр. Елдегі БАҚ-ты "ыңғайына" келтіріп алған олар халықаралық ашық пікірлі БАҚ-тарды да талай жылдар бойы менсінбей шеттетіп келді деген уәждар де айтылды.
Қырық қала салдырған адамға бір қаланың аты бұйырмай жатыр. 20 ғасырдағы Ұлттың басы болған Әлихан БӨКЕЙХАНға онжылдап қала ішілік бір ауданға ғана атын беруді құлдық ұрғызып қойғанда кішкентай ғана құрдас елдеріміз Латвия, Литва көш ілгері дамып кеткенін жария қылып жатыр.
ЖАҢА ЖЫЛЫМДА ЖАРАТУШЫМ ЖАРЫЛҚАСА ЕКЕН ЕЛІМДІ.
Саясаттанушы Айдос ҚАРСЫБАЙ
Достарыңызбен бөлісу: |