Жаднама
"Педагогтарға арналған ұсынымдар"
Сыртқы келбетіңіз іске асырылатын білім беру бағдарламасының міндеттеріне сай болсын.
Мектеп жұмыскерлері арасында тәртіп орнатыңыз.
Пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, ата-аналар арасында кері байланыс орнатыңыз.
Білім алушыларға сабаққа қажетті уақыт беріңіз, үзілісте сабақ өтпеңіз.
Сабаққа және тапсырмаларға қойылатын талаптарды нақты түсіндіріңіз.
Оқу процесін, білім алушылардың жұмысбастылығы мен сабақтағы белсенділігін дұрыс ұйымдастыруға назар аударыңыз. Сабақтың негізгі уақыты жақсы құрылып, қарқынды түрде іске асырылуы тиіс, білім алушылар қызметінің нысандары мен мазмұны кезектестірілуі және әр оқушының жетістікке жетуіне мүмкіндік беруі тиіс. Егер сабақ нашар ұйымдастырылса, онда мұндай сабақ кезінде балалар энергиясын шығару үшін тентектік жасайды, себебі олардың күш-жігері пайдалы іске жұмылдырылмаған.
Сыныппен бірге өткізілетін іс-шаралардың бәрін кезекші әкімшімен, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен, әлеуметтік педагогпен, ата-аналар комитетімен бірге дайындаңыз.
Жекелеген оқушылардың тәртіп бұзу деректерін назардан тыс қалдырмаңыз.
Білім беру ұйымдарында, көшеде, қоғамдық орындарда тәртіп пен тыныштық бұзушыларды жазалаңыз. Жаза бала тұлғасын қорламауы тиіс. Егер жазалау ашуға әкеліп соқса, ол тиісті мақсатқа жетпегенін естен шығармаңыз. Тиімді жазалау теріс қылықтан кейін іске асырылады, нақты уақытқа қатысы бар. Ол білім алушының барлық іс-әрекетіне немесе тұлғасына қатысты емес, керісінше нақты ісіне байланысты және үнемі дұрыс жолын көрсетеді.
Баланы қысқаша, нақты, сеніммен және талап ете отырып, бірақ қызбалыққа және ашуға салмай жазғырыңыз немесе сөгіс жариялаңыз.
Талапты өтініш, кеңес, мақұлдау, кінәлау, тұспалдау, ескерту, тілек түрінде немесе тура жеткізе аласыз. Бұл ретте белгілі техниканы ұстаныңыз: дауысыңызды, ым-ишараңызды бақылап, сабырлы болыңыз. Кәсіптік ұстанымнан шықпаңыз, тәлімгер, педагог ретінде сыртқы беделіңізді, сөйлеу стилистикасын, іскерлік әдепті, талапшылдық пен әділдікті ұстаныңыз. Нақты жағдай мен баланың ерекшеліктеріне, оның іс-әрекетінің сипатына қарай педагог қатты дауыспен, немесе ақырын,байыппен талап қоя алады.
Іс-әрекет нормалары мен қағидаларын түсіндіріңіз.
Бастауыш сынып оқушыларының тәртіп сақтауды, қарапайым тәртіп мәдениетін ұстануды, оқу міндетіне жауаптылықпен қарауды талап етіңіз. Орта және ересек жаста білім алушылардың тәртібіне қойылатын талапты көтеріңіз және олардың оқудағы, еңбектегі бастамашылдығы мен дербестігін жетілдіріңіз, өзін-өзі бақылау мен бағалауға машықтандырыңыз.
Нені, қалай және не үшін істеу керектігін айтыңыз, білім алушылардың тәртіптік талаптар туралы сауалдарына толық әрі тура жауап беріңіз, адал әрі ұстамды болыңыз. Әдеби және кинематографиялық мысалдарды қолданыңыз. Білім алушылардың тәртіп туралы идеялық, оң көзқарасын дамытыңыз. Орта және әсіресе ересек жастағы білім алушылардың тәртібі тұлғасын жетілдіруге байланысты. Бұл білім алушыларды жауаптылыққа, әділдікке, саналылыққа баулиды. Егер білім алушының түзу ниеті болмаса, онда бұл қоғамға қарсы, қоғамға жат іс-әрекетке әкеліп соғады.
Білім алушының тұлғасын бағаламаңыз, оның отбасына, достық және романтикалық қарым-қатынасына, әсіресе сыртқы келбетіне қол сұқпаңыз, оның болашағы туралы болжамыңызды айтпаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |