Жауаптары: (осы мәліметтерді өз қолыммен теріп жаздым, кітаптан қарап) Р. А. Байжолова «Қаржы» кітабы Сұраққа жауап «Қаржы» термині латын тілінде «finis»,



Дата26.04.2021
өлшемі16.85 Kb.
#54511
Байланысты:
1-апта жауаптар
Диссертация-Мырзабосынов-Е.К., 000ee904-2055b70c, БИЛЕТЫ 11КЛ, 1-апта жауаптар

1. Қаржының және қаржылық қызметтің ұғымы.

2. Қаржы жүйесі және оның құрамы.

3. Қаржылық қызметтің әдістері мен нысандары.

4. Қаржылық құқықтың ұғымы және пәні.



Жауаптары: (осы мәліметтерді өз қолыммен теріп жаздым, кітаптан қарап) Р.А.Байжолова «Қаржы» кітабы

  1. Сұраққа жауап

«Қаржы» термині латын тілінде «finis», «financia» Қолма-қол, пайда дегенді білдіреді, ақшалай қаржылар, ақшалай айналым, төлеу мерзімі, істің бітуі, таластың аяқталуы дегенді білдіреді.алғашында Италияның сауда жүргізетін қалаларында пайда болды.Әрі қарай , мемлекет пен адам арасындағы ақша қатынастарын реттейтін түсінік ретінде дами бастады. «Ақша жоқ жерде қаржы жоқ» деген түсінік пайда болды. Сонымен қатар, мемлекет пен адам арасында әртүрлі құқыққа ие болды. Мемлекет ерекше құқыққа ие болды да, жалпыұлттық мемлекеттік ақша қоры – бюджет ұғымы қалыптасты. Бюджет ұғымы қалыптасқан соң, мемлекетке ақша түсіртіп отыру мақсатымен күштеп салық төлету ұғымы пайда болған.Бұл- мемлекеттің ерекше қызметі еді, фискальды аппарат құру арқылы бюджетке ақша түсіртіп отырды. Мемлекеттік заимдар мен салықтар капитал ұғымын қалыптастырды. Алғашқы капитализм жүйесінде протекционизм ұғымы болды. Ол дегеніміз- өндірілген бұйымдарға жоғары баға белгілеуге және жоғары пайда алуға мүмкіндік берді. Капиталистік мемлекеттердің негізгі қаражаттары мемлекеттік бюджетке шоғырланатын болды.

Бір ауыз сөзбен қаржы ұғымын былай түсіндіруге болады. Ең жоғарғы билік- мемлекет. Мемлекетте барлық ақшаның қоры бар деп айтайық ойша. Осы көп ақша мемлекетпен қарым-қатынасқа түсетін субъектілерге бөлініп беріледі.

Яғни, қаржы дегеніміз –ұлттық табысты бөлу және сол бөлінген ақшаны жұмсауға қатысты экономикалық қарым қатынастар.

Қаржының мәні толық ашылмаған. Алғашқы еңбектер Ксенофонттың (б.э.д. 430-355 ж.ж.) «Афин Республикасының табыстары» атты еңбегінде, Аристотельдің «Афиндік мемлекеттік құрылғы» еңбегінде айтылған.Үнді оқымыстысы Гошногупта (б.э.д.321-297ж.ж.) саясат туралы ғылыми еңбегінде мемлекет, шаруашылық,салық мәселелеріне көңіл бөлген. 948 ж араб ғалымы Қодда қаржы, салық салу мәселелеріне арналған шығарма жазған.

Еуропада қаржы қатынастарын зерттеумен Фома Аквинский (1225-1274 ж.ж.) айналыса бастады. Ол қаржыны тек мемлекетпен байланыстырды, сол кезден бастап Англия мен Германияда қаржы ғылымы туындай бастады.

1746 жылы Иоган Фан Юсти «Қаржы мәнінің жүйесі» еңбегінде алғашқы рет қаржы мен қаржы саясатын ажыратып жазды.Мемлекеттік несие, мемлекеттік табыстар, мемлекеттік шығыстар ұғымын келтірді дүниеге. Осыдан кейін авторы Поль-Лерца-Болье болып табылатын алғашқы қаржы курсы басылып шығарылды.

Мемлекеттік қаржы ұғымына үлкен үлесін қосқан Карл Гейнрих Рау. мистері А.Вебер, Г.Шмоллер болды.

«Қаржы» терминін нақты енгізген ғалым белгісіз, дегенмен көптеген еңбектерде Жак Борден танылады.

«Қаржылық қызмет» ұғымы.

Мемлекеттің қаржы қызметінің мәселелері мынада:

1. Қоғамның ақшалай инфрақұрылым құру және олардың біркелкі жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

2. Өзінді-өзің қамтамасыз етуге және өз қызметімді жұмыс істету үшін ақшалай құралдарды табу;

3. Қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік экономикалық процестерге ақшалық рычак жолымен ықпал жасау.

Яғни , мемлекеттің басты мақсаты қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымдарының бірқалыпты жұмыс істеуіне қолайлы жағдайлар жасау.

№2 сұрақ: Қаржы жүйесі және оның құрамы.

Қаржы жүйесі дегеніміз: Мемлекеттің қаржыны бөлуіне қатысатын барлық субъектілерінің жиынтығы.

Қаржы жүйесі мына институттарды енгізеді:

1 Бюджеттік жүйе;

2 Бюджеттен тыс орталықтандырылған және орталық емес, мақсатты қорлар;

3 Кәсіпорын, ұйымдар, халық шаруашылық салаларын;

4 Мүлікті және жеке сақтандыру;

5 Несие (мемлекеттік және банктік).

Қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады:

1) қаржы қатынастарының жиынтығы;

2) ақша-қаражат қорларының жиынтығы;

3) басқарудың қаржылық аппараты.

№3 сұрақ: Қаржы жүйесінің әдістері:

1 Мәжбүрлеп және қайтарымсыз ақша құралдарын олардың иелерінен алу

(салықтар);

2 Мәжбүрлеп және қайтарымды ақша құралдарын өндіріп алу (мәжбүрлі қарыз);

3 Еркін-қайтарымсыз ақшалық құралдарды жұмылдыру (игілік істеу қызметі);

4 Еркін-қайтарымды ақшалық құралдарды жұмылдыру (еркін қарыз);

5 Мемлекеттік қызмет көрсетулерді іске асыру негізінде ақшалық құралдарды жұмылдыру (мемлекеттік алымдар);

6 Мемлекеттік мүліктерді пайдаланған және өткізгеннен алынған ақшалық құралдарды мемлекет табысына айналдыру;

7 Эмиссия (ақшалық құралдарды шығару).

Қаржы жүйесінің нысандары:

Қаржы жүйесінің құрамдары:

1. Халықтың ақшасы

2. Заңды тұлғалардың ақшасы

3. Мемлекеттің ақшасы

4. Мемлекеттің территориясына қатысты ақша.

4-сұрақ: Қаржылық құқықтың ұғымы және пәні.



Өз сөзіммен айтайын- қаржылық құқық пәні дегеніміз – қаржылық қарым –қатынасқа түсетін субъекиілер арасындағы нормативтік құқықтық актілер мен оны түсіндіруді мақсат ететін пән. Яғни, мемлекеттің ақшаны әр түрлі субъектілерге тиісінше бөліп, әр ұйымға ақшаны құру және оны пайдалану кезінде болатын жағдайларды түсіндіру осы пәннің негізгі мақсаты болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
арналған әдістемелік
жалпы білім
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
туралы хабарландыру
қазіргі заман
атындағы жалпы