Жердің деградациясы. Деградация (латынша degradatio – біртіндеп нашарлау, құлдырау) - біртіндеп жағымды қасиеттердің нашарлауы, төмендеуі немесе жойылуы, құлдырауы. Топырақ деградациясы- кері әсерлі химиялық және физикалық жағдай салдарынан топырақтың әрбір қасиеттерінің нашарлауы., жойылу. Деградацияға ұшырау сатысы 1)әлсіз 2)бір қалыпты 3)Қатты БҰҰ қоршаған орта және ұрақты даму конференциясының (Рио-де-Жанейро, 1992) құжаттарында жер аумағының топырақ қабатының деградациялануы дәрежесі бойынша келесі мәліметтер берілген: деградацияның шеткі дәрежесі-1%, күшті-15%, орташа-46% және жеңіл-36%. Топырақтың деградациялану процесі әлемдегі гумидті және аридті зоналарда кеңінен таралған. ҚР 14 облысы ішінен тек бес облыста ғана (Ақтөбе, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Қостанай) кері белгілер (яғни шөлдену) жемдік жерлердің 30% құрайды. Басқа облыстарда деградация 30-50% және одан жоғары. Жыртылған жерлерде топырақ эрозиясы мен дегумификация үрдісі күшейген. Қарашіріктің мөлшері 25-30% азайған. Осыған байланысты топырақтың құнарлығы нашарлап, астық дақылдардың өнімділігі төмендеген. 17 млн. га жыртылған жерлер тыңайған, жайылымға шығарылды.Бірақ ұзын шөпті арамшөптермен қаптаған тың жерлер егістердің зиянкестерінің санының артуына ықпал етеді. Топырақтың сортаңдануы, су және жел эрозиясы, қарашіріктің азаюы, суарудан қалған сулардың қайтадан жібергенде жерлердің сортаңдануы республикада топырақтық 90% астамын қамтиды Топырақтың ластануы топырақта, әдетте, оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердің пайда болуы және енуі. Топырақтың ластануының көптеген түрлері, соның ішінде радиоактивтік, микробтық және тағы басқа түрлері сараланады Химиялық ластаушылар үлкен екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа топыраққа жоспарлы түрде, белгілі бір мақсатқа бағыттап,қолданылған химиялық заттар жатады. Оларпестицидтер, минералды тыңайтқыштар, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.б. Бұл препараттар шамадан артық мөлшерде болса топырақты ластаушылар болып шыға келеді.Екінші топқа топыраққа сұйық, қатты, газ тәрізді қалдықтармен бірге кездейсоқ түскен химиялық заттар жатады. Бұған топыраққа мал шаруашылығы мен өнеркәсіптен, монша, емдеу-санитариялық және малдәрігерлік мекемелерден. Топырақтың деградация факторлары
- Эрозия
- Кебірлену
- Тұздану
- Батпақтану
- Техногенді шөлдену
- Дұрыс қолданылмаған аргомехника
- Урбанизация процесі
- Топырақтың қышқылдануы
- Химиялық радиациялық ластану
- Сілтсізденуі
- Өндіріс қалдықтарының сақталуының реттелмеуі
- Малдың жайылымда шамадан тыс жайылуы
Назарларынызға рахмет ♥
Достарыңызбен бөлісу: |