Абай туралы толғау
Абай ақын өр еді
Абай дана сері еді.
Абайдың рухын өлтірмей
Аспандатқан жер еді.
Ақын жаны кең еді.
Ойлағаны ел еді.
Халқым, жұртым дегенде,
Талай шабыт кеп еді.
Дара ақын өр еді.
Жүрген жері төр еді.
Жұртына өсиет қалдырған
Абай қалай өледі?
Абай неге сөнеді?
Ақын дауыл, сел еді.
Мыңмен жалғыз алысқан
Арыстандай ер еді.
Әр ақында кезеді
Абайдың ақын-өзені
Ақындар жырлап айтқандай
Абай «тіл мен көз» еді
Абайдың жыры мәңгілік
Жүрегім оны сезеді
Қазақтың асқан кемелі.
Ұлтының қамын жеп еді.
Ақынның рухы өлмейді.
Абай ұлы себебі.
Ұлы ақынын халқымыз құрметтеген
Өлең сөзін жырменен өрнектеген
Бақыт күткен бабамыздың жырлары,
Қай қазақты әлдилеп тербетпеген.
Қара сөздің қаймағын қалқып ішіп
Толғандырып адамға ой тастаған,
Тағылымды тәлімді өлеңдері,
Сәйгүліктей рух беріп ойқастаған
Ұлтымның ірі тұлға бір туары
Өзің десем, өзгеше жыр туады.
Қалдырған өсиетті сөздерінен,
Таралады ақылдың күн шуағы.
Әр сөзінде астарлы ой тұрады
Оқысаңыз ашылады ой тұманы
Сүрініп, жығылмайсың Абайды оқы,
Абай сөзі қазақтың бой тұмары.