Календарь знаменательных и памятных дат Зерендинского района на 2019-2021 годы с. Зеренда мазмұны

Loading...


Дата22.04.2017
өлшемі55.79 Kb.
Управление архивов и документации Акмолинской области КГУ «Государственный архив Зерендинского района»

управления архивов и документации Акмолинской области




КАЛЕНДАРЬ

знаменательных и памятных дат Зерендинского района

на 2019-2021 годы

с. Зеренда


МАЗМҰНЫ

ОГЛАВЛЕНИЕ

Алғы сөз _________________________________ 1

Предисловие
2019-2021 жылдардың ерекше мәнді және естен кетпес уақиғалары ________________________________ 2-5

Знаменательные и памятные даты на 2019-2021 годы


2019 жылдың ерекше мәнді және естен кетпес уақиғаларының аннотация аңықтамалары __________6-13

Справки- аннотации к знаменательным и памятным датам

2019 года
2020 жылдың ерекше мәнді және естен кетпес уақиғаларының аннотация аңықтамалары __________14-21

Справки- аннотации к знаменательным и памятным датам

2020 года
2021 жылдың ерекше мәнді және естен кетпес уақиғаларының аннотация аңықтамалары __________22-27

Справки- аннотации к знаменательным и памятным датам

2021 года
Қолданылған әдебиеттер тізімі _______________28

Список использованной литературы



1
АЛҒЫ СӨЗ

2019-21 жылғы ерекше мәнді және естен кетпес уақиғалар күнтізбесі Зеренді ауданының мемлекеттік архивімен дайындалған. Күнтізбеге мекемелердің құрылу даталары, әйгілі жерлестеріміздің мерейтойлары енгізілген. Ерекше мәнді және естен кетпес уақиғалар күнтізбесін құрастыруда мерейлі даталар мен уақиғалардың анықтауында

негізгі көздері ретінде архив қоры, альманахтар, жарияланған мерзімді баспасөз қолданылды.

Календарь ғылыми-зерттеу жұмыстарында, мәдени - ағарту мекемелерінің қызметінде ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында қолдану үшін әзірленген.

2019-2021 жылғы күнтізбеге енген анықтама-аннотациялар мемлекеттік архив құжаттары, жарияланған және мерзімді баспасөз көздерінен анықталған мәліметтерден құрастырылды. Әрбір дата қорға не басқа көзге сілтеумен жабдықталған.

ПРЕДИСЛОВИЕ

Календарь знаменательных и памятных дат Зерендинского района на 2019-2021 годы подготовлен Государственным архивом Зерендинского района.

В календарь включены наиболее важные события из истории жизни Зерендинского района. Основными источниками выявления юбилейных дат и событий послужили периодическая печать, альманахи. Календарь предназначен для использовании в научно- исследовательской работе, информационного обеспечения деятельности культурно- просветительских учреждений.

Памятные даты расположены в хронологической последовательности. Справки - аннотации составлены к знаменательным датам 2019-2021 года. Каждая дата снабжена ссылками на фонд или другой источник.

2
2019-2021 жылдардың

ерекше мәнді және естен кетпес уақиғалары
Знаменательные и памятные даты на 2019- 2021 года

2019 жыл/год
30 қыркүйек - әйгілі журналист, қоғам қайраткері (1934) Сарбас Ақтаевтың туғанына - 85 жыл
30 сентября - 85 лет со дня рождения (1934) Сарбасова Актая, известного журналиста, общественного деятеля

«Ақмола облысы» энциклопедиясы , Алматы , 2009 .

Энциклопедия «Акмолинская область «, Алматы, 2009 .

14 қазан Кеңес Одағының батыры (1919 ) Степченко Григорий Илларионовичке -100 жас
14 октября 100 лет со дня рождения (1919 ) Степченко Григория Илларионовича – Героя Советского Союза

«Ақсақалдар туған елдің тірегі» Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымының 20 жылдығына, 2007, г.Алматы, 500 б.

«Плечом к плечу в одном строю» к 20-летию Организации ветеранов РК , 2007, г.Астана ,с.399

3


5 қараша - Зеренді ауданының құрметті азаматы, әйгілі журналист (1934) Азнабаев Баймұрат Азнабайұлының туғанына 85 жыл

5 ноября - 85 лет со дня рождения (1934) Азнабаева Баймурата Азнабаевича, известного журналиста, Почетного гражданина Зерендинского района

Зеренді аудандық №31 «Бірлік», «Единство» газеті, 2013 жылдың 16 тамызы

Зерендинская районная газета « Бірлік», « Единство» № 31, 16 августа 2013 года

12 мамыр - ( 1949) Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, Зеренді ауданының құрметті азаматы Қапаш Құлышеваға 70 жас

12 мая - 70 лет (1949) со дня рождения Кулышевой Капаш, заслуженной артистки Республики Казахстан, почетного гражданина Зерендинского района

«Ақмола облысы» энциклопедиясы , Алматы қаласы, 2009,

б -360

Энциклопедия «Акмолинская область» , г. Алматы, 2009,



л -360

4

2020 жыл/год


Социалистік Еңбек Ері (1935) Бектурганов Сартайдың туғанына - 85 жыл

85 лет – со дня рождения (1935) Бектурганова Сартая, Героя Социалистического Труда

«Зергер зерлегендей Зеренді», фотоальбомы, Көкшетау қаласы , 2015

Фотоальбом «Зергер зерлегендей Зеренді», г. Кокшетау, 2015
15 желтоқсан Кеңес Одағының батыры (1920 ) Михаил Сергеевич Пономаревтің туғанына – 100 жас
15 декабря - 100 лет со дня рождения (1920) Михаила Сергеевича Пономарева - Героя Советского Союза
«Зергер зерлегендей Зеренді», фотоальбомы, Көкшетау қаласы , 2015

Фотоальбом «Зергер зерлегендей Зеренді», г. Кокшетау, 2015



Социалистік Еңбек Ері (1915) Пышменцев Василий Николаевичтің туғанына - 85 жыл

105 лет – со дня рождения (1915) Пышменцева Василия Николаевича , Героя Социалистического Труда

«Зергер зерлегендей Зеренді», фотоальбомы, Көкшетау қаласы , 2015

Фотоальбом «Зергер зерлегендей Зеренді», г. Кокшетау, 2015

5
2021 жыл/год



Қоғам қайраткері (1906) Ілиясов Әубәкір Байжанұлының туғанына – 115 жыл

115 лет – со дня рождения (1906) Ильясова Аубакира Байжановича, общественного деятеля

Зеренді ауданының мемлекеттік архиві, 1–қ.,1 -т , 50-іс, 12-бет

Госархив Зерендинского района, ф-1, оп 1, д-50, л-12

Социалистік Еңбек Ері (1936) Мантай Сәрсенұлы Әлкебаевтың туғанына - 85 жыл

85 лет – со дня рождения Мантая Сарсенулы Алькебаева , Героя Социалистического Труда

«Зергер зерлегендей Зеренді», фотоальбомы, Көкшетау қаласы , 2015

Фотоальбом «Зергер зерлегендей Зеренді», г. Кокшетау, 2015

6


2019 жыл/год
30 қыркүйек - әйгілі журналист,

қоғам қайраткері (1934) Сарбас Ақтаевтың

туғанына - 85 жыл

Сарбас Ақтаев 1934 жылы 30 қыркүйек күні Көкшетау ауданының Жылымды ауылында туған. Оқу бітірген соң аудандық газетте жұмыс істеді. 1957 жылы Қарағанды педагогикалық университетін бітірді.Сегізжылдық мектепке жұмысқа орналасты. 1958 жылы журналистика саласына ауысып Көкшетау облыстық газетінде, республикалық «Ара» журналында еңбек жолын жалғастырды. 17 жыл «Социалистік Қазақстан» газетінде еңбек етіп редактордың орынбасары, бірінші орынбасары, 1990-1994 жылы «Халық кеңесі» газетінің бас редакторы, 1994 жылдан «Ақиқат» журналының бас редакторы болып жұмыс істеді. С.Актаев - жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның журналисттер одағының мүшесі.

Ақтаевтың жарық көрген туындылары қатарында «Дала туралы толғау», «Олар бірінші болып еді», «Қапшағай хикаясы», «Абылай хан», «Ханзаданың қасіреті», «Қазақ ханымдары», «Шарапатты шаңырақ», «Оқжетпес» т.б. кітаптары бар. С.Актаев аудармашы ретінде де танымал.Ол 12 роман, 20 повесть аударған. «Парасат», «Құрмет белгісі» ордендарымен және медальдармен марапатталған. Оған «Мәдениеттің еңбегі сіңген қайраткері», «Мәртебелі баспагер» атты мәртебелі атақтар берілген.

«Ақмола облысы» энциклопедиясы , Алматы , 2009 .


7
30 сентября - 85 лет со дня рождения

(1934) Сарбасова Актая, известного журналиста,

общественного деятеля
Сарбасов Актай родился 30 сентября 1934 года в селе Жылымды Кокшетауского района. После окончания работал в районной газете. Закончил Карагандинский педагогический институт в 1957 году. Работал учителем в восьмилетней школе, в 1958 году начался его путь в журналистику. Работал в Кокчетавской областной газете, республиканском журнале « Ара». «Шмель». 17 лет были отданы газете « Социалистік Казахстан» , где он работал заместителем, первым заместителем редактора, с 1990- 1994 год работал главным редактором газеты « Халық кеңесі», с 1994 года работал главным редактором журнала «Ақиқат», где работает и в настоящее время.

С.Актаев – член Союза писателей , член Союза журналистов Казахстана. В числе книг выпущенных С.Актаевым «Дала туралы толғау», «Олар бірінші болып еді», «Қапшағай хикаясы»,» «Абылай хан», « Ханзаданың қасіреті», «Қазақ ханымдары», «Шарапатты шаңырақ», « Окжетпес» и другие . С.Актаев известен также как талантливый переводчик. Он перевел 12 романов, 20 повестей. С. Актаев награжден орденами «Парасат», «Құрмет белгісі», медалями. Ему присвоено почетное звание «Заслуженный работник Культуры», « Почетный издатель».

Энциклопедия «Акмолинская область «, Алматы, 2009 .
8

14 қазан - Кеңес Одағының Батыры

(1919 ) Степченко Григорий Илларионовичке 100 жас
Киев облысы Лисовичи селосында 1919 жылы 14 қазанда Г. И. Степченко дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының ардагері. Соғыс аяқталғаннан кейін ауыл шаруашылық институтын бітірді. Мал дәрігері дипломын алғаннан кейін, ауыл шаруашылығында жұмыс атқарды. Қазақстандағы тың игерудегі белсене қатысады. Жолдама бойынша Қостанай обылысына бір жарым жыл қызмет атқарды, содан кейін Көкшетау қаласындағы кеңшарлар тресінің бас мал дәрігерлігіне тағайындалады. Кейіннен облыстық ауылшаруашылық құрылымдарында жауапты қызметтер атқарды, Көкшетау өңірінідегі аса ірі «Бурабай» кеңшарының директоры, Зеренді аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы болды. Зейнетке шыққаннан кейін ауданның азаматтық қорғаныс қызметіне жетекшілік етті, 20 жыл бойы үздіксіз Зеренді аудандық ардагерлер кеңесін басқарды.

Г.И. Степченко Ұлы Отан соғысы, Ленин, Еңбек Қызыл Ту , «Құрмет белгісі» орденімен, жиырма жауынгерлік және еңбек медальдарымен марапатталған.

«Ақсақалдар туған елдің тірегі» Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымының 20 жылдығына, 2007, г.Алматы, 500 б.

9
14 октября - 100 лет со дня рождения



Героя Советского Союза

(1919 ) Степченко Григория Илларионовича

Г. И. Степченко родился 14 октября 1919 года в селе Лисовичи Киевской области. Ветеран Великой Отечественой войны. В послевоенный период окончил сельскохозяйственный институт. Получив диплом ветеринарного врача, работал в сельском хозяйстве. Активный участник освоения целины в Казахстане. По направлению полтора года работал в Костанайской области, затем получил назначение в г. Кокчетав главным ветеринарным врачом треста совхозов. В последствии занимал ответственные должности в сельскохозяйственных структурах области, многие годы был директором крупнейшего на Кокчетавщине совхоза «Боровской», начальником управления сельского хозяйства Зерендинского района. После выхода на пенсию руководил службой гражданской обороны района, в течение 20 лет бессменно возглавлял Зерендинский районный совет ветеранов.

Г.И. Степченко награжден орденами Отечественной войны, Ленина, Трудового Красного Знамени, «Знак почета», двадцатью боевыми и трудовыми медалями.

«Плечом к плечу в одном строю» К 20-летию Организации ветеранов РК , 2007, г.Астана ,с.399

10

5 қараша - Зеренді ауданының

құрметті азаматы, әйгілі журналист

(1934) Азнабаев Баймұрат Азнабайұлының

туғанына 85 жыл

Азнабаев Баймұрат Азнабайұлы 1934 жылдың 5 қарашасында Зеренді ауданының Туражол ауылында дүниеге келді. Орта мектепті аяқтағаннан соң еңбек жолын «Красный Октябрь» колхозында комсомол ұйымының хатшысы ретінде бастады.1956 жылдан зейнетақыға шыққанға дейінгі уақыт аралығында оның өмірі журналистикамен тығыз байланысты болды.Ол қарапайым аудармашыдан, Зеренді аудандық газетінің бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, одан әрі Қызылту ауданының «Қызыл –Ту» аудандық газетінің редакторының орынбасары , Зеренді ауданының бүгінде «Бірлік», «Единство» деп ауыстырылған, «Коммунизм таңы», «Заря коммунизма» газетінің редакторы болып қызмет атқарды.

Азнабаев Б.А.қоғамдық жұмыста да белсенділік танытқан жан. Зеренді ауданының компартиясының бюро мүшесі, аудандық кеңестің депутаты болып сайланған. Көп жылдар ауданымыздағы «Қазақ тілі» қоғамын басқарды. Қазақстан халқының ассамблеясының мүшесі болды.

Азнабаев Б.А. – бірнеше кітаптың авторы, соның бірі «Қырық мысал», «Аға».

Азнабаев Б.А.-Қазақстанның журналисттер одағының мүшесі,

Зеренді ауданының құрметті азаматы.


Зеренді аудандық №31 «Бірлік», «Единство» газеті, 2013 жылдың 16 тамызы
11
5 ноября - 85 лет со дня рождения

(1934) Азнабаева Баймурата Азнабаевича,

известного журналиста,

Почетного гражданина Зерендинского района
Азнабаев Баймурат Азнабаевич родился 5 ноября 1934 года в ауле Туражол Зерендинского района. После окончания средней школы начал трудовую деятельность в колхозе « Красный Октябрь» в качестве секретаря первичной комсомольской организации. С 1956 года и до выхода на пенсию его жизнь была связана с журналистикой. Он прошел путь от рядового переводчика, заведующей отделом и ответсекретаря Зерендинской районной газеты, после чего работал заместителем редактора газеты «Кызыл–Ту» Кызылтузского района, редактором Зерендинских районных газет «Коммунизм таңы», «Заря коммунизма», переименованные впоследствии в «Бірлік», « Единство».

Азнабаев Б.А. вел большую общественную работу, избирался членом бюро Зерендинского райкома партии, депутатом районного Совета, долгие годы возглавлял районное общество « Қазақ тілі», был членом Ассамблеи народов Казахстана.

Азнабаев Б.А.- автор нескольких книг, в том числе «Қырық мысал», «Ага».

Азнабаев Б.А. – член Союза журналистов Казахстана, Почетный гражданин Зерендинского района.


Зерендинская районная газета « Бірлік», « Единство» № 31, 16 августа 2013 года

12


12 мамыр - ( 1949) Қазақстан Республикасының

еңбек сіңірген артисі,

Зеренді ауданының құрметті азаматы

Қапаш Құлышеваға 70 жас

Қапаш Құлышева 1949 жылы 12 мамырда ( Көкшетау , бүгінде Зеренді ауданы) Дөңгілағаш ауылында туған. 1967 –1969 жылы Республикалық цирк эстрада студиясында оқыған. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген (2003). Концерттік бағдарламамен әлемнің 36 елінде өнер көрсетті. Өнер жолын «Гүлдер» ансамблінің құрамында халық әндерін орындаушы ретінде бастап, 37 жыл бойы осы ансамбльдің әншісі болды. « Ерен еңбегі үшін» медалімен (1976 ), 1979 жылы қазақтың халық әндерін кеңінен орындағаны үшін «ҚР еңбек сіңген әртісі» атағы берілді. Құлышеваның орындауындағы әндер грампластинкалар мен аудиокассеталарға жазылған, сондай-ақ «Казахфильм» киностудиясы: «Қапаш Құлышева ән шырқайды», «Көкше сазы», «Көңіл сазы», «Қазақ әуендері», «Үкілі Ыбырай әндері», т.б., фильм-концерттер түсірген. Олар киностудияның «Алтын қорында» сақтаулы.


« Ақмола облысы» энциклопедиясы , Алматы қаласы, 2009, б -360

13


12 мая - 70 лет (1949) со дня рождения

Кулышевой Капаш,

заслуженной артистки Республики Казахстан,

почетного гражданина Зерендинского района
Кулушева Капаш родилась в 1949 году 12 мая в селе Донгулагаш ( Кокшетауского, ныне Зерендинского района). Училась в Республиканской эстрадной студии цирка (1967 – 1969). Окончила Академию искусств имени Т. Жургенова (2003). С концертными программами объездила более 36 государств. Более 37 лет является солисткой ансамбля «Гульдер». Награждена медалью «Ерен енбегі үшін» (1976), в 1979 году присвоено звание «Заслуженной артистки Республики Казахстан». Песни Капаш Кулушевой записаны на грампластинки и аудиокассеты, а также сняты фильмы – концерты киностудии «Казахфильм», «Капаш Кулушева - ән шырқайды», «Көкше сазы», «Көңіл сазы», «Қазақ әуендері», «Үкілі Ыбырай әндері», и другие, которые хранятся в «Золотом фонде» киностудии.
Энциклопедия « Акмолинская область» , г. Алматы, 2009, л -360

14

2020 жыл/год



Социалистік Еңбек Ері-

(1935) Сертай Бектұрғановтың туғанына 85 жыл
Сертай Бектұрғанов 1935 жылы Көкшетау ауданының Раздольное ауылында дүниеге келген. Жастайынан қой бағып, шөп шауып еңбек еткен. Жеткіншектің еңбекке деген құштарлығын байқаған Жданов атындағы колхозының (қазір Куроапткино ауылы) алдыңғы қатарлы қойшысы Павел Молчан өзінің көмекшесі етіп қасына алады.

1954 жылдың мамыр айында Сертай «У-2» тракторын алып Күсеп машина-трактор станциясында тракторист болып жұмыс істейді. Жылдық көрсеткішті 2000 гектарға жеткізген ол 10 жыл бойы ол жер жыртумен айналысады.

1964 жылдан бастап Сертай комбайнға ауысып, білікті комбайнер атанады. Адал еңбегі үшін Сертай Бектұрғанов Ленин, Қызыл ту ордендерімен қатар КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының мақтау қағаздарымен марпатталды. Ал 1971 жылы ерең еңбегі үшін 36 жасында оған Социалистік еңбек ері атағы беріліп, «Алтын жұлдыз» медалі табыс етілді.

1973 жылдан бастап «Раздольный» совхозы бөлімшесінің бригадиры қызметін атқарады.

«Зергер зерлегендей Зеренді», фотоальбомы, Көкшетау қаласы , 2015

15
85 лет – со дня рождения



(1935) Бектурганову Сартаю,

Герою Социалистического Труда
Бектруганов Сертай - родился в 1935 году в с. Раздольное. С ранних лет начал подрабатывать - то пастьбой овец, то на сенокосе. Заметив трудолюбие подростка, его взял к себе помощником передовой чабан колхоза имени Жданова (ныне село Куропаткино) Павел Молчан. В мае 1954 года Сертай получил трактор “У-2” и стал работать трактористом Кусепской МТС. В течениие десяти лет он пахал землю, доводя показатель до более 2000 гектар. С 1964 года Сертай перешел за штурвал комбайна, став самым знатным комбайнером ежегодной жатвы. За свой труд Бектурганов Сертай был награжден орденом Ленина, орденом Красного Знамени, грамотой Президиума Верховного Совета ССР. А в 1971 году за особые трудовые заслуги, в тридцать шесть лет ему было присвоено высокое звание Героя Социалистического Труда с вручением медали “Золотая Звезда”. С 1973 года был переведен бригадиром отделения совхоза «Раздольный».

Фотоальбом «Зергер зерлегендей Зеренді», г. Кокшетау, 2015

16
15 желтоқсан

Кеңес Одағының батыры

(1920 ) Михаил Сергеевич Пономаревтің

туғанына – 100 жас

Михаил Сегеевич Пономорев – 1920 жылдың 15 желтоқсанында Көкшетау облысының Алексеевка селосында туған. 1937 жылы ата – анасымен Қарағанды қаласына көшіп барған соң шахтада маркшейдер жұмысын атқарады. 1940 жылы Армия қатарына алынады. Сталинград қаласында ұшқыштар мектебін аяқтасымен соғысқа аттанды.

1940 жылы Армия қатарына алынады. Сталинград қаласында ұшқыштар мектебін бітірісімен соғысқа аттанды. Волхов, І-ші Белорусь, Солтүстік Батыс майдандарында истребитель ұшқыштар қатарында болды. Соғыс барысында жаудың 18 самолетін жойғандығы үшін Совет Одағының Батыры атағымен бірге «Қызыл Жұлдыз» орденімен және әр түрлі медальдармен марапатталған. Польша жерін жаудан азат еткендігі үшін польшаның «Күміс Крестімен» марапатталып, Жеңіспен Берлинге кірген ұшқыштардың бірі.

Соғыс аяқталысымен жас ұшқыш мамандарын даярлап еңбек етті. Корей соғысынан кейін Қиыр Шығыста шекара күзетінде қызмет етіп зейнеткерлікке шықты. 1975 жылы отбасымен Херсонға көшіп барып ДОСААФ-тың төрағасы, 1985 жылы Азаматтық Қорғаныс бөлімінің төрағасы, осы жылы Херсон облыстық Кеңесінің депутаты болып сайланды.

1980 жылы Алексеевка орта мектебінің оқушыларымен хат арқылы хабарласып тұрды. Алғашқы хатында: «Құрметті балалар! Мен сендердің бірінші хаттарыңды кешіктіріп алдым. Қайырымды азаматтар ол хатты әскери комиссариатқа, олар маған жіберіпті. Себебі менің үйімнің
17

мекен жайы көрсетілмеген еді. Мен сендерге өзім туралы хатты наурыз айында, қазіргі уақыттағы фотосуреттеріммен жібердім. 1982 жылдың 20 сәуір күні екінші хатты мұғалімдерің Батовадан, Сіздердің Кеңес Армиясы күнімен құттықтау телеграммаларыңызбен бірге алдым. Байқасаңдар тағы да хаттарың ұзақ жолдан өткен... Қымбатты балалар!, сіздерді 1-ші мамыр Халықаралық Еңбекшілердің Бірлік күнімен, келе жатқан 9 мамыр Жеңіс күнімен құттықтаймын!»- деп тілек жазыпты. Ол өзінің жерлес балаларымен жиі хат алысып тұрды.

Кеңес Одағының Жоғарғы Кеңесінің Қаулысы бойынша 1951 жылдың 13 қараша күні ержүректілігімен батырлығы үшін, Үкіметтің жүктеген тапсырмасын мерзімінде орындағаны үшін , капитан Михаил Сергеевич Пономоревке Кеңес Одағының Батыры атағымен бірге, Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» медалі табысталды.
«Зергер зерлегендей Зеренді», фотоальбомы, Көкшетау қаласы , 2015

18

15 декабря - 100 лет



со дня рождения

(1920) Михаила Сергеевича Пономарева

Героя Советского Союза

Михаил Сергеевич Пономарев родился 15 декабря 1920 года в селе Алексеевка Кокчетавской области. В 1931 году окончил 4 класса начальной общеобразовательной школы в с. Алексеевка. Затем уехал с родителями в Караганду. В 1937 году, работая маркшейдером на шахте №18 в Караганде, поступил в аэроклуб. В 1940 году был призван в ряды Советской Армии. В 1942 –ом окончил школу пилотов в Сталинграде и сразу был направлен в действующую армию. Участвовал в боях на Волховском фронте, на Северо-Западном, І –ом Белорусском и других направлениях в качестве летчика-истребителя. Всего за годы войны сбил 18 вражеских самолетов, за что был награжден двумя орденами «Красного Знамени», 12- ю медалями. Участвовал в особождении Польши от фашизма, за что был награжден двумя польскими орденами: Серебряный крест заслуг и свободы, медалями. Дошел до Берлина.

После окончания Великой Отечественной войны находился в рядах Советской Армии, обучал молодых летчиков. После Корейской войны служил в войсках ПВО на Дальном Востоке. В августе 1968 года ушел в отставку в звании подполковника. В 1975 году Пономареву Михаилу Сергеевичу присвоено воинское звание полковник. Уехал к своей семье в Херсон, работал мастером на заводе. В1977 году он был избран председателем ДОСААФ. С 1982 по 1987 годы являлся начальником штаба Гражданской обороны. В
19

1935 году был избран депутатом Херсонского областного Совета Народных депутатов.

В 80-е гг. Михаил Сергеевич вел переписку с учащимися Алексеевской средней школы. Вот выдержка из одного его письма:«Уважаемые ребята! Первое ваше письмо я получил с большим опозданием. Оно добрыми людьми было отправлено в военкомат, а военкомат переслал мне, потому что мой адрес вы указали без улицы. Я вам выслал письмо в марте месяце, в котором кратко написал о себе, выслал фотографию настоящего времени. А 20 апреля 1982 года получил второе письмо от учителя Батовой Ю.А. и вашу поздравительную открытку с Днем Советской Армии – 23 февраля. Как видите, опять письмо прошло длинный путь...

Дорогие ребята, поздравляю вас с Днем международной солидарности трудящихся – 1 мая и наступающим праздником Победы Советского Союза в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.». Он часто переписывался с детьми родной земли.

Указом Президиума Верховного Совета СССР от 13 ноября 1951 года за мужество и героизм, проявленные при выполнении специального задания Правительства, капитану Михаилу Сергеевичу Пономареву присвоено звание Героя Советского Союза с вручением ордена Ленина и медали «Золотая звезда».

Фотоальбом «Зергер зерлегендей Зеренді», г. Кокшетау, 2015

20


Социалистік Еңбек Ері

(1915) Василий Николаевич Пышмынцевтың

туғанына -105 жыл
Василий Николаевич Пышмынцев 1915 жылы Көкшетау уезінің Викторовка ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Айдабол машина-трактор станциясында комбайнер болып бастайды. Көпшілік оны өз ісінің шебері деп таныған. 1950 жылы Айдабол машина-трактор станциясында еңбек етіп жүрген кезінде екі комбайнмен 35 жұмыс күні ішінде 13878 центнер астық орған. Бұған дейін астықты осынша көлемде ешкім ормағандықтан бүкіл Қазақстанға аты шығады.

КСРО-ның Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен 1951 жылдың 22 тамызында Василий Николаевич Пышмынцевқа жетістіктері үшін Социалистік еңбек ері атағы беріліп, «Алтын жұлдыз» медалі табыс етілді.

1965 жылы ол «Қазақ КСР-на 40 жыл» совхозы бөлімшесінің басқарушысы қызметін атқарып жүрген кезінде өзінің жағымды жақсы жақтарымен көзге көрінді. 1966 жылы ол басқарған бөлімше ұжымы 3750 гектар жерден 14,8 центнер астық өндіреді. Мемлекетке астықтың 36100 центнері өткізіліп, жоспардан 2,5 есе артық орындалады. Оның қажырлы еңбегі «Еңбектегі ерен еңбегі» медалімен бағаланды.

«Зергер зерлегендей Зеренді» фотоальбомы, Көкшетау қ. , 2015


21
105 лет – со дня рождения

(1915) Пышмынцеву Василию Николаевичу,

Герою Социалистического Труда
Пышмынцев Василий Николаевич родился в 1915 году в с. Викторовка Кокчетавского уезда. Трудовую деятельность начал в Айдобульской МТС комбайнером. Все годы Василия Николаевича характеризовали как большого мастера комбайновой уборки хлебов. Работая комбайнером Айдобульской МТС в 1950 году, спецом двух комбайнов

С - 6 он за 35 рабочих дней намолотил 13878 центнеров зерна. В это время это была рекордная выработка и слава о замечательном комбайнере пошла по всему Казахстану. Указом Президиума Верховного Совета СССР от 22 августа 1951 года Василию Николаевичу Пышмынцеву присвоено высокое звание Героя Социалистического Труда с вручением медали “Золотая Звезда”.

С самой лучшей стороны он зарекомендовал себя, работая с 1965 года управляющим отделения совхоза имени 40 лет Казахской ССР. Руководимый им коллектив отделения в 1966 году получил средний урожай колосовых культур на площади 3750 гектаров по 14,8 центнера. Государству продано 36100 ц. зерна, что составило 2,5 раза выше план-заказа. Его самоотверженный труд отмечен медалью “За трудовую доблесть”.

Фотоальбом «Зергер зерлегендей Зеренді», г. Кокшетау, 2015

22

2021 жыл/год
Қоғам қайраткері

(1906) Ілиясов Әубәкір Байжанұлының

туғанына – 115 жыл
Исаковка селолық округінің Долбы ауылының 1906 жылғы тумасы Әубәкір Ілиясов 1935 жылы Зеренді ауданының негізін қалаған. (1932 жылы ауыл қалың өрттен өртеніп кетіп, тұрғындары Қостамар ауылына қоныстанған) 1938 жылы ол репрессияға ұшырап «халық жауы» ретінде ату жазасына тартылған. 1958 жылдың 6 ақпанында бұл әділетсіз шешім құрамында қылмыстық іс болмағандықтан, іс жабылып Ә.Б. Ілиясовтың есімі ақталды.

Қазақстан Ілиясовтың естелігінде (Әубәкір Ілясовтың ұлы): ( 1935 жылдың басында Солтүстік Қазақстан губерния комитетінде ВКП (б) ауданды топтастыру туралы сұрақ туындады. Бұндағы басты себеп үлкен Көкшетау ауданын басқарудағы қиындықтар. Менің әкем Әубәкір Байжанұлы Ілиясов, Қостамар ауылының тумасы( ол кезде Кішкене Долбы) 60 жыл бұрын Солтүстік Қазақстан губерния комитетінің ВКП (б) ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы қызметін атқарды. Әуелде сұрақ былай қойылған болатын: Көкшетау ауданының территориясының бір бөлігін Молотово (бүгінде Балкашино) және Макинка ауданына қосу. Әкем өз елінің патриоты Зеренді селосын аудан орталығы қылып жеке аудан құруды ұсынған болатын. Оның басты дәлелі, ол: осы жерде құнарлы топырақ, орман алқабы, су ресурстары, бір сөзбен айтқанда, село жанында. әдемі табиғаты, үлкен көлі бар. Ауданның құрылуына қолдау болған басқа да салмақты дәлелдер табылды.

23

Аудандық әкімшілік басшысының шешімімен 1993 жылдың 29 қыркүйегі Зеренді селосының Киров көшесі А. Ильясов атына ауыстырылды.



Төртінші ақпан күні, 1995 жылғы №10 "Бірлік" газеті ,

Зеренді ауданының мемлекеттік архиві, 1- қор, тізбе-1, 50-іс, 12-бет.



115 лет – со дня рождения

(1906) Ильясова Аубакира Байжановича, общественного деятеля
У истоков образования района в 1935 году стоял Аубакир Ильясов, уроженец села Долбы Исаковского сельского округа родившийся в 1906 году. (в 1932 году село сгорело и жители переселились в с Костомаровка ). В последствии он подвергся репрессии и был расстрелян как «враг народа» в 1938 году. Шестого февраля 1958 года дело было закрыто за отсутствием состава преступления, А.Б. Ильясов был реабилитирован посмертно.

Из воспоминаний Казахстана Ильясова (сына Аубакира Байжановича Ильясова): «В самом начале 1935 года в Северо - Казахстанском губернском комитете ВКП (б) был поставлен вопрос о разукрупнении района. Главная причина принятия такого решения – трудность управления большой территорией Кокшетауского района. Мой отец Аубакир Байжанович Ильясов, уроженец Костомаровки ( в то время Кишкене Долбы) 60 лет назад работал в Северо – Казахстанском губернском комитете ВКП (б) инструктором организационного отдела. Сначала вопрос ставили так: передать часть

24
территории Кокшетауского района в Молотовский (ныне Балхашинский) и Макинский районы. Как патриот своего родного края отец предложил тогда образовать самостоятельный район с центром в с. Зеренда. Его главный аргумент был таким: в этих местах плодородная почва, лесные массивы, водные ресурсы. Словом, красивая природа с большим озером возле села. Нашлись и другие весомые аргументы в поддержку образования самостоятельного района».

Решением главы районной администрации от 29 сентября 1993 года № 747 улица Кирова в с.Зеренда была переименована в улицу имени А. Ильясова.


Газета «Единство» № 10 от четвертого февраля 1995 года,

Госархив Зерендинского района, ф-1, оп 1, д-50, л-12



Социалистік Еңбек Ері (1936) Мантай

Сәрсенұлы Әлкебаевтың туғанына - 85 жыл

Мантай Сәрсенұлы Әлкебаев 1936 жылы Көкшетау ауданының Баратай ауылында дүниеге келген. Алғаш еңбек жолын 15 жасынан жылқышының көмекшісі болып бастайды. 1956 жылы 20 жастағы Мантай сол жылдары «Екінші тың игеру» болып саналған қой шаруашылығы саласына ауысады. Алғашында ол Ұялы ауылында қойшының көмекшісінен бастап, кейін үздік қойшы атанады.

1964 жылы оған бекітілген 2217 қойдан 7,1 кг жүн алынған болса, 1965 жылы бұл көрсеткіш бір бастан 7,8 кг-ға өсті. Сол кездегі статистика бойынша мысал келтіретін болсақ, оның отарындағы қойлардың осындай көлемдегі жүнінен ерлер костюмының 1000 данасын тігуге болар еді.

25
Мантай Сәрсенұлы Әлкебаевтың осындай жоғары нәтижелері үшін КСРО-ның Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен 1966 жылдың 22 наурызында Социалистік еңбек ері атағы беріліп, «Алтын жұлдыз» медалі табыс етілді. Сондай-ақ ол Ленин, «Құрмет белгісі» ордендерімен және «Еңбектегі ерен еңбегі» медалімен марапатталды.

1963 жылы Мантай Әлкебаев Қазақ КСР-сы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.



85 лет –со дня рождения

(1936) Алькебаева Мантая Сарсенулы,

Героя Социалистического Труда

Алькебаев Мантай Сарсенулы родился в 1936 году в ауле Баратай Кокчетавского района.Трудовую деятельность начал с 15 лет, в качестве помощника конюха конюшни №111. В 1956 году двадцатилетний Мантай перешел в овцеводческую отрасль, называемые в те годы “Второй целиной”. Сначало он работал старшим помощником чабана в ауле Уялы, затем был назначен чабаном отары. В 1964 году от закрепленных за ним 2217 овец получал по 7,1 кг шерсти, а в 1965 году этот показатель вырос до 7,8 кг с головы. Говоря словами статистики того периода, приведем такой пример: из того количества тонкорунной шелковой шерсти, которую настригали в его отаре можно было сшить 1000 штук мужских костюмов. Это был очень высокий результат, за который Альбекову Мантаю Указом Президиума Верховного Совета СССР от 22 марта 1966 года было присвоено звание Героя Социалистического Труда с вручением медали “Золотая звезда”. Награжден Орденом Ленина, орденом “Знак Почета”, медалью “За доблестный труд”. В 1963 году
27

Мантай Алькебаев был избран депутатом Верховного Совета Казахской ССР.

Фотоальбом «Зергер зерлегендей Зеренді», г. Кокшетау, 2015

28

Қолданылған әдебиеттер тізімі



Список использованых литератур

1.«Ақмола облысы» энциклопедиясы , Алматы , 2009 .

Энциклопедия «Акмолинская область «, Алматы, 2009 .
2. «Ақсақалдар туған елдің тірегі» Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымының 20 жылдығына, 2007, г.Алматы, 500 б.

«Плечом к плечу в одном строю» к 20-летию Организации ветеранов РК , 2007, г.Астана ,с.399

3. Зеренді аудандық №31 «Бірлік», «Единство» газеті, 2013 жылдың 16 тамызы

Зерендинская районная газета « Бірлік», « Единство» № 31, 16 августа 2013 года

4. «Ақмола облысы» энциклопедиясы , Алматы қаласы, 2009,

б -360


Энциклопедия «Акмолинская область» , г. Алматы, 2009,

л -360


5. «Зергер зерлегендей Зеренді», фотоальбомы, Көкшетау қаласы , 2015

Фотоальбом «Зергер зерлегендей Зеренді», г. Кокшетау, 2015


6. Зеренді ауданының мемлекеттік архиві, 1–қ.,1 -т , 50-іс, 12-бет

Госархив Зерендинского района, ф-1, оп 1, д-50, л-12
Каталог: sites
sites -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
sites -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
sites -> Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда Қр жоғарғы Соты Пленумының 1998. 05. 15
sites -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
sites -> Сот ісін жүргізу тілі принципін қолданудың кейбір мәселелері туралы
sites -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
sites -> Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы
sites -> Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алу үшiн жұмыстарды қабылдау


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©www.melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...