Касенова Динара Александровна Педагогикалық қауымдастықтағы мұғалім көшбасшылығы



Дата10.03.2021
өлшемі17.49 Kb.
#44600
Байланысты:
Касенова Д. Эссе


Касенова Динара Александровна

Педагогикалық қауымдастықтағы мұғалім көшбасшылығы

Көшбасшы – топ мүшелерінің қадір – қасиетін

түсінетін және оларға әсер ете отырып,

осы өзара байланыста өзін көрсете алатын

топ мүшесі.

(Л.Р.Кричедский)

Қазіргі таңда оқушыларға білім беру, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру - барлық білім ордаларының өзекті мәселелерінің бірі. Білім беру жүйесінде де айтарлықтай өзгерістер енгізіліп, əлемдік білім берудің алдыңғы қатарлы озық тəжірибелері қолданылуда. Білім беру саласының барлық бағыттарында жаңаша көзқарас, яғни жаңаша базистік оқу жоспарына көшу, білім мазмұнын жаңаша жан-жақты жетілдіру, жаңа буын оқулықтары мен əдістемелік кешендерге көшу тағы басқа жүйелілікпен қарастырылып, қалыптасуда. Осы орайда, қазіргі білім ордаларына шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа технологияларды меңгерген, кәсіби шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. «Білімді ұрпақ – ел болашағы» дегендей, өскелең ұрпақты алған білімін өз өмірінде қолдана алуға, заманына лайықты өзін-өзі басқара алатын жеке тұлға ретінде қалыптастыру бүгінгі заман талабы болып отыр. «Білім саласына қызмет еткеннің бəрі Қазақстанның болашағына қызмет етеді» деп елбасымыз Н.Ə.Назарбаев айтқандай, мұғалімдер қауымының өскелең ұрпақ алдында жауапкершілігінің зор екені белгілі.

«General Electric» компаниясының бас директоры Джек Велч «Көшбасшы болмас бұрын, сіз өзіңіздің жетістіктеріңізге ұмтыласыз. Ал шынайы көшбасшы үшін сәттілік-бұл басқалардың өсуін, дамуын байқау» дегендей, адамгершілік мақсаттағы мұғалімдер өздерінің əріптестері мен айналасындағыларға əсер ету үшін, көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді, мұғалімнің тəжірибесін жетілдіріледі. Олардың көңілінде үнемі талапқа сай оқыту тұрады. Əріптестердің кəсіби, яғни оқыту мен оқудың дамуына ықпал ету үшін мұғалімдерге коучинг пен тəлімгерлікке жүгініп, мамандарға тəлімгерлік жасап, бағыт-бағдар беру, қолдау көрсетудің орны ерекше болып табылады. Мұғалім оқушы мен əріптесін үйрете жүріп, өзі үйренеді. Демек, мұғалімнің əріптестеріне коучинг өткізіп, тəлімгерлік етуі, Lesson Study үдерісі, желілік қоғамдастық, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) меңгеру, оқушы белсенділігінің əсерін арттыру үшін қолданатын əдістерді - интерактивті əдістерді пайдаланып сабақ өткізу кезінде кəсіби педагогикалық қоғамдастықтың мұғалімнің кəсіби дамуына пайдасы орасан зор екені мəлім. Мұғалімдердің кəсіби дамуындағы педагогикалық қауымдастықтағы түсініктер мен тəсілдер еңбек жолын жаңа бастап жатқан мұғалімдердің, тəжірибелі ұстаздардың, сондай-ақ тəлімгерлік етудің тəжірибесіне негізделген. Мұғалімдер əріптестерімен өздері сабақ беретін пəн бойынша жəне басқа да пəн бойынша, мектепішілік қауымдастық құрудың сондай-ақ, желілік кəсіби қоғамдастық шеңберінде, іс- шаралар аясындағы тəлімгерлік барысында ынтымақтастық орнатуының маңызы орасан зор болмақ. Желілік қоғамдастық арқылы əлемдік үздік тəжірибелерді қорытып, деректер жинақтау жəне мектепішілік қауымдастық кезінде де өзгерісті іске асырудың кешенді жоспарын құрып, орындалу кезеңдерін белгілеу, пайдалы тиімділігін зерттеп, ұжым талқысына салу жəне кеңейту əдіс-тəсілдерін құру сиякты маңызды іс əрекеттер мектептің даму жоспарына енгізілуі шарт. Мұғалімдер əріптестерімен ынтымақтастықта оқу ортасын құрады жəне жүргізеді, сондай-ақ басқару жəне жоспарлауға үлес қосу үшін өзінің мүмкіндіктерін барынша жетілдіріп отыруға тиіс. 2019 – 2020 оқу жылынан бастап біздің мектеп те Екібастұз қаласының дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебі және Бәйет ауылының орта мектебімен желілік қоғамдастық құрды. Бұл қоғамдастықтың негізігі мақсаты – озық тәжірибе алмасу, білім мен біліктілікті дамыту, ортақ шешімге келу,ортақ жұмысты жоспарлау, қиындықтан шығу жолдарын бірлесе отырып қарастыру, талқылау,талдау ақпарат бөлісу. Желілік қоғамдастық - ұстаздар қауымын жетістікке бастайды деп ойлаймын.

Оқу – бұл жекеленген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені. Мектептегі іс-əрекетті зерттеу кезінде мұғалім дұрыс көшбасшы бола білуі керек. Бұрынғы дəстүрлі сабақтарда мұғалім дайын білімді берсе, қазіргі жаңа сабақтарда мұғалім дайын білім бермейді, тек тапсырмалар беріп, оқушының өзі ізденуіне итермелеу қажет. Сонда оқушы өзі ізденіп, сыни тұрғыдан ойланып жұмыс жасайды. Сол арқылы оқушы өз бетімен жұмыс жасауға жəне ойлау туралы ойлануға дағдыланады. Мұғалім тек бағыт береді, оқушы əрі қарай өзі шығады. Нəтижесінде оқушы сапалы білім алу үшін қысылмай еркін сөйлеу керектігін білді, өз бетімен іздену қажеттігін түсінеді жəне менмендігі басым болу керектігін біліп, мұғалімнің бағыт-бағдарын дұрыс қабылдауды түсінеді.



Білім беру жүйесіндегі өзгерістер құбылмалы жағдайда өз бетімен, шығармашылық тұрғыдан әрекет етуге қабілетті көшбасшы менеджерлерге деген сұранысты негіздеді. Менеджмент және көшбасшылық екеуі де ұйым үшін аса маңызды. Дегенмен, білім беру ордаларында көшбасшылық пен менеджмент – бір-бірін тек іс әрекеттің жүйесіне сәйкес толықтыратын екі бөлек дағды. Заманауи әрі ағымы жылдам білім беру жүйесінде жетістікке жету үшін екі дағдыны да қалыптастыру керек.  Стэнфорд университеті, бизнес факультетің деканы Роберт Джосс «Көшбасшылық белгілі бір ұйымның өсуіне септігін тигізіп, ол жерде болатын өзгерістер мен қиындықтарға мойымай, соған сәйкес жауапкешілікті мойнына ала білумен өлшенеді. Ол – атақ емес, билік емес, мансап та емес, бұл – жауапкершілік», – деген болатын. Шынымен де, менеджер тапсырма береді, көшбасшы шабыттандырады. Егер менеджер нақты тапсырмалар беріп, анық мақсаттар қойса, көшбасшы топтық жұмысқа кірісіп, жоспарды орындауда өзі де күш салады. Одан бөлек, қызметкерлерді ынталандыру үшін позитивті ортаның қалыптасуын қадағалайды. Сонымен қатар, менеджер жүйеге сәйкес әрекет етсе, шынайы көшбасшы адамдарға сенім артады. Психологиялық тұрғыдан, бір уақытта адамның бойынан менеджерге және көшбасшыға тән қасиетті көру мүмкін емес. Өйткені, олардың жеке қасиеттері түрлі типке жатады. Сондықтан, сауатты менеджер мен талантты көшбасшыны бір адамның бойында дамыту үшін, бұл түсініктерді терең зерттеп, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ұғыну тиіс.
Қорытындылай келе, көшбасшылар – басқалардың мақсаты, уәжі мен әрекетін қалыптастыратын адамдар, көзделген мақсатқа қол жеткізу үшін олар түрлі өзгерістерге бастама жасап, қолдау көрсетеді. Кәсіби қарым – қатынас орнату және тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру, педагогтардың шығармашылық қабілетін дамыту, ынтымақтастық ортасын құру, әр мұғалімге арнаулы көмек көрсету – педагогикалық қауымдастықтың басты мақсаты болып табылады. Мектептегі мұғалімдермен қауымдастықта жұмыс жасай отырып, көшбасшы болу маңызды рөл атқарады. Қауымдастықтағы көшбасшы өзгеріс енгізу үдерісінде тартылғандардың барлығына бағыт беруші, қолдау көрсетуші, ақыл – кеңес беруші болып табылады.

Ұлы ұстаз А.Байтұрсынов: «Білім — біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» деп атап өткендей, оқушының алған білімін қолдана білу дағдысын дамытатын негізгі тұлға мұғалім. Сондықтан да, ХХІ ғасыр талап етіп отырған дағдыларды оқушы бойына тиімді қалыптастыра алу үшін, алдымен мұғалімдердің өздері де ол дағдыларды меңгергені абзал. Сондықтан да, «Мәңгілік елдің» ұлттық құндылықтарын көздерінің қарашығындай сақтап, әлемдік деңгейде бәсекеге түсе алатын, өз бетімен білім алу мүмкіндігі мол ұрпақ тәрбиелеу жолында бар күш-жігерімізді жұмсауға шақырамын. Қазақстанның келешегі білімді ұрпақтың қолында. Сол себепті, ұстаздарға артар жүктің ауыр екендігін саралап, көшбасшы мұғалім – ел болашағының негізін қалайтындығына сенімдімін.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Жалпы ережелер
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
Реферат тақырыбы
арналған тапсырмалар
арналған жиынтық
білім беретін
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
пәнінен тоқсанға
республикасының білім
сәйкес оқыту
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
оқыту мақсаттары
қазақ тілінде
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
Жұмыс бағдарламасы
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
мамандығына арналған