Кәсіпкерлік дегеніміз не?



Дата23.05.2022
өлшемі17.22 Kb.
#258891
Байланысты:
К?сіпкерлік таным
пиза сауалнамасы, физра, акыл ой, Блтты технологияларды олдану салалары

Жалпы “Кәсіпкерлік дегеніміз не?” деген сұраққа жауап беретін болсақ.Ең бірінші кәсіпкерлік 3 ұғымнан тұрады. Біріншісі кәсіпкерлік, екіншісі кәсіпкер ұғымы және де соңғысы кәсіпкерлік менеджмент.Кәсіпкер деп бизнес құрған адамдарды, яғни өзін дамытуға құлшынысы бар, бастаған бизнесін басқару арқылы табыс табатын адамды айтамыз.
Біз танымды психикалық процестерге жатқызамыз. Ал психикалық процестерге: есте сақтау, назар аудару мен тілдің құрылымы және де түсіну процестері кіреді. “Тұжырымдау” немесе «тану» ұғымдары латынның cognoscere терминінен шыққан. Таным ақпаратты өңдеу, білімді қолдануға қатысты. Тағы да ой қызметтерін, ақыл-ой процестерін және адамның психикалық қал-жағдайын сипаттауға қолданылады. Когнитивтік психология ұғымдары кәсіпкерлік феноменін зерттеуде аса пайдалы әрі үлкен рөл атқарады. Осы кәсіпкерлік таным туралы көптеген ғалымдар зерттеп, ғылыми әдебиеттеиінде жазып кеткен болатын. Зерттеушілер Митчелл, Тереза Лант,Эрик А. Және де Дж. Брок Смит.
Кәсіпкерлік таным деп кәсіпкерлер жаңа өнімдер мен оған керек қызметтерді анықтауға және де ойлап табуға және бизнесті бастау мен дамыту үшін керек қаражаттарды құрастыруға көмектесетін, ақпараттарды біріктіру үшін aқыл-ой үлгілерін жеңілдететін әдістерді түсіну. Сонымен қорыта айтатын болсам кәсіпкерлік таным деп кәсіпкердің қaлaй ойлайтынын және өзінің бастаған дүниесін «неге» жасайтынын ұғыну көзқaрасы.
Алдыңғы буын жоғары лауазым мәртебесімен келген бедел мен артықшылықтар туралы армандаса, жаңа мыңжылдықүрпағының («Уүрпағы» деген атпен танымал) арманы бөлек Алдыңғы буынмен салыстырғанда олар мансапқа жету жолында жіті қимылдап, тәуелсіз кәсіпкер болукерекдеп сенеді. Соңғы кездегі зерттеулерге сәйкес, миллиниалдардың 13%-ының карьералық мақсаты - корпоратив баспалдағымен бас директор немесе президент дәрежесіне дейін көтерілу деп жауап берген. Керісінше, үштен екісінің (67%) мақсаты - өз бизнесін бастау 35 жастан аспаған миллиондаған адам бизнес бастауға белсенді түрде кірісіп жатыр. Бизнес бастаған кәсіпкерлердің үштен бірі 30 жасқа жетпеген және 18-ден 30-ға дейінгі жас аралығындағылар бизнес-мектептерде кәсіпкерлікті үйреніп жатыр. Ірі университеттер кәсіпкерлікке көбірек көңіл бөліп, жастабысты кәсіпкерлердің мысалдары (кейстері) артып келеді. Әр адамның кәсіпкерлік карьерасын жүзеге асыруәлеуеті мен еркін таңдауы болғанымен, осы тандауды жасаудағы мотивациясы әлі де айқын емес. 1-тарауда айтылғандай, зерттеушілер кәсіпкерді қозғаушы күшті тереңірек түсінуге тырысқанмен, кәсіпкерлікке бел бууға итермелейтін бірден-бір оқиғаны, сипаттаманы немесе ерекшелікті әлі анықтай алмады
Осылайша, кәсіпкерлік ойлау жүйесі қалыптасқан түлғаның кәсіпкерлік мінез-қүлқын толық бағамдай аламыз. Нақты ғылыми-зерттеу болмаса да, ойлау жүйесін зерделеу әрбір адамның ішіндегі кәсіпкерлік әлеуеті туралы қызықты түсінік береді
Енді кәсіпкерлік ойлауға келетін болсақ. Кәсіпкерлік ойлау дегеніміз кәсіпкерлік мінез-құлықты тудыратын, ойлау процестерінің және әлемге қарау сияқты тәсілдерінің жиынтығы. Қарапайым кәсіпкерлер өздерінің өмірлік жағдайларын жақсартып, өмір сүре алатындарына кәміл сенеді. Олар сондай-ақ оқу, өсу, бейімделу және табысқа жету қабілеттерін үнемі дамытып отырады және де соған нық сенеді.
Мысалдар қарастыратын болсақ, егер дәстүрлі жұмысшыға көп ақша табу керек болса, ол өзінің түйіндемесін жаңартып және жақсы төленетін жұмысты іздеуге әрекет жасайды, Дегенмен, кәсіпкерлік дағдысы бар адам кәсіп ашу немесе өсіру арқылы ақша табудың жолдарын қарайтын болады.
Себебі, кез келген адам табысты болу үшін ақша көбірек беретін және жұмысты аз қажет ететін жерді қалайды.
Кәсіпкерлік ойлаудың маңыздылығы сол кәсіпкерлік сананың құдіреті ой елегінен өткенде aңғарылады. Кәсіпкерлер табысқа басқа адамдарға қарағанда тез жетеді, оның себебеі олар ойлайды және де әрекет етеді де әлемді басқа адамдарға қарағанда басқаша көреді
Кәсіпкерлік ойлаудың маңызды болуының өте көп себептері бар. Мысалға кәсіпкерлік сананы дамыту күмән мен қорқынышты және де алаңдаушылықты азайтуға көмектеседі. Сoндай-ақ назар аударумен әрекетті және өсуді ынталандыруға көмектеседі.
Кәсіпкерлік сана ол қарапайым адамдарға қарағанда әлемді басқаша ойлауға, қабылдауға және әрекет етуге мүмкіндік береді, бұл табыстың негізін қалайтын бірден бір процесс болып табылады. Кәсіпкерлік сананы бір күнде дамыту мүмкін емес. Бірақ сол кәсіпкерлік ойлаудың негізгі сипаттамаларын түсіну арқылы өзіңіздің мінезіңізді бақылап, кәсіпкeр секілді ойлануды үйрене аласыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру