Лекция жоспары: Сана және бейсана: философиялық концепцияларды салыстырмалы талдау. Жан, ақыл, парасат, рух



бет1/2
Дата27.02.2022
өлшемі36.49 Kb.
#182876
түріЛекция
  1   2
Байланысты:
4 лекция
5 Дәріс Көшбасшылық формалары

Ф-ӘД-001/046


4-Лекция. Тақырыбы: Сана, рух және тіл

Лекция жоспары:

  1. Сана және бейсана: философиялық концепцияларды салыстырмалы талдау.

  2. Жан, ақыл, парасат, рух

Лекция мақсаты: Сана, рух, жан, ақыл, парасат ұғымдарының философиялық мәнін ашып көрсету

Лекция мәтіні:

Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс – адамның рухани дүниесі, сана, ақыл, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым – осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың балмасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сондықтан қашан да сананы болмыстан жоғары қоятын ұғым туып, оны бастапқы деп санаған. Енді біреулер бұл пікірді мойындамаған.

Дін иелері сананы материалдан тыс, дербес және мәңгі өмір сүретін, ешөашан өлмейтін құбылыс деп қарастырады. Ертеде сананы жанға, ал жаңды ұшып жүретін шыбынға балаған. Халқымыздың  “шыбын – жан” деген сөзі осындай ұғымнан туындаған.

Идеалистік философияның қайсысы болсын сана, идея, рух материядан тыс, дербес өмір сүріп қана қоймайтынын, қайта сол материяны билейтін, оның қозғалысын, дамуын қарастыратын күш деп түсінеді. Бірақ сананың пайда болуын материалистік тұрғыдан түсіну де оңайға түскен жоқ. Кейбір материалистер сана барлық материяда бар деп түсінген. Мәселен, орта ғасырда өмір сүрген. Д.Скоттың түсінігінше, тіпті тас та ойлай алады мыс.

Мұндай бүкіл табиғатты жанды деп қараған ұғымды философияда гилозоизм деп атайды.

Сол органикалық және органикалық емес дүние арасындағы дәнекер – нуклеин қышқылдары бір жағынан органикалық емес, екінші жағынан органикалық дүниеге жатады. Олай болса, тіршілік қайдан пайда болды деген сұрзу өзінен-өзі шешіледі.

Енді сол клетканың пайда болуымен жоғары дамыған организм – адам, оның санасы аралығында табиғатта жүз миллиондаған, бәлкім миллиардтаған жылдар жатқан болар. Ендігі мәселе – сана деген не, ол қалай пайда болды, мәні неде деген сияқты сұраулар.

Ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, ғалымдар сана барлық материяның жемісі емес, тек ерекше ұйымдасқан материя – адам миының функциясы екенін дәлелдеді. Адам миы – аса күрделі әрі өте нәзік миллиардтаған жүйке клеткалардан (нейрондардан) тұратын аппарат. Ол нейрондардың (клеткалардың) жалпы саны 14 – 15 миллиардтай.

Адамның миының құрылымы да аса күрделі. Кейбір анализ, синтез, сондай-ақ, сыртқы тіршіліктердің әсерлеріне байланысты түрлі іс-қимылдар жұлын, сопақша, орта және аралық ми арқылы жасалады. Ал күрделі ойлау тәсілдері бас миының үлкен жарты шары арқылы іске асады. Мидың қабыршағы астындағы аппарат шартсыз (инстинкті) қимылдарды басқарады. Жануарларда инстинкті қимылдар әрдайым ешбір шартты байланыссыз, бағынышсыз, емін-еркін сияқты көрінетін болса, адамдарда ол әрекеттер қашанда санаға тікелей бағынышты, оны сана билейді.

Адам миы түрлі түйсіктер арқылы келетін мәліметтерді орталық жүйке жүйесі арқылы қабылдап, оны қорытады, белгілі ой тұжырымдарын жасайды. Сана қалай пайда болды деген сұраққа жауап беру: ол түйсік мүшелері арқылы объективті ақиқатты бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады, ал бұл үшін көп нәрседен хабардар болу қажет дейміз. Халықта: “Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра” деген нақыл сөз, шамасы, осы жағдайды аңғаратын болса керек.

Идеалистер сананың екінші, материяның бейнесі екенін мойындағысы келмейді. Оны неге сүйіп айтады? Олардың ойынша,адам санасында объективті дүниеде кездеспейтін, қате, жалған ойлар, мәселен, түрлі жын-сайтан, диюу, су перісі, т.с.с. ұғымдар болады. Сонда объективті дүниеде кездеспейтін ол жын-шайтандардың бейнесі қайдан пайда болады, ол ненің бейнесі деп күдік айтады.

Сонымен қатар сана мисыз өмір сүре алмайды, ал біздің түйсіктерімізге әсер ететін – сыртқы дүние. Сол әсерлер орталық жүйке жүйелері арқылы адам миына жетеді. Ми оларды қорытады,    шешім жасайды. Әрине адам ми арқылы ойлайды, бірақ оның мәні сыртқы дүниеде, соны бейнелеуінде. Ми – ең алдымен объективті ақиқатты дәл, былайша айтқанда, сыртқы дүниені дұрыс бейнелейтін орган. Бірақ сана мен объективті ақиқат ешқашан да мейлінше дәлме-дәл болмайды. Сана – оның идеалдық бейнесі. Мұны Гегель де мойындаған. Бұл – дәлдік пен айырмашылық диалектикасы. Сананың мәнінде білім жатыр. Ал оны туғызатын танымдық ізденіс. Әр нірсені білуге, ұғынуға талпыныс, ізденіс сайып келгенде сананы құрастырады. Сана – материядан мүлде өзгеше.

Бейнелеу – жалпы материяның қасиеті. Бейнелеудің негізінде бір құбылыстын екінші құбылысқа, бір дененің екінші бір денеге жасайтын ықпалы жатыр. Мәселен, жүріп бара жатқан адамнан із қалады, із бейнелеуге жатады. Күннен, желден, ыстық пен суықтан, жаңбыр мен қардан жартас бұзылып, үгетіліп қиыршық құмға айналады. Теңіз жағасындығы тастар қашанда жылтыр, теп-тегіс болып келеді. Оны ысып, жылтырататын су толқыны. Сана да – дәл осындай әсердің нәтижесі.  Дүние танымда адамдардың ізденіс мүмкіндіктерін орасан зор дамытқан ғылым киберннетика. Ол күрделі информацияны қабылдап, оны сұрыптап, талдап белгілі жүйеге түсірпі, нақтылы шешімге келтіретін және ол процестерді баққаратын ғылым.

Сана белгілі бір дәрежеге – сана – сезімге айналады. Сана – сезім өзін — өзі сезініп, ұғыну арқылы жететін сананың еі жоғарғы сатысы.

Сана – сезім дегеніміз – адамның өзін — өзі ойлай алатын, сезе білетін, әрекеттенетін субъект ретінде түсіне бастауы. Адамның сана сезімі қанша таптық, топтық, қоғамдық сана – сезімдерге тығыз байланысты.

Тағы адам өзін табиғаттан бөліп қарай алмайды. Саналы адам бөлініп алады. Сана өзінің шығу жағынан екінші. Бірақ сана енжар емес, белсенді перменді рөлі бар құбылыс. Оның белсенбілігі – бейнелеуді таңдай алады, келешекті болжай біледі. Сана дұниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны өзгертеді, қолдан жасайды. Құрылыстар мен машиналарды табиғат дайын күінде  бізге сыйламайды, адам жасайды. Сол арқылы сана затқа айналады, заттандырылыды.

Сана – адамдардың өзара еңбек етуінің қарым-қатынас құралы ретінде тілді дамытып, адамның материалдық және рухани мәдениеті дамуының арқасында пайда болды. Тарихи оқиғаларға байланысты адамдардың психологиялық іс-әрекетінің ауысуы ғылымдар, мәдениет, кәсіби орындар, пайымдаудың жаңа түрлері және өзін-өзі басқару (психика және мінез) жетістіктері сананың шешуші факторлары.

Жалпы, адам санасының табиғаты қандай? Адамның жануарлардан айырмашылығы, оның ойлау қабілетінің бары, абстрактілі ойлауы, өзінің өткенін бағалай отырып, болашағы жайында бағдарламалар мен жоспарлар құрып, оны жүзеге асыру. Бұның барлығы тұтас алғанда адам санасымен тікелей байланысты. Адам болмысының психикалық бастауы психико-идеалистік позициядан қарастырғанда адамның ақиқатты танудағы ең жоғарғы көрсеткіші. Психология ғылымы тарихында осыған дейін сана материалистік немесе идеалистік тұрғыдан шешілмеген қиын мәселе болып отыр. Оның материалистік жолындағы түсінігінде көптеген күрделі сұрақ туып отыр. Сондықтан сана туралы тарау адам психологиясы мен іс-әрекетінің түсінігін қиындығына қарамастан әлі де қарастыру үстінде. Сананы зерттеушілер қа

йсыбір философиялық позицияны ұстанғанмен “рефлексті мүмкіншіліктерге” тап болып отырады. Адамда мұндай мүмкін-шіліктердің болуы психология ғылымдарының даму негізі. Онсыз адамда санаға барар жол жоқ. Рефлексиясыз адам өзінің психикасының бар екендігін білмек түгілі, ондай түсінік те болмас еді.

Адам саналылығының бірінші психологиялық мінездемесі – субъектіні танумен, іс-әрекетті ойлай білумен, өзінің психикалық іс-әрекетін қадағалап отырумен, өзінің ортасын көрумен бірге образдар формасында қабылдау мүмкіндігімен белгіленеді. Адам өз білімі арқасында бұл білімдердің барлығын басқа адамға немесе өзінен кейінгі ұрпаққа сөзбен түсіндіріп, әртүрлі басқа да символдар арқылы бере де, сақтай да алады. Ал сананың жоғалуымен (түс көру, гипноз, ауру және т.б.) бұл мүмкіншілікте жоғалады.

Айнала қоршаған ортаны ойлап елестету және ойдан шығару сананың екінші психологиялық мінездемесі. Ол да сана тәрізді ерік-жігермен тікелей байланысты. Пайымдау мен елестету саналы басқарылуы туралы адамның ерік-жігерінің күшімен ауысқанда айтылады. Бұл жерде пайымдау мен елестету әр кезде саналы ерік-жігермен қадағаланбайды және осыдан келіп ол ойлардың бейнелер мен құрылымдардың аяқ астынан пайда болуы “сананың арнасы”.

Бұл орайда сана туралы емес, «сана алды» саналық пен бейсаналық арасындағы психикалық жағдай туралы айту дұрыс. Басқаша айтқанда, сана ылғи да адамның өз психикасы мен әрекетінің еркін билеуімен байланысты. Болмыс туралы түсінік тап сол уақытта жоқ болса да (елестету, сағыну, армандау, фантазия) сананы ең маңызды психикалық мінездемелерінің бірі болып есептеледі. Сол уақытта адам өзін қоршаған ортадан ойын бөліп, тек өзінің бар ынтасын белгілі бір идеяға, образға, еске түсіру немесе т.с.с нәрселерге сала отырып, адам дәл сол уақытта көре алмайтын болған соң, сол елесті одан әрі дамыта түседі.

Психикалық процестер мен жағдайлардың өз еркімен басқарылуы қашан да санамен тығыз байланысты. Сондықтан болар, ескі кітаптарда “сана” және “ерік-жігер” тақырыптары әрқашан қатар тұрып, бірге талқыланатын. Сондай-ақ сана сөйлеумен тығыз байланысты. Сезіну мен елестетуге қарағанда ол санлық кейбір спецификалық құрамына байланысты. Солардың бірі – адам мәдениетімен байланысты – сөздік-түсініктемелік белгі. Сана ылғи да пайымдалатын белгіде сөйлеп түсіндіріледі. Сана көбінесе үнемі санада заттардың класстық құрамын анықтайтын сөз-түсіндірмелерін қолданумен сипатталады.

Сана дегеніміз не? Ол қалай пайда болды деген сұрақ ерте дәуірлерден бастап сана туралы әр турлі көзқарастардын туындауына себеп болды.Мифологиялық көзқарас бойынша, сана дегеніміз - бізге белгісіз құпия күштің іс-әрекеті. Адамның тәні осы бір құпия күшке бағынады. Осы көзқарас ұзақ уақыт бойында үстемдік жүргізіп келді. Кейіннен сана ғайыптан пайда болған құбылыс емес, ол адам миының қызметі екендігі белгілі болды. Адам миы ерекше ұйымдасқан материя. Ой, сана, идея - мидың рухани жемісі. Сана ойлау процесі арқылы пайда болады. Мисыз сана да, психикалық құбылыстар да жоқ. Дегенмен, ми ойды өздігінен тудырады деген түсінік қате болар еді. Сананы тудыратын объективті ақиқат.

Адам миы сыртқы дүниеден өтетін мәліметтерді түйсіктер арқылы қабылдап, оны қорытады, ой тұжырымын жасайды (ұғым, пікір, тұжырым). Сана объективті ақиқатты бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады. Ол үшін көп нәрседен хабардар болу қажет. Сананың негізінде білім, білу жатыр. Адамның белсенді практикалық қызметі сананың шығуына, оның қалыптасуы мен дамуына негіз болды.

Адамдар ерте кезден-ақ сана проблемасын шешуге ұмтылды. Ежелгі материалистерді сана және оның табиғаты жөніндегі көзқарастары әр түрлі болған. Олар сананы жанға теңеген. Мәселен, Гераклит жанды оттың ерекше күйі деп есептеген. Демокриттің пікірінше, жан кішкентай қозғалған атомдардан тұрады, заттардың сыртқы атом кабықтары бөлініп шығады да, олар балауызға басылған мөр сияқты сезім мүшелеріне заттық таңба қалдырады. Содан кейін бұл іздер орталық, сезім орнына келеді де, жанның белсенді күшіне айналады. Бірақ. жекелеген нақты заттардың таңбалары болып табылмайтын әділеттілік, рақымшылық және т.б. идеялар қайдан пайда болады деген сұрақтың туындайтыны табиғи нәрсе. Бұл мәселені қарама-қарсы тұрғыдан шешуге талпынған Платон болды. Ол сұлулық, әділеттілік және т.б. идеялар нақты өмір сүруге тиіс деп пайымдады.

ХVП-ХVІІІ ғасырлар философиясында Б.Спиноза және француз материалистерінің (Дидро және т.б.) сана проблемасын шешуге талпынғанын көреміз. Олар бүкіл материя белгілі бір дәрежеде сана, ойлау, түйсік арқылы үлес алған деп пайымдайды. Сөйтіп, материя атаулыға жан бітіруге, мәжбүр болған. Мұндай көзқарас гилозоизм деп аталады.

Дүниеде болып жатқан түрлі құбылыстардың мәнін ашу үшін, шиеленіскен кайшылықтарды шешу үшін оларды бейнелеп, ойлану қажет. Сонымен, біздің ойымыз нақты бар шындықты бейнелейді дедік, бірақ адамның ойында өмірде жоқ құбылыстар, мәселен, кұдай, періштелер, кентавр және т.б. да бейнеленеді. Оны қалай түсіндіруге болады? Ағылшын материалисі Ф.Бэкон ойда пайда болатын аталған құбылыстарды адамның және қоғамның ерекшеліктеріне байланысты болады дсп түсіндіреді. Кентавр деген өмірде болмаған дейді ол. Бірақ ол шындықтың көрінісі. Себебі, адамдар мен жылқылардың өмірде бар екені рас. Аталған тіршілік иелері адам ойында біртұтас болып келуі әбден мүмкін.

Бір материалдық объектінің екіншісіне әсер етуі бейнелеу болып табылады. Материалдық бейнелену бірнеше кезеңдерден өтіп, жоғарғы сатыға жеткенде басқа құбылысқа айналады. Оны сана деп атаймыз. Заттар мен құбылыстардың даму дәрежесіне сәйкес бейнелену де әртүрлі болады. Жансыз заттарда олардың сыртқы күштердің әсерінен бұзылып, жоғалуына байланысты бейнелену де тоқтайды. Ал тірі организмдердегі бейнеленуге тітіркену жатады. Орталық нерв жүйесі бар тіршілік иелерінде тітіркену рефлексия туғызады. Сыртқы құбылыстардың әсері сезім мүшелері арқылы да бейнеленеді (сезім мүшелері –көру, есту, дәм, сезу) .

Сана-сезім.

Адам өзін ойлай алатын, сезе білетін, өзіне-өзі баға бере алатын дәрежеге жеткенде сана-сезім немесе өзіндік сана пайда болады.

Адам өзін істеген істері арқылы да біле алады, өйткені еңбек ету дегеніміз- адамның затқа айналдырған санасы. Сана-сезім танымдық және әлеуметтік-рухани құбылыс. Сонымен, адам алдымен өзін сезінеді, одан соң өзінің өмірдегі орнын, атқарған қызметі арқылы қабілетін біледі.

Сана-сезім өзін-өзі реттеу, жөнге салу ретінде және өзін түсіну ретінде қаралады. Өзін түсіну арқылы адам мінез-құлқын, жүріс-тұрысын жөнге салып тәрбиелейді. Сана-сезімнің тағы бір түрі - бұл ұлттық сана-сезім. Ол - әр ұлттың «өзін-өзі түсінуі, тіліне, әдет-ғұрпына, өткені меп болашағына талдау жасап, ойлануы (Абайдың өлеңдері, қара сөздері. Оның халықтың сана-сезімін оятудағы маңызы).

Сана адам миын қызметі арқылы пайда болды. Ол әрине, бірден пайда болған жоқ. Бірнеше дәуірлерден өтті. Сананың пайда болуы негізінен екі факторға тікелей байланысты. Оның бірі - еңбек, екіншісі - тіл. Қатынас және пікір алысу кұралы ретінде тілдің ролі өте маңызды. Еңбек лроцесінде адамдар заттың маңызын, оның касиеттерін ашып, оны бір-біріне тілдің көмегі арқылы жеткізеді. Тіл - коммуникативтік құрал ретінде бірте-бірте қалыптасты. Алғашқы адамдар бірімен бірі түрлі дыбыстар, қимылдар арқылы ұгысқан. Оз ойын ымдап түсіндіру әлі күнге дейін кездеседі. Осындай түрлі әрекеттер мен дыбыстардан тіл қалыптаса бастады. Тілдін, арқасында сана қоғамдық құбылысқа айналады.

Қоғамдық сана - саналы тіршілік иелері - адамдардың іс-әрекетінің нәтижесі. Көпшіліктің қолдауына ие болып, рухани құралына айналған сана - коғамдық сана деп аталады. Адамзат өмірде, еңбек ету ироцесінде сыртқы дүниені белгілі бір дәрежеде танып біледі. Соған сәйкес ой тұжырымын жасайды. Ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалған мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, басқа адамдардың ойын, мақсаты мен парызын бейнелейді. Сондықтан, әлгі аталған дүниелер көптің көңілінен шығып, қолдау табады. Қоғамдық сана қоғамдық болмыстан пайда болады. Қоғамдық саналы коғамдық болмыстың бейнесі дейтініміз сондықтан. Қоғамдық болмыс алғашқы болып табылады. Себебі, ол коғамдық санадан тәуелсіз өмір сүреді. Қоғамдық сана болмысты бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар ол бейнеленген объектіні дамытып, өзгертеді. Шыгу тегі жағынан қоғамдық сана екінші болғанымен, қоғамдық болмысқа дәрменді әсер етеді.

Қоғамдық сана бір жағынан болмысты бейнелесе, екіншіден рухани кұбылыстарды жасаушы. Оның адам санасына әсер етуі де екі түрлі. Ол жеке адамдар санасы арқылы және қоғамдық естелік (баспасөз өнімдері арқылы) арқылы өмір сүреді. Қоғамдық сананың құрылымын гносео-логиялық, социологиялық және нақты-тарихи тұрғыдан алып қарастыруга болады. Гносеологиялық тұрғыдағы сана қарапайым (білім, әсерленушілік, ерік, ес) және теориялық болып бөлінеді.

Социологиялық тұрғыдағы сана ықпал ету өрісі, мазмұны, түрі деп бөлінеді. Ықпал ету өрісіне - психология, идеология, ғылым жатады. Мазмұны жағынан - халыктық, ұлттық, таптық, кәсіптік болып бөлінеді. Нақтылы - тарихи тұрғыдан типтік және жай-күйі болып екіге бөлінеді. Типтік жағынан алғашқы қауымдық, таптық - антогонистік т.б. салаларга бөлінеді. Ал, жай-күйі жағынан: оптимистік, пессимистік және шектен тыс өзімшілдік болып бөлінеді. Сондай-ақ қоғамдық сана төменгі және жоғарғы сатылардан тұрады. Төменгі сатыға қоғамдық психология жатады. Ол сезімге негізделеді (сезім, елес, әдет-ғұрып) стихиялы, жүйеленбеген түрде қалыптасады. Қоғамдық психология таптық, ұлттық, жыныстық, кәсіптік болып келеді. Ол адамдардың ойлау, жүріс-тұрыс, көңіл-күйінен байқалады.

Идеология қоғамдық сананың жоғарғы сатысы болып табылады. Идеологияның басты ерекшелігі оның жүйелілігінде. Ол өзінің мәні мен мазмұны жағынан белгілі бір топтың ой-пікірлерінің, көз-қарастарының, теорияларының жиынтығы болып табылады. Түрі мен құрылымы жағынан идеология барынша үйлестірілген, теориялық жағынан жеткілікті дәрежеде негізделген пікірлер мен көзқарастар жиынтығы. Идеология қоғамдық лсихология сияқты өздігінен стихиялы түрде пайда болмайды.

Қоғамдық санамен қатар, әр адамның жеке санасы болады. Жеке сана адамның біліміне, өмір жағдайына, мінезіне, тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Әрине жеке сананың қоғамдық санадан өрісі тар. Ал қогамдық сананы жасаушы да, оны іске асырушы да жеке адам. Сонымен жеке сананың қоғамдық санадан айырмашылығы неде? Күнделікті өмірдегі екі адамның өзара әңгімесі, тұрмысы, күнкөрісі, жұмысы т.б. жеке сана болып табылады. Ал, өзара әңгімеде теориялық мәселелер, қоғамның беталысы, дамуы туралы сөз болса, ол қоғамдық сана болады.

Қоғамдық сананың формалары дегеніміз не? Олардың қоғам өміріндегі атқаратын рөлі қандай? Айырмашылықтары неде?

Қоғамдық сана формаларының әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері болғанымен, олар бір-бірін үнемі әсер етіп отырады.

Саяси сана - қоғамдық сананың бір формасы. Саяси сана ұлттардың, мем-лекеттің түбегейлі мақсаттарын қолдап, уағыздап отыратын қоғамдық ой формасы. Ол саяси партиялар мсн мемлекеттердің мүддесін қорғау үшін пайда болған және соны іске асырады. Оның нақты белгілеріне саяси идеологиядан, саяси партиялар бағдарламаларынан, мемлекеттерінің Ата заңынан, үкімет пен мемлекет басшыларынан сөйлеген сөзінен айқын байқауға болады. Саяси сана қоғамдық сананың барлық түрлеріне ықпал етеді.

Кұқылық сананың, оның басты мақсаты демократияны, заңдылық нормаларын, адамдардың бостандығы мен құқығын қорғау. Құқылық мемлекеттер "Заң алдында ешкімге де артықшылық берілмейді" деген принципті басшылықка алады. Қабылданған занды ешкім де бұза алмайды.

Моральдық сана. Мораль құқықтан бұрын пайда болған және қоғамдық сананың ең көне түрінің бірі болып табылады. Мораль адамның адамға, басқа халықтарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын бейнелсйді. Адам қоғамда өмір сүргендіктен, сол қоғамның ерекшеліктеріне сай белгілі бір моральдық қатынас нормаларын сактауға тиіс. Мораль қоғамдық өмірдің барлық салаларында адамдардың мінез-құлқын реттеу функциясын атқа-рады. Мораль талаптары жеке біреудің бұйрығымен тағайындалмайды, ол адамдардың барлығын орындауға тиіс мінез-құлық формасы болып табылады.

Эстетикалық сана. Өнер қоғамдық өмірдің қай саласына болсын ықпал етеді. Ең алдымен ол адамды мәдениеттілікке баулиды. Көркем бейне өмір кұбылыстарын ойлану арқылы, кейіпкердің ішкі дүниесіне үңілу арқылы жасалады.

Діни жөне атеистік сана. Діннің мақсаты адамды құдіреттің күшіне иландыру. Әрине, діни уағыздардың баршасын жоққа шығаруға болмайды. Қазіргі кезеңде біздің коғамда дінге жаппай бет бұру үрдісі байқалады. Себебі, ғасырдан ғасырға ұласып келе жатқан әдет-ғұрпымыз, салтымыз исламға тікелей байланысты. Тарихи түрлі себептердің әсерінен діннен қол үзуге, оны түбірімен теріске шығаруға бет алған кезеңдердің де болғаны ақиқат. Дегенмен, дәл осы тұста дінге деген көзкарастардың түзеле бастағанын айтпай кетуге болмайды. Дінді мойындамайтын, оны бекерге шығаратын көзқарасты атеизм деп атайды.

Қоғамның рухани саласы – ең күрделі, сонымен қатар, бір қарағанда байқалмайтын құбылыс. Біз желдің бар екенін білеміз. Бірақ, ол көзге көрінбейді. Сол сияқты жалпы рухты ешкім ешқашанда көрген жоқ. Бірақ, оның бар екеніне ешкім күмәндәнбайды. Егер “рух” деген ұғымның шыққан тегін қарасақ, онда грек тілінде ол “пневма”- яғни, ауа, тыныс, үрлеу,- деген сөздерге жақын, латын тіліндегі “спиритус” – көрінбейтін, жеңіл, тыныс деген сөздерге жақын мағна береді, ал орыстың “дух” деген сөзінің төркіні “дуновение”, “дыхание”,- деген сөздерге жақын. Алғашқы қауымдық қоғамның ұлы зерттеушісі Э.Тэйлор “Флоридадағы семинолар (тайпаның аты, Г.О.) өлейін деп жатқан босанған әйелдің аузына жаңа туған нәрестені жақындатады. Ол сәбиге әйелдің денесінен шығып бара жатқан жанын өз бойына сіңіріп болашақ өмірінде күш-қуат пен парасаттылықты көрсету үшін керек”,- деген дерек айтады. Тропикалық Африкада өмір сүретін халықтардың зерттеушілері олардың “көсемдер рухы”, “бабалар рухы”, “зұлым рухтар”, “күнбе-күнгі өмірде көмектесетін рухтар” т.с.с.,- деп сала-салаға оларды бөлетіні жөнінде айтады. Егер де Шығыс мифологиясын алсақ, көне Үндіде “Сансара” ұғымы пайда болды. Ол дүниежүзілік аспанда орналасқан зардап шегудегі рухтар мұхиты. Дүниеге философиялық көзқарас келген кезде , Платон “Эйдостар (идеялар) әлемі” жөніндегі ілімін ұсынады. Бұл әлем материалды емес, мәңгілік, жетілген, өзгермейді. Ал бізді қоршаған материалдық дүние – аспандағы идеялардың көлеңкесі ғана, ол өтпелі, кемеліне толығынан келмейді, дүниеге келіп, біршама уақыт өткенде – кетеді. Осыған сәйкес, адамның материалдық денесі үне бойы өзгерісте болып, ақырында өледі, бірақ оның жан-дүниесі идеялар әлемінен шыққаннан кейін, сол адамның денесінің ұғымы, мән-мағнасы ретінде өлместікке ие болады.

Еуропа топырағына христиан діні тарауымен-ақ, бұл мәселе жаңа шешімдерге ие болады. “Христиан дінінің атасы” аталған Филон Александрийский Платонның “дене –жан” ұғымдарына үшінші – Құдайдан шығатын “рухты” қосады. Енді адамның үш өлшемі болып шықты. Дене ретінде адам өмірге уақытша келіп кетсе, рух ретінде Құдайға қосылуға құмартады, ал екі ортада абыржыған жан бар. Егер ол рухпен бірге болса, өлместік дәрежесіне көтеріледі, ал денеге жабысса, сонымен бірге құриды. Олай болса, адам өз-өзіне терең үңіліп, рухтың талаптарына сәйкес өмір сүруі керек.

Ұлы А. Августин адамның рух екенін мойындап, онда өмірде зұлымдық неге бар, оның себебі неде?,- деген сұрақ қояды. Егер Құдай еш мінсіз, құдіретті болған болса, оның жаратқан Дүниесі де еш мінсіз, керемет, ғажап. Олай болса, кінә - адамның өзінде. Ол аспан құндылықтарының орнына жердегі өтпеліні таңдады. Сондықтан, өмірге зұлымдық келді.

Егер көне заманның ойшылы Сократ зұлымдық - адамның надандығында, білетін адам зұлымдық жасамайды,- деген пікірде болса, Августин “ақыл – біледі, ырық - таңдайды”, соңғы шешім адам ырқында, “мен оның жаман екенін білемін, бірақ, мен соған қарай ынталанамын, ақырында оны жасаймын, күнәға батамын”, - деген пікір ұстайды. Олай болса, зұлымдықтың түп-тамыры – адамның өзімшілдігі, тәкәппарлығы мен өр-көкіректігінде. Тек қана Құдайды, оның жаратқан Дүниесін барлық жан-тәніңмен сүйген кезде ғана жан-дүниеңді құтқарып, мәңгілікке ие боласың,- дейді ұлы ойшыл.

Орта ғасырларда өмір сүрген біздің бабамыз Ж.Баласұғын да рухты биік ұстау керектігін, бұл фәнидің өтпелігін басып айтады. Құдайға жан-тәніңмен сену, ізгілік, ар-ұжданның талабынан шықпау, әділеттілік – адам рухын мәңгілікке әкеледі,- дейді ұлы ойшыл.

Қайта Өрлеу заманынан бастап рух жөніндегі діни көзқарастан ауытқу басталады. Оған ерекше үлес қосқан Л.Валла болды. Ол кісі адамның рухы ғана емес, денесі де әсем. Құдайдың жаратқан бәрі де бір-біріне үндесіп жатқан ғажап Дүниесінде бірде-бір нәрсе өзінің құндылығын жоймайды, соның ішінде адамның денесі де, - деген ой тастайды. Құдайды сүю - рухтың ең биік таңдауы болғанымен, сезімдік дене ләззатынан да адам қашпауы керек. Міне, бұл бүгінгі таңдағы Еуропа елдеріндегі материалдық тәндік-сезімдік өмір бағытының жасалған бастамасы еді.

Жаңа Дәуірде бұл көзқарас әрі қарай дамып, рухты ең алдымен ақыл-парасат ретінде қарастыруға жол ашылады. Оған өз үлестерін қосқан Р.Декарт, Б.Спиноза, неміс классикалық философиясы, француз ағартушыларының өкілдерін жатқызуға болады.

Л.Фейербахтың рух жөніндегі материалистік көзқарастарын жалғастыра келе, К.Маркс пен Ф.Энгельс рухтың қайнар көзін материяның өзіндік ішкі дамуға деген қабілетімен байланыстырады. Бірақ, олар дүниеге келген рухтың сол өзін туғызған материяға керісінше ықпал тигізу мүмкіндігін теріске шығармайды. Өйткені, болашақта дүниеге келетін коммунизмнің өзі – ақыл-ой, парасаттық, рухтың ең биік шыңы болмақ.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
арналған әдістемелік
жалпы білім
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
туралы хабарландыру
қазіргі заман
атындағы жалпы