Мақтаншақ бақа



Дата15.03.2021
өлшемі20.57 Kb.
#46211
Байланысты:
бала-ға арн әңгіме


Мақтаншақ бақа

Мақтаншақ бақа 2-сыныпта оқиды. Достарының барлығы оның ерекше мақтаншақ екенін бұрыннан білетін. Бірақ бүгінгі қылығы есте қаларлық болды. Әдебиеттік оқу сабағынан кейін мұғалім оқу қарқынын тексеретінін айтты. Жапалақ мұғалім екінші жарты жылдықта 55-60 сөз оқи алуымыз керек екенін айтты. Барлық оқушылар кітаптарын ақтарып дайындала бастады. Тек қана мақтаншақ бақа осы кезге дейін, көптеген кітаптар оқығанын, ол үшін 60 сөз оқу қиынға соқпайтынын айтты. Мақтаншақ бақаның ойынша,білімді болу үшін, теледидар қарасаң да жеткілікті, кітап оқып уақыт өткізгеннен не пайда. Жапалақ мұғалім барлық оқушылардың оқу қарқынын тексеріп, жақсы жетістік көрсеткендерін атап өтті. Минутына 144 сөз оқыған аққу, 110 сөз оқитын қарлығаш және 89 сөз оқитын құмырсқа алғашқы орындарды иеленді. Барлық оқушылар оларға қызыға қарады. Мақтаншақ бақа «Мен неткен ақылдымын, бәрібір соңынан санағанда бірінші орын менікі»-деп мақтанды. Досым сен ше? Минутына неше сөз оқисың?

Сүйкімді Ботагөз

  Ботагөз әрқашан сабаққа ерекше дайындықпен келеді.Өзі үнемі терең ой құшаында жүреді. Ұстазының әр сөзін байыппен, ерекше ынтамен тыңдап,іштей қайталап отырады. Бүгін мұғалім ерекше тапсырма берді. Оқушыларға «Алтын балық» ертегісін оқып беріп: « Егер сендер алтын балықты ұстап алсаңдар қандай тілек тілер едіңдер,ойларыңдағы армандарыңды қағазға жазыңдар»-деді. Бүлдіршіндер өз арман,тілектерін қуана күбірлесіп жаза бастады. Аздаған үзілістен соң оқушылар жазба жұмыстарын оқып берді. Ержасын маған машина керек десе, Жансулу әдемі қуыршақ сұраймын деді. Жансая үлкен үй сыйласын, мен әкеммен және анаммен сол үйде бақытты өмір сүргім келеді деді. Барлық оқушылар өз ойларын жарысаоқып беріп жатты. Тек қана Ботагоз үндемей отырды. Мұны байқаған мұғалім: «Ботагоз, сен алтын балықтан қандай тілек тіледің?»-деп сұрады. Азырақ үнсіздіктен кейін Ботагоз өз жазғанын оқып берді. «Егер де мен, алтын балықты ұстап алсам,ең бірінші анама денсаулық сұрар едім. Анам ауырып қалса, мен қатты уайымдаймын. Содан кейін әкеме,сүйікті тәтеме де, егер де ата-анам қасымда аман-сау болса, қалғанының бәрі болады»-деді.   Мұғалім  сүйкімді Ботагозге үлкен сүйіспеншілікпен таңырқай қарады, сыныптастары да үлкен ойға батып кетті.

Ерекше жаңа жыл

2-сынып  оқушысы Әкежан анасы мен әкесінің жалғыз баласы болғандықтан, өте ерке  болып өсті.  Ата-анасы да ерекше мәпелеп айтқанын екі етпейді. Міне көптен күткен жаңа  жыл да  келді.  Әкежан үшін  басқа мерекелерден  гөрі  жаңа жыл сыйлығы  мол, тәттіге тоятын ерекеше күн.  Ата-анасы былтырғы  жылы бағасы  қымбат тұратын ұялы  телефон  сыйлаған болатын.  Аяз ата беріп жіберді деп ата-анасы  алдаса да,  Әкежан сыйлықтың қайдан келгенін жақсы біледі. Биыл да ата-анасына  Аяз атадан  қандай сыйлық күтетінін алдын-ала ескертіп қойған еді.  Бірақ, жаңа жыл күні түні ақ халатты дәрігерлер келіп, анасын алып кетті. Аң-таң  болған Әкежан  әкесіне: «Әке, менің сыйлығым қайда? Аяз ата мені биыл ұмытып кетті ме? Анам қайда кетті?  Қалай жаңа жылды қарсы аламыз?»-деді жылам- сырап.  Сәлден соң телефон шырылдады.  Қуана жымиған әкесі: «Сен биыл ерекше сыйлыққа ие болдың , Аяз ата саған іні сыйлады»-деді. Бауырлары бар өзге балаларға  ерекше  қызғаныш- пен қарайтын,  Әкежанның  қуанышында шек жоқ.  Қатты қуанғаны сондай, қолын шапалақтап секіріп жіберді.  Әкежан үшін бұл жаңа жыл ерекше болды. Ол тіпті армандаған сыйлығын ала алмағанына да өкінген жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
арналған әдістемелік
жалпы білім
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
туралы хабарландыру
қазіргі заман
атындағы жалпы