Мазмұны Еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау



бет1/10
Дата20.02.2022
өлшемі190.26 Kb.
#177107
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
4. Еңбек ресурстарын қолдануды талдау
1. Экономикалық талдау мәні мен міндеттері., 5. Негізгі өндірістік қорларды пайдалануды талдау, 8. Кәсiпорынның қаржылық нәтижелерін талдау

Дәріс 4 - Еңбек ресурстарын пайдалануды талдау
Мақсаты: кәсіпорында еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды талдау мәні мен міндеттерін қарастыру, персоналмен қамтамасыз етілуін, оның құрамы мен құрылымын зерттеу, оларды тиімді пайдалану көрсеткіштерін анықтап талдау жасау.
Мазмұны

  1. Еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау

  2. Жұмыс уақыт қорын пайдалануды талдау

  3. Еңбек өнімділігін талдау.

  4. Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін талдау.

  5. Өнімнің еңбек сыйымдылығын талдау

  6. Еңбек ақы қорын талдау.


Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: еңбек ресурстары, еңбек өнімділігі, еңбек ақы, ілгерілемі коэффициент, еңбек сыйымдылығы, персонал рентабельділігі, өнім рентабельділігі, сату рентабельділігі, күндік өнімділік, сағаттық өнімділік және т.б.
1. Еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау. Еңбек ресурстарына сәйкес салада білім және еңбек дағдыларына ие, қажетті физикалық деректері бар тұрғын халықтың бөлігі кіреді. Кәсіпорынның қажетті еңбек ресурстарымен жеткілікті қамтамасыз етілуі, олардың рационалды пайдаланылуы еңбек өнімділігінің, жоғарғы деңгейлі өнім көлемін арттыру үшін және өндіріс тиімділігін арттыру үшін үлкен маңызы бар. Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуіне және олардың пайдалану тиімділігіне барлық жұмыстардың көлемі мен орындалуының өз уақытылығы, жабдық, машина, механизмдердің пайдалану тиімділігі тәуелді.

Талдау міндеттері:



  • кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің еңбек ресурстарымен, сондай-ақ олардың категориялары мен кәсіптері бойынша қамтамасыз етілуін зерттеу мен бағалау;

  • кадрлар ағымдылығы көрсеткіштерін анықтау мен зерттеу;

  • еңбек ресурстарының резервтерін анықтау, оларды анағұрлым толық және тиімді пайдалану.

Еңбек бойынша талдауды жүргізу үшін келесі қайнар көздер пайдаланылады: “Еңбек бойынша есеп” статистикалық есеп беру деректері, табельдік есепке алу мен кадрлар бөлімі деректері.

Еңбек ресурстарымен кәсіпорынның қамтамасыз етілуі жұмыскерлердің категориялар мен кәсіптер бойынша нақты санын оның жоспарлық қажетімен салыстыру арқылы есептеледі. Еңбек ресурстарының біліктілігі бойынша сапалық құрамын да талдау керек.

Жұмысшылардың біліктілік деңгейінің орындалатын жұмыстар күрделілігімен сәйкестігін бағалау үшін жұмысшылар мен жұмыстардың орташа тарифтік разрядтары салыстырылады, ол орташа салмақталған арифметикалық бойынша есептеледі.

мұндағы: - і-ші тарифтік разряд; - і-ші разрядтағы жұмысшылар саны; - әрбір түрі бойынша жұмыстар көлемі; - әрбір түрі бойынша барлық жұмысшылар саны.

Егер жұмысшылардың нақты орташа тарифтік разряды жоспардан төмен болса, онда бұл анағұрлым төмен сападағы өнім шығысына әкеледі. Егер жұмысшылардың орташа разряды жұмыстардың орташа тарифтік разрядынан жоғары болса, онда жұмысшыларға төмен білікті жұмыстарға оларды пайдаланғаны үшін қосымша төлемдер жүргізу қажет.

Әкімшілік-басқару персоналы әрбір жұмыскердің нақты білім деңгейінің оның лауазымына сәйкестігін тексереді және кадрларды іріктеу, оның дайындығымен және біліктілігінің жоғарылауымен байланысты сұрақтарды зерттейді.

Жұмыскерлердің біліктілік деңгейі көбіне олардың жасына, жұмыс өтіліне (стаж), біліміне байланысты. Сондықтан талдау процесінде жұмысшылар құрамында жоспар бойынша жұмыс өтілі, білімі бойынша өзгерістерін зерттейді. Олар жұмыс күшінің қозғалысы нәтижесінде болатындықтан талдау барысында бұған үлкен көңіл бөлу керек.

Жұмыс күшінің қозғалысын сипаттау үшін келесі көрсеткіштер динамикасы талданып есептеледі:



  1. жұмысшыларды қабылдау бойынша айналым коэффициенті (Кқаб)


персоналдың жұмысқа қабылданған саны / персоналдың орташа тізімдік саны,


  1. шығару бойынша айналым коэффициенті (Kшығ)

К = босатылған жұмыскерлер саны / персоналдың орташа тізімдік саны,


3) кадрлардың ағымдылық коэффициенті (Kа)
өз еркімен және еңбе тәртібін бұзғаны үшін шығарылғандар саны/

персоналдың орташа тізімдік саны




  1. кәсіпорынның персоналдары құрамының тұрақтылық коэффициенті (Kтұр)

жыл бойы істеген жұмыскерлер саны/ персоналдың орташа тізімдік саны
Жұмыскерлердің жұмыстан босау себептерін (өз еркімен, кадрлар қысқаруы, еңбек тәртібінің бұзылуы) зерттеу керек.

Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуіндегі қауырттылық қолда бар жұмыс күшін анағұрлым толық пайдалану есебінен, өндіріс интенсификациясы, өндірістік процестерді кешенді механикаландыру мен автоматтандыру, анағұрлым өнімді жаңа техниканы енгізу, өндіріс технологиясы мен ұйымдастыруды жетілдіру есебінен кішкене басылуы мүмкін. Талдау процесінде жоғарыда аталған шараларды жүргізу нәтижесінде еңбек ресурстарына қажеттілікті қысқарту резервтері анықталуы керек.

Егер кәсіпорын өз қызметін ұлғайтса, өндірістік қуаттарын арттырса, жаңа жұмыс орындар құрса, онда оның еңбек ресурстарына деген қосымша қажеттілігін категориялар мен кәсіптер бойынша анықтау керек және оларды кірістіру көздері анықталады.

Өнім шығысын арттыру резервін қосымша жұмыс орындар құру есебінен анықтау үшін олардың өсіңкілігін бір жұмысшының нақты орташа жылдық өнімділігіне көбейтеміз:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру