Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау әрекетін дамыту жолдары



бет1/3
Дата30.09.2021
өлшемі1.82 Mb.
#83233
түріАнализ
  1   2   3
Байланысты:
балалардың логикалық ойлау әрекетін дамыту
балалардың логикалық ойлау әрекетін дамыту, Аналитикалық эссе. Боранбаева Нұрайым. ҚТӘ-17-1, Аналитикалық эссе. Боранбаева Нұрайым. ҚТӘ-17-1, 9 сын БЖБ 1,2 болим, 17 тапсырма брасс, 17 тапсырма брасс, « ндірістік ж не экономикалы рдістерді модельдеу» п ні бойынша, « ндірістік ж не экономикалы рдістерді модельдеу» п ні бойынша (1)

Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау әрекетін дамыту жолдары
Мектепке дейінгі жасындағы баланы оқытып тәрбиелеуде қарапайым математикалық түсініктерін оқытумен олардың логикалық ойлауын дамытуының сабақтастықты қамтамасыз ету мәселесі өте өткір қойылып отыр.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың логикалық ойлау қабілеттерін, қиялын жүйелі ойлауға, шығармашылық қабілеттерін түрлі әдістер арқылы дамытуға түрлі әрекеттер жасау керек. Нәтижелерге жету үшін ТРИЗ технологиясының әдіс-тәсілдерін пайдалануға болады. Олар:



  • Қарама-қайшылықты шешу әдісі – ұсынылған заттар мен құбылыстарды әр қырынан қарау;

  • Сиқырлы объектілер әдісі – балаға таныс объектінің сипаттарын екініші бір объектіге таңып айту, қолдану;

  • Жүйелік жақындау әдісі – бір-бірімен тығыз болатын бөлімдерден құрылған жүйені біртұтас ретінде түсініп беру;

  • Салыстыру әдісі – заттар мен объектілердің ұқсастық, ерекшеліктерін анықтау.

Сонымен қатар балалардың ойлау қабілеттері салыстыру, анализ, синтез, абстракция, жалпылау және нақтылау ойлау операциялары арқылы жүзеге асады.


  1. Салыстыру - оқып үйренетін объектілердің ұқсастықтар мен айырмашылықтарын ойша тағайындау әдісі. Салыстыру әдісін қолданғанда мына қағидаларды басшылыққа алған жөн:

  1. салыстыратын объектілер біртекті болуы шарт;

  2. оқып үйренетін объектілер айырықша мәні бар белгілері бойынша салыстырылуы тиіс;

  3. объектілерді салыстыру толық аяқталуы тиіс.




  1. Анализ - қарастырылатын затты немесе құбылысты талдау, жіктеу, ажырату. Оны құрайтын элементтердің қасиеттеріне, сипатына қарай жіктеу, бөлу, оның әрбір элементін немесе бір жақтарын жеке-жеке қарастыру.




  1. Синтез- жинақтау, қосу, құрастыру, біріктіру-анализге қарама-қарсы логикалық үрдісті білдіретін ұғым. Синтез бөліктердің, элементтердің, қасиеттердің байланысын, өзара әсерін айқындап, нәрсенің, заттың тұтас тұлғасын білдіреді.



  1. Абстракция - ол елемеу, дерексіз затты белгісінен, қасиетінен ажыратып, ойша дерексіздендіру, дерексіз ұғыммен тұжырымдалатын және табиғаттың немесе қоғамның материалдық міндеттерін, үрдістерінің ішкі мәнін бейнелейтін ой. Ол абстракциялаудың, яғни болмыс құбылыстардың мардымсыз, үстірт жақтарымен қасиеттерін елемей, олардың жалпы, ең мәнді белгілерін оймен айқындау нәтижесі болып табылады.




  1. Жалпылау - объектілер мен құбылыстардың тек берілген класына тән қайсыбір ерекше қасиетін ойша айыру, белгілеу әдісі.




  1. Нақтылау- неғұрлым жалпыдан жекеге көшу әдісі. Нақтылау екі түрде кездеседі:

  1. ойдың жалпыдан жекеге, дербестікке ауысуы;

  2. объектінің әр түрлі қасиеттері мен белгілерін айқындау арқылы абстракті- жалпыдан дербестікке ауысуы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Жалпы ережелер
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
Реферат тақырыбы
арналған тапсырмалар
арналған жиынтық
білім беретін
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
пәнінен тоқсанға
республикасының білім
сәйкес оқыту
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
оқыту мақсаттары
қазақ тілінде
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
Жұмыс бағдарламасы
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
мамандығына арналған