Жеке дара жұмысқа арналған сабақтар
Сабақ №1
Мақсаты: Зейінін тұрақтау, қиялын, танымын дамыту, жыл мезгілдері туралы білімдерін арттыру.
Мынау біздің «Сиқырлы батпырауын» саған осы ғажайып кітаппен достасуға көмектеседі.
Жұмбақты шеш
Үйрек, үйрек қаздары
Шулайды көл қоғалы
Дәурен өтіп жаздағы
Самал желі соғады
Алма бағын жағалай
Алмаларын қағады
Айтыңдаршы, бөбектерім,
Бұл қай кезде болады?
2 . Қанеки, берілген бес таяқшалардан «Сиқырлы Батпырауынның» суретін құрастырып көрейік.
3. «Сиқырлы Батпырауынның» дос бар.Аты-Саққұлақ. Саққұлаққа бірдей сүйектерді жинауға көмектес.
4. Батпырауынға мына тапсырманы шешуге көмектесші.
Қонжық екеу, табаны нешеу?
Сабақ №2
Мақсаты: Зейінін тұрақтау, қиялын, танымын, санау қабілеттерін дамыту, бақшаға деген қызығушылықтарын арттыру.
«Сиқырлы батпырауын» бақшада санамақ жаттап үйреніпті.
Біздің бақта жүз бала
Барлығы да сақ бала
Барлығы да таңғы асқа
Жеп алыпты жүз алма
Ал, содан соң ойнапты.
Зейін қойып сен тағы
Жаттап көрші балақай!
2. Бақшамыздың маңында шыршалар бар ма? Келесі шыршаны таяқшадан құрастырып көр.
3. Қане ойлап көрейік, «Не суға батады?»
4.Тиінге бес цифры бар саңырауқұлақты тауып, бояуға көмектес.
Достарыңызбен бөлісу: |