Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен тарихтағы ең ұлы істің бірі. К. Д. Ушинский



Дата03.02.2022
өлшемі16.85 Kb.
#163482

Мен таңдаған мамандық

(Эссе)


Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы істің бірі. К.Д.Ушинский

Әлемде көптеген мамандық түрлері, бітірген мамандығы бойынша белгілі бір салада қызмет атқарып жүрген мамандық иелері де бар. Сапалы білім алып, жоғары оқу орнын бітіріп, белгілі бір мамандық иесі атанғандар өз саласында абыройлы қызмет атқарып жүр. Өмірге келген әрбір адамның арманы – қуанышы мен қайғысы қатар жүретін осы өмірден өз орнын табу, ата-анасының, туыстарының үмітін ақтау, дос-таныстарының алдында абырой мен қошемет-құрметке ие болу, сапалы білім алып, өз елінің болашағын ойлайтын саналы, беделді, білімді де білікті мамандық иесі болу, өзін «мен» деп өзгелерге таныстыра алатын, ар-абыройына дақ түспеген, жоғары білімді, көзі ашық, көкірегі ояу тұлға атану. Міне, менің арманым осы. Бірақ, арман деп те айтпас едім. Себебі мен өмір атты өзеннің толқынында ақырындап өз арманыма қол жеткізіп келе жатқандаймын. Ең бастысы – мені әркез демеп, қолдап, қорғайтын ата-анамның бары. Себебі осы күнге жетуіме олардың қосқан үлесі зор, еңбегі ұшан-теңіз. Ата-анам менің әрбір жеткен үлкенді-кішілі жетістігіме қуанып, мен үшін кеуделеріне мақтаныш сезімі кернегенде, солардың мәңгі мақтаулы қыздары боп қала бергім келеді. Маған деген зор сенімінің арқасында мен де қанаттанып, алға ұмтылып, ата-анамның үмітін ақтау үшін тырысып келемін. «Не себепті мамандық жайлы емес, ата-анасы жайлы айтып кетті?» деп ойлап отырған шығарсыздар. Себебі менің осы мамандықты таңдауыма ата-анам себепші болды. Менің мамандығым – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Шынымды айтсам, бұл мамандықты жүрек қалауымен таңдамаған едім. Жоғарыда айтып өткенімдей, ата-анамның айтуымен таңдадым. Мектеп қабырғасының соңғы сыныбында оқып жүргенімде ата-анам ағылшын тілі пәнін таңдап, осы пән бойынша жоғары оқу орнында оқуымды қалады. Ал менің арманым атақты журналист не жазушы болу еді. Мектеп кезімнен өлең, шығарма, ертегі, фантастикалық әңгіме, мақала жазуға деген құштарлығым зор болатын. Бірақ өз арманыма қол бұлғап қала бердім. Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек дейді: жар таңдаудан және мамандық таңдаудан. Бірақ мен бұл мамандықты жүрек қалауымен таңдамасам да, «қателестім» деп еш айта алмас едім. Себебі қазір өз мамандығым өзіме ұнайды. Көп адамдарға мұғалім мамандығы екінің бірі атқарып жүрген қарапайым мамандық түрлерінің бірі болып көрінетін шығар, алайда бұл қызметтің жауапкершілігі өте зор. Себебі ұстаз болу, соның ішінде, білімді де білікті ұстаз болу – осы мамандықтың ең басты алғышарты. Менің ойымша, ұстаз болу үшін жоғары біліммен қатар сабыр мен төзімділік керек. Алдыңызда отырған әр баланың көзқарасы, таным-түсінігі, ойлау қабілеті мен қабылдау деңгейі әртүрлі, олардың ішкі жан дүниелері де солай. Бірақ сіз әрбір бала үшін жауаптысыз, себебі сіз ҰСТАЗСЫЗ! Оқушының білім деңгейінің көрсеткіші ең алдымен ұстаздан сұралады. Балаларды алға жетелеп, сапалы біліммен қамтамасыздандырып, тәлім-тәрбие беріп, өмірден өз орнын табуға жәрдемдесіп, тұлға атандыру – ұстаздардың мойнына артылған ауыр жүк. Осындай жауапкершілігі зор ауыр жүкті арқалап жүрген аяулы ұстаздар қауымына мың алғыс! Қаншама баланы үлкен өмірге қанаттандырып, түлеп ұшуына себепші болған қаншама ұстаздар қызмет етіп келеді! Олар мен секілді және өзге де жас ұстаздарға бағыт-бағдар беріп, жол сілтейді. Сондықтан мен өз мамандығымды мақтан тұтамын және оны абыроймен атқаруға барымды саламын!..

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі



Қаражан Фариза Талғатбекқызы

Достарыңызбен бөлісу:




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
арналған әдістемелік
жалпы білім
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
туралы хабарландыру
қазіргі заман
атындағы жалпы